Инфоурок Школьному психологу ТестыБастауыш сынып оқушысының мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі

Бастауыш сынып оқушысының мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі

Скачать материал

Бастауыш сынып оқушысының мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі

/бастауыш сынып ұстаздарына арналған сабақ/

 

Әдістеме оқу- тәрбие процесінің тиімділігін зерттеу үшін қолданылып,  бастауыш сыныптарда оқушылардың мектепке дайындығын анықтау үшін, мектепке бейімделу (бейімделмеу) динамикасын бағалауда оқытудың тиімді жақтарын таңдауда   қолданылуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда  бала суреттерін немесе тек анкетаны қолдануға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының  мектеп мотивациясының деңгейін анықтау  тәсілі рационализаторлық ұсыныс ретінде ВНИИ бала және жасөспірім гигиенасы техникалық кеңесімен  бекітілген.(Н.Г. Луксанова, рац.предложение №138 от,07.06.1985г.)

Мысал ретінде : Балалардың «Маған мектепте не ұнайды»тақырыбында суретін бағалау схемасын көрсетейік.

1.     Тақырыпқа сай келмеу мынаны көрсетеді:

А) Мектеп мотивациясының  болмауы және басқа мотивтердің басым болуы , көбіне ойын мотиві. Бұл жағдайда балалар ойыншық, машина, әскери әрекеттерді, узорлар мен т.б. салады. Баланың мотивациясының пісіп -жетілмегендігін білдіреді.

Б) Бала негативизмі. Бұл жағдайда бала мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзіне ұнаған, немесе жақсы сала алатын суретін салады. Мұндай мінез- құлық  жоғары деңгейдегі қарама- қайшылықты  және нақты мектеп талабын орындауда бейімделу  қиыншылықтарын көсетеді.

В) Қойылған тапсырманы қате түсіну, оны түсінбеу. Мұндай балалар ештеме салмайды немесе берілген тақырыпқа қатысы жоқты басқа балалардан көшіріп салады. Көбіне бұл психикалық  тежелісі бар балаларға  тән.

Егер сурет берілген тақырыпқа сай келмесе , онда сандық есептеу бойынша  0 бал қойылады.

2. Берілген тақырыпқа сәйкес келу мектепке жақсы қарым- қатынасты көрсетеді, сонымен қатар суреттің сюжеті қаралады, яғни нақты не бейнеленгендігі  қарастырылады.

А)Ұстаз указкамен, партада отырған оқушылар, тақтада тапсырмалар жазылған  және т.б. Бұл баланың мектепке ынтасының жоғарылығын  жәнеоқу белсенділігін, танымдық оқу мотивтерінің  барлығын көрсетеді.(30 бал)

Б) Оқуға тән емес жағдай –мектеп ғимараты, оқушылар қоңырауда, оқушылар сөмкелерімен және т.б. Мектепке жақсы қарым- қатынастағы оқушыларға тән, бірақ мектептің ішкі атрибуттарына көбірек бағытталған.(20 бал)

В) Ойын жағдайы – мектеп ауласындағы сырғанақ (качели), ойын бөлмесі,  сыныпта тұрған ойыншықтар және басқа заттар (теледидар, терезе алдындағы гүлдер және т.б.) мектепке қатынасы жақсы, бірақ ойын мотивтері басым балаларға тән. (10 бал)

Оқушылардың мектепке ынтасын зерттегенде мектеп тақырыбындағы суреттер балаларға әртүрлі нұсқада жыл бойына бірнеше рет ұсынуға болады. Зерттеу барысында балалардың суреттерін бағалаудың жоғары беріктігі үшін, баладан ол нені салды,  неге бұл суретті салғандығын сұрап алған жөн. Кейде баланың суреті бойынша тек мектепке ынтасын ғана емесе, сонымен қатар мектеп өмірінің оған қызықты жақтарын білуге болады.

Мысалы, психомоторлық тежелуі бар, жоғары белсенді қозғалыстағы балалар дене тәрбиесі сабағындағы футбол ойынын, қоңыраудағы балалармен төбелесті, асты үстіне шығып жатырған сыныпты және т.б. бейнелейді.

Сезімтал, сентиментальды балалар міндетті түрде суретке декоротивті элементтерді(орнамент, гүл, сынып ішінің интерьерін және т.б.) қосады.

 

Мектеп мотивациясы деңгейін бағалау анкетасы

Бастауыш сынып оқушысының мектепке ынтасының деңгейін скринингті бағалауда қысқа ғана анкета қолданылуы  мүмкін.

Берілген анкета баланы жеке зерттегенде, сонымен қатар топтық зерттеулерде қолданылуы мүмкін. Мұны екі нұсқада өткізуге болады.

1.Сұрақтар тәжірбе жүргізушімен дауысталып оқылып, жауап нұсқалары айтылады, ал балалар өздері таңдаған нұсқаны белгілеулері керек.

2. Анкета жаба түрде балаларға таратылады, балар өздері таңдаған нұсқасын белгілеулері керек.

Әр жауап нұсқасының өзінің  тиімді және тиімсіз жақтары болады. Бірінші нұсқада жалғандық факторы жоғары, яғни балалар көп жағдайда нормалар мен ережелерге сүйенеді, себебі алдарында сұрақ қоюшы ересек адамды көреді. Екінші нұсқа көбіне шынайы жауап алуға мүмкіндік береді, бірақ мұндай анкеталау тәсілі бірінші сынып балаларына қиыншылық туырады, себебі олар әлі дұрыс оқи алмайды.

Анкетаны  қайталама түрдеөткізуге де болады, бұл мектеп мотивациясының динамикасын бағалауға мүмкіндік береді.Мектеп мотивацисының төмендеуі баланың мектепке бейімделмеу критериіне әкеледі, ал жоғарылауы – төменгі буындағы мектеп оқуышысының дамуының және оқудағы жақсы динамикасын көрсетеді.

 

 

Анкета

1.     Саған  мектепте ұнайды ма?

-         Орташа

-         Ұнайды

-         Ұнамайды

2.     Сен таңмен оянғанда,  мектепке қуанып барамысын алде саған көбіне үйде қалған ұнайды ма?

-         Көбіне үйде қалған ұнайды

-         Әртүрлі

-         Қуанышпен барамын мектепке

3.     Егер мұғалім ертең  оқушылардың барлығына  мектепке келмеулеріне болады, қалағандары үйлерінде қалуына болады деп айтса, сен мектепке барасын ба  немесе үйде қаламысын?

-         Білмеймін

-         Үйде қалар едім

-         Мектепке барар едім

4.     Саған қандай да бір сабақ болмай қалғанда ұнай ма?

-         Ұнамайды

-         Әртүрлі болады

-         Ұнайды

5.     Саған үй тапсырмасын бермегенді қалар ма едің?

-         Қалар едім

-         Қаламаймын

-         Білмеймін

6.     Сен мектепте тек қоңыраулар болғанын қалар ма едің?

-         Білмеймін

-         Қаламаймын

-         Қалар едім

7.     Сен көбіне ата- анаңа мектеп жайында айтасың ба?

-         Көбіне айтам

-         Кейде

-         Айтпаймын

8.     Сен ұстазыңның қатал болмағанын қалайсың ба?

-         Нақты білмеймін

-         Қалар едім

-         Қаламаймын

9.     Сенің сыныпта достарың көп пе?

-         Аз

-         Көп

-         Достарым жоқ

10. Саған сыныптастарың ұнай ма?

-         Ұнайды

-         Ондай емес

-         Ұнамайды

 

Кілті

Анкетадағы сұрақтардың үш жауабының әрбірі үшін  жиналатын бал саны

Сұрақ№

1 жауапты бағалау

2 жауапты бағалау

3 жауапты бағалау

1

1

3

0

2

0

1

3

3

1

0

3

4

3

1

0

5

0

3

1

6

1

3

0

7

3

1

0

8

1

0

3

9

1

3

0

10

3

1

0

 

 

Көрсетілген топтағы балалар арасындағы айырмашылық Стьюденттің  критериі бойынша бағаланды және мектеп мотивациясының бес негізгі деңгейі анықталды.

1 деңгей 25-30 бал-оқу белсенділігі мектеп мотивацисының  жоғары деңгейі. Мұндай балаларда танымдық мотивтері, мектептің қойған талаптарын  сәтті орындауға деген құлшынысы бар. Оқушылар ұстаздың тапсырмасын бұлжытпай орындайды, жауапты және адамгершілігі мол, төмен баға алса өте қатты уайымдайды.Мектеп тақырыбындағы суретте олар тақта алдында тұрған мұғалімді, сабақ барысын, оқу материалын және т.б. бейнелейді.

2 деңгей  20- 24 бал – жақсы мектеп мотивациясы. Бұндай көрсеткішті оқуда жақсы  үлгеріші, бастауыш сынып оқушыларының көбі иеленеді. Мектеп тақырыбындағы суреттерінде, олар да сондай- ақ оқу жағдайларын көрсетеді, сұрақтарға жауап кезінде қатаң талаптар мен нормалар оларға аз ықпалетеді . Мотивацияның мұндай деңгейі орта норма болып табылады.

3 деңгей  15 – 19 бал – мектепке жағымды қарым- қатынас, бірақ мектеп мұндай балаларды ішкі қызметімен қызықтырады. Балалар өздерін мектепте қолайлы сезінеді, бірақ көбіне мектепке достары мен ұстаздарымен сөйлесу үшін барады. Олар өзін оқушы ретінде сезініп, әдемі сөмке, қалам, дәптерлер ұстағанды ұнатады. Олардың танымдық мотивтері шамалы  дәрежеде қалыптасқан және оқу процесі оларды аз қызықтырады. Мектеп тақырыбындағы суреттерде мұндай балалар көбіне мектепті көрсетеді, бірақ оқу жағдайын салмайды.

4 деңгей  10- 14 бал – төмен мектеп мотивациясы. Бұл балалар мектепке қаламай, еріксіз барады, сабақ қалдырады.Сабақта басқа істермен, ойындармен айналысады. Оқу үрдісінде қиыншылықтарды өткереді. Мектепке тұрақсыз бейімделу жағдайында болады. Суреттерінде мұндай балалар мектепке жанама байланысы болса да,ойын сюжеттерін бейнелейді.

5 деңгей  10 балдан төмен – мектепке незативті қарым- қатынас, мектепке бейімделмеу. Мұндай балалар  оқуда маңызды қиындықтарды кездестіреді: олар оқуда жоғары қиыншылықтарды кезіктіреді,ұстазбен қарым- қатынаста, сыныптастарымен қарым- қатынаста қиындықтарға тап болады. Мектеп олар үшін, төзуге болмайтын, қарама- қайшылық ортасы болып қабылданады. Кішкене балалар (5 – 6 жас ) жиі жылап, үйлеріне сұранады. Басқа жағдайларда оқушылар өздерін агрессивті ұстап,тапсырманы орындаудан, нормалар мен ержелерге бағынудан бас тартады.  Көбіне мұндай оқушылардан психикалық-жүйке бұзылулары байқалады. Мұндай балалардың суреттері берілген мектеп тақырыбына сай келмейді, баланың  жеке қызығушылығын бейнелейді.

Анкета парағы

Асықпай оқып,  берілген сұрақтың үш жауабының  бірін таңдап белгілеулеріңіз сұралады.

Оқушы аты- жөні_________________________________________ сыныбы_____________

1.     Саған  мектепте ұнайды ма?

-         Орташа

-         Ұнайды

-         Ұнамайды

 

2.     Сен таңмен оянғанда,  мектепке қуанып барамысын алде саған көбіне үйде қалған ұнайды ма?

-         Көбіне үйде қалған ұнайды

-         Әртүрлі

-         Қуанышпен барамын мектепке

 

3.     Егер мұғалім ертең  оқушылардың  барлығына  мектепке келмеулеріне болады, қалағандары үйлерінде қалуына болады деп айтса, сен мектепке барасын ба  немесе үйде қаламысын?

-         Білмеймін

-         Үйде қалар едім

-         Мектепке барар едім

 

4.     Саған қандай да бір сабақ болмай қалғанда ұнай ма?

-         Ұнамайды

-         Әртүрлі болады

-         Ұнайды

 

5.     Саған үй тапсырмасын бермегенді қалар ма едің?

-         Қалар едім

-         Қаламаймын

-         Білмеймін

 

6.     Сен мектепте тек қоңыраулар болғанын қалар ма едің?

-         Білмеймін

-         Қаламаймын

-         Қалар едім

 

7.     Сен көбіне ата- анаңа мектеп жайында айтасың ба?

-         Көбіне айтам

-         Кейде

-         Айтпаймын

 

8.     Сен ұстазыңның қатал болмағанын қалайсың ба?

-         Нақты білмеймін

-         Қалар едім

-         Қаламаймын

 

9.     Сенің сыныпта достарың көп пе?

-         Аз

-         Көп

-         Достарым жоқ

 

10. Саған сыныптастарың ұнай ма?

-         Ұнайды

-         Ондай емес

-         Ұнамайды

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушысының мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сынып оқушысының мектеп мотивациясын бағалау әдістемесі

/бастауыш сынып ұстаздарына арналған сабақ/

 

Әдістеме оқу- тәрбие процесінің тиімділігін зерттеу үшін қолданылып,  бастауыш сыныптарда оқушылардың мектепке дайындығын анықтау үшін, мектепке бейімделу (бейімделмеу) динамикасын бағалауда оқытудың тиімді жақтарын таңдауда   қолданылуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда  бала суреттерін немесе тек анкетаны қолдануға болады.

 

Бастауыш сынып оқушыларының  мектеп мотивациясының деңгейін анықтау  тәсілі рационализаторлық ұсыныс ретінде ВНИИ бала және жасөспірім гигиенасы техникалық кеңесімен  бекітілген.(Н.Г. Луксанова, рац.предложение №138 от,07.06.1985г.)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2014 7230
    • DOCX 26.2 кбайт
    • 156 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Белгина Айнур Жакуповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Белгина Айнур Жакуповна
    Белгина Айнур Жакуповна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 26743
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологическая консультация и реабилитация в спорте

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Решение школьных проблем: интеграция нейропсихологического подхода и подготовка детей к школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Перинатальный психолог: психологическое сопровождение беременности, родов и послеродового периода женщины

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции