Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама

Баяндама

Скачать материал

Мұғалім құзіреттіліктерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары.

 

«Қазақстан -2030» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғышарттар біртіндеп орындалуда. «Қазақстан -2030» стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі ретіндегі білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Бүгінгі таңда өзіміз тәлім- тәрбие беріп отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттың тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Осы орайда жаңа білім беру стандартындағы білім компоненттерінің базалық, тұлғалық болып жетілуі тұлғаға бағытталған білім парадигмасындағы үлкен қадам. 
         Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
           Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі -«Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

   Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

      Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
      РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
      РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.
      2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
     Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
      1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
      2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
      3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).

Оқушының ойлау, шығармашылық қабілеті арқылы өз ой-пікірін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеуде, әр түрлі жағдаяттарда салыстыру, баға беруде біліктілігі жетіспей жатады. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, жеке қабілеттерін көрсете білу, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызуы, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, оқушы бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту мәселенің өзектілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау” делінген. 
Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғарғы формасы. Шығармашылық актіні сипаттаушы маңызды ой-тұжырымның бірізділігі негізінде логикалық жүйенің және интуициялық сезімнің, асқақ ойлаудың ерекше тәсілдерінің іске асуы болып табылады. Бұл туралы неміс мұғалімдерінің мұғалімі атанған А.Дистервег: “оқыту барысында оқушының, ізденімпаздығы мен шығармашылығын дамыту – оның ақыл-ой қабілетін қалыптастырудың аса маңызды құралдарының бірі”, - деп көрсеткен болатын.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерін, оның жеке қасиеттерін көрсететін кез-келген адам бойынан табылатын логикалық бірізділік логикалық жүйеге негізделген шығармашылық шабыт қабілет деп аталады. Жалпы ақыл-ойдың тереңдігі, ауқымдылығы мен түпкіліктігі, оқу материалын түсініп-білуі мен есте сақтай алуы зейінділік пен бақылағыштығы, зеректік пен тапқырлығы, оптималды түрдегі ақыл-ой әрекетінде көрінетін оқушының өзіндік өзгешеліктері қабілеттік болып табылады. 
Жас дарынды тәрбиелеуде және оны ғылыми ізденіске жетектеуде ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп, үздіксіз шығармашылық ізденіске бастайды. Жас дарынды шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру – ұстаз міндеті. Оқытылатын пәндер бойынша дарындылық байқатқан оқушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық-психологиялық ізденісті талап етеді. 


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мұғалім құзіреттіліктерімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары.

  • «Қазақстан -2030» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғышарттар біртіндеп орындалуда. «Қазақстан -2030» стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі ретіндегі білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Бүгінгі таңда өзіміз тәлім- тәрбие беріп отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттың тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Осы орайда жаңа білім беру стандартындағы білім компоненттерінің базалық, тұлғалық болып жетілуі тұлғаға бағытталған білім парадигмасындағы үлкен қадам.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 207 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.07.2015 1409
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досымбекова Балжан Жиенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8767
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе