Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Бата ұлттық тәрбиенің бастауы

Бата ұлттық тәрбиенің бастауы

библиотека
материалов

hello_html_5708166b.gifhello_html_32b66ca7.gifhello_html_18d10094.gifhello_html_m3bc78d8b.gifhello_html_m5e88a428.gifhello_html_2fee9517.gif

Тәрбие сағатының тақырыбы: Бата--- ұлттық тәлім тәрбиенің бастауы

Өткізілген мерзімі: 2014 ж. Қараша

Қатысқан оқушылар саны: 20

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға тілек баталардың кезеңдері туралы, тілек пен батаның ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталу, тілек баталардың маңызы туралы талқылау.



Кіріспе

Қазақ бата сөздеріне ұлттық болмыс ұғымдарының тікелей қатысын байқауға болады. Ол тіл мен таным үдерістерінің ара қатынасына тікелей негізделеді.



Тілек бата сөздерінің мәтіні қазақ халқының ғасырлар бойы өмірден түйген тәжірибесінен алынған. Онда бүкіл халық болмысының сенімі мен нанымы , өмір тәжірибесі көрініс тапқан. Сондықтан да ол қасиетті, киелі болып саналады. Мәселен, Шаңырығың берік болсын, Шаңырағың шайқалмасын деген тілек сөздеріндегі шаңырақ ұғымын басқа халық түсінбеуі мүмкін. Ал қазақ халқында шаңырақ ұғымы аса киелі, қасиетті саналған. Шаңырақ ---- атадан балаға мирас болар үлкен үй мағынасында қолданылатын маңызды ұғым. Оның дөңгелек формасының өзі рәміздік белгілер жүйесінде шексіздік, ұрпақ жалғастығын білдіреді. Қаралы хабар жеткізуші оң аяғымен табалдырықты басып, екі қолымен босағаны керіп тұрып жаманшылық хабарды естірткен. Шаңырағы ортасына түсті деген түсінік үйдің құлағаны, яғни бір отбасы құлады, оның ұрпағы сөнді деген мағынаға ие. Ол үйдің төбесі ғана емес, сонымен бірге отбасының күллі бақыты, байлығы, ырыс берекесі мен тыныштығы, бәрі бәрі осы сөздің аясына сыйып тұр. Бұрын қазақ ұғымында шаңырақ ортасына түсу шауып алу мағынасында ұғылған. Сондықтан шаңырақтың берер суггестиялық

Ана тілім рухымды көтереді

мәні өте тереңде жатыр.Міне осыдан келіп ұлттың тілдік бейнесі рухани болмысына тікелей байланысты, оның көрінісі әр халықта әр түрлі деген қорытынды жасауға болады.

Ақтілек:

Тілін білген Абылай,Абайым да ,

Кұдрет берген ана тілі талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел болып алысқа қарайын да,

Ана тілім күмбірле сарайымда.

Ереше бір сән беріп кешке бүгін

Келе жатыр жаңғырып өткен үнім.

Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.

Хош келдіңіз ауыл-аймақ,ағайын,

Үлкен-кіші,туыс, бауыр,жамағайын!

Өнерің ұрпағыңның тамашалап

Қайтасың бүгін міне, ал ағайын.





Диас:яБата-қарт адамның ризалық сезімін,

Сүйікті ой-тұжырымдарын,жақсы тілектерін білдіреді.

Алла жар болсын.

Қырсық қайта шалмасын,

Қырғын топан алмасын,

Жау жағадан алмасын,

Бөрі етектен алмасын.

Ел сенімі-ерге жүк,

Екі иығы талмасын.

Карашаш:Тілек тілеу,сол тілеке жету «Құдіретке байланысты»деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасқан. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жайлы жатып жақсы тұрыңыз»деген тілектер-қысқада нұсқа сөздер.

Жасұлан:Данышпан ата бабаларымыз кейінгі ұрпаққа өсиет айтып өнеге-нұсқа қалдырған, «Ынтымақ болмай іс оңбас»деп ерекше бірлікке шақырған.

Қазақта келін түссе «Құтты болсын!», бала дүниеге келсе «Берік болсын!»,кызы тұрмысқа шықса «Бағы ашылсын!»деген сияқты тілектер айтып ізгілік білдіріп отырған.



Жанар:Халқымыз ежелден «Елінің елеулісі,халқыңың қалаулысы бол», «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт кетпесін», «Арманның асуына жет»деп бата бере отыпып жастарды халқын сүюге,бірлікке,тірлікке тәрбиелеген.

Сәркен:Батаның түрлері көп болған: «Ас кайтаруға», «Мал бұзаулағанда», «Сапарға шыққанда», «Қоныс тепкенде», «Бие сауғанда», «Той»(түрлі қуаныштарда).Әр батаның сөздері әр түрлі болып келген.(Интерактивті тақтадан көрсету)

Бата

Әскерге баратын жастарға

Ас қайтару

Ұзатқан қызға Ұлыс күнгі бата

Келін түскенде тілек батасы



Нұршат: «келін түскенде»

Жас келіннің қонған жері

Құтты қоныс тұғыр болсын.

Біреуі- шал,біреуі- кемпір,

Қоса ағарған ғұмыр болсын.

Балапанмен,балақанмен

Бесік іші жыбыр болсын.

Құлын тайдың асырымен

Оттың басы дүбір болсын.

Сүйіспендік,махаббатпен

Тәтті сыбыр,күлкі болсын.

Кәрі күтіп, бала бағып

Мол қызықтан ығар болсын.

Кәрілерге мейірімді,

Келіндерге әдеп болсын.

Ата күту ана бағу

Ата жолы әдет болсын! Әумин!



Мейірбек: «Әскерге баратын жастарға»

Оң болсын, балам,сапарың,

Молықсын дәмің,татарың.

Туған елдің тапсырған

Парызын өте Отанның.

Барып еліп жатыр ғой



Өзіңдей жастар қатарың

Халықтың сүйген тірегі

Сом темірдей білекті,

Арыстандай жүректі.

Анаңнң сүтін ақтай біл

Ақ батаны берейік

Бере гөр деп тілекті!





Әсель: «Тілек батасы»

Жаңбырсыз жаздан сақта,

Жапа шеккен аздан сақта.

Қасиетсіз кектен сақта,

Кегін қуғанкөптен сақта.

Бұлттың аласынан сақта,

Жаудың жаласынан сақта,

Елдің бәлесінен сақта.

Дос болып,қас болғанан сақта.

Күле жүріп күңіренгеннен сақта.

Береке дуа асыңнан кетпесін,

Бақыт,дәулет басыңнан кетпесін,

Қыдыр қасыңнан кетпесін! Әумин!







Ғанибек: «Ұзатқан қызға»

Құлыным-ау,құлыным,

Халқына қалаулы бол,

Еліңе елеулі бол.

Таудай талап бергенше

Бармақтай бақ берсін.

Ата-анаң дегізбе,

Ата-анаңа мейірбан бол.

Алдыңнан ай тусын,

Артыңнан күн тусын.

Үлкендердің алдынан

Кесе көлденең өтпе.

Ата атандырма,

Сүйек сындырма қалқам!





Альбина: «Ұлыс күнгі бата»

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсан жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік акты!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жәле жерге енсін!



Дәулет: «Тілегімді қабыл ет»

«Иманымды кәміл ет»

Әумин десен маған,

Бата берейі саған.

Дастарханның байлығын,

Деніңнің саулыгын берсін!

Бас берсе-тұрарынан,

Мал берсе-құрарынан.

Түннің тыныштығын,

Күннің ырыстығын берсін,

Құдайым көп бер,

Қазаныңнан жеткер!

Құдайым малды қыл,

Тамам жұрттың алды қыл!

Малға өріс берсін,

Бейбіт қоныс берсін!

Пакизат:Болшыл,болшыл,болшыл бол,

Бозторғайдай төлщіл бол.

Адам таппас сөзді бол.

Бұрама темір, сом алтын

Суға салса батпасын.

Тәңір берген несібең

Тепкілесе кетпесн.

Желіңнің о шетімен бұ шетіне,

Оқ шырқаса жетпесін.

Қастық қылған адамның

Мұратына жетпесін.

Айтса карғыс,тисе көз

Дарымасын,өтпесін:Әумин!



Берекет:Әуелі кұдай оңдасын,

Аруақтарың қолдасын.

Бақыт,дәулет,бас пен мал

Басыңа мәңгі орнасын.

Төрт құбылаң сай болсын.

Ақылды бол,арлы бол,

Қатарыңның алды бол!Әумин!



Эльмира:Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын.

Ата-анаға мейірімді болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын.

Өнер-білімге зейінді болсын,

Ер азамат әр уақытта

Үйде болмай тыста болсын.

Дастархан батасы:

Я құдайым ондасын,

Еш жамандық болмасын.

Басқа амандық берсін,

Асқа адалдық берсін.

Ел іргесі тыныш болсын,

Ер азамат аман болсын.

Құдайым ырыс-берекесін берсін,

Абырой мерекесін берсін.

Дастарханның байлығынберсін! Әумин!



Нұрзат:Киелі соз батаның орындалу үшін бата алушы арман-мақсаттарының биігінешырқайды,яғни арманға жету үшін тірлк-тірщілік үшін жасауға машақтанады.



Мұғалім: «Қазақтың тыйым сөзі-тәрбие көзі»демекші қандай тыйым сөз біледі екенбіз,қане ортаға шығып өнер көрсетейік.



Актілек:Бүйірінді таян ба. Оттан аттама.

Диас:Жағынды таян ба.Мойныңа белбеу салма.

Қарашаш:Босағаны керме.

Табалдырықты баспа.

Жасұлан:Үйде ысқырма.

Пышақты жалама.

Жанар:Ақты жерге төкпе.

Басыңды шайқама.

Саркен:Отты шашпа.

Күлді баспа.



Эльмира:Жалғыз ағашты кеспе.

Таңдайынды қақпа

Берекет:Құдыққа түкірме.

Нанды баспа,

Көкті жұлма.

Интерактивті тақтадан тыйым сөз туралы суреттер көрсетіледі, астындағы сөздерін балалар оқиды.

Мұғалім: Халқым қандай десең, салтымнан байқалады, мақал айтыс және қыз бен жігіт айтысы.

Эльмира: Ұрпағымын бабамның ,

Өркен жайып барамын.

Атамыздың, балалар,

Батасын бүгін аламын.

Ақтілек: Мен кішкентай қызыл гүл,

Тербеліп тұрған желмен бір.

Жұлып алсаң, ей бала,

Обал болады, соны біл.

Эльмира: Қызыл гүлді жұлмаймын,

Табиғатты қорғаймын.

Мен әдепті бала боп,

Үлкендерді сыйлаймын.

Ақтілек: Аман болсын халқымыз,

Арта берсін даңқымыз.

Бәрінен де жасасын,

Қайта оралған салтымыз.







«Жалғасын тап ойыны»

Еңбек қылсаң ерінбей, ...................

Адалдық жүрген жерде, ................

Бірінші байлық - ............................

Екінші байлық - .............................

Үшінші байлық - ............................

Нұршат: Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақылымен де, парасатымен де үлгі –өнегесін қалдырған ата – бабаларымыздың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан тұтамыз.

«Ата сөзі – бата сөзі» деп ата –бабаларымыздың ақыл – нақыл сөздерін, өрнекті өсиет сөздерін қастерлей қабылдап, жадымызға сақтаймыз.

«Қаражорға» биі

Қорытынды

Интерактивті тақтадан елбасы суреттері, рәміздер, Астана қаласының суреттері көрсетіледі.

Ата – бабаларымыздың берген батасы қабыл болып, тілеген тілектері орындалды. Егемендік алдық, ел болдық ...

Сұрақ – жауап: Елбасымыз кім?

- Рәміздерді ата.

- Астана қаласының неше жасын тойладық?

«Астана бас қала» өлеңі оқылады.

Хор: «Менің Қазақстаным»

Ой түю

Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқымыздың қадірлі, қасиетті болуын армандаған данышпан ата –бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасауды міндет, парыз, ұрпақтық борыш деп білуіміз керек. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата – баба дәстүрлерін ұлттық мәдениетіміз деп қарай бағалай білейік. Енді қонақ болып келіп отырған атамыздың батасын алайық.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-510080

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG