Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы

Предпросмотр материала:

№13 Аркадий Гайдар атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

       Тәрбие сағаты:

 

 

Тақырыбы:

 

«Халық қаһарманы – Бауыржан Момышұлы»

 

 

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы»

Сабақтың мақсаты:

1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.

2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың суреті, бүктемелер, смайликтер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.

 II. Шаттық шеңбері.

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтерді таратамын. Сол смайликтерге қасындағы оқушыға арнап жылы лебізін жазады. Смайликтерин бір біріне береді. Оқушылар шеңбер болып тұрып оқып шығады.

III. Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлу қолдарындағы смайликтің суретіне байланысты үш топқа бөлінеді.

VI. Ой қозғау.

Иә, соғыс – адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс – адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.   Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас, ол - жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл – ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда, Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,» - деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді, Тарихтың түпкірінен сен өлгенде,- деген өлең жолдарынан атамыздың көрегендігін көреміз.
Топтастыру

 


Блок-схема: подготовка: Бауыржан Момышұлы                             

                                Топтастыру

 

 

 

 


1.     Құралайды көзге атқан мерген.

2.     Турникке тартылу және басқа спорт түрлерінен де озық жетістіктерге жеткен.

3.     Ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен және атбегілігімен аты шыққан. Мәскеу түбіндегі шайқастағы атақты ақбоз аты туралы аңыз әңгіме көп.

4.     Әскери қолбасшылығы өз алдына бөлек әңгіме. Генералдарға сабақ берген ұстаздығы да – бөлек әңгіме. «Б.Момышұлының соғыс тактикасы» деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыны ескерсек, Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады.

5.     Кітабы әлемге тараған жазушы, ақын. Шығармаларын орыс және қазақ тілдерінде жазған.

6.     Көпшілікке белгісіздеу өнері – суретшілігі.

7.     Бильярд ойынының шебері. Сегіз шарды тоқтатпай торға тоғытқан сәттерін ескерсек, бүгінгі ең мықты бильярдшылармен бәйгеге түсетіндей қабілет иесі.

8.     Сөзге шешен және тапқыр.          

Топтық тапсырмалар. Берілген тапсырмаларды топ мүшелері біріге отырып орындайды. (Сызбамен жұмыс)

1- топ: Өмірбаяны

2- топ: Шығармасы

3- топ: Ерлігі

V. Мағынаны тану.

Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал мәтел нақыл сөздерге назар салсақ.

1- топ: Нақыл сөзін айтады 

2- топ: Осы нақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?

3- топ: Бізді неге тәрбиелейді?

- Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.

- Тіртіпке бас иген құл болмайды.

-Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше , шындықтың  уын ішіп өлген артық.

- Отан үшін тоқа түс – күймейсің.

- VI. Ой толғаныс.

«Автор орындығы» әдісі

Бауыржан Момышұлы туралы ақындардың шығармаларын еске түсірсек.

а) М. Мақатаев «Бауыржан Момышұлына»
ә) Қ. Аманжолов «Бауыржан»

«Арнау»  оқушылар топпен жазған өз өлеңдерін автор орындығында    оқиды.

VII. Сабақты қорытындылау.
«Бес жол өлең» әдісі
1. Зат есім(1сөз)
2. Сын есім(2 сөз)
3. Етістік (3 сөз)
4. Тақырыпқа байланысты сөз
5. Бірінші сөзге синоним сөз.

1947 жылы Бауыржан Момышұлы Красноярскіде әскери қызметте жүргенде былай деп жазған екен:

                        Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

                        Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.

                       Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

                       Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.

     Міне жеңіске 70 жыл толған тойы Қазақстанның жер-жерінде аталып өтіп жатыр. Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыны ұмытпайық жас ұрпақ!

 

 

Краткое описание материала

Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Алденбаева Эльвира Галымкызы

учитель иностранного языка

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 7524
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 5
  • 7524
    просмотров
  • 5
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Алденбаева Эльвира Галымкызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~230

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: