Тұңғыш Президент күніне
арналған
«Біз – Қазақстан
патриоттарымыз!» зияткерлік сайысы
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз
Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Түрі: танымдық интеллектуалды ойын
Барысы:
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік гимні
І жүргізуші
- Құрметті әріптестер, оқушылар, Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып
отырған «Біз – Қазақстан патриоттарымыз!» атты зияткерлік сайысымызға қош
келдіңіздер! Енді бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларымен таныстыруға рұқсат
етіңіздер! (Музыка ойналады.)
-Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп
беретін және әділ шешім шығаратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Әділқазыларға бағалау парағы беріледі.)
ІІ жүргізуші
Ойын
кезеңдері
І.
Жалпы сұрақ (ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
ІІ. Бәйге (ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
ІІІ. Тіл өнер. (ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады)
ІҮ. Жорға (ұпайы аз төрт оқушы ойыннан шығарылады)
Ү. Егер мен...
І жүргізуші
І кезең Жалпы сұрақ
Бұл кезеңде қатысушылар тест тапсырмасын орындайды. Ұпай саны бірден
шығарылады.
Ескерту:
ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған
жері
А) Қарағанды облысы
В) Қаскелең ауданы, ОҚО
С) Алматы облысы, Қарасай ауданы *
2.Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы,
Шамалған ауданында қай жылы туды?
А) 6 шілде 1941 жыл
В) 6 шілде 1940 жыл*
С) 5 шілде 1940 жыл
3. 1960 жылы қандай оқу орнын
бітірді?
А) Днепродзержинск техникалық училищесін *
В) Қарағанды металлургия комбинатын
С) Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия
мектебін
4. Қарағанды металлургия зауытында қай жылдары жұмыс істеді?
А) 1960-1969 жыл *
В) 1973-1977 жыл
С) 1989-1991 жыл
5. Елбасымыздың бастамасымен ашылған оқу
орны
А) Семей медициналық академиясы
В) Экономика және болжау университеті *
С) Семей мемлекеттік университеті
6. Елбасының неше баласы бар?
А) Дария, Динара, Әлия
В) Динара, Дариға, Дария
С) Дариға, Динара, Әлия *
7.Нұрсұлтан Назарбаев неше жасында
Қазақстан Республикасының
президенті болып сайланды?
А) 51 *
В) 52
С) 41
8. Еңбек жолы неден басталды?
А) қара жұмысшы *
В)
Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы
С) комсомол жұмыстарында жауапты
қызметкер
9. Елбасының ата-анасы.
А) Әбіш пен Нұргүл
В) Әбіш пен Әлжан *
10.Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның жоғары
үлгідегі қандай ерекшелік белгісімен марапатталған?
А) "Алтын қыран"
ордені *
В) "Алтын мирас"
орден"
С) "Алтын
жұлдыз" ордені
ІІ
жүргізуші
ІІ кезең Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз –дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық
Бұл кезеңде сұрақтар қойылады. Сұрақ тақтаға
шығады. Жауабын маркермен жазады.
Ескерту: ұпайы аз екі оқушы ойыннан
шығарылады
1. Елбасы басқаратын саяси партия (Нұр Отан)
2. Елбасының атымен ататын Қазақстандағы мектептер қалай аталады? (Назарбаев
зияткерлік мектебі)
3. Оқу-білімде үлкен жетістіктерге жеткен аса талантты оқушыларға
тағайындалатын президент атындағы сыйлықты атаңыз («Дарын» сыйлығы)
4. Латын тілінен аударғанда «алдында отыратын» деген мағына беретін саяси
лауазым (президент)
5. Елбасының сүйікті спорттық ойыны? (теннис)
І жүргізуші
Өнерліміз өрге жүзер өнерде,
Білімдіміз, ойда – оқу біздерде.
Мақсатымыз – өнерлі болып жақсы оқу,
Өнер – білім тең тарады біздерге – дей келе енді келесі – тіл
өнер сайысымызды бастаймыз.
ІІІ.Тіл
өнер
Оқушылар интерактивті тақтадағы мақал-мәтелдердегі
жасырынған сөзді тауып, оны қағазға жазып орысшаға және ағылшын тіліне аударып айтады.
Ескерту: ұпайы аз екі оқушы ойыннан
шығарылады
1.Сәлем сөздің анасы.
2. Отансыз адам ормансыз
бұлбұл.
3.Өнер алды қызыл тіл.
4.Жігітке жеті өнер де
аз.
5.Ел іші алтын бесік.
6.Ас адамның арқауы.
7.Отанды сүю отбасынан
басталады.
Әділқазылар
алқасы тіл өнер сайысы бойынша қойған бағаларынызды берсеніздер. Ойынымыздың шарты
бойынша ең аз ұпай алған 2 сайыскер ойынымыздан шығуы керек. Ол қай оқушы екен?
Саған рахмет!
Болашақта үлкен жетістікке жетеді – деген оймен өзіңмен қоштасамыз.
Сайыскерлер алды-артын
ондасын,
Шешілмеген сұрақтары
қалмасын.
Бүгінгі ойын жеңімпазын
Мына отырған қазылар
алқасы тандасын
ІҮ.ЖОРҒА
Ескерту:
ұпайы аз төрт оқушы ойыннан шығарылады
Сұрақтарға тез жауап қайтару керек
1 – ойыншыға сұрақтар
1.Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып қашан жарияланды? (16.12.1991)
2. Мемлекетіміздің ресми
аталуы (ҚазақстанРеспубликасы)
2 – ойыншыға сұрақтар
1. Қазақстанның Тұңғыш
Президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
2.Қазақстанда жаңа жылды неше рет қарсы алуға болады?
(2 рет: 31 желтоқсан, 22 наурыз)
3 – ойыншыға сұрақтар
1.
Қазақстан мемлекеттік
жалауында не бейнеленген?
(күн, қыран құс, ұлттық ою)
2.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
4 – ойыншыға сұрақтар
1. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата (Ту, Елтаңба,Гимн)
2. 1-желтоқсан күні Қазақстанда қандай мерекені тойлайды?
5 – ойыншыға сұрақтар
1. Қыс мезгілінің екінші айы (қаңтар)
2.Қазақстанның ұлттық валютасы (Теңге)
6 – ойыншыға сұрақтар
1. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата (Ту, Елтаңба,Гимн)
2. 1-желтоқсан күні Қазақстанда қандай мерекені тойлайды?
І жүргізуші ал, енді соңғы сайысымызға да келіп
жеттік,
«Егер мен ...»
(Егер мен президент болсам... ,
өз
ойын, мақсат міндеттерін айқын айтып беруі тиіс.)
ІІ жүргізуші
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Марапаттау рәсімі
Қатысушыларды құттықтап, диплом табыстау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.