Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Батырдың мінезі ( әдебиеттік оқу 2-сынып)

Батырдың мінезі ( әдебиеттік оқу 2-сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі»
Сілтеме Әдебиеттік оқу «Атамұра 2013ж» Авторлары:Б.Т.Қабатай, С.Р.Рахметова
Жалпы мақсат Ұлы Отан соғысы тарихына құрылған мәтінді түсініп оқу. Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігімен таныстыру.
Міндеттері Өжет, батыл болу үшін тәуекелшіл болуға үйрету.
Оқу нәтижесі Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігімен танысады.
Тапсырмалар
Талантты және дарынды балаларды оқыту - алдын ала берілген тапсырма бойынша Презентация
Сыни ойлау –«Даналық қоржыны» , «Тақырыптық түйінді сөздер»
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер - топтық жұмыс .
Диалогтік оқыту- «Он сұрақ»
АКТ- Бейнежазба «Бауыржаның өз сөзі»
1. Ұйымдастыру
1.Сабақ алды сергіту.
Психологиялық тренинг өткізе отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату
2. Топқа бөлу. Стикерлер арқылы
3.Бағалау критерийлерімен таныстырып,бағалау бетшесін тарату.
2. Үй тапсырмасы
1. “Біржан” өлеңін жатқа айту
2. Өлең шумақтарын қара сөзбен айту
3. “Даналық қоржыны” әдісі арқылы топтар арасында сұрақтар алмастыру.
3. Жаңа сабақты ашу
1. «Он сұрақ» әдісімен «соғыс» сөзі туралы оқушылардың түсінігін бақылау.
2.Ұлы Отан соғысы туралы оқушылардың ойларын жинақтау.
3. « Бауыржанның өз сөзі» бейнежазбасын көрсете отырып, батырдың қандай адам болғаны туралы оқушылардың пікірін тыңдау.
4. Нығмет Ғабдуллиннің өмірінен түсініктер беру.
4. Жаңа сабақты бекіту
1. Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс
А) Мәтінді дауыстап, әр топқа бөліктер бойынша оқыту
Ә) Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің оқыған бөлімдерін түсіндіреді.
Б) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерімен танысып талдайды.
В) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап қайтарады.

5.Сабақты қорытындылау
«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісімен сабақты қорытындылау. «Сөздер банкісіндегі»тақырыпқа қатысты сөздерді «Біздің тақырып» блогына ауыстыру.
6.Рефлексия
1. «Стикерлер тобы» әдісі арқылы әр оқушы бүгінгі сабақ бойынша стикерге өз ойларын жазады.


2.Топ басшылары бағалау бетшесімен таныстырады.

7.Үйге тапсырма
1. « Батырдың мінезі» мәтінін түсініп оқу .
2. 7-тапсырма бойынша мәтінге байланысты сурет салу
3. Бауыржан Момышұлының өмірінен слайд жасау.











  • 1. Ана тілі 2 сынып

  • 2. Мақсаты: Қазақ халқының Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі және мінезімен таныстыру. Оқушылардың танымын, мақтаныш сезімдерін, ой- өрісін жан-жақты жетілдіру, шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өз Отанын сүюге, тілін ар- намысын қорғауға, адалдыққа тәрбиелеу.

  • 3. Сабақтың типі: Танымдық, сырласу сабақ Сабақтың түрі: Диолог – монолог Сабақтың әдісі: Топтастыру, 5 жол өлең, қосымша материалдар Көрнекілігі: Б. Момышұлының портреті, нақыл сөздер. Слайдтар

  • 4. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың құрал жабдығын ретке келтіру, зейінін сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын сұрау 1. С. Сейфуллин өмірі 2. Біржан өлеңін мәнерлеп оқыту 3. Бекіту 1. Сал сөзіне түсінік 2. Біржан сал кім болған? 3. Біржан салдың әншілігі туралы не делінген 4. Даусыныі зор екендігі туралы не делінген?

  • 5. Көкшетау облысы Шұңқыр көл аулы Н. Ғабдулин Жазушы, әдебиет зерттеушісі 1927 жылы 26 желтоқсанда туған

  • 6. Ой қозғау. Бауыржанның балалық шағы

  • 7. 1936 жылы әскерге аттанарда әкесінің берген батасы -Ақ жүрек болып жолдасың, адалдық сені қолдасын! Ер жігітке бәрі сын. Қиындық көрсен,мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге,үлкенді үлгі тұт алға!.....

  • 8. Дәптермен жұмыс Тапсырма: Мәтінен Бауыржан ата қолданған нақыл сөзді тауып жаз.

  • 9. Ой толғау 1. Еркін жазу стратегиясы. Берілген өлең жолдарын толықтыру Сіз жасаған соғыстағы, ....................... ұлы ғой. Бастан кешкен ғұмырыңыз, ...........................толы ғой. 2.Батыр атаны мақтан етем. (әңгіме құрау)

  • 10. Бауыржан Момышұлы Сабақты қорыту. Топтастыру Тәуекелшіл Батыл Батыр Өжет Қол басшы

























Начало формы



Конец формы

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: С. Сейфуллин Біржан Қожағұлұлы өмірімен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін ұштау.
Тәрбиелілігі: Ұлттық өнерді насихаттау арқылы мәдени мұраларды қастерлей білуге шақыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:С.Сейфуллиннің суреті, Біржанның суреті
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық

Амансың ба, Алтын күн?

Амансың ба, Көк аспан?

Амансың ба, достарым,

Жамандықты тастайық,

Жақсы сабақ бастайық.

Үлестірмелер арқылы 3-топқа бөліп аламын.

1-топ Наурыз тобы, 2-топ Көкек тобы, 3-топ мамыр тобы

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

3 топтан бір-бір оқушыдан мазмұндатып шығамын.

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Аспара, Қызыл жебе, көке сөздерінің мағыналары қандай екен?

Осы сөздерді жазып отырған кім? Неге жазып отыр деп ойлайсың?
ІҮ Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

1-топ

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

2- топ

Саусақ бірікпей,

Ине ілікпейді.

3-топ

Жасырынған сөзді тап

Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы С. Сейфуллиннің «Біржан» деген өлеңімен танысамыз.
С. Сейфуллин. “Біржан”
С. Сейфуллин Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сәкен – қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлес қосқан ақын әрі жазушы. Көне әдебиет үлгілерін жинап, кітап етіп шығарған зерттеуші. Қазақ жастарының оқып, білім алуына зор көңіл бөліп, мектеп оқулықтарын жасауға да қатысты.
Сәкен Сейфуллин жалған жаланың құрбаны болды.

Біржан сал Қожағұлұлы
Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған.
Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі.
Табиғи талант иесі көп ұзамай – ақ, “Әнші, ақын, сал Біржан” деген атаққа ие болады.
Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады.
Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтіп, ұстаз деп таниды.
. Мәтінмен жұмыс

1)Дауыстап мәнерлеп оқып беремін.

2) іштен оқу

3) Тізбектей дауыстап оқу
Сөздік жұмыс
Нарқын - сөздің бағасы, құны.
Сал - әнші, ақын, сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлі адам.
Сұрақтар
1-топ. Біржанның әншілігі туралы өлеңде не делінген?
2-топ. Оның даусының зор, асқан талант иесі екені қай жолдарда айтылған?
3-топ. «Біржан» өлеңінің мазмұнын айтып бер?
Сергіту сәті

Жыр жазамын жүрегіммен
1 - топ
Кім білмейді Біржан салды,
............... шешен тілді.
............... шырқағанда,
............... жеңілмейді.
2 - топ
"Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра".

3-топ

............. тырналар,

..............жырлайды.

............. ...... мал,

..................... тұрмайды.

Проблемалық сұрақ
Не себепті халық Біржанды дәріптеген?

Біржан

Әнші, Ақын, Айтыскер, Сазгер, “Ләйлім шырақ”, “Теміртас”

Әнге әуес, күйге құмар бала, өмірге ғашық, жаны сұлу болып өседі. (М. Әуезов)
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу








Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын.

Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.







Бекітемін:

Күні:15.04.2015

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі»

Мақсаты:Ұлы Отан соғысы тарихына құрылған мәтінді түсініп оқу.Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігімен таныстыру.

Дамытушылық:Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының соғыста көрсеткен ерлігімен танысады.

Тәрбиелік: Өжет, батыл болу үшін тәуекелшіл болуға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: топтық,жұптық, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

2.Үлестірмелі қағаздар арқылы оқушыларды үш топқа бөліп аламын.

1-топ «Ынтымақ» тобы

2-топ «Жеңіс» тобы

3-топ «Азаттық» тобы

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген Сәкен Сейфуллиннің «Біржан» өлеңін мәнерлеп оқыту

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау

Біржан өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин туралы не білеміз?

Біржан есіміне сал сөзі неліктен тіркесіп айтылады?

Біржан салдың әншілігі туралы туралы өлеңде не делінген?

ІҮ. Жаңа сабақ

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?

9-мамыр қандай мереке?

Биыл жеңістің неше жылдығын тойлағалы жатырмыз?

-Соғыс дегеніміз не?

Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс.

Соғыс-дүниежүзілік соғыс, азамат соғыс, ұлт азаттық соғыс, ұлы отан соғысы болып бөлінеді. 1914 жылы 22 маусымда елімізге қауіп төніп халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Соғысты жеңіспен аяқтау үшін жауынгерлер барлық күш-жігерін жұмысады.Сөйтіп 1945 жылы 9-мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлиндле жеңіске жетті.

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Батырдың мінезі» деп аталады.

Мәтіннің авторы-Нығмет Ғабдиллин.Әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы.

Нығмет Ғабдуллинның өмірімен таныстыру.

Ғабдуллин Нығмет (1927–2005) - 26 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туған. 


1950 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін үздік бітірген. 

Балалар, Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз.?

Ендеше тақтаға назар аударайық.(видио ролик «Бауыржанның өз сөзі»

Балалар, Бауыржан атамыз қандай адам болған деп ойлайсыңдар?

Ү. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді үш топқа бөліп беремін. (оқуға 3 минут, талықлауға 2 минут)

  1. Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің оқығандарын талқылайды.

  2. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді талқылайды.

ҮІ.Дәптермен жұмыс

Паника-үрей.

Сергіту сәті

«Жойылсын соғыс» өлеңін хормен орындау

ҮІІ.Талдау (топтық жұмыс)

1-топ1. Мәтіндегі оқиға кімдердің арасында құрылған?

2.Мәтіннен Баукең қолданғаннақыл сөзді тауып оқы.

2-топ 1.»Батыл болмай, батыр болмайсың» деген нақыл сөздің мәтінге қатысы бар ма? Кімге қатысты? Неліктен?

2.Нақыл сөздерді пайдаланып,Бауыржан Момышұлын сипатта.

3-топ 1.Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

Өжет адам өлімді жеңеді деген сөзді қалай түсінесің?

2. Мәтінде қай кездегі оқиға баяндалған.Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды білесің бе?

ҮІІІ.Қорытынды.

«Кейіпкерге хат» әдісімен сабақты аяқтаймын.

Оқушылардың жазған хаттарын оқытып сабақты қорытындылаймын.

ІХ.Үйге тапсырма.Мәтінді түсініп оқу

Бағалау.сабаққа белсенді араласқан балаларларды мадақтап бағалаймын.









































161 Ынтымақ орта мектебі









Ана тілі

2-сынып

Тақырыбы: Батырдың мінезі

Орындаған: Сексенбаева Б.






















Бағасы

Саны

Құны

1-есеп


20 тг

3 дана

? тг

2- есеп

20 тг

? дана

60 тг


3-есеп

?

3 дана

60 тг










Бекенов Сүлеймен өмірбаяны

1942- жылдың 3- қаңтарында армияға алынды, Самархан шаһарында жедел дайындықтан өтіп, 15- наурызда Оңтүстік батыс майданында 6- армия құрамында қол пулеметші болып соғысқа түстім. Бұл 1941-1942 жылдар Одақ армиясы үшін өте ауыр кезең еді. Неміс армиясынан еврейтер шенінде қуылған Гитлер 1933- жылы таққа отырып 8 жыл ішінде Германияны Европадағы ең күшті мемлекетке айналдырды. Ал

Сталин 1917-1941 жылдар арасында 24 жыл басқарған Совет Одағына Германия жай оғындай шабуыл жасап, армиясын аяусыз қырып салды, қоршауға алды, 6-айда 4 миллионнан астам сарбаздарын тұтқындады. Біздің арияда шабуылдарда алда жүретін төменгі командирлердің жетіспеуіне байланысты 30 адамды қысқа мерзімді курсқа жіберді. Курс аяқталған соң мені взводқа емес, Группа “Смельчаков” деген отрядқа тағайындады. Оның міндеті шекарадан ұрланып өтіп, жаудың қоймаларын өртеу, көпірлерді бүлдіру, тіл әкелу. Оның аяғы полк барлаушылығына ұласты. Шамасы 1942-жылдың мамыр айында біздің бағыттағы 6,9, 57 армияларды немістер мықтап қоршауға алғаны белгілі болды. Сырттан ешқандай көмек болмады. Қоршаудағылар күрделі қару-жарақсыз қарсыласуды жалғастыра берді, бірақ немістердің сақадай сай армиясы мен заманына сай күрделі қару –жарағына қарсы тұру мүмкіндігі болмады.

Сарбаздар ашықты, жер қыртысын мекендеген жәндіктерді, бомбадан өліп, сасып жатқан аттарды пышақ үсті жеуге мәжбүр болды. Сарбаздар аштықтан ісіп топ-тобымен өле берді. Майда қол қаруына патрондарда таусылды, ашық соғысқа да шығып босқа қырылды. Орталықтың бұйрығымен үш армияны басқарушы Тимошенко мен Хрущевті түнделетіп Москваға ұшақпен алып кетті. Қоршаудағыларда дағдарыс орын алды. Байланыс торабыда жойылды, жоғарғы шенді басқарушылар штабтарын тастап, даусы жеткен аймаққа ғана команда берді. Оларда түгелдей дерлік қырғынға ұшырады.. Қарусыз, азық- ауқатсыз әлсіреген Одақ сарбаздары тұтқындалуға мәжбүр болды. 240 мың сарбаздарын тірі қалған 15-17 мыңы тұтқындалды. Соның ішінде менде болдым.Тұтқындарды бір ай жаяу айдап, жолшыбай ермекке мишень орнына атып, ауыр машиналар мен тапқа кіріп кетіп 20-30 тұтқындарды таптап өлтіре берді, овчарка иттерге де талатып азаптап өлтірді. Бір айдан соң Днепропетровскідегі түрмеге аман жеткен 3000-ға жуық тұтқындарды қамады. Сөйтіп 240 мыңнан тірі қалғаны осы болды. Немістермен одақтасып, диверсия болып, одақ жеріне барып, күрделі өндіріс орындарын бүлдіруге көнбегендерді айға жуық азаптап, болмаған соң біразын атып, біразын Карпат тауына, басқада ауыр жұмыстарға салды. Концлагерлерде жағдайымыз ауыр болды, тамақ жатын орын нашар, ал жұмыс ауыр болуынан өлушілер көп болды. 1945-жылдың қысының соңғы бір қолайы келген күні 3 адам қашып шығып чехтардың құрама қарсыласу отрядына қосылып жеңіс күніне дейін неміс армиясына қарсы соғыс жүргіздік.

Жеңістен соң тоғайдан шығып тұтқындар жиналып жатқан деревнияға келдік. Одақтың басқарушыларының бұйрығы мен қайтадан тоғайға барып, қашып, жансақтап жүрген немістің бір взводқа жуық сарбаздарын тірідей ұстап әкелуді тапсырды. 3-4 күнге жуық тоғай аралап қашып жүргендермен оқыс кездесіп, олардан да бізден де біраз адамдар өліп, оларды ұстап алдық. Жиылғандарды кім екенін анықтамай бәрін тапырлатып жаяу айдап Глак қаласындағы әскери лагерге қамап тергеу тағылық тәсілмен жүрді. Тергеу протоколын оқытпай таяқтың күшімен қол қойдырып 10,15,20,25 жылдарға катергаға соттады. Мен протоколға оқымай қол қоймайтынымды айтып 6 күн жер асты түнкте отырдым. Ақыры болмаған соң протоколды оқытты. Менің берген жауабым, емес тергеуші өзі ойдан шығарып соттауға бейімдеп жазған. Сонымен өзім жазып берген документ бойынша болған жерлеріме сұрау салып жауап келгенше түрмеде, Лагерде отырдым. Соттауға сылтау болмаған соң 6 жылға климаты ауыр өлкеге жер аударып, біздер үшін арнайы құрылған комендаттың бақылауында бостандықта жүріп жұмыс істедік. Одаққа тез арада геология қызметкерлері керек болуына байланысты мен қысқа мерзімді курсында оқып техник электрометрист және геологиялық коллектор деген мамандықпен Уран іздеу жұмысында Орал тауын ақтардық . Жарықтық Сталин өлген соң Севердегі жаламен отырған жүз мыңдаған “халық жаулары” және тұтқында болған дарға бостандық тиді. 1946-жылы үйленіп 1948ж өмірге қызым Венера келді. 1956жылы елге келіп,

Жаңақорған санториясында ең төменгі жұмыста болып(33жыл) 1982-жылы пенцияға шығып 1992-жылы жұмысты доғардым. Қазір санория берген үйде тұрамын. Жанұяда кемпірім Сайма, үлкен келінім Қалдыгүл, оның 3 ұлы Нұрболат, Бекболат, Құрбанғали, қызы тұрмыста Диляра.Немерелерім Диана, Алтынбек. Өзім 88-ді толтырып, 89-ға үміттеніп отырмын. Күн көрісім жақсы.

13.04. 2010ж

















Қосылғыш

10

0

100

0

0

5

0

0

Қосылғыш

0

20

0

40

0

0

9

99

Қосындының мәні



















Көбейткіш

10

100

100

10

0

7

6

88

К

0

100

0

10

0

0

6

88

Көбейтудің мәні














57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Бекітемін:

Күні:15.04.2015

Пәні: Әдебиеттікоқу

Тақырыбы: НығметҒабдуллин «Батырдыңмінезі»

Мақсаты:ҰлыОтан соғысы тарихынақұрылған мәтіндітүсініпоқу.БауыржанМомышұлыныңсоғыстакөрсеткен ерлігіментаныстыру.

Дамытушылық:ҰлыОтансоғысыныңбатыры БауыржанМомышұлыныңсоғыстакөрсеткен ерлігіментанысады.

Тәрбиелік: Өжет, батылболуүшін тәуекелшілболуғаүйрету.

Сабақтың түрі: Жаңабілімдімеңгертусабағы

Сабақтың әдісі: топтық,жұптық, сұрақжауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмеліқағаздар,интерактивті тақта

Сабақтыңбарысы:

І.Ұйымдастырукезеңі

Психологиялықдайындық

Біздер татубаламыз,

Өсіп алғабарамыз.

Жақсыоқып сабақты,

Кілеңбестікаламыз.

2.Үлестірмелі қағаздарарқылы оқушылардыүштопқабөліпаламын.

1-топ «Ынтымақ» тобы

2-топ «Жеңіс» тобы

3-топ «Азаттық» тобы

ІІ.Үйтапсырмасынсұрау

Үйгеберілген Сәкен Сейфуллиннің «Біржан»өлеңін мәнерлепоқыту

ІІІ.Үйтапсырмасынқорытындылау

Біржанөлеңініңавторыкім?

Сәкен Сейфуллин туралынебілеміз?

Біржанесімінесалсөзінеліктентіркесіпайтылады?

Біржан салдың әншілігітуралы туралыөлеңденеделінген?

ІҮ. Жаңасабақ

Балалар, қазір жылдыңқаймезгілі?

Көктеммезгіліндеқандаймерекелербар?

9-мамырқандаймереке?

Биыл жеңістіңнешежылдығын тойлағалыжатырмыз?

-Соғысдегенімізне?

Екі еларасындағы қарулықақтығыс.

Соғыс-дүниежүзіліксоғыс, азаматсоғыс, ұлтазаттықсоғыс, ұлыотансоғысыболыпбөлінеді.1914 жылы 22 маусымдаелімізге қауіптөніп халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңгедушарболды.Фашистік Германия елімізге опасыздықпенбасыпкірді.Соғыстыжеңіспенаяқтауүшін жауынгерлербарлықкүш-жігерінжұмысады.Сөйтіп1945жылы 9-мамырдакеңестікқызыл армия жауынгерлері Германияныңастанасы Берлиндлежеңіскежетті.

Ендеше,бүгінгі сабағымыздыңтақырыбы «Батырдың мінезі» депаталады.

Мәтінніңавторы-Нығмет Ғабдиллин.ӘңгімеҰлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлытуралы.

Нығмет Ғабдуллинныңөміріментаныстыру.

Ғабдуллин Нығмет (1927–2005) - 26 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туған.

1950 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін үздік бітірген.

Балалар, БауыржанМомышұлы туралыне білеміз.?

Ендеше тақтағаназараударайық.(видиоролик «Бауыржанның өз сөзі»

Балалар, Бауыржан атамыз қандайадамболған депойлайсыңдар?

Ү. Мәтінменжұмыс

Мәтіндіүштопқабөліпберемін. (оқуға 3 минут,талықлауға2 минут)

  • 1)Әртоптан біроқушышығып өздерініңоқығандарынталқылайды.
  • 2)Мәтіндегітүсініксізсөздерді талқылайды.

ҮІ.Дәптерменжұмыс

Паника-үрей.

Сергітусәті

«Жойылсынсоғыс» өлеңін хормен орындау

ҮІІ.Талдау (топтықжұмыс)

1-топ1. Мәтіндегіоқиға кімдердіңарасындақұрылған?

2.Мәтіннен Баукең қолданғаннақылсөзді тауыпоқы.

2-топ 1.»Батылболмай,батыр болмайсың» деген нақылсөздіңмәтінгеқатысы барма? Кімгеқатысты? Неліктен?

2.Нақылсөздердіпайдаланып,БауыржанМомышұлынсипатта.

3-топ 1.Ерлікпенбірлікжеңіскежеткізеді.

Өжет адам өлімдіжеңедідеген сөздіқалайтүсінесің?

2. Мәтінде қай кездегіоқиға баяндалған.Ұлы Отан соғысынақатысқанбатырларды білесіңбе?

ҮІІІ.Қорытынды.

«Кейіпкерге хат» әдісімен сабақты аяқтаймын.

Оқушылардыңжазғанхаттарыноқытыпсабақтықорытындылаймын.

ІХ.Үйгетапсырма.Мәтіндітүсініпоқу

Бағалау.сабаққабелсендіараласқанбалаларлардымадақтапбағалаймын.

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров1535
Номер материала 260600
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх