Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бастауыш сыныптарға арналған "Жаңа жыл құтты болсын!" атты ертеңгілік сценариі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Бастауыш сыныптарға арналған "Жаңа жыл құтты болсын!" атты ертеңгілік сценариі

библиотека
материалов

Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңажылдық музыка ойнайды.

Оқушы:

Асығыңдар тезірек!

Жиналындар бұл залға,

Егер көрем десеңдер

Басталады карнавал!

Жүргізуші :

Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер! Ал бүгін қандай мереке екенің кім айтып береді?

Дұрыс, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп қосылып ән салайық.

Орманда туды шыршатай

Орманда туды шыршатай,

Орманда ол өсті.

Қысы-жазы өзгермей

Жасыл болып тұрды.


Боран оған ән салды:

«Ұйықта, шыршатай!»

Аяз қарымен қымтады:

«Ұйықта, шыршатай!»


Сұр қоян келіп, шыршаны

Айнала секірді.

Ашулы сұр қасқыр да

Қасында көп жүрді.


Енді сен сәнге малынып

Мерекеге келдің.

Балаларды ұмытылмас

Қуанышқа бөледің!


Жүргізуші:

Ал мынау немене? (Шыршаны көрсетеді.)

Балалар: Шырша

Жүргізуші: Қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал кім бізге шыршаға арнаған тақпағын айтып берер екен?

Балалар:

Шырша

Әкем таңдап әкелді Жұпар иісі аңқыды,

Ең үлпілдек шыршаны, Апамды да мәз қылды!

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны...


Жүргізуші:

Кәне, қыздар, балалар,

Жасыл шырша жанында,

Қарсы алайық жылдарды.


Ән : «Жыл санау»


  1. Тышқан: Тышқан жылы – түлекті жыл,

Құштарында – бірлікті біл.

2. Сиыр: Сиыр жылы- еңбекті жыл,

Жайлы, ақ мол жыл.

3. Барыс: Барыс жылы – сәтті, құтты,

Баян етер сәттілікті

4. Қоян: Қоян жылы – құт қонады,

Кейде малға жұт болады.

5. Ұлу: Ұлу жылы - әрекетті,

Ұлғайтады берекетті.

6. Жылан: Жылын жылы – құрғақ болар,

Жылға дымы құрғап қалар.

7. Мешін: Мешін жылы – бақ, жарасым,

Мереймен іс атқарасын.

8. Доңыз: Доңыз жылы – байсалдылық,

Дос табады жайсаң қылық.

9. Тауық: Тауық жылы – арманды жыл,

Тауып істер, шаруаңды біл.!

10.Ит: Ит жылы – тым мазасыздау,

Игеммесең азасын-ау.

11.Жылқы: Жылқы жылы – мархабатты,

Жырғап өтер әр талапты.

Жылқы жылы сендер бір жылға есейіп, өстіңдер.Қазақста Республикасының Тәуелсіздік алғанына 23 жыл толды. Маған ренжігендірің бар ма?

Балалар: Жоқ, Жоқ.

Жүргізуші:

Балалар, осы жылдың арасында қай жыл жоқ? Ендеше, қой жылын қарсы алайық.

12. Қой: Қой жылы – мол өнім болар,

Қораларға төлің толар.

2015 жылы сендер жаңа бір баспалдақты аттайсыңдар.

Менің айтар өсиетім –

Жылдардың біл қасиетін!

Құтты жылдар тағы келсін,

Қуаныш той, бақ әкелсін.





Мыстан: Бұл не шу? Немене ән айтып жүрсіңдер? Тоқтандар!

Балалар: Біз жаңа жылды қарсы алып, Аяз атаны, Ақшақарды күтіп жүрміз.

Мыcтан: Не? Жаңа жыл? Аяз ата білмейді. Ақша қарды үсітіп, қарға орап кеттім. Қайтыңдар.

Балалар: Қайтпаймыз, қайтпаймыз.

Мыстан: Мынау не?

Балалар: Шырша.

Мыстан: Шыршаларының менен сұлу, әдемі емес екен. Мына мені қарашы, шаштарым ұзын. Саусақтарым қандай әдемі.

Балалар: Әдемі емессің.

Мыстан: Ал, ендеше жұмбақ жасырамын, соны тапсандар, барлығын босатамын.

  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)

  1. Ақ болғанмен, қант емес,

Қанаты жоқ болса да ұшады.(қар)

  1. Шыны тәрізді мөлдір,

Бірақ терезеге қоя алмайсың.(мұз)

Би

Ойын

Жүргізуші: Балалар сендерге қоятын бір жұмбағым бар, егер шешуін тапсаңдар, бір өзгешілік болады. Ақ таяғы қолында,

Ойын күлкі жанында,

Күте оны шартарап.

Сый дорбасын арқалап,

Жаңа жыл сайын келетін.

Ол кім?

Балалар: Аяз ата.

Жүргізуші: Ендеше, балалар ортаға Аяз атаны шақырайық.

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,


Аяз ата оралып.

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, ұлдарым!

Сәлеметсіңдер ме, қыздарым!

Қандай әсем жырларың.

Қандай жарқын жүздерің.

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.


Ән «Жаңа жыл»


Ақшақар: Ал, кәнеки балалар,

Ән мен жырға басайық

Той – дұманды жалғайық.

Жаңа жылда шыршамызды айналып,

Би билейік, қалықтап.

Аяз ата: Ал, Ақшақар қалықта,

Өнер көрсет халыққа.

Ақ қанатын желбіреп,

Қалықтаудан жалықпа.

Би: Ақшақар биі

Ойын

Аяз ата: Сыйлығым бар сендерге,

Сыйлықсыз мен келем бе.

Ақшақаржан, айналдым,

Көмектесіп жібересің бе?


Аяз ата:Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді , әдемі бала екенсіңдер.

Жаңа жалда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Қой жылы табыстарымыз мол болсын!

Краткое описание документа:

Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңажылдық музыка ойнайды.                 

Оқушы:

 Асығыңдар тезірек!

Жиналындар бұл залға,

Егер көрем десеңдер

Басталады карнавал!

Жүргізуші :

Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер! Ал бүгін қандай мереке екенің кім айтып береді?

Дұрыс, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп қосылып ән салайық.

Орманда туды шыршатай

     Орманда туды шыршатай,

     Орманда ол өсті.

     Қысы-жазы өзгермей

     Жасыл болып тұрды.

 

    Боран оған ән салды:

   «Ұйықта, шыршатай!»

   Аяз қарымен қымтады:

   «Ұйықта, шыршатай!»

 

Автор
Дата добавления 21.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1145
Номер материала 403093
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх