Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / «Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу 1сынып

«Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу 1сынып


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

«Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін мүсіндеу



Сабақтың жалпы мақсаты



Ермексазбен жұмыс істеу тәсілдерін пысықтау
Сабақтың міндеті:
1. «Бауырсақ» ертегіс і кейіпкерлерін жасау
2. Еңбек тәрбиесін беру
3. Іскерлікке тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: көрсету, әңгімелеу

Әдіс-тәсілдер

сұрақ- жауап , түсіндіру .



Көрнекіліктер

ертегі кейіпкерлерінің суреттері , ермексаз, тақтайша сұрақ- жауап , түсіндіру .


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Жұмбақтар
1. Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі)
Машықтық жұмыс
- Өз бетіңше Бауырсақты мүсінде.
- Схеманы пайдаланып ертегідегі басқа кейіпкерлерді мүсіндеп көр.
- Ертегі кейіпкерлерін өз бетіңмен безендір.

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақ әңгімені аяқтау .

Қызығушылықты ояту

Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.

/Б.Бөрiбаев/

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

«Бауырсақ» ертегісін оқып беру.
Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олар нашар тұрмыс кешіпті. Бір күні шалдың қарны ашып, кемпіріне:
- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қояды. Ашық терезеден бауырсақ домалап кетеді. Орманның ішімен жолда келе жатса бауырсаққа қоян кездеседі. Қоян:
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп бауырсақ қояннан қашып кетеді.

Жолда бауырсаққа қасқыр кездеседі. Қасқыр:

http://www.meloman.kz/img/article/2626/84_tn1.jpg
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, сенен де құтылам,-деп бауырсақ қасқырдан қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа аю кездеседі. Аю да бауырсақты жегісі келеді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп, бауырсақ қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа түлкі кездеседі. Түлкі қулыққа салып:

- Көзім де көрмейді, құлағым да естімейді, тұмсығымның үстіне тұрып айтшы,-дейді.
Бауырсақ сеніп қалып түлкінің тұмсығына шыққан кезде, түлкі бауырсақты жеп қойыпты.

Ой толғаныс

Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс)
Дәптерлеріндегі суретті бояу және өздері білетін ,жақсы көретін ертегі кейіпкерлерін бейнелеу,сурет салу.

Үйге тапсырма беру.

Ермексазбен бауырсақты мүсіндеуді аялау .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .




Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров450
Номер материала ДВ-140267
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх