Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауышта оқушылардың көркем жазын қалыптастыру

Бастауышта оқушылардың көркем жазын қалыптастыру

Скачать материал

Алғы сөз
1- сыныптағы «Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты қазақ тілі сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады.
Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі ерекше.
Ұсынылып отырған жоспар
1- сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014- 2015оқу жылындағы 1 сыныптарға арналған «көркем жазу» ( таңдау пәні) күнтізбелік жоспары

Көркем жазу

р/с Сабақтың тақырыбы сағаты күні
1.
Көркем жазуға үйренейік 1
2. Жіңішке дауыстыларды, жіңішке сөздерді көркем жазу 1
3. И, Ш, І бас әріптерін жазу 1
4. г, ғ, һ кіші әріптерін жазу 1
5. п, т, м, р кіші әріптерін жазу 1
6. Л, М, А бас әріптерін жазу 1
7. С бас және кіші әріптерін жазу 1
8. Е, Ё бас және кіші әріптерін жазу 1
9 - 10 У, Ұ, Ұ, Ч бас және кіші әріптерін көркем жазу 2
11. Жатқа жазу( 40 - б) 1
12. Мәтінді көшіріп жазу( Қоян) 42 - б 1
13. б, ф кіші әріптерін жазу 1
14. Көшіріп жазу 42 - б 1
15. Шығармашылық жұмыс: «Қыс» әңгіме құрастырып жазу 1
16. О о, Ө ө бас және кіші әріптерін жаз 1
17 - 18. Д д, З з, Вв бас және кіші әріптерін жазу 2
19. ч, жіңішкелік, жуандық белгілері және Ы ы бас және кіші әріптерін көркем жазу 1
20. К к, Ққ, ң әріптерін көркем жаз 1
21. Н н, Ю ю бас және кіші әріптері 1
22. Г, Р, П Т бас әріптерін көркем жазу 1
23. Тақтадан көшіріп жазу: Қаңтар 52 - б 1
24. Жатқа жазу: Ақ күшігім 57 - б 1
25. Ц ц, Щ щ бас және кіші әріптерін жазу 1
26. Б б, Д д бас әріптерін жазу 1
27. Ә ә, Э э бас және кіші әріптерін жазу. 1
28. Х х, Ж ж, Я я бас және кіші әріптерін жазу
29. Сөздерге дыбыстық талдау жасау 1
30. Өлеңді қара сөзбен жазу 1
31. Зат есім, етістік, сын есім, сан есімдер жазу 1
32. Шағын шығарма жазу: Көктем 1
33 - 34 Сұрақтарға жауап жаз: мазмұндама 1
34. «Ең үздік дәптер» көрме ұйым - у 1

Пайдаланған әдебиеттер:


1. 2 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» дәптері №1, №2, К. Ерешева, Ш. Ыдырысова.


2. Қазақ тілінен сын жұмыстары ( 1 - 4 сыныптар) К. Ерешева, Ұ. Ботабаева, Р. Муханова. «Өлке» баспасы, Алматы, 2008


3. Мақал – мәтелдер ( 1 - 4 сыныптарға арналған), «Өнер» баспасы, Алматы 2007

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауышта оқушылардың көркем жазын қалыптастыру.

Көркем жазу оқушының келген күнімен жазымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.

Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.

Көркем жазу әдісі - тікелей жазу тарихымен байланысады. Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін тасқа, металға, ағашқа, саз балшыққа жазған екен. Одан кейін папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. Олар қамыс ағаш, бояу жаққыш, қаздың қауырсыны, болаттан жасалған қалам ұш, шарик қаламсабы болды. Болаттан жасалған қалам ұш 19 ғасырдың басында пайда болғанымен оны пайдалану ғасырдың екінші жартысында пайдалана бастады. Ал қаздың қауырсыны жазуға әдемілік береді, әрі арзан, әрі ыңғайлы деген ойлар 19 ғасырдың аяғына дейін жетті. Шрифт қиын болғандықтан жазу, 1Петрдің кезінде жеңілдетілді. Мектептерде жазуды оқыту арнайы пән болып кірді. Көркем жазу пәнінің ең маңыздысы жылдам әрі әдемі жазу болып табылатын. 20 ғасырдың басында жазу шрифтін жеңілдету туралы тағы әңгіме көтерілді. 

Өткен ғасырдың 70 жылдарында ғана мектепке арналған жазу шрифті қабылданды. Бұл шрифт арнайы шарик қаламсабына арналған, салмақ салмай, қаламсапты дәптердің бетінен алмай, жылдам жазу. Өткен ғасырдан бастап оқушылардың отыруына да гигиеналық талаптар қойыла бастады. Профессор Ф. Эрисмонның мектеп партасы ең ыңғайлы болып табылады деген. Ендігі басталған дискуссия жазу жөнінде болды. Әріпті түзу салу керек пе, әлде қиғашынан салған жөн бе? Кейбір елдерде түзу жазғанды жөн көрді. Әріп анық түседі, ірі қитар балалар саны азы болады деп есептеді. Түзу жазудың өмірі ұзаққа бармады. Қиғашынан жазу әрі тез, әрі ыңғайлы деп табылды. Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі. 

Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыру, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптер де жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпты 5 минут, 2 сыныпта8 минут, 3 сыныпта 12 мин, 4 сыныпта 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б ұғымдарды меңгереді.

Жазуды үйренуде мына принциптерді сақтаған жөн:

1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалылық принципі: мұғалім басына не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тер әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығу орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуын дұрыстығын тексеріп отырды.
4. Генетикалық принципі, алғашында жеңіл әріптер, содан соң салынуы қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с. с
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.

Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:

1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.

2. Әуеде жазу. Ұстаз әріпті әуеде жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн.

1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.

2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.

3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретін, ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі сұлу жазудың фундаменті 1, 2 - сыныпта құйылады. Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.

Оқушының қолы неге нашар болады?
Мұғалімнің қолының үлгісі. Оқушы ұстаздың жазуын көшіреді.
Мұғалімнің әлеуметтік жағынан оқытудың жоқтығы. Мұғалім әр оқушыға жазудың кемшілігін, оны қалай жөндеу керектігін түсіндіріп отыру қажет.

Әдемі жазуды қалыптастыруына мұғалім ғана емес, оқушының жеке ерекшеліктері де әсерін тигізеді.
1. Оқушының әдемі жазуға деген ынтасы.
2. Оқушының жай жазуы. Тез жазып үлгеремін деп жазу каллиграфиясын бұзады.
3. Нашар жазуға түрлі аурулар себеп болады: невроз, көз ауруы, ревматизм т. б. Бұл оқушыларға мұғалім жеңілдік жасайды.

Қорыта келе “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Қазіргі мынау заман талабына сай ақпараттық технологиялардың даму қарқынының басымдылығы соншама барлық жазу үрдісі компьютермен қамтылған. Көркем жазу емлесі біз үшін, болашақ жастарымыз үшін ешқашан қалыс қалмау қажет. Қарыштаған заманда біз өз қалыптасқан көркем жазу сауаттылығын ұмытпауымыз керек! Көркем жазу, өзіндік жазу жазбалары сауаттылықтың нышаны.

Құрметті ұстаздар! Оқушыларымыз сауатсыз болмасын десек, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейін көтерейік! Оқушының жазу мәнерін әдемі болып қалыптасуына бастауыш сынып мұғалімдері жауаптымыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауышта оқушылардың көркем жазын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Көркем жазу оқушының келген күнімен жазымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2015 6348
    • DOCX 28.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекенова Джамиля Ибраевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекенова Джамиля Ибраевна
    Бекенова Джамиля Ибраевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23550
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 391 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 15 регионов

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов