Инфоурок Начальные классы ТестыБастауышым – бастамам, білім жолын бастаған! (тәрбие сағаты)

Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған! (тәрбие сағаты)

Скачать материал

 

Семей қаласы

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі »КММ

Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна

Бастауыш сынып оқушысы

                                        

                                                Тәрбие сағаты

Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған!»

Мақсаты:

1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білім білімнің негіз сара жолы болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Мұғалім:Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп, «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

4 «А» сыныбын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.(Әнұран орындалады)

1- жүргізуші: (Назгүл)

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына тарландарым, сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2-жүргізуші: (Қанат)

 Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Азамат:Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

1- жүргізуші: (Назгүл)

 Ақ сандықты ашайық.

Шашу, шашу, шашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың,

Шашуын біз шашайық!

(Шашу шашылады)

 

2-жүргізуші:(Қанат)

Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Өсті біліммен  ойымыз
Құтты болсын тойымыз!

1-жүргізуші:(Назгүл)

 Күндіз түні ойладыңыз мектеп қамын

 Баршаны аялаған алақаны

 Мектебіміздің басшысы

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңы– дей келе

Мектебіміздің директоры Айжан Елеусізқызына құттықтау сөз беріледі.(гүл беру)

1-оқушы: (Асхат)

Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.

2-оқушы:(Аружан)

  Дәріс алдық, дамыдық

  Көп нәрсені жаттадық

 Ереже, есе,п, тұжырым

Жадымызға –тұтып жаттадық

Орта буын сыныпқа

Аяқ басып аттадық.

3-оқушы: (Жанболат)

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

4-оқушы:(Ақнұр)

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп-ойнап бірімізбен- біріміз.

5- оқушы:Алихан

Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
6- оқушы:Бек

Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.

7- оқушы:Ерғали

Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата-анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
8- оқушы: Жібек

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

9- оқушы:Әли

Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
10- оқушы:Жанель

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
1-жүргізуші:
(Назгүл)Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім алған.Келесі кезекте шырқалар  әнді мектебімізге арнаймыз.
Хор. «Мектебім»

1-жүргізуші:(Назгүл)

Мектептен ажырамай бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Саялы бақ жанашыры ұрпақтың,

Қамқоршы боп жүресіз әр кезде сіз.-деп

Мектептің оқу ісінің меңгеушісі

Нұршарбат Сабырғазықызы мен Ряш Қанапяқызына

Оқу мен тәрбие егіз деген,

Тәрбиенің көзін ашып, жол іздеген

тәрбие ісінің меңгерушісі

Мейрамгуль Маулетовна мен Бағила Сагидуллаевнаға құттықтау сөз береміз.

(сыйлық беру)

Азамат: Пайдамыз тиіп Отанға,

               Риза болсын халқымыз

              5-болсын алар бағамыз

              Білімнен бақыт табамыз. 

2-жүргізуші:(Қанат)Сайлаубек Диастың орындалуында

Ән :«Қазақстан» сіздерге арналады ,қабыл алыңыздар.

Пәндер айтысы» атты көрініс көрсетіледі.

Математика: Достар,жүріңдер, Ғылымға барып ақыл-кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық.

Ғылым:Бұл не айқай, бұл не шу?

Математика: (тізерлеп амандасып,қолын көкірек тұсына қойып)

Ғылым аға,біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.

Ғылым:Ендеше баяндаңдар.

Математика:

 -Қымбатты мәртебелім,өмірде менің орным ерекше.Өйткені адам баласына керегі – мен.Мен  болмасам,адамдар уақыт санауды, сауда жасауды,оқушылар есеп шығаруды  қалай үйренеді ? Адам өміріне ең қажеттісі менмін.

Ана тілі:Жоқ, мәртебелі Ғылым ата,адам баласы мен  болмасам бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмайды.Сөйлеу мен тілдесу мәнін білмес еді. Тіл мәдениетін үйренбес еді. Адам өміріне ең қажеттісі менмін.

Қазақ тілі:(жүгіне отырып,қолы көкірек тұсында)Қазақ тілі болмаса оқушылар дауысты,дауыссыз дыбыстарды айыра алмай шатасар еде.Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді.Буын-жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді. Сауатты жазуды білмес еді.Сондықтан адам өміріне ең қажеттісі менмін.

Ағылшын тілі:(ағылшындарша амандасып)Тоқтаңыз, Қазақ тілі! Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын.Әлемді үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше.Өйткені,мен арқылы компьютер,бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады.

Орыс тілі:(басын иіп) Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар.Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып,ресми тілде сөйлеп,орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шындап жатыр емс пе?

Дүниетану:(нәзік кейіпте)Ал,мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып,денсаулығын нығайтып,табиғат аясында тынығып,салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?

Дене тәрбиесі:(бір-екі спорттық қимыл көрсетіп)Қымбатты достар,барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы,шымырлы болу керек қой. Адамның дені сау болуы үшін мен қажетпін.

Бейнелеу өнері: Оһ,мына дөңгеленген дүниені әсемдеуге, көз тоймайтын бояу сырларын ашуға,не бір ғажап суреттерді салуға  мен керекпін.

Ғылым:Өзін-өзі тану,сен неге үнсіз қалдың?

Өзін-өзі тану:Мен достарымның сөздерін тыңдап қайран қалып тұрмын.Ақыры бір-бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жәйім бар.Олай болса,адам баласына тазалық,әдептілік,мәдениетті сөйлеу,сыпайы,тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндігім  бар деп ойлаймын.

Ғылым:Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін.Адамдар таза ауада тынығады,дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерге іс-сапарда болады,білімдерін шыңдайды,есеп арқылы қазына қорын молайтады,өз бойына рухани мәдениетті қалыптастырады,бәріңіз де бір-біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар.«Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін»деген ұранды қағида етіп,татулық ,бірлікпен өмір сүріңдер! Сондықтан осының бәрін ойларыңа,бойларыңа сіңіртетін ұстаздарың.

1-жүргізуші: (Назгүл)Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Мұғалім – мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол –Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.

2-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім.

1-жүргізуші: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен.

  Азамат: Бізді білім нәрімен сусындатып, жан-жақты тәрбие беріп, саналы азамат болып шығуымызға көп еңбек сіңірген бірқатар ұстаздарымызға алғыс айтқымыз келеді.

Әрбір  пәннің  өзіндік  әр  сыры  бар,

Әрбір  пәннің  өзіне  айтар  жыры   бар.

Сол  пәндердің  құпиясын  жеткізген

Әр  ұстаздың  жадымызда  үні  бар.

Рада:

Ана тілімен табалдырықты аттадық,

Орыс тілін қосып бірге жаттадық.

Мейрамгул Маулетовна мен Айтоты Сапаргалиевнаның арқасында,

Орысша еркін сөйлей бастадық

Ризамыз біз сіздерге

Рахмет сіздерге!

Дильназ:

Мұғалім ол ардақты,

Орны ерекше, салмақты.

Әсем әннің шебері,
Әрбір сөзі мәнерлі.
Қызықтырып ән-күйге,

Биді үйретіп келеді.
Орынгүл Серікқызына рахмет!

Бақытжан:Кейде сенің ағаңдай,

Айтар барлық ақылын.

Сыйлар дауыс көтермей,

Сабыр сақтап, ақырын.

Денемізді шынықтырған

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ермек Амангелдіұлы сізге рахмет!

Дәурен:Қазіргі заман техникасын меңгерткен

Компьютерді үйреткен

Информатика мұғалімі Жанар Кенжағалиевнаға алғысымыз шексіз.

Біржан:

Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске салады

Мың құбылтып бояисың

Туған елді,Отанды.-деп сурет мұғалімі Мұратбек ағаға мың алғыс.

Болашақ сынып жетекшісіне Дана Бикеновнаға балалардың тізімін беру.

2-жүргізуші:  Тұрсынова Альвираның орындалуында Ән :«Ауылым» сіздерге арналады ,қабыл алыңыздар.

                                    Би «Орыс»  

 1-жүргізуші: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби – балалар сөмкемізді

 зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

2-жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Азамат: Міне, сағымдай өте шыққан  4 жыл ішінде бізді ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

1жүргізуші: Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.  Ендеше  алғашқы ұстазымыз туралы неге айтпасқа!

Ақнұр:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Алихан:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Айдана:

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Аружан:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана, естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Рада:  Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Бақытжан:   Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.

Дамир:          Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Аида:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып ,

Жаттап өстім ұстазымның үлгісін.

Альвира:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Ақбаян:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Елнұр:

Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
Біржан:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Диас:

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Дәурен:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Жанель:
Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Асхат:

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Әли:

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
Ерғали:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Дэляра:

Міне сол кез сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Жанболат:

Қөрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.

Ұстазбенен біз бүгін қоштасамыз,

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Хор: «Ардақты ұстаз»

2-жүргізуші:Қанат

     Өнерге ошақ тәрбием

 Өзіңнен  қуат алады.

Домбыра тартып,ән салған

Таудай ғой  оның  талабы  дегендей 

Бақытжанды ортаға шақырамыз

 Домбыра « Күй »

ХОР: «Бақытты шақ»

Назгүль:

Ыстық-ау, кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей, әкенің орны бөлек-ау.

Дәурен:

Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Азамат: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

Би «Аққу»

Ән Рада орындайды.Домбыра

Жүргізуші: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді.

2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, Назгүл. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Бек:    Кім сендерді балалар, сүйетұғын

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Анамыз ғой дамылсыз жүретұғын.

Дамир:

Келбетінде ұлылық,

Даладан кең пейілі.

Ана деген – жылылық,

Ана деген – мейірім.

Ерасыл:

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда! 

Ақбаян:

Кім сендерді балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.

Жалқау болсақ, балалар, жаман болсақ,

Анамыз ғой көз жасын көлдететін.

Көрініс: «Айналайын»

 (Ата – аналарға  сұрақтар қояды)

1. Сіздің анаңыз балаларыңызға кім болады?

2. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады?

3. Балаңыздың туған күні қашан?

4. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні кім?

5. Екі қыздың баласы бір - біріне кім болады?

6. Балаңыздың парталас көршісі кім?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?

8. Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады?

9. Балаңыздың сүйікті асы не?

10. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

11. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

12. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

13. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

  Ата-аналарды марапаттау

Ән «Мен қазақтың қызымын»хор

Мұғалім:Құрметті оқушылар! Міне, алғашқы басқыш бастауышты тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. 4 сыныпты сапалы біліммен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осылай үнемі жақсы оқып, болашақ тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер дегім келеді. Ал, ата-аналарға қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын, тек биікке самғасын деймін. (Оқушыларды марапаттау)

                       Елнұр:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

              Ақбаян:

Бастауышым – балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Қанат:

Бастауышым – балбұлағым

Лаулап жанған шамшырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Рада:           

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Жасыл жайлау»

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Бастауышым бастамам- білім жолын бастаған!»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған! (тәрбие сағаты)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:

1.Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білім білімнің негіз сара жолы болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы-мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Мұғалім:Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп, «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,

 

4 «А» сыныбын ортамызға!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2015 2993
    • DOCX 45.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атаханова Динара Уалихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атаханова Динара Уалихановна
    Атаханова Динара Уалихановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33041
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек