Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама

Баяндама

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

11 «Ертөстік» ясли-бақшасының әдіскеріC:\Documents and Settings\ADMIN\Рабочий стол\Новая папка\IMG_2180 (2).jpg

Адылгазинова Гульмира Халелевна

Семей қаласы



Қазақ қызы бойына тән ізгілік қасиеттердің бастапқы негіздері.

Қоғам алдында  әрбір  педагог-тәрбиешінің  басты  міндеті ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу.

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала ержеткенде сол әдетін сақтайды. Бүгінгі таңда балабақшаға арналған оқу іс-әрекетінің мазмұнына ұлттық дәстүрді, ата-баба тәжірибесін, ата кәсібінің ерекшеліктерін енгізу, әлем халықтарының озат тәжірибесін пайдалану маңызды деп санаған Семей қаласындағы № 11 «Ертөстік»  балабақшасының   ұжымы білім беру кеңістігін инновациялық түрде ұйымдастырды. Өз тәжірибемізде ұлттық еңбек тәрбие тағылымдарын насихаттау мақсатында этноклубтар мен этностудиялар ұйымдастырдық.

Әр ата-ана қызының өнерпаз, ісмер болғанын қалайды. «Өнерпаз болсаң, арқалан» дейді Абай дана. Сондықтан халқымыздың сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қыз баланың бойына балабақшадан бастап дарытуды дұрыс санадық. Этноклубтардың барысында кішкентай қыздарымыз өнерге құмарланып, ою ойып, сырмақ, түскиіз өрнектеу, сырт киім мен бас киімді әшекейлеудің бастапқы негіздеріне үйренеді. Өз шығармашылығын қосып толықтырады, құзыреттілік сапалары дамиды. Бұл жұмыстар қыздардан шыдамдылықты, төзімділікті, сабырлықты талап етеді. Бүлдіршіндердің қоршаған орта туралы дұрыс көзқарасы қалыптасады, маңайындағы ересек адамдарға деген құрметін, құрбы-құрдасына деген достық ниетін әдепті, әдемі сөз арқылы білдіре алуға үйренеді.

Кішкентай қыздар бір сәтке болсын өздерін ханшайым ретінде сезінеді. Бүлдіршіндер киімді дұрыс талғап, киіне білуге, өз-өзіне қарауға үйренеді. Әр уақытта нағыз ханшайым ретінде сөйлеуге, өзін инабатты түрде ұстай білуге, қонақ күтіп анасына жақсы көмекші болуды үйренеді.

Қыздарымыз ән-билерімізбен сусындап, халықтық мұраларымыздан нәр алып, әсем саз бен әдемі би қимылдарын үйрене отырып, сұлулыққа, сымбаттылыққа тәрбиеленеді.

«Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей», «Қыз қылығымен сүйкімді» деген мақал-мәтелдер бізді үлкен жауапкершілікке жүктейді.

Краткое описание документа:

Қазақ қызы бойына тән ізгілік қасиеттердің бастапқы негіздері. Қоғам алдында әрбір педагог-тәрбиешінің басты міндеті ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әр ата-ана қызының өнерпаз, ісмер болғанын қалайды.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров208
Номер материала 277341
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх