Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ» Баяндама

«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ» Баяндама

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

ТАҚЫРЫБЫ: «БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ»

САРЫМСАҚОВА АЙСӘУЛЕ БАЙМҰРАТҚЫЗЫ

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ

Қоғамдағы ақпарат көлемінің барған сайын өсуі – білім беру мазмұның жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс–әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа байланысты.

Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты ендіру деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі кейбір жаңалық жүйесі ескінің айналып келуі немесе өзгеріске еніп қайталануынан туған мәселелер. Инновациялық технологиялардың бастауыш сыныптарда білім сапасын арттырудағы маңызы:

•          әр сабақта интерактивті әдістер қолдану;

•          оқушының педагогикалы-психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

•          міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

•          инновациялық технологиялардың тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.


Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі орта. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Сондықтан әр мұғалім бүгінгі күннің талабына сай білімдерін жиі жоғарлатып отырса ғана, мұғалім өзінін терең білімімен баланың жан дүниесіне мәнді мазмұн енгізеді. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше қабілеті оның сабақты түрлендіріп, шәкірт жүрегіне жол таба білуі.

Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект–оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап алу қажет, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ету. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына сабақ беру барысында көрнекілікті көп талап етеді. Мұғалімдер өз тәжірбиелерінде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу қажет. Көрнекілікті көрсетуде интерактивті тақтаның рөлі зор.

Әрбір сабақ жоспары өзіндік жаңалығы және мақсатымен ерекше. Бастауыш сыныптың барлық пәндерінде интерактивтік тақтаны қолдану тимді. Ендеше, мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүрген сабақ үлгілерін беруді алға қойып отырмын.

Дүниетану пәні бойынша «Бунақденелілер» тақырыбында өткізген сабақтан мысал келтірсем: сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, үй тапсырмасы тест жүйесінде құрылды. Оқушы жауабы лезде кімнің қаншалықты меңгергені интерактивті тақтада бағаланып көрсетілді. Жаңа сабақ «Бунақденелілер» тақырыбында 6-7 минуттық кинофильм көретілуден басталды. Кинофильмді көре отырып тақырыпты оқушылар бунақденелілер-ғаламшардың кез келген түкпірінде таралғанын, олардың 7000000 (миллионға жуық) түрі бар екенін, туақанатсыздар және қанаттылар болып бөлінетіндігін, бунақденелілер денесі үш бөліктен құралатындығын түсінді, қызығушылықтары артты. Білсем, көрсем, үйренсем деген ынталары басым көрінді. Бұл жерде мұғалімнің көмегісіз жаңа сабақ ашылды, оқушы меңгерді. Осы тақырып бойынша жасалған әр слайдтағы тапсырмаға ойланбастан жауап берді. Қортындылау барысында бунақденелердің зиянды, пайдалысы қайсы екенін тірек сызбалары арқылы интерактивті тақтаға сызып көрсетіп, тест сұрақтары арқылы білімдерін бекітті.

Тірек сызбалары арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді.

  • Білім, білік дағдыны қалыптастыру

  • Барлық баланы оқыту

  • Оқытуды жеңілдету

  • Бірте-бірте толық дербестікке жету.

Қазақ тілі пәнін оқытуда Ж. А. Қараевтың технолологиясын пайдаланамын. Тиімділігі:

  • Оқушыны үнемі әрекетке қосады.

  • Үш кезең арқылы өздігінен үздіксіз білім алуға ынталандырады.

  • Тілдік категориялардың лексика–грамматикалық құрылымын игеріп, ауызша, жазбаша түрде қолдану аясына кеңейтуге мүмкіндік береді.

  • Оқушы әрі талдай отырып, салыстырады, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттендіреді.

Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс–тәсілдерді оқушылардың оқуға ынта–ықыласын, дағды мен ой өрісін білім бірліктерінің артуымен сипаттамалары сөзсіз.

Мұғалім инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнінде қолданса, жақсы бір жетістіктерге жетеді, кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтереді.



Пайдаланған әдибеттер:

1. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004, 21-бет(5).

2. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

3.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

4. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп–2004-№2



Краткое описание документа:

 Қоғамдағы ақпарат көлемінің барған сайын өсуі – білім беру мазмұның жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс–әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа байланысты. 

Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда жаңалықты ендіру деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі кейбір жаңалық жүйесі ескінің айналып келуі немесе өзгеріске еніп қайталануынан туған мәселелер.Инновациялық технологиялардың бастауыш сыныптарда білім сапасын арттырудағы маңызы:

 

Автор
Дата добавления 07.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров479
Номер материала 477712
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх