Инфоурок Начальные классы Презентации" Батыр ата – Ідіріс" 4 класс

" Батыр ата – Ідіріс" 4 класс

Скачать материал

Планирование

Сабақтың тақырыбы:

" Батыр ата – Ідіріс"

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды адамгершілікке Отанын сүюге, оны  қорғауға баулу.

2. Жерлес батырымыз – Ідіріс Үргенішбаев туралы әңгімелеу, танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.

 

Барысы

I.  Алғашқы ұйымдастыру

       Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Батыр ата – Ідіріс. Биыл, Ұлы Жеңіс мерекесінің

70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауы мен жан аямай шайқасып ерліктің ерең үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады.

1-оқушы: Соғыс… Бұл жақсы сөз емес, әрине. Оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық.

2-оқушы.XX ғасырдағы ең қанды да қасіреттісі қайсысы десек, ол екінші жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысып, майданға 61 мемлекет тартылды.

3-оқушы.40 мемлекеттің жері соғыс отына шарпылып, 110 миллион адам қолына қару алды.

4-оқушы: Олардың арасында 1932 жылғы ашаршылықтан қырылып, бар-жоғы 3,2 миллион-ақ болып қалған, соған қарамастан Батысқа 500 мың боздағын аттандырған бейбақ қазақ елі де бар еді.

5-оқушы: Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын жұртқа 1418 күн мен түн, яғни 4 жыл салды. Осынау отты көшулерде Жеңісті жақындатуға балалар да аямай ат салысты.

6-оқушы: Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуіміздің басты негізі –

халықтардың достық қарым-қатынаста болуы себеп болды. Қазақстанның еңбекшілері де басқа елдердің халқындай, жауды жеңу жолында елеулі үлестерін қосты. Қызыл Армияның қатарында Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам болды. Яғни республиканың әрбір төртінші тұрғыны.

7-оқушы: Қазақстандық әскери құрамалар Ұлы Отан соғысының көптеген басты шайқастарына Мәскеуді, Ленинградтық қорғауға, Волга жағасы мен Курск шайқастарына, Украинаны, Белоруссияны және Прибалтика республикаларын азат етуге, Днепрден өтіп Еуропаның көптеген қалаларын азат етуге және Берлинге шабуыл жасап алуға қатысты.

8-оқушы: Гитлердің басқыншыларға қарсы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстындық жауынгерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты қыздары – М.Мәметова, Ә. Молдағұлова.

9-оқушы: Рейхстагқа Жеңіс жалауын қадаған Р. Қошқарбаев есімдері тарихқа алтын әріптермен жазылып қалды.

            Соғыс жылдары Шалқардан майданға 7500 – дей қыздар мен жігіттер аттанды. Оның 1951-і  хабарсыз кетті. 1800 – дейі елге аман – сау оралды. 3749 боздақ майдан даласында опат болды. Жеңістің 65 жылдығын небәрі  15-тей ғана соғыс ардагері қарсы алып отыр.

            Ідіріс Үргенішбаев 1912 жылы Шалқар ауданына қарасты Талдықұм деген жерде дүниеге келген. Әкесіне 5 жасында жетім қалады. 1927 жылы Талдықұм бастауыш мектебінде оқып, оның 2 класын бітіреді.

1930 жылы Шалқар ауданының оқу бөлімінің жанынан ашылған мұғалімдер даярлайтын 5 айлық курсты бітіреді. Сөйтіп, Талдықұм мектебінде бастауыш класс мұғалімі қызметін атқарады. 1930 жылы мұғалімдер білімін көтеру курсты үздік бітіріп шығады.

1942 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылады. Соғысқа қатысқан алғашқы күндерінде ол өзін ер жүрек жауынгер ретінде көрсете білді. Осы жылы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

            1943 жылы қазанда Днепр өзені бойында жүргізген ұрыстарда дұшпанның 90 офицері мен солдатын жойды. Осы ұрыста кешегі ауыл мұғалімі, рота парторгы, сержант Ідіріс Үргенішбаев Отан үшін қаза тапты.

            Днепр бойындағы ерлігі үшін Ідіріс Үргенішбаевқа 1944 жылы 11 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры деген атақ беріліп, Ленин орденімен марапатталды. Оның денесі Гомель облысындағы  Днепр жағалауында Глушец деген село маңындағы бауырластар зиратына жерленген.

            Ідірістен қалған жалғыз бала бар, ол Есенгелді Үргенішбаев. Есенгелдінің балалары: Үргенішбаев Арман мектепте мұғалім, Үргенішбаева Жайнагүл, Үргенішбаева Ботагөз.

            Ідіріс жайында поэма жазған Шалқарлық ақын Зиядин Әбдуәлиев оның осы ұрыс үстіндегі толғанысын былай деп жырға қосады:                

Қорғасам Днепр ананы

                                    Қорғалдың сен де Шалқарым

                                    Алдымда дұшпан тұрса да

                                    Артында Отан қуат бар

                                    Жауыздың бұлты бұрса да

                                    Жүректе күндей шуақ бар.

            Жерлестері оның есімін қастерлеп, құрметтеп, оның ерлігін биік ұстауда. Шалқардағы мектеп, орталық көше оның есімімен аталады. Ідіріс Үргенішбаев мектебінде мұражайында бұрыш ұйымдастырылған.

10-оқушы:                  ТАС МҮСІНДІ АДАМДАР

                        (Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевқа)

                                    Кеуде тосып ұмтылып от – жалынға,

                                    Өзек өртеп, ар – намыс сот алдында.

                                    Қанын төгіп қасықтай қасарысып

                                    Қаймықпаған тұр тұлға гүл малына.

 

                                    Сомдап соққан әсемдеп мүсіңдерің,

                                    Елестетер батырдың, ісін ердің.

                                    Ескерткішке аялдап тәжім етші,

                                    Аялайтын өмірде кісім менің.

 

                                    Қайнап кейде, тоңазып сөлі – қаны,

                                    Таусылғандар дәм – тұзы жолығады.

                                    Тас мүсінді адамдар елдің сәні,

                                    Жазылады шежірең, жолың әлі.

Қорытынды:

                        Ідіріс Үргенішбаев кім?

                        Ідіріс Үргенішбаев туралы не білдік?

11-оқушы: 1941 жылы Отанына қауіп төнгенде Ідіріс өз еркімен майданға жіберуді сұрады. Ақыры 1942 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, артында анасы Іңкәр мен зайыбы Жәмилә қалды. Ідіріс жедел курстардан өткізіліп, Орталық фронтқа соғысқа жіберілді.

12-оқушы: 1943 жылы қазанның бірі мен бесі аралығында Днепр үшін ұлы шайқас болды. Шайқастың ең қиын жерінде пулеметімен парторг Ідіріс Үргенішбаев жүрді. Құралайды көзінен тигізетін мерген Ідіріс осы ұрыста жаудың тоқсаннан астам жауынгері мен офицерлерін оққа ұшырды. Өзі де осы ұрыста қаза тапты.

13-оқушы: Бөлімше командирі, парторг, сержант Ідіріс Үргенішбаев қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді.

- Ідіріс Үргенішбаев қай жерге жерленді?

14-оқушы: Батыр Белорус ССР-і Гомель облысындағы Днепр жағалауында Глушец деген село маңындағы бауырластар зиратына жерленді.

 - Батыр ата есіммен қандай атаулар бар?

15-оқушы: Ұлы Отан соғысында асқан қаһармандық көрсеткен әйгілі жерлесіміз Ідіріс Үргенішбаевты әрдайым еске алып, қадір тұтамыз.

  Батыр атында көше, мектеп, ұйымдар бар.

1-оқушы:        Тыныштық! Жаса тыныштық!

                        Осы сөз бізге тым ыстық,

                        Көркейе берсін еліміз,

                        Көбейе берсін ырыс-құт.

2-оқушы:        Бақытты болсын балалар,  

                        Соғысты сүймес адамдар.

                        Өркендей берсін қалалар,

                        Гүлдене берсін далалар.

3-оқушы:        Таймайды бүгін табаным,

                        Төгілсін мейлі бар қаным.

                        Қорғасам Днепр – ананы,

                        Қорғалдың сен де Шалқарым.

4-оқушы:       Азат етіп болды мерт

                        Ол жеңісті көрген жоқ –

                        Бірақ мәңгі өлген жоқ

                        Батыр ұлы қазақтың.

5-оқушы:       Айтамыз бүгін өлең ғып,

                        Айтамыз бүгін жыр етіп,

                        Ідіріс Батыр ерлігі –

                        Ұмытылмас мәңгілік.

«Күн көзін бұлт баспасын» Өтебай Тұрманжанов

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "" Батыр ата – Ідіріс" 4 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 913
    • DOCX 17.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конырова Шынар Рашидкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Конырова Шынар Рашидкызы
    Конырова Шынар Рашидкызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13014
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 15 регионов

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек