Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері

Скачать материал

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Мазмұны


Кіріспе.............................................................................................................................................3


1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері..........................................................................................................................................5

1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.................................5

1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы..........................................................................................................................................13


2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері...............................................................................................................................18

2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары……………………………………………....................................................................18

2.2 Озат мұғалімдердің тәжірибесі……………………………….................................21


Қорытынды………………………………………………………...............................................26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………..........................................28

Қосымшалар............................................................................................................................29-35


КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» -деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады [1].

Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А. Венгер, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, Н.Н. Подьяков, А.П. Усова, Д.Б. Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.

Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.

Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі - ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтың, С.А. Ұзақбаеваның, Р.Қ. Төлеубекованың, Е. Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.

Сондықтан, бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады: бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.

Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу курстық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

  1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;

  2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;

  3. Ұлттық ойын элементтерін ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету;

  4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау.

Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.

Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



1 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері



    1. Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы



Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жәй емес.

Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Қазіргі кешеніне келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.

Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» – деп тегіннен айтпаса керек [2].

Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.

Ұлт ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.

Алғашқы қауымдық кезеңнен біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр алуан құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар айналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей “бұл ойындарының барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды” дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген “Қызбөрі” ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезімен яғни таптық қатнастан бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, тарихи уақиға Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық келе – келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен рөлін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған жатығулары кезінде «Қарагие» ойынын туғызды [3].

Қазақ балаларында ойыншық болған жоқ десек те болады, тек қана балалардың өздері жасалған зырындауын, қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой, ит т.б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдік жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады, сонда да, антропологиялық көзбен қарайтын болса, осы ұсыныс ойыншықтар балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен “Қой бағу” ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан “қой” қой құмалағынан “ қозы” жайып қораға қашап, “қоздатып”, “көшіп-қонып” күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Балалардың ойындары сол күндегі қоғам өміріне негізделіп, күнделікті тіршіліктің қалыптасқандығын аңғартады.

Барлық білім тәжрибеден, түсініктен аңғарудан туады. Олдай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.

Қазақ халқы – ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ерте, де ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таратып отырған. Сондықан көпшілігі бүгінігі күнге жетпей ұмыт болып кеткен [4].

Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Қазақтың ұлт ойындары туралы алғаш пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушыладың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтегендіктерін сөз етеді.

ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғоляға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материялынан “Монғолия тарихы” атты еңбегін жазды. Мұнда ол Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірі мен әдет-ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын – сауықтары жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.

Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын көріп, көптеген ұлт шығу тарихына, қалыптасу дәуіріне де болжам айтқан.

ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату–оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады. Ойын–баланың барлық өмірлік бағыттарының реттеушісі. Дидактикалық ойындар таным және бастауыш білім беруде оқушылардың іс-әрекетінің белсендіргіші. Ол балалардағы балаға тән қасиеттерді сақтайды және дамытады, балалардың өмір мектебі және «даму тәжірибесі» Бала ойнай отырып өмірді таниды, өзін оған дайындайды, жасампаз адам ретінде қалыптасады [5].

«Оқу құралдарының мінезі-мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланылатын әдістемелер мәнді болуы керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ойын ұйымдастыруы қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Олай болса, ойынды қай сәттерде, не мақсаттпен пайдаланатынымызға аса назар аудару қажет. Мысалы, балалардың ой-өрісін дамыту үшін «Санамақ» ойынын қолдануға болады. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілітін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сандардың атын атауға үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі:

Бір дегеніміз-білеу,

Екі дегеніміз-егеу,

Үш дегеніміз үкі,

Төрт денегіміз төсек, т.б.

«Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тағылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады [6].

Д.Б.Эльконин ойын іс-әрекетінің дамуындағы екі әлеуметтік баспалдақтарды анықтап көрсетті: 1) заттармен әрекеттестікті бейнелейтін ойындар; 2) рөлдік ойындар [7].

Ойын тұтас ұжымды тәрбиелеудің тамаша құралы болып табылады. Ойын талаптарын орындау арқылы балалар өздерінің мінез-құлқы мен жүріс-тұрыстарын басқаруды үйренеді, оларда ұжымгершілік пен жауапкершілік сезімі дами түседі. Бір ойынға қатысушының ереже бұзуы тұтас команда нәтижелерінен көрініс тауып отырады. Ұжым талаптарын қайта-қайта бұзушылық болған жағдайда оны ойнаушылар қатарына қабылдамай қоюға болады. Ал бұл ықпал көрсетудің салмақты, байыпты шарасы болып саналады. Өйткені балаларды ойынға тартып, қатыстырудан басқа, ұжымда бірлікте болуға ұмтылу және белгілі орынды иемденуге деген ұмтылыс та олар үшін айрықша роль атқарады. Ойын балалардың белсенді қарым-қатынасқа және де ұжымдық іс-әрекетке деген мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Ойын ұжымдағы жалпы нормалар мен құндылықтарды қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қоршаған өмір құбылыстары мен заттары жөніндегі балалардың білімін нақтылайды, елестете алуды, сөйлеуді дамытып оқумен, санауды және т.б. үйретеді.

Біз өз зерттеуімізде төмендегідей түсініктемені ұстандық: дидактикалық ойындар-бұл ойындық және танымдық негізден тұратын іс-әрекет түрі. Баланың мектепке келуінен кейін ойын іс-әрекеттің жетекші түрі болмай қалады, дегенмен бұрынғыша баланың дамуы мен қалыптасуында елелулі орын алады. Мұндай пікірлерді Т.Е.Конникова, Ф.И.Фрадкина және т.б. көптеген ғалымдар қолдайды. Олар мектеп жасына дейінгі балалықтың аяқталуымен бірге ойынның өлмейтіндігін, тек қана өмір сүруді жалғастырып қана қоймай өзіндік үлгіде дами беретіндігін айқындайды [8].

Оқыту, білім беру мақсатында ойындарды пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз. Ойынды оқыту, білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз ежелгі грек философы Платонның еңбектерінен кездестіреміз. Ол ойынның маңызды ролін барынша терең түсінді және ойындық тәсілдер балалардың оқуын, білімді меңгеруін оңайлатады деп санады. Рим мектептерінде Қайта өрлеу дәуірінде балаларды оқуға үйрету кезінде ойындарды енгізу міндетті түрде талап етілген болатын. Оқудағы ойын мәселесіне Р.Оуэн, Ф.Фребель, Ж.Фурье секілді ғалымдар да айрықша назар аударған. Олар, ойын балалардың ең қиын деген түсініктерді меңгеруді жеңілдетеді деп көрсетті. Ф.Фребель арнайы әдістеме әдістеме жасады және балаларды оқыту, оларға білім беру тек қана ойындық тәсілдер көмегімен ғана жүзеге асырылатын мектептерді Германияда құруға әрекет жасады [9].

К.Д.Ушинский бүкіл оқу үрдісін ойынға айналдыруға табанды түрде қарсы шықты. Дегенмен балалардың есте сақтау қабілетін, ынта мен оқуға деген қызығушылығын жоғарылатуда ойындардың маңыздылығына педагогтардың назарын аударуға әрекеттенді. Ол сонымен қоса ойын арқылы тұлғаның қандай да бір қыры ғана емес, тұтас адам қалыптасады деп санады. Ғалым ойындарды пайдалануға қатысты көптеген құнды кеңестер берді. Мәселен ойын негізінде балаларда белсенді шығармашылық іс-әрекетке деген құштарлық пен ынтызарлықты дамытуды ұсынды [10].

Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.

Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ.

Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған кейбір шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен: Австрия дипломаты С.Герберштейннің 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Москвада болып, Қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан жазып алғандары 1549 жылы латын тілінде “Записко о Московских делах” деген атпен жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет-ғұрпы, орыс халқымен қарым-қатынасы, ойын – сауықтары жайында жазған. Сондай-ақ италия ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Геросимов пен кездесіп, соның айтуымен «Книга о Московском посольстве» атты еңбегін жарыққа шығарады. П.И. Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқы мен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын сауықтары жайында жазған. Мұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетенің архивінде де сақталған.

XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С. Паллос болды. Ол 1767 жылы Батыс Сібірі мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында жиналған материалдардан 1773 жылы “Путешествие по разным провинциям Россиской империй” атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің “Известия о киргизах” атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған, халықтың ойын сауықтарының қалай өтетендігі, демалыс уақытын қалай өткізетіндегі, аңшылық өнері қарастырылып мысалдар келтірілген.

Қазақ халқының қонақ жайлылығы мен ойын-сауықтары тіпті сонау Марко Поллодан бастап, 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған Шығысты зерттеуші ғалым, Венгр Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында маңғышлақта болған неміс этнографы Рихтер Кортуцқа дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған. Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны Европа елдеріне таратуға ат салысқандар - поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залеский болды. А.Янушкевич “Дневники и письмо из путешествия по казакским степям” атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп, қонған күнін “бұл күн бұлар үшін бақыт күні, қуаныш күні” дей келіп, сол күнгі ойын сауықта, әсіресе “Қыз қуу” ойынының көз тартарлық қызығын сипаттайды. Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын „Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын, айтыс үстінде олимпиадаға күрескерлердей бірімен-бірі айқаса түседі. Не деген талант, не деген жыр. Менің жанымды тебірентіп, жүрегімнен орын алуда”, -деп табиғи дарын құдіретіне бас ие суреттей келіп, „мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құрметті орын алатынын өздері-ақ айтып отыр”, -дейді [11].

Г.В. Плеханов “Письмо без адреса” атты еңбегінде “ойын еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді”, -дей келіп материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен адам өмірінде ойын да қажетті екендігін дәлелдеді. Мұндай пікірді орыс ғалымы, дәрігері, педагог К.А.Пакровский қостаған. Ол “ойын-күнделікті бала еңбегі болашақ өмірдің бастамасы ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеттілігі байқалады”,- дей келіп “Физическое воспитание детей и разных народов преимушественно Россий” атты еңбегінде Азия халықтарының оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене шынықтыруының халық тәрбиесіндегі алатын орнын зерттеп, өзінше баға берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамуын, қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған.

ХІХ ғасырда халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықарын, ұлт ойындарын зерттеуде қазақтар арасынан да бірлі-жарым адамдар шыққан. Солардың бірі-Ешмұхаммед Букин болды. Ол дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы Е.Букин “физическое и умственное воспитание у киргиз” атты еңбегінде жергілікті мамандар арасынан бірінші болып “гимнастика” деген терминге ғылыми түсініктеме берді. Демек адам баласы үшін ғана емес, ересектер үшін де қандай роль атқаратындығын баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт ойындарын жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе береді.

Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының өзіндік тарихи, дамуы, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады. “Бес тас”, “асық”, “садақ ату”, “қарагие” сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан 5000 жылдар бұрын ойнағалдығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды,-дейді [12].

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп өзгерісе ұшырап отырады. Мәселен, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан “аң аулау”, “таяқ жүгірту”, “садақ ату”, “қақпа тас”, “қарагие” ойындары келесі дәуірде қайталау-толығу процесінде “аң-аулау”, “бүркіт салу” немесе “құс салу”, “садақ ату”, “жамбы ату”, “қақпа тас”, “бес тас”, “қарагие”, “найза лақтыру” болып аттары өзгеріп мазмұндары сақталып қалды. Басқасын айтқанда күні бүгінгі бәрімізге әйгілі “Ақ сүйек” ойынының бірнеше аттары бар екендігі анықталды. Мәселен, әйгілі ғалым, этнограф Э.Диваевтың еңбегінде “орда”, орыс дәрігері Е.Покровскийдің еңбегінде “тоқтымақ”, делінсе А.Алектровтың еңбегінде “Ақ сүйек”деп аталған.

Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-VІ ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді, себебі: ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өнлдірістік қатарға негізделген. Өз кезіндегі өндіріс құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек, т.б. табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарына да қолданылды. Мәселен күні бүгінге дейін мәнін жоймаған “асық” ойындарына кез-келген сүйек емес, малдың асықтарын алған. “Бес тас” ойынына кез-келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар, “қарагие” ойнына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы [13].

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың “көк бөрі” сияқты спорттық ойындары мен жалғастырылып отырады. Бұл ойындар ерте замандағы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын, қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды жазушы, С.Мұқанов өзінің “Халық мұрасы” деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды: “Жүн сабайтындар көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тулаққа үйеді де, айнала отыра қалып, екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған. Себебі: жүн сабақ үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-ысқаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады”, -дейді [14].

ХІV ғасырдың екінші жартысында және XV ғасырдың бас кезінде қазақ халқының күнделікті тұрмысы мен этнографиялық ерекшеліктерін зерттеуде екі ағымның пайда болғаны белгілі. Оның бірі-реакцияшыл-монархиялық ағым, екіншісі-прогрессивтік ағым. Реаксияшыл монархиялық ағым үстем тап өкілдерінің саяси әлеуметтік құрылыс ерекшеліктерін “ғылымсымақ” негізде зерттеу мен болды. Олар: Тронов, Мейер, Кроссовский, тағы басқалар еді. Прогрессивтік ағымда ғылыми демократиялық бағытта көпшілік қауымның этнографиялық ерекшеліктерін зерттеген ғалым, этногрфтар В.Радлов, Г.Потанин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б. болды. Осы ғалымдардың ішінде қазақ халқының өмірін жан-жақты терең зерттегендердің бірі- Э.А.Диваев. Ұлты башқұрт, ол орыс, қазақ, араб Орта Азия халықтарының тілдерін жақсы білген. Орынбордағы Некиюев кадет корпусының Азия бөлімін бітіргеннен кейін, Ташкенттегі Сырдария соғыс губернаторына кіші чиновник болып тағайындалған. Содан өмірінің 55 жылын қазақ халқының арасында өткізген ғалым.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелерінің бірі халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі маңызына Ә.Диваев ерекше мән беріп зерттеген. Ә.Диваев бірінші рет ғылыми прогрестік идеяда қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай,

Бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он беске дейін бозбала, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт”деп төрт топқа бөледі. Бірінші топтағы нәрестені тәрбиелеудегі “Бесік жыры”, “Саусақ санау”, “Тұсау кесу” жырларын жатқызады.

Ә.А. Диваев екінші топқа сәбидің дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындарын жатқызады. Қазақ балаларында ойыншықтар болған жоқ десекте болады, тек қана балалардың өздері жасаған қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой т.б. жануарлар бейнесі ғана болады.

Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдігі жағынан балаларды онша қызықтыра қоймайды, сонда да антрапологиялық көзбен қарайтын болсақ, осы ұсқынсыз ойыншықтар, балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды [15].

Мәселен, “қой бағу ”ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан қой қойдың құмалағынан қозы жайып, қораға қамап, қоздатып, көшіп-қонып, күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Келесі топтағы бозбалалардың ойындарын төрт топқа бөледі. Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар : бес тас, лек жалау, сиқырлы табақ, жылмақ, т.б. Екінші, Жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: соқыртеке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр, т.б. Бұлардың көп тарағандарының бірі “Ақ байпақ ”ойыны.

Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан халық жануарлар бейнесін өлең айтса, ертегі айтса, бос кейіпкер етіп сарқылмас халық қазынасының негізгі түйіні еткен.Сондықтан да халық өмірінде жануарлар дүниесін қолданбаған, елестетпеген, не мәдениеті , не әдебиеті, не бала тәрбиесі, не әр алуан этнографиялық ерекшеліктері болмаған. Алайда бұл ойындар жас өспірімдер үшін сан алуан, сан сырлы, жұмбағы көп ерекшелігі мол ен дүние.

Үшінші топқа материялдық денелерді қолданып ойнайтын ойындарды жатқызады. Олар: ”шалма” , ”бөрік” , ”жасырмақ” , ”түйілген шыт” , ”тақия телпек” т.б. ойындар. Бұл ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы-«түйілген шыт» ойыны. Ойын жүргізуші ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алады да, бір,екі,үш, деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырап кетеді. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалмен бар ойыншыны қуалайды. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Осылайша ойын жүргізуші орамалды біреудің қолынан алғанша ойын жалғаса береді. Ал орамалмен ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Содан соң жүргізуші ауысып ойын жалғаса береді.

Келесі топқа жататыны - жас өспірім , жігіттер ойындары. Бұл ойындар белгілі бір ортада жастардың мінез-құлықтарының, өмірге, дүниеге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына бағыт істейді, жігіттердің қоғамның саяси құрылысына араласуына әсер етеді.

Ә.А.Диваев осы топқа жататын жігіттер ойынының өзін үш топқа бөледі. Бірінші топ соған қарсы өз дегенін айтуға тырысты. Олардың қоғам құрылысына деген көзқарастарын бейнелейтін белгілер, әсіресе асық ойындарында көбірек көрінген.

Жалпы қазақ жастары асық ойынының белгілі бір жүйеге келтірілген түрлерін таратты. Асықты қынаға қайнатып бояп, ал қына болмаған жағдайда қарағай қабығына бояп отырған.Одан келе сақаны табанын қайрап, алшы түсіру үшін, қарсыласына білдірмей алшысын тесіп, қайрап қоятын болған.

Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік ( қой, сиыр, жылқы, түйе ) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен халықтың этнографиялық даму ерекшеліктері, той – думан, қуанышы мен реніші де осы малға байланысты болды. Төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, бүкіл мәдениетпен, өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды. Келе – келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түлік болған. «Ақ байпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

Орыс ғалымы Ю.И.Семенов «алғащқы адамдардың, жануарлардың қозғалысын бақылауы, соны үйренуі олардың өз бетінше еңбектенуіне әкеліп тиянақтады. Содан келе-келе жануарлардың қозғалысына еліктеп әр түрлі билерді, ойындарды шығарды» - дейді.

Ең алғашқы пайда болған өндірістік дәстүр немесе аң аулау билері мен жатттығу ойындары жайында өнер зерттеуші А.Д.Авдеев былай деп жазды:

Осы аң аулау билерін үйрену – жаттығу түрінде өтті, мұның коллективті бір ортаға біріктіруде тәрбиелік маңызы зор болды. Бұл аң аулап келгеннен кейін өте бір сәтті шыққан сапарды есте қалдыру үшін, болмаса алдағы сапар үшін жасалған жаттығу ойындары еді”.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктері мен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып - ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы: Бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылытын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен суына дейін белгілі бір мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленеген уақыттта күн сайын жегізіп, шапқызып, терісін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қосылады. Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші тағайындалады [16].

Бәйгеге қосатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуыда мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы – қасында болған, бала осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады.

Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігі мен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әр түрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды.

Біздерге белгілі, мал мен жүрген көшпелі руларда киіз үйден басқа баспананың болмағандығынан, тек ашық алаңдарда ғана ойналатын “ақ сүйек”, “алты бақан”, “айгөлек”, “арқан тартыс”, “көк сиыр”, “соқыр теке”, “түйе – түйе”, “белбеу”, “тартыс”, “қасқұлақ”, “түйілген шыт”, “ақ серек – көксерек”, “бұрыш”, “көрші”, “шертпек,” “инемді тап”,айдап сал” т.б. ойындар шыққан. Келе - келе алғашқы қауымдық құрылыс кезінде қалыптасқан ұлт ойындарына өзгеріс еніп, топқа бөлініп ойнайтын ойындар туа бастады.

Ондай ойындарндың алғашқыларының бірі “ақ сүйек”.

Бұл жүгіріп күш көрсетіп ойнайтын ойын болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілеттілігін арттырып, денені шынықтырып, жүйріктікке, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді, сондай – ақ қараңғыда жол табуға көзді жаттықтырады, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді.

Ұлт ойындарының келесі бір даму кезеңі XV ғасырлар, яғни қазақ жерінде алғаш хандықтардың қалыптасу дәуірі. Мәселен, ұлттық ойындар арқылы үстем тап өз мүддесін идеялогиясын дәріптегісі келе, халық, еңбекші күнделікті тұрмыстағы қоғамның саяси және әлеуметтік даму ерекшеліктерін көрсететін ойындар. Ондай ойындардың бірі – “Хан жақсыма” ойыны. Енді бір топқа қозғалмалы ойындарды жатқызады: “Ақ сүйек”, “ақшалшық”, “тиын салу”, “алты бақан”, “арқан тартыс”, “белбеу тастау”, “шертпек”, “көрші”.

Қазақ халқының өмірі мен бірге шаруашылығының негізіне байланысты дамыған ойындардың бірі – “Қасқұлақ”. Бұл ойын жігіттер мен қыздардың келісуі бойынша түнде, яғни қой күзеткенде ойналады.

Келесі топқа спорттық ойындар. Олар: “Аударыспақ”, “бәйге”, “аң аулау”, “жамбы ату”, “жаяу жарыс”, “жорға жарыс”, “көкпар”, “қазақша күрес”, “күміс алу”, “қыз қуу”, “сайыс”. Осы ойындардың ішіндегі ең бір қызықтысы – “аударыспақ” ойыны. Бұл спорттық ойындар жігіттердің күштілігін, қайраттылығын, атқа міну шеберлігін байқатады.

Бесік жырынан” бастап барлық ұлт ойындары ұрпақтың қай - қайсысына болмасын белгілі бір бағыт беріп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата – ананың балаға деген бірінші сенімі, тілек талабы. Бұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де, ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар баланы қимылға, әрекетке, денесін шынықтыруға төселдіреді, сол арқылы өмір күресіне еңбекке баулиды. Осының бәрі баланың жан жүйесіне әсер еткен эстетикалық тәрбиесінің жемісі. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі қыдыруды, ойлануды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Солардың төресі «тоғызқұмалақ». «Тоғызқұмалақ» ойынының фотосуреті мен ойналу тәртібін қағаз бетіне алғаш түсірген этнограф М. Понтусов 1906 жылы. Бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған деп жазды.

Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, аса қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуыда мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезесі ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің аздап жанар оты. Міне ойын даганіміз тыныс кең алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы» демекпіз [17].

«Ойын» ұғымына түсінік берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мыныдай қызметтерді атқарады:

- ойын-сауық;

- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:

- диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);

- коррекциялық (өзін-өзі түзету);

-әлеуметтендіру.

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын - адам өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу-білім алу мен білік дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ал ойын - баланың дамуын арттырады.

Ойынның нақты мақсаттарына қарай пайдалану әдістемесінің мынадай компоненттері қарастырылады: ойын мазмұны, ойынды ұйымдастыру формалары, ойын түрлері, ойындық құралдар, сондай-ақ аталған бөліктер арасындағы барлық өзара байланыстар.



1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы



Ойынның қолданбалы жағын зерттеген әдіскерлердің дидактикалық ойындарға деген қызығушылық барынша өсе түсуде. Г.А.Кулагина зерттеу үдерісінде ойындағы таным дәстүрлі оқытуға ұқсамайтын айрықша түрдегі өзіндік формаға ие болатындығын анықтады: бұл жерде қиялдау мен жауапты өз бетінше іздестіру, бұрыннан белгілі дәйектер мен құбылыстарға жаңаша көзқараспен қарау, білімді толықтыру мен кеңейту, байланыстарды орнату, жекелеген құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу сияқтылардың барлығын кездестіретін болады. Ойын қарқыны мектеп оқушыларын жылдам және шапшаң түрде ойлана білуге үйретеді. Олардың тілдік жадыларының даярлықтарын жаттықтырады, сөйлеу қарқынын дамытуға мүмкіндік береді. Сабақта ойнай отырып оқушылар өздерінің ойларын жеткізуге машықтанады, осының арқасында олардың сөйлеу тілдері бірте-бірте автоматтандырылады. (К.А.Родкин). Демек, ойын сөйлеу шеберліктерін дамытудың нәтижелі құралдарының бірі болып табылады. Осылайша дидактикалық ойындар мен оны оқу үдерісінде пайдалануға қатысты соңғы зерттеулердің барлығын талдап, қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:

а) дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады. (Г.А.Ляпина, М.В.Стронин және т.б.);

б) сабақтағы ойын жағдайларында мектеп оқушысы іс-әрекеттің үрдістік жағынан терең қанағаттану сезімінде болады және бұл оқудың тұлғалық мәнінің ұлғаюына мүмкіндік береді. (Е.Енгабаева, А.А.Баранов, Г.А.Ляпина);

в) дидактикалық ойындардың жемісті сәтілігі мектеп оқушыларының ойын үдерісіне қызығушылығымен, ойынға қатысушылардың өз білімдерін шығармашылық пен пайдалануға ұмтылысымен байланысты. (Ю.П.Азаров, О.С.Кель, В.Н.Терский);

г) дидактикалық ойындар таным іс-әрекетін жандандыру құралы ғана болып табылмайды, ол эстетикалық және мінез-құлықтықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. (А.А.Баранов, В.И.Иванова) [18].

Әдебиеттерді шолу мен тәжірибелік сараптамалық жұмыстар дидактикалық ойындардың барынша әралуандығын айқындады.

Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару, және мектеп оқушыларын зерттеу элементтеріне ие іс-әрекетке тарту болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде оқушылар бірқатар логикалық операцияларды жүргізеді, танымдық іс-әрекеттің аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін белгілейді. Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік деп аталады.

Ізденгіштік дидактикалық ойындар репродуктивті және жартылай ізденгіштік дидактикалық ойындардан, тұрады. Мұндай тапсырмалар жеткіншекті шығармашылыққа даярлайды.

Жекелеген дидактикалық ойындар мектеп оқушысын дербестікке баули отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерді айқындау кезінде мектеп оқушысы өзінің танымдық іс-әрекетінің мазмұнына тереңдей отырып, зерттелуші құбылыстың бірқатар қырларын дербес ашу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай дидактикалық ойындарды біз шығармашылық ойындар деп атадық. Бірқатар шығармашылық-дидактикалық ойындар мектеп оқушысының суырып салмалылығын іске қосады. Мұндай ойындарды біз рольдік элементтері бар шығармашылық ойындар деп атадық. Тәжірибе нәтижелері шығармашылық ойындарды сабақ-мерекелерде сабақ-жарыс, сабақ-суырып салушылық, сабақ-саяхат тәрізді белгілі пәннің оқу материалдарынан тұратын үш түрінде пайдаланудың барынша мақсатқа сәйкес екендігін көрсетеді. Түрткі ретіндегі қызметті дидактикалық ойындар орындайды. Ойын ситуацияларының эмоциональдылығы барлық мектеп оқушыларының белсенді қатысуына түрткі болады.

Сабақтағы ойын ситуациялары балаларды тежелушіліктен құтқарады, бір-біріне сенімділік және іскерлік атмосферасында белгіленген жұмысты жүргізуге ұмтылады.

Мектеп оқушыларының іс-әрекеттерінің сипаты бойынша дидактикалық ойындарды топтастыра отырып біз шартты түрде репродуктивті, жартылай-ізденгіштік, ізденгіштік ролдік элементтері бар шығармашылық және ролдік элементтері жоқ шығармашылық дидактикалық ойындарды бөліп қарастырамыз. Ойын ситуацияларында қажетті шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларының білімін жаңғыртатын дидактикалық ойындар қысқа мерзімділігімен ерекшеленеді. Іс-әрекеттің процессуалдық жағы мұғалім арқылы бағытталады және бақыланады.

Ұлттық ойын - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадыр тұтатын, дара тұлға-жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.

Бастауыш мектептен бастап сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезінде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу осы үздіксіз процестің жалғасы.

Сонымен оқушылардың ой-өрісін, талабы мен талғамын ұштай түсу үшін бастауыш сынып оқушыларына сабақ үстінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Қай пәнді болсада оқушыларға түсінікте, қызықты, тартымды және күнделікті өмірмен байланыстыра өту бүгінгі өмірдің басты талабы.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасымен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу-тәрбиелеу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ұлттық ойын элементтерін пайдалануды іске асырудың орны ерекше.

Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде халыққа білім беру саласында адал еңбегімен алға шығып, жас ұрпақтарды оқытып, оларды тәрбиелеуде игі істерді жүзеге асырып келе жатқан ұстаздарымыз қаншама. Олардың бәрі де оқу–тәрбие процестерінде ұлттық ойын элементтерін қолдануда әріптестерінің озық та, үлгілі тәжірибелерін тиімді пайдаланып, кейінгі артынан ілесіп келе жатқан жас ұстаздарға, мұғалімдерге мұра етіп қалдыруда.

Ұлттық ойын - ойын арқылы іске асатын, оқыту әдістемесі болып табылып, екі түрде қарастырылады: ойын сабақ және дидактикалық ұлттық ойындар. Бірінші түрінде басты рөл тәрбиешіде, ол баланың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі ойын амалдарын пайдаланады, жарыс элементтерін қосуды, тағы басқа ойын элементтерін қосу арқылы әр түрлі сұрақтармен, нұсқаулармен, түсіндірмелермен байланысты. Ойын сабақ көмегімен мұғалім тек қана нақты білім бермейді, олардың ойын қалыптастырып, ойнауға үйретеді. Ал дидактикалық ұлттық ойында, оқушыларға тапсырмалар жұмбақ түрінде, сұрақтар түрінде беріліп, сабақта қоршаған орта жайлы білімдері кеңейтіледі. Дидактикалық ұлттық ойын баланы жан - жақты етіп тәрбиелеуде зор қызмет атқарады. Оның ішінде негізгі қызметі: ақыл-ой тәрбиесінде зор қызмет атқарады. Дидактикалық ұлттық ойын мазмұнына қарай білімділік, тәрбиелік, көрнекілік, сөздік, іс - әрекеттік міндеттер атқарылады. Сондықтан да өзіне тән әдістемелік жолдары бар:

1. Дидактикалық ұлттық ойындарды өткізгенде мұғалім ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды оқытады. Бұл үшін алдымен мұғалімнің өзі көңілді, қызықты ойынға ықыласпен араласып, қуаныш сезімінде болуы керек.

2. Дидактикалық ұлттық ойынды ұйымдастыруда мұғалім алдымен ойынға баланы қызықтырарлықтай мүмкіндік жасап, сол негізде баланың ақыл-ой белсенділігін арттырады.

3. Мұғалім белгіленген ережені орындауда қатаң талап қоюы керек. Бұл баланы талапты орындауға, ережені бұзбауға үйретеді.

4. Егер барлық бала ойынға белсенді түрде қатынасқанда ғана ұжымның дидактикалық ұлттық ойынның алдына қойған мақсатына жете алады [19].

Дидактикалық ұлттық ойында білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста бірлікте жүргізіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда дидактикалық ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.

Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

Сонымен қатар сабақ үстінде дидактикалық ұлттық ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырып, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік жасайды.

Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін ұштай түсінуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сонымен, дидактикалық ұлттық ойын дегеніміз-жеке пәнге, тақырыпқа байланысты баланың білімін нығайтуға, пысықтауға, бекітуге әсер ететін ұжымдық ойын.

Дидактикалық ұлттық ойын – балалардың білімді игеруін, ақыл-ой қызметін дамытып, өз ара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші.

Дидактикалық ұлттық ойында көрнекілікті мұғалімнің сөзін, балалардың іс - әрекеттерін, ойыншықтары мен ойын құралдары, заттар мен суреттер тағы басқаларды дұрыс ұштастыру қажет екенін ескеру қажет.

    1. Балалар ойнайтын және ойынның, материалдың орталығы болып табылатын заттар.

    2. Заттарды және олармен не істеу керек екенін бейнелейтін заттардың неге арналғанын, негізгі белгілерін, материалдардың қасиетін анық көрсететін суреттер.

    3. Ойын әрекеттерін және ойын ережелерін орындауды нақты көрсетіп және сөзбен түсіндіру.

Дидактикалық ұлттық ойындар сабақ уақытында өтетіндіктен оқу жүйесіне санасады.

Демек, ұлттық ойынға алынатын дидактикалық материалдардың «Ана тілі» оқулығындағы тақырыптар мен үндес келуі білімділік, тәрбиелік тұрғыдан оң нәтиже берері сөзсіз.

Ендеше, оқулық құрылымын талдау, әр тақырып мазмұнына сәйкес келетін ұлттық ойын түрлерін іріктеп алу – зерттеу жұмысымыздағы негізгі міндеттердің бірі.

2-сыныпқа арналған оқулыққа іріктеліп алынған материалдар негізінен халық ауыз әдебиеті үлгілері, көрнекті ақын – жазушыларымыздың шығармалары мен үзінділері, сонымен бірге танымдық маңызы жоғары кейбір ғылыми очерктер мен мақалалар болып табылады. Оқулыққа енген материалдар құрылысы жағынан тақырыптық принципке сәйкес орналастырылған. Осыған орай оқулықтарда төмендегідей бөлімдер қамтылған.

  1. Туған елім – Қазақстан

  2. Асыл сөз

  3. Адам болам десеңіз…

  4. Еңбек түбі – береке

  5. Табиғат – тіршілік бесігі

  6. Өнегелі өмір

  7. Біздің тілегіміз – достық

Әр бөлім оқулыққа арнайы енгізілген – Зерделі мен Талапбектің сөздерімен басталған. Кейіпкерлер 1 - сыныпты аяқтап, балармен бірге 2 - сыныпқа көшкен ұл мен қыз. Бөлімді кейіпкерлер сөзімен бастаудың себебі - оқушыларға түсінікті тілмен осы бөлімде берілетін білімдердің мақсатын түсіндіру, әрі оларды әрекетке бағыттайтын әсерлер туғызу, сондай – ақ осы бөлімнен оқушылардың алатын білімдерінің қажеттілігіне олардың зейінін аудару. Одан әрі оқушылардың жаңадан берілген оқу материалын қабылдауы, оның оқушы жадында сақталып, ойлау елегінен өткізілуі, санасында қорытылып, белгілі бір тұжырымдар жасалуы, берілген білімнің оқушы санасына енуі, оны бала өзінің атқаратын істерінде қолдана алатындай деңгейге жетуі мұғалімнің оқытуды дұрыс ұйымдастырып, әдістер мен талаптарды жете пайдалануы мен бұлжытпай орындалуына байланысты болады.

Әр бөлімнің соңында тағы да кейіпкерлердің (Зерделі мен Талапбектің) қатысуымен оқушылардың білімі, біліктілігі мен дағдысы алуан түрлі сұрақтар, тест – тапсырмалар арқылы тексеріліп, бекітіледі. Бұл жұмыс түрлерін «Көкпар», «Орамал тастамақ», «Теңге алу», «Кім жылдам ?» т.б. ойындар арқылы ұйымдастыруға болады.

Е.Сағындықов «Ойынның тіл дамытудағы рөлі ерекше. М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ... бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылай айтсақ, ұлттық ойындар, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады», - дей келе, ойын үстінде бала тілдің ішкі өрімдерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алатындығын баса көрсетеді.

Өлең құрастыру тапсырмасы оқулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, Е.Сағындықов Қазақтың ұлттық ойындары Алматы: Рауан, 1991 жыл, 14-бет. ата туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріліп отырылады. Бұл жұмысты мұғалім түрліше ұйымдастырып, басқаруына болады. «Орамал тастамақ» ойын арқылы тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынылады [20].

Көктем тақырыбына берілген «көктем – төккен», «жетіпті - кетіпті», «тыраулар – жер арнап» деген ұйқастар бойынша оқушылар мынандай өлең жолдарын орамалды бірінен екіншісіне тастап, кезекпен құрастырады. Бірінші оқушы «Армысың, көктем», - деп, орамалды келесі оқушыға тастайды. Екінші оқушы «Күн нұрын төккен», - деп орамалды үшінші оқушыға тастайды. Тапсырмада берілген ұйқас сөздер таусылғанша балалар ойынды жалғастыра береді. Кімде – кім ойын шартын орындай алмаса, қарызын өлең оқу, жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту арқылы өтейді. «Орамал тастамақ» ойын арқылы ұйқас бойынша өлең жолдарын құрастыруға балалар құлшына кіріседі. Бұл жұмыс өлең шумақтарын, одан әрі тұтас өлең құрастыруға ұласады.

Мұның өзі оқушылардың өлең, оның құрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы білімдерін нығайтып, поэзия әлеміне құштарлық сезімін туғызады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып сөзді еркін, өз мағынасында қолдануды ұлттық ойындар бірден – бір таптырмайтын құрал.

Ізденуден жалықпайтын, жаңашылдар ізімен жүріп келе жатқан Ш.Уалиханов атындағы № 12 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алыпкенова Алтынай Раулқызы былай дейді: «Балалардың таным қабілетін жетілдіріп, логикалық ой - өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда ұлттық ойын элементтерін ұжымда пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан да өзім сабақта ұлттық ойынды кең қолданамын. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап аламын».

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.

Ұлттық ойындар – бастауыш мектеп балаларының негізгі іс–әрекеті, оқудың маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі.

Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады. Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді игеруде ақыл ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық құбылыс.

Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқыту барысында баланы қызықтыра отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді.

Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. «Ана тілі» сабақтарында ойын элементтерін пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істей білуге үйретеді.

Қай баланың болмасын мінез-құлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни ойынды ойнаған кезде біреуі әділ ойнайды, екінші бірін алдайды, үшіншісінің шамасы келмейді, келесісі қарсылық көрсете алмайды. Сондықтан, бастауыш мектеп мұғалімдері ұлттық ойындарды қолдануды тәрбие құралының негізі ретінде пайдалану керек.

Бастауыш мектептердің сабақтарында бағдарлама бойынша материалдарды өткен кезде оқушылардың ой-өрісі, ойлау қабілетін жетілдіру, мұғаліммен қарым-қатынасын нығайту, тілін дамыту, дене жағынан даму процестері баса ескеріледі. Демек, сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған ұлттық ойын элементтерін оқушылар белсене қатысып, орындай алатындай болу керек. Ойынға оқушылар белсене қатыспаса немесе дұрыс орындамаса, ойынды тоқтатпай-ақ, сол оқушыға ғана ескерту жасап, орындауын, қалай ойнайтынын өзіне ғана көрсетіп беруге болады. Тіпті олай болмаған күнде, бала ойынды дұрыс орындап, ойнап жатқан құрбысына көңіл аударуына болады.

Жалпы сабақтарда қолданылатын ұлттық ойындардан оқушыларға төмендегідей қасиеттер қалыптасады

  1. Оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі.

  2. Сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Балаларды достастырады, қарым-қатынасы нығаяды.

  4. Бір-біріне ынтымақ көмек көрсетуге баулиды.

  5. Ой-өрісі кеңіп, жылдамдыққа үйренеді.

  6. Оқушылар өз ойын, пікір талабын ортаға сала біледі.

2 Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері



2.1 2-сынып ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары



Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасында «білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек бірінші кезекте, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады1» - делінген.

Бұл мақсат білім мен тәрбие мазмұнына ықпал етіп, оны жанартудың басты бағыттарын айқындайды, оқыту процесін тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастырады.

Сабақтың тартымды да, қызықты өтіп, оқушылардың оқу еңбегіне ынтасын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың ұлттық мұрасының озық мәдениетін, ізгі әдет-ғұрып, салт-санасын жастардың бойына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал оқушыларды жан–жақты қабілетті азамат етіп өсіруде ұлттық ойындардың тәлім–тәрбиелік, білімдік, танымдық ролі орасан зор.

Бастауыш мектеп ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылардың оқу материалын түсінуіне, сол пәнге қызығуына, ұлттық сезімнің оянуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, сөздік қорының болуына мол мүмкіндік береді.

Ана тілі сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:

  • ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;

  • оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;

  • оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;

  • оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;

  • ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Ана тілі сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану үшін мұғалім мына мәселелерді ескеруі керек.

Ойынның мақсаты: Оқушылар сабақта қандай іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның қандай тәрбиелік мақсаты көзделеді?

  1. Ойынға қатысушылар саны.

  2. Ойында қолданылатын материалдар.

  3. Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?

  4. Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын әсерлі, қызықты бола ма?

  5. Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай бақылауға болады?

  6. Ойын бұрын сабақта қолданылған ба? Қандай жағдайда қолданылған?

  7. Ойын қорытындысын хабарлау.

Ана тілі сабағында орынды қолданылған ұлттық ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқулық мазмұнымен үндес болып, оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді [21].

Ойын тәртібі: а) жұмбақтардың шешулері жазылған қима қағаздар немесе суреттер ойынға қатысушы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әрбір оқушы өз қолындағы жұмбақтарды ойлап тауып, оның тұсына қояды.

Мұғалім ойнаушы оқушылардың жұмыстарын тексеріп шығады. Қолындағы жұмбақтарын түгелдей дұрыс тапқан оқушы ұтқан болып саналады.

ә) ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға мұғалім жұмбақтар жазылған қима қағазды іледі. Сонымен қатар жұмбақтардың шешулері (суретті немесе жеке сөз қима қағаздар) салынған қалтада тақтаға ілініп қойылады. Оқушылар жұмбақтарды қима қағаздағы ретіне қарай біртіндеп шешеді. Оқушы жұмбақтың шешуін айтып, соның суретін не сөз қима қағазын қалта ішінен алып, жұмбақ сызығына орналастырады. Суреттің атын немесе қима қағаздағы сөзді тақтаға жазады. Сонымен қатар жұмбақ шешуінің не себепті олай екенін айтып береді. Басқа жұмбақтар да осы ретпен шешіледі.

Қима қағаздағы жұмбақтарды дұрыс шешіп, жұмбақ мәнін орынды түсіндірген оқушылар ойында ұтады.

б) Бұл ойында, керісінше, шешулері бойынша жұмбақтарды айту көзделеді. Мұғалім оқушыларға жазылған қима қағазды немесе суретін біртіндеп көрсетеді . Оқушылар оған сай жұмбақты жатқа айтып беруі тиіс. Шешуі бойынша жұмбақты көп әрі дұрыс айтқан оқушы ұтады.

«Адам болам десеңіз» тарауын қайталау кезінде М.Әуезовтың «Көксерегі» мен Ш.Мұртазаның «Бөртесін» көркем сөзбен сипаттап, жұмбақтауға болады.

Мысалы: «Зіңгіттей көк шолақ, тамаққа өлгенше ашқарақ, жота жүні үрпиіп, көздері жалындап тұратын» және «Ай сияқты айналма мүйізі, делдиген танауы бар, басы кекшиіп, тұяқтарымен жерді тарс-тарс тарпиды».

Мұғалім жұмбақталған нәрселердің ішкі-сыртқы сапа, белгілеріне оқушылардың назарын аударта отырып, сипаттама иесін таптыртады, яғни мұның қайсысы бөрте, қайсысы көксерек екенін ажыратады. Осындай ойын арқылы мәтіннен бейнелі сипаттамаларды айыра білуге оқушылар төселеді. «Асыл мұра» тұрмыс-салт жырларынан «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», «Сиыр», «Торпағым», «Түйе», т.б. шығармалар берілген. Бекіту, қорытынды сабақтарда «Қалай айтуды білемін», «Жануарлар қалай үндейді» ұлттық ойындарын ойнатуға болады [22].

Жүргізуші «Жануарлар қалай үндейді» атты ұлттық ойын ойнайтындығын, ойынның жүргізілу шартын хабарлайды. Мұғалім жануарлардың жеке суретін көрсетеді, оқушылар олардың қалай дыбыстайтынын айтады. Мысалы:

Жылқы - кісінейді,шұрқырайды,оқырынады, арқырайды.

Сиыр - мөңірейді, өкіреді, азынайды.

Қой-ешкі - маңырайды, мекіренеді.

Түйе - боздайды.

Қаз - қаңқылдайды, шаңқылдайды.

Бұлбұл - сайрайды.

Жылан - ысылдайды, суылдайды.

Аю - ақырады, өкіреді.

Қасқыр - ұлиды, ырылдайды.

Түлкі - ырсылдайды, шәңкілдейді.

Шыбын - ызыңдайды.

Бөгелек - ызылдайды.

Құндыз - сыңсиды.

Суыр - шулайды т.б.

Ойынды керісінше ұйымдастыруға болады. Мұғалім бұл жануарлардың дыбыстауын айтса, бұл дыбыстаудың қай жануарға тән екенін оқушы шешеді. Мысалы:

- Не бақылдайды? - Бақа.

- Не шыңғырады? - Шошқа.

- Не шықылықтайды? - Сауысқан.

- Не шиқылдайды? - Тышқан.

- Не барқылдайды, қаңқылдайды? - Үйрек.

- Не күркілдейді, бұрқанады? - Жолбарыс.

«Қалай айтуды білемін» - үй жануарларының, аңдар мен құстардың жүріс-тұрысын, дауысын дұрыс сипаттап, тілімізді дұрыс айтуға дағдыландыратын аса қызықты ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойында шаруашылықта, күнделікті тұрмыстіршілікте маңызы зор мәліметтер кем қамтылады, ол төмендегіше жүргізіледі.

Мұғалім ойынды былай бастайды:

Ұқыпты - ұтар,

Ізденген - табар,

Оқыған - озар,

Еріншек - тозар.

Осылай деп мұқият тыңдап отыруды тапсырған соң, ойын жүргізуші енді: «Не қалай дыбыстай біледі?» - деп сұрақ қояды да, оған өзі былай жауап береді:

Әтеш - шақырады,

Есек - ақырады.

Күзен - шақылдайды,

Бақа - бақылдайды.

Торғай - шырылдайды,

Бөдене - бытпылдайды.

Қаз - қаңқылдайды,

Бүркіт - шаңқылдайды.

Қарға - қарқылдайды,

Сұңқар - сыңқылдайды.

Қой - маңырайды,

Қозы - жамырайды.

Қасқыр - ырылдайды,

Борсық - қырылдайды.

Жылқы - кісінейді,

Сиыр - мөңірейді.

Тырна - тыраулайды,

Мысық - мияулайды.

Жылан - ысылдайды,

Ит - арсылдайды.

Торай - қорсылдайды,

Аққу - сұңқылдайды.

Тышқан - шиқылдайды,

Түйе - боздайды,

Сандуғаш - сайрайды.

Барлыығы айтылып болған соң, ойынды жүргізуші бір оқушыдан:

- Әтеш қалай дыбыстайды? - деп сұрайды.

- Әтеш «ку-ка-ре-ку-у...» деп шақырады, - деп жауап береді ойыншы.

Мұнан кейін келесі отырған ойыншыдан:

- Есек ше? - деп сұрайды.

- Есек «ба-а-аһ» деп ақырады, - дейді кезегі келген ойыншы.

Ойын осылай жалғаса береді. Дұрыс айта алмаған ойыншы өлең не тақпақ айтып айыбынан құтылады.

Сұрақ біткеннен кейін жүргізуші ойынның келесі бөлімдеріне ауысады:

- Кәнеки, балалар, малды қалай шақырады, білесіңдер ме, енді соның үніне салайық! - дейді. Сөйтіп жүргізушінің өзі:

Биені - құраулап,

Түйені - көскөстеп,

Сиырды - аухаулап,

Ешкіні - шөрелеп,

Шақыра - аламыз,

Сауамыз, бағамыз, - дейді.

Өлең аяқталған соң бұрынғы тәртіппен жүргізуші балалардан біртіндеп:

- Биені қалай шақырамыз? - деп сұрайды.

- Биені «құрау-құрау» деп шақырамыз.

- Түйені ше?

- Түйені «көс-көс» деп шақырамыз.

- Сиырды ше?

- Сиырды «аухау-аухау» деп

- Ешкіні ше?

- Ешкіні «шөре-шөре» деп шақырамыз.

- Ал енді малды суға кім шақыра алады? - деп сұрайды. Егер балалар білмесе өзі былай деп айтып шығады:

Жылқыны - «Моһ-Моһ»,

Қойды - «пұшайт-пұшайт»,

Ешкіні - «шөре-шөре»,

Түйені - «соран-соран»,

Сиырды - «шәугім-шәугім»,

Итті - «кә-кә»,

Тауықты - «шеп-шеп»,

Мысықты - «піш-піш», «кіс-кіс» - деп шақырады.

Бұл ойынды малдың төлеуіне де арнауға болады. Ол үшін мұғалім:

- Малдың төлдеуін қалай атайды? - деп сұрайды.

Ойынның сөздері балаларға таныс болмаса, әрі олардың жасы тым кіші болса, жүргізушінің өзі алдымен айтып береді:

Бие - құлындайды

Қой - қоздайды

Ешкі - лақтайды

Түйе - боталайды

Ит - күшіктейді

Тауық - жұмыртқалайды

Мысық - балалайды.

Енді жүргізуші бұрынғы тәртіппен ойнаушылардан өлеңде айтылған жануарлардың түрлерін, төлдеуін жеке-жеке сұрап шығады.

Сөзді дұрыс айтып, жауабын анық бере алмаған ойыншылар айыпты болады да, дұрыс жауап бергендер жеңіп шығады. Жеңілгендер көпшіліктің қалауы бойынша тақпақ, жаңылтпаш айтып береді.



2.2 Озат мұғалімдер тәжірибесі



Қазіргі уақыт талабы бастауыш сынып мұғалімдерінен оқушыларға білім мен тәрбие беруде көптеген жаңа ізденістер мен жұмыстар жүргізуді және оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика элементтерін тиімді пайдалануды талап етеді.

Оқушылардың таным қабілетін жетілдіріп, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда ұлттық ойын элементтерін ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан да өзім сабақта ұлттық ойынды кең пайдаланамын. Бұл ойын түрін сабақ мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап аламын. Ретіне қарай мазмұндас ойынды қайталай бермеуге тырысамын. Ол үшін өтілетін сабақ тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын сұрыптай отырып, оны жүргізудің тиімді әдістерін ойластырамын. Бастауыш сыныптарда сабақ беріп келе жатқан жиырма жылдан астам уақыт ішінде жинақталған ойындарымның қоры да әжептеуір. Жыл сайын олардың өзіне жаңалары қосылып жатады. Сөйтіп сабақтың қызықты жалғасы - дидактикалық ойындардың, оның ішінде ұлттық элементтері бар ойындардың сәтті ұйымдастырылуына көп көңіл бөлінеді [23].

Ашық сабақ.

Тәжірибелі ұстаз сабақта оқушылардың тілін дамытып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, ұлттық сезімін ояту мақсатында көп жұмыс түрлерін жүргізеді, сабақта ұлттық ойын элементтерін орайлы пайдаланады. Ана тілі сабақтарында «Қыз қуу», «Бәйге», «Теңге алу» т.б. ойындарын жүргізудің тәсіліне, оның сабақ мазмұнына сәйкестігіне айрықша көңіл бөледі. Мысалы «Шопан атаға», «Түйе», «Сиыр» өлеңдерін өткеннен кейін «Сақина салу» ойынын өте сәтті ұйымдастырды. Сыныпты екі топқа бөледі. Бәрінің қолына сақина салған болып аралап білдірместен әр топтың 2 оқушысының қолына сақина салып кетеді. Тақта алдында тұрып «Кел, сақинам, кел!» деп шақырады. Егер сақина салынған оқушы орнынан тез тұра алмай қалса, онда тақтаға шығып, қима қағаздағы тапсырмаларға жауап береді. Егер сақина салынған оқушы тұрып кетсе, жанында ұстай алмай қалғаноқушы осы шартты орындайды. Тапсырма төмендегідей мазмұнда беріледі:

«Шопанатаға» өлеңі бойынша:

1. Қой сүтінен жасалған тағамдарды ата.

2. Қой жүнінен қандай заттар жасалады?

3. Қойдың терісінен жасалатын заттарды ата.

«Түйе» өлеңі бойынша:

1. Түйе жүнінен жасалатын қандай заттарды білесін?

2. Түйе сүтінен жасалатын тағамдарды ата.

3. Қойдың терісінен не жасалады?

«Сиыр» өлеңі бойынша:

1. Сиырдың терісінен жасалатын заттарды ата.

2. Сиыр сүтінен қандай тағамдар жасалады?

3. Сиырдың етінен қандай тағамдар дайындалады?

Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады дейді. Сондықтан ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін, саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жену, төзімділікке баулуды үйрету - мұғалімнің міндеті.

ОЙ-ӨРІС






ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

ҚИМЫЛ ӘРЕКЕТ ОЙЫНЫ

ОЙЫН

БІЛІМІ, САУАТТЫЛЫҒЫ

ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ

СӨЗДІК ҚОРЫ

ДҮНИЕ ТАНЫМЫ КЕҢЕЙЕДІ


ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫН




ӘРЕКЕТ







Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан, ұлттық ойындарды ойнату керек.

1. «Бәйге алу» ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақтар беріледі:

а) Қандай ұлттық ойындар бар?

ә) Атпен ойналатын ойын түрлерін ата.

б) Ел рәміздерін ата.

Осындай сұрақтардан кейін қима қағаздар беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген 2 атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұрады. Дұрыс әрі тез орындаған оқушы туды алып жеңіске жетеді.

2. «Қыз қуу» ойыны. Алдымен сұрақ - тапсырмалар беріледі. Содан кейін алдымен қыз бала 1-тапсырманы орындауға кіріседі, артынша ер бала орындай бастайды. Егер ер бала тапсырманы бұрын орындаса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ол ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

3. «Хан талапай» ойыны. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты алдын ала үлестірмелі қима қағаздар дайындалады.Асық жерге шашылады,ал балалар талапайлап асық алады.Оқушыға қай нөмірлі асық түссе,сол нөмірге сәйкес келетін қима қағаздағы тапсырманы орындайды.Кім тез,әрі дұрыс орындаса,сол жеңіске жетеді.

4. «Теңге алу» ойыны. Бұл ойынды 2 затты салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тапсыру тапсырмаларын орындату арқылы ойнатуға болады. Алдымен сұрақ-тапсырма беріледі. Ұлттық теңгеміздің суреті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы тапсырманы дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады.

5. «Арқан тарту» ойыны. Бұл ойында алдымен ойынға байланысты сұрақтар беріледі. Тақтаға арқан суреті ілінеді. Тақырып бойынша берілген тапсырманы кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігі айтылады.

Осы ойындарды ойнатқанда, оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді. Сөйтіп «оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытуға қажет» [24].

1. Сабақтың тақырыбы: «Сұр көжек». Ә.Қоңыратбаев

Сабақтың мақсаты:

а) Білімдік жағы. Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Кейіпкерлерге мінездеме беруге, әңгіменің негізгі идеясын ашуға, талдауға үйрету.

ә) Тәрбиелік жағы. Табиғатты сүюге, аң-құсқа қамқорлық жасап, күтуге тәрбиелеу. Әңгіме кейіпкері - Сәрсеннің іс-әрекетін үлгі етіп көрсету.

б) Дамытушылық жағы. Оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөйлеу тілін жетілдіру.

Сабақтың барысы:

І. Сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.

а) Кіріспе әңгімеде үй қояндары мен түз қояндарын және олардың түр - тұрпаты, қылығы т.б. салыстырылады. Суреттері көрсетіледі.

ә) «Шешуін тап» ойыны. Қоян туралы жұмбақ жасырылады.

1) Ұзын құлақты,

Жәудір көзді,

Мамық жүнді.

2) Екі жеңдей құлағы,

Тың таңдап тұрады.

б) Мұғалімнің әңгімені мәнерлеп оқуы.

в) Оқушылардың әңгімені оқуы.

г) «Арқан тарту» ойыны арқылы әңгіме мазмұнын оқушылар қалай түсінгендігін байқау. Ол үшін сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім қойған сұраққа қай топ дұрыс, көбірек жауап берсе, сол топ жеңімпаз атанады. Тақтаға алдын ала арқан суреті салынады.

Қойылатын сұрақтар:

1) Әңгіме не туралы?

2) Әңгімедегі баланың аты кім?

3) Ол қайдан келе жатты?

4) Оның көзі неге түсті?

5) Ол нені көріп қалды?

6) Сәрсен көжекті қалай ұстады?

7) Көжек қандай күйде еді?

8) Сәрсен көжекті қайда алып келді?

9) Балалар неге мәз-мәйрам болысты?

10) Сәрсен мен балалар көжекке қандай қамқорлық жасады?

11) Көжек нені сүйсініп жейді екен?

Екі топқа бөлініп «арқан тарту» ойынын ойнау оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Оқылып отырған мәтіннің мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.

ғ) «Қыз қуу» ойыны арқылы оқушыларды ептілікке, зейінді болуға тәрбиелейміз. Алдын ала төмендегі тапсырмаларды оқушыларға беріп қоямыз.

1. Мәтіннен мезгілді суреттеген жолды тауып оқы.

2. Көжектің түр-тұлғасын суреттеген жолдарды тауып оқы.

3. Сәрсен көжекке үйшікті неден жасағанын айтып көр.

4. Қоянның көжегі жеген шөптерді оқы.

5. Сәрсеннің сөздерін мәтіннен тауып оқы.

1-тапсырманы қыздардың біреуі орындайды. Келесі тапсырманы ұл балалардың біреуі мәтіннен тауып оқиды. Ал 3,4,5-тапсырманы қыздардың не ұлдардың қайсысы бұрын қолын көтерсе, сол орындайды. Егер ер бала тапсырманы бұрын орындаса, онда қызды ұстап алған болып есептеледі. Қыз бірінші болса, онда ол ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.

д) Дәптермен жұмыс. Мына үзінділерді дәптерге жаздыру:

1. Таң қылаңдап атып түн қараңғысы сейіле бастаған еді. Мұрынға жаңа гүлдеген жиде ағаштарының хош иісі келеді.

2.Тұмсығы ешкіден гөрі ақбөкенге ұқсас. Жырық ерін. Тойса қос танауынан дем алып, ентігіп жатады. Құлақтары тым ұзын.

е) Сөздік жұмысы.

Елең – алаңнан, таң- азаннан, ертең- ертеден;

қылаңдап - жаңадан ғана көрініп, жаңа ғана атып;

табан жол - бір кісілік жол;

е) Көркем сөз оралымдарын тауып оқыту және оны үйде жазып алып,жаттауды тапсыру:

таң қылаңдап

түн қараңғысы сейіле

хош иісі

көзі жәудіреп

аяғын ұшымен мысықша басып келу

тыпырлаған көжекті

қуанышы қойнына сыймау

жүніне шаң жуытпайды

сығалап қарау

басын қылтитып шығару

шоқаңдап

қарны бұлтиып

жонданып семіре бастады.

Қорытынды.

Үйге тапсырма «Сұр көжек» мәтінін түсініп оқып келу.

2. Сабақ тақырыбы: Ұр, тоқпақ (Ертегі) 2 сынып.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға төселдіру. Ертегіге тән ерекшеліктер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Тіл байлығын арттыру, оқуға қызығушылықтарын тудыру.

Тәрбиелік мақсаты: Адалдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Қиялдарын шыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегі туралы сюжетті суреттер, жеке суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап әдісі, эвристикалық әдіс.

Сабақтың барысы: Мұғалім ертегі кейіпкерлері туралы «жауабын тап» ұлттық ойынын ойнатады.

ЖҰМБАҚТАР

Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан, от)

Бір нәрсе іші қуыс,сырты томпақ,

Болады денесінде үш - төрт құлақ. (Қазан)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Екі кісі қарауыл қарайды,

Бір кісі шөпшек тереді. (Түйенің өркеші, ерні)

Ертегіні оқымас бұрын «Көкпар» ойынының шартын түсіндіреді. Ойын 2-айналымнан тұрады. 1-ші айналымда ертегі мазмұны бойынша берілген сұрақтарға аттылы жігіттер жауап беруі керек. Дұрыс жауаптан кейін көкпар алынады.


Қорытынды


Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктері мен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені ойынға қатыспай тұрып - ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы: Бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылытын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен суына дейін белгілі бір мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленеген уақыттта күн сайын жегізіп, шапқызып, терісін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қосылады. Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші тағайындалады [25].

Бәйгеге қосатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуыда мүмкін. Ол ат шабатын қашықтықтың өн бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің басы – қасында болған, бала осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады.

Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігі мен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршілігіндегі қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі еңбектің бір түрі ретінде де дамыды. Мәселен, әр түрлі қимыл әрекетті ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамыды да, кейін келе жас өспірімдерге қалды.

Ойын - оқушылардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Сабақтағы ойын арқылы оқушылар білімін шыңдап ой-өрісін кеңейтеді.

Ұлттық элементі бар дидактикалық ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік, білімділік мәні, жүргізілу ерекшелігі болады. Мұндай ойын арқылы оқушы тез ойлауға, тапқырлыққа үйренеді. Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып арнайы ұйымдастырылған ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады [26].

Демек, 2 сыныптағы «Ана тілі» сабақтарында ұлттық ойындарда қолдану оқушылардың ұлттық сезімін оятып, сөздік қорын молайтуға, білімін тереңдетуге жақсы әсерін тигізеді.

Басқа дидактикалық ойындар сияқты ұлттық ойын оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру құралы қызметін атқарады.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.

Ұлттық ойындар – бастауыш мектеп балаларының негізгі іс-әрекеті, оқудың маңызды құрамды бөлігі, дидактикалық ойынның бір түрі.

Ұлттық ойын – оқушылардың оқу әрекетін жандандырады, еңбекте дербестік пен инициативаны, жолдастық пен өзара көмекті дамытуға жол ашады. Ұлттық ойынның ең басты ерекшеліктерінің бірі балалардың білімді игеруде ақыл ой қызметін дамыта отырып, өзара қарым - қатынас жасауға жеткен жетістіктерінің дәрежесінің көрсеткіші. Екіншіден, оның ұжымдық сипатта болатындығы. Ұлттық ойын көп жақты, қиын педагогикалық құбылыс.

Ұлттық ойынның негізгі мақсаты оқыту барысында баланы қызықтыра отырып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарына жеткізеді.

Ұлттық ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтіп, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, сезімдерін күшейтеді.

Сондықтан, зерттеу нәтижелерін бастауыш сыныптардың оқулықтарын және әдістемелік құралдарын дайындағанда, бастауыш мектепте оқушылардың ой-өрісін дамытуда бастауыш мектеп мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға болады. Дайындалған ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті іс-тәжірибелерінде қолдана алады.


Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. «Ана тілі» сабақтарында ойын элементтерін пайдалану мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Ойын оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез, әрі ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істей білуге үйретеді.



















Пайдаланылған әдебиеттер


1. Бала дүниетанымын-ұлттық ойындар арқылы дамыту //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал –Алматы 2008 -№1(1) -Б. 20-23.

2. Сабақта дидактикалық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру //«Әуезов оқулары. М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. Шымкент-2008.–Б. 82-84.

3. Ш.Әуелбаева. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, 1987.

4. Использование дидактических игр в начальной школе //XVII Международная научно методическая конференция Педагогический менеджмент и прогрессивные технологии в образовании.-Пенза 2009.-Б. 125-127.

5. Я.А.Коменский. Великая дидактика. Москва, 1955.

6. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 1992.

  1. Н.Әміриев. Ойдың көрінісі. // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1999, № 5 – 6.

  2. Матюшонок. Жас ерекшелік физиологиясы. Алматы, 1986.

  3. Ә. Хасенов. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1986.

  4. Д.Бірімжанова. Сауат ашу. // Бастауыш мектеп, 2004, №5.

  5. Ғ.Тұрманбекова. Әліппе сабағы. // Бастауыш мектеп, 2004, № 7.

  6. Қ.Бозжанова. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру. Алматы, 1998.

  7. Л.П.Федоренко, Г.А.Фомичева., В.К.Лотарев. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. Алматы,1982.

  8. М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 1971.

  9. С.Құлбаева. Ойын әдісімен. // Бастауыш мектеп, 2004, № 3.

  10. К.Д.Ушинский. Избранные педогогические произведения. Москва, 1939.

  11. С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1975.

  12. А.Сембаев. Қазақ совет мектебінің тарихы. Алматы, 1967.

  13. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы,1989.

  14. Ә. Табылдиев. Тәрбие өрнектері. Алматы, 1998.

  15. Р.Ибекова. Ашық сабақ. // Бастауыш мектеп, 2005, № 8.

  16. Дидактикалық ойындарды математика сабағында пайдаланудың әдістемесі //М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент 2009. (Оқу–әдістемелік құрал) 5 б.т. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте).

  17. Дидактикалық ойындар-бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендіру құралы //«Ізденіс» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал–Алматы. 2009ж №4(2).–Б. 296-299. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте)

  18. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың мүмкіншіліктері //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал – Алматы. 2009. №4–Б. 19-22. (Л.Искаковамен авторлық бірлестікте)

  19. Сабаққа дидактикалық ойындарды қолданғанда оқушылар арасындағы өзара жарыстың атқаратын рөлі //Қазақстан жоғары мектебі журналы-Алматы. 2010ж. №1.-Б. 224-227.

  20. Төтенаев Б. Қазақтың ұлтттық ойындары. Алматы: Рауан, 1991, 3-бет




А Қосымша


1 сабақ

Тақырыбы: Ата баба дәстүріне саяхат.

Мақсаты: Балалар өздері қатыса отырып, өткен қазақтың салт-дәстүрі туралы білімін еске түсіріп, ойын дамыту, тілін жетілдіру, сөздік қорын молайту.Қазақтың салт-дәстүрін танып білуіне, сыйлауға тәрбиелеу, қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыс: ән-әуез.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақ барысы:

(Балалар дөңгеленіп отырады)

  • Балалар, қазір ойын ойнаймыз. Менің қолымда не бар? Иә, ол күннің суреті. Ал, күн бізге (бәрі бірге) жылу береді. Балалар қандай жылы сөздер білесіңдер? Қазір мен мына күннің суретін қасымдағы балаға бере отырып, оған жылы сөз айтамын. Сендер әрі қарай жалғастырыңдар. Келістік.

Бір-біріне жылы сөз айту.

  • Балалар, бүгін біз ата-бабалар еліне сапарға аттанамыз. Онда біз әр аялдамалардан өту үшін өткенімізді еске түсіріп, дұрыс жауап беруіміз қажет. Аялдамалардың аты: «Қазақтың дәстүрлері», «Айтыс өнері», «Өнерлі боламын», «Ертегілер әлемінде», «Жыр бесік», «Достық». Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен, әдет ғұрыпы мен мәдениетімен кеңінен танысып, түсініктерімізді кеңейтеміз.Сонымен жолға шығайық, аттанамыз! Сапарларың оң болсын!

(Аттың шабысы музыкасы ойналады. Әр баланың қолында ағаштан жасалған ат басының мүсіні. Аттың басын бірінші аялдамада тоқтатады. Балаларға ол аялдаманың аты белгісіз болады. Көріністі тамашалап болғасын, аялдаманың атын табады)

І. Аялдама: «Қазақтың дәстүрлері».

  • Балалар, қане атымызды байлап қояйық.

  • Сәлеметсіз ме!

  • Амансыңдар ма!

  • Келіңдер, отырыңдар. Мұнда екі кезең бар, егер дұрыс жауап берсеңдер, келесі аялдамаға өтесіздер.

«Ат қою», «Тұсау кесу» дәстүрі.

Әже кішкентай бөпені әкеліп, қариядан азан шақырып ат қоюын сұрайды. «Сенің атың, Абай!» деп, азан шақырып, «Бата» береді. Балалар:

  • Бұл «Ат қою» дәстүрі.

  • Жарайсыңдар! Келесі дәстүрді тамашалаңыздар.

  • Ортаға бөбекті ата алып шығады. Әже тұсауын кеседі. Ал балалар «Тұсау кесу» жырын айтады.

  • Балалар, тағы қандай қазақтың дәстүрін білесіз! - «Шілдехана», «Қырқынан шығару».

  • Рахмет, шырақтарым! Жолдарың болсын!

ІІ. Аялдама: «Айтыс өнері».

Музыка әуенімен алтыбақанның жанына келіп кідіреді. Қыз бен жігіт айтысын тамашалайды. Балалар ұл мен қыздың домбырамен айтысқанын айтып береді. Олармен қоштасып, келесі алдамаға бет бұрады.

Келесі аялдамаларды мұғалім өзі атап отырады.

ІІІ. «Ертегілер әлемінде» аялдамасы.

«Жыл басы кім болады?» ертегісінің сахналық қойылымы. Бұл ертегінің атын тауып алғасын, тағы басқа білетін ертегірін атап шығады. «Мақта қыз бен Мысық», «Үйшік», «Алдар көсе мен бай». Ортаға Алдар ата мен бай шығып көрінісін көрсетеді. Алдар ата байды алдап, кедейлерге көмектесетінін айту.

ІҮ. «Өнерлі боламын» аялдамасы.

  1. Мына заттардың атын айтып беріңіздер! (тостаған, жастық, сырмақ, сандық, домбыра).

  2. Қандай ою түрін білесіз? «Құс қанаты», «Қос мүйіз». Сабақ: «Қырқынан шығару» (Тостағанды әсемдейміз), «Киіз үйде (сырмақты әсемдейміз).

Ү. «Жыр бесік» аялдамасы.

1. Қандай жаңылтпаш, тақпақ, жұмбақ білесіз?

2. Ойын: «Кім қуыршақты жылдам бөлейді?» [18, 62].

ҮІ. «Достық» аялдамасы.

Ұстаз: Қазақтар қонақ жайлы халық. Қазақстанда түрлі ұлттар тұрады. Барлық ұлттар тату, бірімен бірі дос.

Ән: «Ағайынбыз, бәріміз».




В Қосымша


2 сабақ

Тақырыбы: Әлдилеймін бөпемді.

Мақсаты: Балаларға бөпені бесікке бөлеу туралы түсінік беру, оның жабдықтарын еске түсіру;

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтылуына, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Балаларды мейірімді, қамқоршыл болуға тәрбиелеу, бесік жырын айтуға баулу.

Әдіс-тәсілдер: 1. Іс-қимылмен айтып көрсету

2. Түсіндіру

Көрнекі құралдар: Бесік, оның жабдықтары, қуыршақ.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр. Қане, орнымыздан тұрайық.

Армысың, асыл күн

Армысың, көк аспан

Армысың, жан досым

Жылуыма жылу қос

Міне менің қолым

  • Қане, бір-біріміздің қолымыздан ұстап бірімізге-біріміз алақанымыз арқылы жылу таратайық.

  • Ал енді күн нұрына қол созып, алақанымызды жайып сәлемдесейік:

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме!

  • Балалар, кімнің жақсы тілек айтқысы келеді?

  • Ашық аспан.

  • Ақ аспан.

  • Денсаулық.

  • Тәртіпті бала болайық!

  • Өте жақсы. Айтылған тілектермен, күн нұрымен одан әрі нұрлана түсейік. Ал енді бәріміз ойыншықтар бұрышына барайық.

Мынау міне көріп тұрған нәрсе немене? (бесік)

Осындай бесікке бөпе кездеріңде сендерді де аналарың бөлеген. Енді біз де бүгін мына кішкене бөпені (қуыршақты) бөлеп көрелік. Ол үшін бесікті айнала дөңгеленіп отырайық.

(осы кезде есіктен әже кіріді)

  • Сәлеметсіз бе, әже? Сіз жақсы келдіңіз. Келіңіз жоғары отырыңыз. Біз бүгін бісікке бөпемізді бөлейік деп едік, сіз бізге көмектесіп жіберсеңіз. Әже:

  • Жарайды. Мына бесікке мен бөпені бөлеймін. Балалар, бөпе шошымай, тыныш, тәтті ұйықтауы үшін әуелі бесікті аластап аламыз.

  • Мынау не?

  • Шырпы.

Алас, алас, алас,

Әр пәледен қалас – деп үш дүркін аластайды. Енді бөпені бесікке бөлеу үшін алдымен шешіндіреміз, енді бөлейміз.

Биссимиллаһи рахмани рахим.

Балбөбек-ау, балбөбек,

Бөлейін сені кел, бөбек.

Міне бөпені бесікке бөледік.

Ұстаз:

  • Енді оны ұйықтату үшін бәріміз қосылып, әндетіп бесік жырын айтайық.

Әлди, әлди ақ бөпем Әлди, әлди ақ бөпешім,

Ақ бесікке жат бөпем, Ұйықтай қойшы көкешім.

Жылама бөпем, жылама Тербетейін жата ғой,

Ұйықта бөпем, ұйықта жай. Тәтті ұйқыға бата ғой.

  • Балалар, міне қызық, бөпе ұйықтап қалыпты. Оятып алмау үшін алысырақ барайық. Бөпені ұйықтатамын деп шаршаған боларсыңдар, ендеше жаттығып дем алайық, бой сергітейік.

Сергіту сәті: Жел соғады бетімізге

Ағаштар да тербеледі

Ағаш биік-биік

Жел тиыш, тиыш.

Ойын: «Бөпені бесікке бөлейміз». Өздері кезек-мезек бөлеп көрсетеді. Бесік жасауын атап отырады.

«Достық» әні айтылады.

- Тойдың сәні ұлттық ойын, өлең емес пе. Ендеше ойын ұйымдастырайық. «Жайлауда» деген ойын ойналады.

  • Балалар қазір әже өзі дайындап әкелген ән шашуын тарту етеді. «Тамаша» әні.

  • Балалар, әже дастарханын дайындағанша алтыбақан аясына барып, айтыскерлерімізді тыңдайық.

  • (Қыз бен бала айтысы).

Қорытындылау: Бесік жабдықтарын көрсете отырып, балалардан жауап алу.




С Қосымша


3 сабақ

Тақырыбы: «Ат қою» дәстүрі.

Сабақтың мақсаты: Балаларға өткен сабақта танысқан «Шілдехана» дәстүрін қайталатып, еске түсіру, сол дәстүрді жалғастыру; Халық педагогикасы негізінде ұмыт болып бара жатқан салт дәстүрлерді, мұраларды танып білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: Азан шақыру, есім.

Көрнекі құралдар: Ұлттық бұрыштағы бір қанат кереге, түскиіз үстінде қоржын, тері қамшы, домбыра, ұршық, жерде текемет, көрпешелер, орыс дөңгелек үстелі.

Сабақтың барысы:

  • Балалар, шаттық шеңберін құрып, дөңгеленіп тұрайық.

Мына өлең жолдарын айтады:

Бақыт құсы қонған,

Құтты тойлар болған.

Атаң атын байлаған,

Осы алтын ордаң.

Үстелді дөңгелене отырады. Ата, әже бірге жайғасады.

  • Балалар, біз өткен сабақты жалғастырамыз. Бүгін біз жаңа туған нәрестеге ат қою рәсімін көрсетеміз. Балаға ат қою рәсімін негізінен отбасындағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Балаға ат қоюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет, бұл рәсімді аталар дәстүрінен аумай, салтанатты түрде өткізудің мәні зор. Қазір осы рәсімді тамашалайық.

Тақпақ айту:

1. Бүгін мұнда ән бөлек,

Себілетін дән бөлек.

Ағын судай арқырап,

Төгілетін ән бөлек.

  1. Тамылжыған шапағы,

Балқып атқан таң бөлек.

Айдай туып ақ бөбек,

Шаттандырды елді ерен.

Бәйшешектей құлпырған,

Құтты болсын, бал бөбек!..

Ән: «Қазақтың дәстүрлері».

Келіншектер бөпені әжесіне береді.Әжесі:

  • Қария, ауылымыздың сыйлы ақсақалдарының бірісіз Мына немереме ат қоюды сізден өтінемін. Азан шақырып баланың атын қойып беріңізші.

(Баланы жастықпен қарияға береді).

Қария: Абай атамыздай кемеңгер ақын, халқының аяулы азаматының бірі болсын деп, балаға «Абай» деген есім (ат) бергім келіп отыр. (Барлығы қарияның таңдаған есімін қоштайды)

Баланы алып құлағына 3 рет «Сенің атың, Абай» - деп, азан шақырады.

Тәрбиеші:

  • Балалар, ата жаңа «Азан шақырды». Бөпенің енді есімі бар. Баланың есімі қалай аталады? Абай.

  • Азан шақыру, есім, қария. (Сөздерді қайталау).

Тәрбиеші:

Ата-анасы қаласа, ат қою ырымымен өтеген кісі сәбидің бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Бұл аты қойылған баланың елімен алғашқы жүздесуі деп есептейді.

Қария баланы қонақтарға көрсетеді. Бұдан кейін бата беріледі.

Бата:

Ал батамды берейін,

Арта берсін мерейің.

Қойға толсын өрісің,

Тасысын бағың, мерейің.

Басыңа бақыт қонсын,

Өмірің гүлге толсын.

Дұшпандарың жерге қарап,

Сағы сынып сорласын!

Судай тасып дәулетің,

Еш жамандық болмасын! Әумин!

Қария мен бірге балалар да бетін сипайды.

Ән: «Қазақтың дәстүрлері».




Д Қосымша


4 сабақ

Тақырыбы: «Қырқынан шығару» дәстүрі.

Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақ халқының салт-дәстүрі «Қырқынан шығару» дәстүрімен таныстыру, сөздік қорын молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;

Қазақ халқының ою түрлерімен таныстыру. Тіл белсенділігін арттыру, зейін қабілеттерін дамыту;

Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын жетілдіру, тазалыққа баулу.

Көрнекілік: қуыршақ, су, орамал, леген, тостаған; желім, түрлі-түсті қағаз, Қайшы, сүлгі.

Жаңа сөздер: Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су.

Сабақ барысы:

І. Ұстаз: Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер жасап тұрайық. Бір-бірінің қолдарыңнан жылу беріледі ме? Иә! Бізге аспанда жылуды не береді? Күн! Ал, біздің жасаған шеңберіміз неге ұқсайды? Күнге! Бір-бірімен күліп амандасады.

- Сәлеметсің бе!

Ойын: «Хан талапай» (өткен жаңа сөздерді қайталау).

ІІ. - Балалар қазір бәріміз ата-баба дәстүріне ораламыз. (Осы кезде ұлттық киімдегі әже келеді)

- Амансыңдар ма, балалар!

- Сәлеметсіз бе, әже!

- Әже, жоғары шығыңыз! Балалар қонаққа әже келді.

Бөпенің жылаған дауысы естіледі.

  • Жылама бөпем, жылама. Әже, сіз, дәл келдіңіз. Бөпенің туғанына 40 күн толды. Балалармен бірге бөпені қырқынан шығарайықшы.

  • Ал, ендеше кірісейік. «Қырқынан шығару» - бөпені 40 қасық сумен шомылдыру. Мынау леген, жылы су, мынау тостаған, тостағанға қасықпен су құямыз. Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су, (Балалар қайталап отырады.)

ІІІ. Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су /с-с-с/

Мөлдір суға қолын жу /моет руки/

Жуынсаң сен әрдайым / моет лицо/

Аппақ бетің, маңдайың / показывает лобик/

Тазалықтың досы – су деген осы.

  • Биссимиллаһи рахмани рахим – деп шомылдыра бастайды.

  • «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын – деген тілекті айтып отырып шомылдырады. Шомылдырып болған соң баланың тырнағын, шашын алады.

  • Енді денесін, қол-аяғын майлап, бәріміз бірге

Өс-өс балам, өс балам,

Сұлу боп өс сымбатты.

Саусағыңды жазайын,

Аяғыңды созайын. Өс-өс – деп бөпенің денесін ширатайық.

  • Мынау тырнақ, мынау шаш.( Балалар қайталайды)

  • «Ойлан, тап» деген ойын арқылы жаңа сөздерді қайталау.

Жаңылтпаш оқу: Тас тостаған.

Тас тостаған ішіне,

Тас тастаған.

Жапсыру: «Тостағанды әсемдейміз».

  • Балалар, қазір тостағанды ою-өрнекпен әсемдейміз. Оны баланы қырқынан шығарғаны үшін ақ әжеге сыйлаймыз. Балалар оюдың аты «Құс қанаты». Түрлі –түсті қағаздан қиылған оюлар жапсырамыз.

(Тостағанның үлгісі қағаздан қиылып дайындалған. «Құс қанаты» өрнегінің дайын үлгісі. Жабыстыра отырып жаңылтпашты қайталау:

  • Әже, сізге көп рахмет. Мынау сіздің жолыңыз, бізді еске алып жүріңіз. (Балалар өз қолынан жасаған тостаған суретін тарту етеді, қоштасады).

  • Балалар апайды тыңдаңыздар. Аман болыңдар!

  • Сау болыңыз!

ІҮ. Қорытындылау: - Бүгін сабақта қазақтың «Қырқынан шығару» дәстүрімен таныстық.

Балаларға қосымша сұрақтар қойып, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


36


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктері мен бірге күш - қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені  ойынға қатыспай тұрып - ақ  оған  күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы: Бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылытын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен суына дейін белгілі бір мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленеген  уақыттта күн сайын жегізіп, шапқызып, терісін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын  бала күн ілгері осы сынақтарға қосылады. Бәйге шарты мүлтіксіз орындалуы үшін төреші тағайындалады

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 054 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2015 8266
    • DOCX 99.4 кбайт
    • 101 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Джамиля Ибраевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Джамиля Ибраевна
    Бекенова Джамиля Ибраевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23543
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 547 человек из 68 регионов

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 39 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов