Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "Абай шығармаларын оқыту"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Баяндама "Абай шығармаларын оқыту"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Тіленшін атындағы жалпы білім беретін орта мектебі













Баяндама тақырыбы:

«Абай шығармаларын оқыту»



Баяндамашы: Тіленшін атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Камзинова Гулсара Тоқтасқызы



























Ақтоғай, 2016 жыл



Абай шығармаларын оқыту

Қазiргi кезде мектептерде әдебиет пәнiн оқытуды түбегейлi жақсарту, жетiлдiру және жаңа педагогикалық технологияларды сабақ процесiнде қолдану мәселесiне ерекше көңiл бөлiнiп отыр. Осыған байланысты әдебиет сабақтарында көркем шығармаларды жанрлық ерекшелiктерi бойынша оқытудың танымдық, эстетикалық та маңызы зор екендiгi айқын. Абай шығармалары сөз өнерінің асқақ үлгісі ретінде әдебиетті оқытудың мақсат болмысына толық жауап береді.Мектепте оқушыларға әдебиет пәнін оқытудың алдына қойған мақсаты: оқушының білім алуына, білік-дағдысын, түсінігін, көркем сөзге шешендігін қалыптастыруға, жан-жақты дүниедегі өзгерістерге деген көзқарасын білдіріп, оны танып үйренуі де тәрбиелеуге бағытталады.

Әдебиет –адам табиғатының алуан сипаттарын,өмірдегі кездесетін қат-қабат құбылыстарын сұрыптап бере отырып,қоршаған ортаны,болмысты дұрыс қабылдауға жағдай жасайды,оқушының логикалық ойлауын жетілдіріп, сана-сезіміне әсер етеді.

Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың , ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін «Қалың елім, қазағым,қайран жұртым» өлеңінен айқын көреміз. Абайды дерттендірген,халқының басына түскен тарихи трагедия- «Қалың елі, қазағы» Ресей империясының отарына айналып,ерікті елдігінен айырылып, «өз малым өзімдікі дей алмайтын» хәлге душар болған қайғы-қасіреті.Патшаның өктемдік әрекеті күшейіп,елдің береке-бірлігін кетірді, салт-санасын бұзды. Қазақтың өз ішінен шыққан шенқұмар, мансапқор сатқындар, бас-басына би болған ,қиқымдар көбейді.

Осы өлеңге,домбыра сазындағы алғашқы құлақ күйіндей болып, жүрек толқытатындай жылы леп беретін «қазағым», «елім», «қайран жұртым» деген ақын сөздері арқылы туған халқы үшін жаны ашып, елжіреп отырғанын білеміз. Дәл осындай терең толғаныстан шыққан сыншылдыққа толы өлеңде мұндай сезім жылылығы кездесе бермейді. Сондықтан елдің жағдайын сездіретін:

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың,-

деген сипаттаулар жалпақ жұрт туралы айтылса да, артық айтылғандай сезілмейді. Ондай сөздерді де, немесе:

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың-

дегенді де барлық адамға, сол кездегі қазақ атаулыға түгел бірдей қатысты көрмей, тиісті адамдарға қатысты сөз деп түсінеміз. Адал көңілмен айтылған сын да сау жерге емес, тек жаралы ,ауырған жерді іздеп тауып, соған ем болатын сөз болса керек.

Абай поэзиясындағы психологизм, әр түрлі адамдардың мінез-құлқын, психологиясын,қандай жағдайда түрлі әрекет ететінін ашып көрсету шеберлігі жағынан дәлелдейтін үздік шығармалары да аз емес.

9-сынып бағдарламасындағы «Болыс болдым, мінеки» өлеңі осы бір айтылған ойға дәлел секілді. Бұл өлең 1909 жылғы кітапта басылған (19-21-беттер) Осы өлең 1889 жылы «Дала уәлаяты» газетінің 12 санында жарияланған.Өлеңге: «1888 жылда, мамыр айында Ақшатау деген жерде Семей облысы мен Жетісу облысының шербушайнай сиез болғанда бір ояздың ел билеушілерінің түрі»,-деп түсінік берілген.

Өлеңде ақын ең алдымен болыстың өзін сөйлетіп, оның жиренішті, жексұрын қылықтарын ,ішкі психологиялық портретін өз аузымен баяндатып:

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап...

Антұрғанмын өзім де,

Бір мінезбен өтпеймін...-деп, құбылмалы мінез-құлқын, қимыл-әрекетін танытып, «Болыс болдым мінеки,бар малымды шығындап» дей отыра,

оңбаған сұрқия болыс өзін-өзі әшкерелей бастайды. Ол өзінің өтірікшілігін, жалтақтығын, қорқақтығын, екі жүзділігін өз аузымен айтып, ашып береді. Шен-шекпенге сатылған азғын , мансапқор болыс атаулының бәріне тән, масқара айтқызу-Абайдың жаңадан тапқан өте ұтымды, шебер әдісі. Кейіпкердің бір сәт ойға кетіп,болыстыққа жету үшін қандай қам жасағанын, қанша малын шашып әуреге түскенін, болыс болғандағы іс-әрекеттерін, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасын –бәрін көз алдынан өткізіп, өзіне өзі есеп бергендей, тұжырымдап бағалағандай болып отырған қалпы мейлінше нанымды да, әсерлі-ақ! Абай осы өлеңінде алдына жан салмайтын мысқылшыл,сатирик ақын, кемел психолог –суреткер ретінде танылады. Бір ғажабы –өлеңде әдейі әсірелеу арқылы күлкілі жағдай туғызу деген мүлде жоқ. Баяндалып отырған- сол заманда қазақ қоғамында болыстық үшін таласқан адамдардың басында үнемі кездесіп отыратын жағдайлар. Осы өлеңді талдай келе оқушылар арасында адамдарды мінез-құлқына сай топтастыра талдау әдісі,адамдардың шынайы бет-жүзін анықтай отыра,

қазіргі замандағы атаққұмарлықтың айырмашылығын тізбектей алады .Ондай мінезді адамдардың арманы асқақтай алмайтыны, сонымен қатар өзімен бірге талайын суға батыратыны айдан анық дәлелденеді.

Абайдың шығармаларында ойшылдық пен суреткерлік ажырамас бірлік тауып,аса маңызды қоғамдық ,азаматтық,халықтық мәселелерді терең толғайтын шығармалардың тууына негіз болды.

Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты,күзді, көктем мен жазды қайталанбас бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен , қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.

7-қазақ сыныбында Абай Құнанбайұлының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі берілген (1882). Бұл өлең ең алғаш «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» деп аталған жинақта басылған (71-72-беттер). Өлеңде ақын өз басынан кешкен, өзі көріп, терең сезінген оқиғаны жыр етіп, толғана суреттеп,шыншыл шеберлікті танытады.

Абаймен бірнеше жыл бойы айнымас дос болған ,оның мінезін,әдет-салтын өте жақсы білген,көзімен көрген Көкбай былайша баяндайды:

«-...Аңшылық құру,бәйгеге ат қосу,палуандарды күрестіру, қаршыға,лашын салғызу, өнерді қызықтау сияқтылар туралы айтылған. Ол кезде Шыңғыстың қыс бойы елсіз қалатын сыртында бұғы, арқар,киік, түлкі болады. Қасына бірнеше жолдастарын алып, аң аулауды ерекше бағалайтын».

Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең-саятшылық өнерді өте көркем,келісті бейнелейтін «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Бұл өлеңде Абай аңшының құс салып түлкі алуын түрлі түсті бояумен бейнеленген суреттегідей көзге айқын елестете сипаттаған. Ат, құс,аңшылыққа соншама құштарлық мінездері Абайдың ақындық қуатын онан сайын рухтандырып,шабытын шарықтатып: «Қансонарда бүркітші шығады аңға» сияқты,әрі идеялық мазмұны, әрі көркемдік түрі түгел қабысып тұрған,қазақ халқының тұрмыс-салтына тән,ерекше бір көрінісін білдіретін тамаша өлеңі

Шындыққа,нақтылы деректілікке ерекше мән берген ақын дәстүр бойынша,өз шығармасының барлық бұйымын,бар тұрманын тұтастау керек. Соның белгісін бұл шығармада Абай өзінің сөздігінен де айқын танытады. «Сонар», «Қайтқан із», «Бүркіттің қайқаң қағып аспанға шығуы», «Түлкінің кере тұра қалуы»-бәрі де аңшылықтың өзіне тән тілі. Сол өзгешелікпен қатар ақын қиялын да өткірлеп, сол асығыс,қарбалас,тайталастар үстінде шебер түрдегі теңеуді де табады. «Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл»дей келіп,қайнаған қимылдарды қымсынған ұяң сұлудың асығып шомылған қозғалыстарына ұқсатуы да асқан шеберлікті білдіреді. Мұнда « ананы көр де, мынаны көр» деп ұқсата салу жоқ. Табиғатты, түлкі мен бүркітті түгел қосып, бір бейне етіп, ақ етті сұлудың динамикалық әрекетіне ұқсатуда көп ассоциация туғызатын терең де кең метафора танылады.Оқушыларға осы өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұндау барысында көз алдарына түрлі бейнелі суреттер пайда болады.Шығармашылықпен айналысатын оқушылар шабыттанып,бейнелеу арқылы өз ойларын шындыққа балап,жағымды жағына қарай,аңшылық кәсібінің қыр-сырын айқындай дәлелдейді. Тіпті кей оқушылар суреттемелерді қалауынша аяқтағысы келеді. Сонда да Абай аталарының шеберлігіне деген таңғалыстарын жасырмай,әсерлі,

ұтымдылығын айтып ой бөліседі. Ата-бабаларының,өздерінің қызықты кәсібі,қызығушылық туғызатын ерекше істері туралы мақтана, масаттана айтуда болады.Ер балалардың жігерлігін,шабытын,қызығушылығын арттырады.

Абайдан кейінгі қоғамдық өмірде, ой-санада басқаша ағым, бағыттар туды, қоғам алдында жаңа мақсат, тілек-талапта өнерпаздық ізденістер халық игілігі барысында асыл мұра болып саналады.

Абай Құнанбайұлының шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алсақ, өткен заманды,елдің жайын, халықтың тағдырын,ой-арманын тани аламыз. Және сол арқылы қазіргі заманды, кешегі мен бүгінгіні, келешегімізді де бағдарлаймыз



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. З.Ахметов, Б.Байғалиев, С.Қирабаев. «Абай» шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы «Жазушы» 1995 ж.

  2. «Қазақ әдебиеті» газеті №15, 7-бет

  3. А. Әлменбет. «Заманымыздың Құнанбайлары мен Майбасарлары» зерттеу жұмысы. Алматы. 2005 ж.

  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №1, 2012 ж,135-бет. Алматы.

  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №3, 2012 ж,124-127-бет. Алматы.

  6. Абай. «Қалың елім,қазағым...» өлеңдер жинағы. Алматы «Атамұра»2002ж.

  7. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсенбаев. Қазақ әдебиеті. 9-сыныпқа арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2013




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-012482

Похожие материалы