Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы



  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Алматы облысы

Балхаш ауданы

Топар орта мектебі мектепке

дейінгі шағын орталығымен

География пәнінің мұғалімі

Аскеркул Деңгелбаева


Тақырыбы: Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы


Оқушыларды жан-жақты білімді болуға баулу, мұғалімнің басты мақсаты болғандықтан сабақ барысында оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы, оқушылардың өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге дағдыландыру. Сабақта Батыс Қазақстанның шаруашылығының даму жолдары мен салаларын және оның еліміздің экономикасына қосатын үлесі туралы кең көлемде түсінік бере отырып, оқушыларға Батыс Қазақстанның өнеркәсіп ошақтары , өндіріс орындары, ауылшаруашылығы мен оның құрылымдары және қосалқы шаруашылық салалар туралы жан-жақты білім беру. Жұмыс дәптерімен , атласпен, кескін картамен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру. Қоршаған ортаның табиғатын аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.


Батыс Қазақстан – республика шаруашылығында ерекше орын алатын мұнай - газ өндіретін және өңдейтін, сонымен қатар газ, хромит, никель, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар және мұнай өнеркәсібі үшін құрал – жабдықтарын өндіретін аудан.

Аудан экономикасында ауылшаруашылық салаларынан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы дамыған. Батыс Қазақстан – республикамыздағы негізгі балық аулау және балық өңдеу орталығы.

Бұл ауданның жер қойнауында пайдалы қазбалар көп. Бірақ бүгінгі күнге дейін кең көлемде пайдаланылмай келді.

60 – жылдардан бастап мұнай мен газ ірі кен орындарының ашылуымен Батыс Қазақстан экономикасы дами бастады. Мұнай, газ кен орындарын игеруге байланысты Мақаттан Ақтауға және Жаңаөзенге теміржол тартылды. Сөйтіп, Маңғыстау облысының аумағында Атырау – Ор теміржол жүйесі қалыптасты.

Батыс Қазақстанда өнеркәсіп салаларына қарай әр облыстың өзіне тән мамандану бағыты бар. Мысалы, Атырау, Маңғыстау облыстары балық, мұнай, газ өндіруге маманданған. Ал Ақтөбе, Батьыс Қазақстан облыстары никель, хромит, ферроқорытпа, минералды тыңайтқышпен газ өндіруге, сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркәсібіне маманданған.

Батыс қазақстан шаруашылығының дамуына Ресей Федерациясының Волга және Орал экономикалық аудандарының жақын орналысуы, сондай-ақ аудан аумағында мұнай, газ ресурстарының мол болуы әсерін тигізеді.

Атырау мұнай өңдеу зауытын кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр. Бензолды одан әрі өңдеп , одан стирол мен полистирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие.Сонымен қатар Химия өнеркәсібі мұнай-химия өндірістері негізінде дамыған. Ірі химия өнеркәсібіне : Атырау политилен зауыты, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Ақтөбе химия комбинаты кіреді. Тамақ өнеркәсібінде балық өңдеу зауыттарымен қоса, бірнеше кәсіпорындар бар.Жеңіл өнеркәсіптен: тері-тон, киіз басу,былғары аяқкиім, тігін тігу салалары жақсы дамыған.








Өнеркәсіптер: Түрлері Орындары:


Машина жасау 1 . Рентген аппаратурасы 1.Ақтөбе

2.Механикалық арматура,аспап, 2.Орал

3.Құрылыс монтаж құралы,

кеме жөндеу


Химия өнеркәсібі 1.Полиэтилен зауыты 1.Атырау

2.Хром қоспалары зауыты, 2.Ақтөбе

химия комбинаты



Тамақ өнеркәсібі 1.Балық өңдеу комбинаты 1.Атырау

2.Балық - консерві зауыты 2.Ералиев

3.Ұн жарма кәсіпорны 3.Ақтөбе







Жеңіл өнеркәсіп 1.Киіз- байпақ фабрикасы Орал

2.Тігін фабрикасы

3.Тон-тері, киіз басу









Ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы: Егін шаруашылығы: Бау-бақша:



1.Қой өсіру 1.Жаздық бидай 1.Қызылша

2.Етті-сүтті мал 2.Тары 2.Күнбағыс

3.Жылқы 3.Бидай

4.Түйе

hello_html_m36bea96b.gifhello_html_4912fc91.gifhello_html_m17969837.gif


Көлік кешені


1.Теміржол 2. Автомобиль 3. Әуе жолы 4. Құбыр


Атырау Атырау Атырау Ақтау


Астрахань Ақтау Ақтау Самара


Маңғыстау Орал Орал Атырау


Әмудария Ақтөбе Ақтөбе Орталық Азия

Ресей


Бекіту кезеңі.

Деңгейлік тапсырмалар:


І деңгей

1.Батыс Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?

2.Аудан аумағындағы өнеркәсіп тораптарын атаңдар?

3. Ауданда көліктің қандай түрлері бар?

ІІ деңгей


1. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы?

2. Ауданнның ішкі экономикалық қатынасына автомобиль көлігінің әсері

3. Хром, никель, мергель, фосфор, марганец осы элементтердің химиялық таңбаларын жаз.



ІІІ деңгей

1. Аудандағы машина жасау өнеркәсібіне сипаттама бер.

2. Ауданаралық байланысқа мысал келтір

3. Карта бойынша осы аймаққа шолу жаса.



Автор
Дата добавления 15.04.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров175
Номер материала ДБ-034206
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх