Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Батыл барлаушы" тәрбие сағаты

"Батыл барлаушы" тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырып:     Батыл барлаушы.

Тема:              Отважный  разведчик.

Мақсаты: балаларды Ұлы Отан соғысының ардагері, барлаушы - Алқылжанов Божан Ақылжанұлының ерліктері және еңбектері мен таныстыру

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды Отанын сүюге,  қорғауға,  бірлікке тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты:  Іздену арқылы Ұлы Отан соғысының батырларының ерліктерін, Отан алдында атқарған борыштарын, еңбектерін, Отанына деген сүйіспеншілігі жайлы деректермен таныстырып, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Көрнектілігі: слайд, фото суреттер, бүктеме және марапаттар, балалар презентациясы.

Бағыты: патриоттық тәрбиеде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

Өтілу түрі: дөңгелек стол

Қатысушылар: 9,11 сынып оқушылары.

Жоспары:

Қатысушы топтың төмендегідей бағыттағы  шығармашылық презентациясының жоспары.

1.  Тәрбиешінің алғы сөзі.  Предесловие.

2.   Өмірдеректері.             Автобиография.

3.  «Батыл барлаушы».    «Отважный разведчик».

4.   Марапаттары.              Награды.

5.   Майдандас достары.   Друзья.

6.   Майдандас досы Сомовтың ізденісі.  Письмо Сомова Владимира Ивановича.

7.  Соғыстан кейінгі еңбек жолы.   «За доблестный труд».

8.  №27 Вильнюс қаласындағы мектеп. СШ им Б.Акильжанова в г.Вильнюс.

9.  Соғыс ардагерінің жанұясы.     Семья ветерана ВОВ

10. Қортынды.     Заключение.

 

Барысы :

Тәрбиеші - Алмагуль Муратқызыңың алғы сөзі.

Құрметті балалар, елімізде биыл Ұлы Отан соғысының - 70 жылдығы тойлануда.

     Бүгінгі тәрбие сағатымыз Науалы ауылынан Ұлы Отан соғысына қатысқан, батыл барлаушы, ардагер, біздің ауылдасымыз Ақылжанов Божан Ақылжанұлы жайлы болмақ.

 Осы тақырыпты алу себебіміз, барлаушы Божан атаның ерлігі, Отанына

деген патриоттық сезімі осы жас жеткіншектерді қызықтырды.

Бүгінгі дөңгелек столымызда Божан Ақылжанұлының өмірі, соғыс кезіндегі ерліктері, соғыстан кейнгі жылдардағы  еңбектері мен отбасы жайлы 9 сынып оқушылары ізденіп, әр оқушы өз презентациясын дайындады.

Бүгінгі іс-шарамыз осы отырған жас буынға және өздеріңе үлгі болады.

Енді әр бала өз шығармашылығын ортаға салсын.

  Сманова Эльмира енді бізге Божан Ақылжанұлының өмір мен соғысқа дейінгі еңбек жолы жайлы әңгімелеп береді.

-1-

Өмірдеректері.

Оқушы - Сманова Эльмира.

    Божан Ақылжанұлы 1918 жылдың 1 қаңтарында Үржар ауданы,  Науалы ауылында, колхозшы отбасында дүниеге келген. Әкесі –Ақылжан ерте қайтыс болғандықтан, Божан інісі екеуі аса ауыр ашаршылық жылдардың салдарынан інісімен бірге Аягөз қаласының балалар үйіне тапсырылады. Інісі белгісіз себептермен Қазақстанның батыс жағындағы балалар үйіне бөлінеді. Содан кейін Божан бауырын із-түзсіз жоғалтып алады.

  Алты класстық білімді сол балалар үйінде алып, еңбек жолын 12 жасында яғни, 1930 жылы Аягөз – Бақты жолында жұмысшы болып бастайды. Божан жас кезінен еңбекқор, ісіне тиянақты, жұмысына жауапты, қайсар қасиетерімен көзге ерекше түседі. Жақсы көрсеткіштерге жеткені үшін 1934 жылы Жол құрылысы министрлігінің  Құрмет грамотасымен награтталған. 1937 жылы Мәскеуде өткен Стахановшылар слетіне қатысқан. 1939 жылы «КСРО құрметті жолшысы» атағына ие болған. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған.  1941 жылыдың  күз айында өз еркімен соғысқа аттанады.

 

Тәрбиеші - Алмагуль Муратқызы: Ал, енді балалар Божан атамыздың Отан қорғаудағы ерліктермен танысайық.

 

Отважный разведчик.

Ученица- Баронина Саша.

    Сын казахского народа, уроженец села Науалы Урджарского района Семипалатинской области, Божан Акильжанов родился 1января в 1918 году. Воевал в Карелии, Перекопе, в Крыму, штурмовал легендарную Сапун-гору, освобождал Севастополь, форсировал Сиваш. За  выполнение заданий бесстрашный  воин-разведчик был награжден медалью «За боевые заслуги», орденами- «Красной звезды», «Отечественной войны» второй степени, Боевого красного знамени. Наградили значком «Отличный разведчик».

 

 Ученик - Узбеков Ермек.

    В августе 1944 года наши войска вошли на территорию Литвы. Из Крыма прибыли в Литву. Новые места, новые части противника и о врагах надо было побольше узнать.

   Освобожден город Шяуляй. Преследуя отступающего противника подразделения, в котором сражался Божан Акильжанов вышло на водный рубеж – реку Дубису. В это время стало известно, что гитлеровцы готовятся на данном участке фронта к крупному контрнаступлению.

  Чтобы проверить достоверность поступивших сведений, советское командование принимает решение направить в тыл неприятеля. Группу  разведчиков возглавил Божан Акильжанов.

   Перед уходом Божан заверил командование, что боевое задание будет непременно выполнено. И в этом никто не сомневался. В дивизии коммуниста Акильжанова знали как смелого, находчивого разведчика. На его счету много удачных рейдов по вражеским тылам, жарких схваток с фашистами, на которых он выходил победителем.

-2-

 Своими «секретами»  Акильжанов охотно делился с разведчиками других воинских частей, о его подвигах сообщала фронтовая печать.

 

Ученица-Назарова Таня.

…Группа разведчиков незаметно прошла через передний край обороны врага, а вскоре в расположение наших войск поступили по рацки первые сведения. Тщательно обследовав окрестности деревни Миукишкяй, старший сообщил, что противник действительно сконцентрировал на данном участке  свои основные силы удара. Из штаба дивизии следует приказ: «Всеми доступными средствами помешать продвижению вражеских войск».

 Через два часа после начала контрнаступления дороги – Мяскаляй – Миукишкяй советские разведчики устроили засаду. До линии фронта было 12 километров. Звод немецских солдат, никак не ожидал нападения. И вдруг застрочили автоматы, ручной пулемет, в растерявшихся гитлеровцев, полетели гранаты. Группа Акильжанова в упор, с расстояния 20  метров расстреляла взвод противника. В этот же день разведчики подорвали немецский танк и самоходное орудие, заминировали значительный участок дороги.

Ученица- Дюзкенова Алтынай.

     Старшина, завершив последнюю операцию, повел группу к расположению своей части. Из- подразвесистой ели бойцы увидели пятерых немецских солдат, которые следовали в направлении к фронтовой полосе.

- Вражеская разведка, - заключил Акильжанов.

– Никак за «языком» отправились. Всех не расстреливать, надо одного из них прихватить с собой.

   Короткая автоматная очередь, и четверо упали замертво. Пятый поднял руки. Когда разведчики вернулись в свое подразделение, их от души поздравляли с блестящим выполнением боевого задания и трофеем, «языком». Один орден Боевого Красного Знамени.

Ученик- Мусинов Абдрахман.

    Соғыс жылдарында талай ерліктерімен, батылдығымен көзге түскен. Майданда Харьков қаласында немістің генералын қолға түсіріп, девизия штабына алып келген. Сол ерлігі үшін Совет Одағының батыры атағына ұсынылған. Бірақ әртүрлі себептермен бұл атақ берілмей қалған.

  Во время Великой Отечественной Войны Божан Акильжанов прославился героизмом и подвигами.

  На полях сражении в городе Харькове он взял в плен немецкого генерала и привел его в девизионный штаб. За этот героизм его представили на звание «Герой Советского Союза». Но, по всяким причинам это звание осталось не присвоенным.

 

Ученица-Скрипниова Алена.

     Закончилась война. Кавалером четырех орденов и трех медалей вернулся в 1946 году родное село прославленный разведчик Божан Акильжанов. Его подвиги на Литовской земле по сей день не забыты.Учащиеся средней школы

-3-

№27 города Вильнюса, собирая материалы об освободителях Прибалтики, установили по документам архива Министерства Обороны СССР, что в жарких боях за освобождение Литвы особенно отличился ваш земляк Божан Акильжанов. В своем письме ветерану войны ребята выразили восхищение храбростью разведчика и верили, что память о его ратных подвигах, литовский народ будет хранить свято.

 

Ученица- Назарова Таня.

Награды отважного разведчика.

    Указом Президиума Верховного Совета СССР от 9 мая 1945 года старшина Акильжанов Божан награжден медалью «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.» Командир 332 стр. дивизии, 1946 г. 5 февраля, полковник Иванов И.

   За  выполнение заданий бесстрашный  воин-разведчик был награжден медалью «За боевые заслуги».

   За особый героизм во время ВОВ был дважды награжден орденом «Красное Знамя», дважды «Отечественной воины II степени», орденом « Красная Зведа».

    Послевоенное время был награжден медалями: «Двадцать лет Победы в ВОВ 1941-1945г.г.», «Тридцать лет Победы в ВОВ 1941-1945г.г.», .», «Сорок лет Победы в ВОВ 1941-1945г.г.», «50 лет Вооруженных Сил СССР», «60 лет Вооруженных Сил СССР», «70 лет Вооруженных Сил СССР».

 

Оқушы - Чуканов Рома.

Майдандас достары.

    Достыққа адал, сертіне берік, шыншыл Божан ата  Владимир, Карчагин деген ресейлік жан достарымен барлау тапсырмасын орындауда ауыр жарақат алады.   Корчагин  досы өлім аузында жатқанда, Божан ата соңғы сәтіне дейін жанында болады. Сонда Божан Ақылжанұлы:

-Жан досым, Корчаг, сен өлмейсің, мен сені ешқашанда ұмытпаймын. Мен ауылыма оралып, балалы болғанда ұлыма сенің есіміңді беремін – деп сөз берген екен. 

   Соғыстан кейін ардагер ауылына оралып, отбасын құрып, үш ұлы,бес қызы болады.

    Тұңғыш ұлының  атын анасы қояды. Екінші ұлының есімін ұрыс алаңында қатты жараланғанда, аман алып қалған досы Владимирдің атымен атайды. Ал үшінші ұлынның атын майданда өз қолында қаза тапқан досының құрметіне – Карчагин  деп қояды.

      Божан Ақылжанұлы ұлдарына майдандағы достарының атын қойып, сөзінде тұрды. Мұнда біз Божан атаның сөзіне берік, адал дос  болғанын байқаймыз.

 

Майдандас досы Сомовтың ізденісі.

   Божан атаның  жан досы, Сомов Владимир Иванович, Прибалтикада жаралы болып қалған екен.  Божан атаны осы досы - Сомов В.И. соғыстан кейін  Қазақстанның бұрынғы 16 облысынан көп жылдар бойы хат жолдау арқылы  іздеген екен. Майдандас дос сол ізбен Үржар ауданының  ардагерлер кеңесіне

-4-

төмендегідей хат жолдайды. Хатында:

 

Совет Ветеранов Урджарского Района!

Дорогие ветераны, обращается к вам Ветеран  войны 51 Армии 263ст.д.316 отд. Развед роты - Сомов Владимир Иванович. В вашем районом Совете Ветеранов есть Акилжанов Б?

В1943-1944 году мне пришлось быть в одном взводе с Акилжановым Борисом. Так он по русский.

1943-1944г. Будучи в составе 263 с.д.316 отд. Р.Р. Мы были на Сивашах, в районе Перекопа, затем штурмовали Сапурн-Гору, Севастополь.

Акилжанов Борис в звании старшего сержанта, помощник командира взода.

В Прибалтике мы расстались. Я выбыл по ранению. Если это тот Акилжанов, прошу сообщить его адрес.

Заранее блогадарен.

                                                                            С уважением Сомов В.

 

   Осы хаттан кейін достар бірін-бірі тауып, кездесіп, хат жазысып тұрған екен.

 

Тәрбиеші - Сакенова Алмагуль.   Божан атамыздың майдандағы ерлігі, қайсарлығы, досқа адалдығын соғыстан кейінгі еңбек жолдарынан да көруге болады. Еңбек ерлігін Қазақ ССР Жоғарғы Советі жоғары бағалап Құрмет грамоталарымен марапаттаған екен. Енді осы еңбек ерлігіне тоқталайық.

 

 Оқушы - Саманова Эльмира.  

 

Соғыстан кейінгі еңбек жолы.

«За доблестный труд»

   Соғыстан кейінгі еңбек жолында жастарды еңбекке баулып, патриоттық тәрбие беруге зор еңбек етті.

  1949-1954 жылдары Науалы селолық кеңесінің төрағасы. 1950  жылы Қазақ ССР-нің 30 жылдық мерекесіне, 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығына соғыстағы, еңбектегі ерліктері үшін Қазақ ССР Жоғары кеңесінің Құрмет грамотасымен наградтарған. 1954 жылдан 1985 жылға дейін Ленин атындағы ұжымшар төрағасынан бастап, әр түрлі жұмыстарда қызмет істеп тың жерлерді игеруге де ат салысқан. Осы еңбектері бағаланып, «Еңбек ардагері», «Тың жерлерді игергені үшін» атты медальмен наградталған.

   Еңбектегі көрсеткіштері үшін 1967 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған. 1970 жылы Республикалық колхозшылар кеңесінің мүшесі болып сайланған. 1949 жылдан 1970 жылыға дейінгі аралықта 10 мерекелік медальмен наградталған.  1973-1974 жылдары «Социалистік жарыс жеңімпазы» атты төс белгісімен марапатталған екен.

Балалар Божан Ақылжанұлының наградаларын оқиды.

Таня: 

ДИПЛОМ

     За активное участие во Всесоюзной перекличке-соревновании  сельских  поселковых советов под девизом «ЦЕНИТЬ И БЕРЕЧЬ ЗЕМЛЮ» награждается

-5-

товарищ Божан Акильжанов.

Москва, 1975г. Редакционная коллегия газеты «Известя»;

 

 

Алтынай:

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

Жолдас Божан Акильжанов!

  Совет халқының 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 30 жылдығына байланысты және соғыс майдандарына қатысқаныңыз, әрі соғыстан кейінгі уақытта атқарған белсенді еңбегіңіз үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1975 жылғы 30 апрельдегі Указы бойынша, Сізді Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен награттады.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі- С.Ниязгенов

 

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА.

Товарищ Акильжанов Божан.

   В связи с 30-летием Победы Советского народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г. за участие на фронтах войны и активную трудовую деятельность в послевоенный период, Президиум Верховного Совета Казахской ССР Указом от 30 апреля 1975 года награждает Вас Почетной грамотой Верховного Совета Казахской ССР.

Председатель Президиума Верховного Совета Казахской ССР-С.Ниязгенов.

 

 

                                              ГРАМОТА

Жолдас Акильжанов Божан.

   Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы, Қазақ Советтік Республикасының 30 жылдық құрылуына, социалистік құрылысқа белсене қатысқаныңыз үшін Сізді осы грамотамен награттайды.

   Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі-Д.Керимбаев.

 

ГРАМОТА

Товарищ Акильжанов Божан.

    Президиум Верховного Совета КазССР, в ознаменование 30-летия Казахской Советской Социалистической Республики, за активное участие в социалистическом строительстве награждает Вас настоящей грамотой.

Председатель Президиума Верховного Совета Казахской ССР-Д.Керимбаев.

 

Вика:

ГРАМОТА

Жолдас Божан Акильжанов!

     Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру жөніндегі көп жылдар бойы атқарған қызметі мен қоғам өміріне қатысқаны үшін ҰОС 45 жылдығына байланысты осы грамотамен награттады.

Халық депутаттары Советінің председателі   К.Бозтаев

-6-

 

Товарищ Акильжанов Божан!

   За многолетнюю плодотворную работу по патриотическому и интернациональному воспитанию молодежи, активное участие в общественной жизни и в связи с сорокопятилетием Победы в ВОВ 1941-1945 г.г. Президиум областного Совета народных депутатов наградил Вас настоящей грамотой.  Апрель 1990 год, г.Семипалатинск.

Председатель областного совета народных депутатов К.Бозтаев. 

 

 Ермек:

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА

    Награждается тов. Акильжанов Б.А.  за активное участие в воено-патриотическом воспитании молодежи

Председатель колхоза.  10 декабря 1989 г.

 

Оқушы -Скрипниова Алена.

№ 27 Вильнюс  қаласындағы  мектеп.

    Вильнюс қаласының № 27 орта мектебінің оқушылары батыл барлаушының ерліктерімен танысып, Литва елі қайсарлығы мен ерлігіне  бас иіп, осы метепті  Божан Ақылжанов атымен атағандығы жайлы хат жолдаған. Аталған мектептегі Литва ССР-інің еңбек сіңірген ұстазы П.Фролов  Божан Ақылжанов жайлы «Красная знамия» атты газетіне «Отважный разведчик», «ВСПАМИНАЕТ» атты мақалалар жазған.

   Қазақстан жазушысы Сәдуақасов Ә. «Тарихыңды танып біл» атты кітабында ардегердің қысқаша майдандағы, еңбектегі ерліктері үшін алған  наградалары жайлы жазған.

    Үржар ауданының лирик ақыны, «Гүл ғұмыр» жыр жинағының авторы, Жамалхан Өтегенова, Божан Ақылжанұлы жайында «Божан атаға»  атты жыр жолдарын шығарған.

   Туған жері Үржар ауданының Науалы ауылында көшені ардагер құрметіне «Божан Ақылжанов» атымен атаған.

 

Оқушы - Сманова Эльмира.

Ардагердің  жанұясы.

    Әкесі Ақылжан, анасы – Күбира.  Жұбайы  Мәденмен  30 жыл өмір сүріп, Төкен, Владимир, Ботагөз, Аманғайша, Корчагин, Асылғайша, Бақытгүл, Қарлығаш атты үш ұл, бес қыз бала тәрбиелеген екен.

     Ардагер бойындағы қайсарлықты, Отанына деген сүйіспеншілігін,

еңбекқорлығын балаларының бойына сіңіре тәрбиелеген. Оның айғағы, барлық балалары  жоғары білім алып, әр түрлі саланың маманы болып, бала-шағалы, үлгілі отбасын құрғаны.

 

 Оқушы - Чуканов Рома

 Ауданымыздың лирик ақыны, «Гүл ғұмыр» жыр жинағының авторы Жамалхан Өтегенова Божан Ақылжанұлы жайында былай деген:

 

-7-

Аңыз боп қалар сол жылдар,

Сұрасаң айтар білгеннен.

Кектенген кеуде басылып,

Көңілді жуды күндермен.

Тағдыры жатқан бір дастан,

Өмір бітпес ән екен.

Ақылжанов атында

Литвада мектеп бар екен.

Ол туған ауыл бүгінде,

Науалыда көркем көрікті

Ұмытпай батыр ерлігін,

Көшеге атын беріпті.

Жеке бір дара тал іші,

Ойлама зират бұл қандай.

Аруақтар  жатқан мекені

Күзетіп батыр жатқандай.

Үлкен де кіші жол үсті,

Өткенде істер бар міндет,

Ана тұр бір зиратқа

Басыңды иіп тағзым ет!

 

Қорытынды:  Міне, балалар бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері, батыл барлаушы Ақылжанов Божан Ақылжанұлының ерліктері, еңбектері, жанұясы және ол кісіге арнайы жасалған құрметтермен таныстық.   Осындай  бабаларымызға бас иіп тағзым етіп, ерлерді ұмытпауымыз керек. Божан атаның ерлігі, Отанына  деген сүйіспеншілігі жас ұрпаққа үлгі.

   Ешкім де, ешқашан да, ешнәрсе де  ұмытылмайды!

 

Қолданылған әдебиеттер:  Сәдуақасов Ә. Тарихыңды танып біл. –Алматы: Шартарап, 1996, 295 бет.

Уәлиев Нұрбек.Туған жер Тарбағатай Семей. 2008-316 бет.

Газет. Красное знамя. №144.1 декабря 1988года.

Өтегенова Жамалхан. «Гүл ғұмыр». Алматы, «Өнер» баспасы,2006ж. 116 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Батыл барлаушы" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2017 720
    • DOCX 31.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетова Эльмира Толеугазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 111174
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой