Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБаяндам мектпке дейінгі ұйымның жарты жылдық есебі

Баяндам мектпке дейінгі ұйымның жарты жылдық есебі

Скачать материал

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды  азаматтық – патриоттық тәрбиелеу  бойынша білім беру қызметін  қазіргі заманғы білім берудің бастапқы деңгейімен сабақтастықты жүзеге асыру жағдайында ұйымдастыру . Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі нормативтік –құқықтық база»

 

  "Білім туралы«Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 36-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес

Жан - жақты дамыған, өз елінің патриоты болатын азаматты қалыптастыру мектепке дейінгі жастан басталады. Осы жаста қалыптасқан еңбексүйгіштік, қайырымдылық, адамгершілік сияқты т.б. сезімдер рухани - патриоттық тәрбиенің негізін қалайды. Баланың жеке тұлға болып дамуына негіз болатын азаматтық патриоттық тәрбие беру – балабақша жұмысының негізгі бағыттарының бірі деп айтуға болады.

Балабақшадағы балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу барысында қазақ халық  ертегілерін ұйымдастырылған іс- әреке барысында заманауи түрде түрлендіріп алып қосуға және тақырыптық іс шаралар өткізуге болады.

Яғни көрмелер ұйымдастыруға , ашық сабақтар ұйымдастыру деген сөз

 Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-патриоттық тәрбие беру. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі.

         Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.

          Балабақшада берілетін тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Мектепке дейінгі жастағы адамгершілік-патриоттық тәрбие дегеніміз- баланың моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы-моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеудің нақты міндеттері:

-балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

-адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

-балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік- патриоттық сезімге тәрбиелеу мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз қаласына, туған-туысқандарына, дос құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет. Ерте сәбилік кезеңнен бастап баланы ана тілінде сөйлеуге үйрету, ауыз әдебиеті үлгілерімен сусындату ең маңызды мәселе.Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен қатар оны сүюді үйренеді.Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі композиторлардың сан түрлі азаматтық тақырыптарға арналған әндерімен таныстыру балалардың қуанышын, көңілді сезімін дамытып, еліне, туған жеріне, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, Отанға т.б. деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.

             Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді.Осының өзі-ақ балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.

Баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.

Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.

         Мектепке дейінгі естияр жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық, тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау, еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке дейінгі ересек жаста балалар қылығының адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау негізінде дамыған адамгершілік дағдылар мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші балалардың адамгершілік нормаларына бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары: қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық, қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы меңгертеді.

Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-патриоттық тәрбиесінің мазмұны «Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасында» көрсетілген. Оған: Отанға, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, оларды және олардың еңбегін құрметтеу, ұлтаралық, ұжымдық және адамгершілік бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары кіреді.

Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына бағыттармен түйінделеді:

-ізгілік бастамасымен тәрбиелеу;

-өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау;

- табиғатқа қамқорлықпен қарау;

-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу;

- қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау;

- мемлекеттік рәміздермен таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

        Сондай-ақ,  тәрбиешілер балалармен тақырыптық сабақтар өткізеді, Отан туралы, туған жер туралы тақпақ-өлеңдер жаттатып, әңгімелеу арқылы бала бойына елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Еліміздің төл мерекелеріне  балабақшада ертеңгіліктер өткізіп тойлайды. Осы сабақтар, ертеңгіліктерді  өткізуге тәрбиешілер, ата–аналар белсене қатысып, өз үлестерін қосады. Балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеуде  балабақша  мен  мектептің, кітапханалар мен мұражайлардың сабақтастығыда әсерін тигізеді.

           Біздің алдымызда тұрған басты міндет – тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан біз адамзаттық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. «Әрбір Қазақстандықты өз мемлекеті қамқорлықсыз қалдырмайды, ал әрбір Қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндам мектпке дейінгі ұйымның жарты жылдық есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2023 313
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Umirzaxova Zhadura Baxtiarovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Umirzaxova Zhadura Baxtiarovna
    Umirzaxova Zhadura Baxtiarovna
    • На сайте: 1 год и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 366
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Коррекционная работа с детьми, имеющими расстройства аутистического спектра, в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 521 человек

Курс профессиональной переподготовки

Функциональные основы деятельности специалиста по организации и проведению молодежных мероприятий

Специалист по организации и проведению молодежных мероприятий

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности учителя-наставника в образовательной организации

Учитель-наставник

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 500 человек

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек