Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "Абай шығармаларын оқыту"

Баяндама "Абай шығармаларын оқыту"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі сабақтарында интербелсенді тақта мен компьютерді пайдалану-заман талабы


Сембі Жансая Хасанқызы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» – деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды интербелсенді құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп атап көрсетті.
Білім беру үрдісінақпараттандыру – жаңаақпараттықтехнологиялардыпайдалануарқылыдамытаоқыту, дара тұлғаныбағыттапоқытумақсаттарынжүзегеасыраотырып, оқу – тәрбиеүрдісініңбарлықдеңгейлерініңтиімділігі мен сапасынжоғарлатудыкөздейді.
Солардыңбірібілімберудіақпараттандырубарысындадидактикалықжәнеоқытуқұралыболып компьютер саналады. Сондықтанкезкелгенбілім беру саласындамультимедиялықэлектрондықоқытуқұралдарыбарлықпәндердіоқытуғапайдаланады. Бұлбағыттаақпараттықтехнологияныоқытуүрдісінеекпіндітүрдеенгізубағытындажәнеқолданылатынжаңақұралдардыңбірі - бағдарламалық – техникалықкешенболыпсаналатын« Активті экран» болыптабылады.
Білімберудегіинтерактивті технология - мұндағыинтерактивтісөзі - inter (бірлесу), act (әрекетжасау) ұғымынбілдіреді, сабақбарысындаоқушыныңтоппенжұмысжасауғақатыспауымүмкінемес, бірін - біртолықтыратын, сабақбарысындабарлықоқушылардыңқатысуынұйымдастыратыноқытубарысы.
Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.

Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады.

Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.

Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі.

Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.

Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интербелсенді тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.

1. Оқу-тәрбиелік үрдістің сапасын арттыру, оны ғылыми-техникалық прогрестің осы заманғы деңгейіне көтеру;

2. Оқыту үрдісіндегі жекелеп, саралап оқыту идеяларын дамыту;

3. Оқушылардың компьютерлік білімін жетілдіру;

4. Жүйелі бақылау жүргізіп отыру, яғни оған оқушылардың білім деңгейін, икемділігін тексеру сияқты жұмыстарын жетілдіру үшін көмек беру.

Тәжірибеде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолдану қажет. Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне арналған электронды оқулықтарды пайдалану оқушыларға қызықты да, ұтымды болып отыр. Егер интерактивті тақта интернет жүйесіне қосылса, жаңа сабақты бекітуде және сабақ үстінде тақырып бойынша көптеген жаңа ақпараттар алуға болады.


Сонда, оқу-жүйесіндеақпараттық-коммуникативтіктехноло-гияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:


– оқушыларэлектрондыоқулықтарменжәне интернет желісіменжұмысістейалады;

– оқушыныңбіліміқысқамерзімде жәнекезкелгенуақыттабағаланады;

– орындағанжұмыстарыныңқателерінбірденкөругемүмкіншіліктудырады;

– интерактивтітақтаныеркінқолданады;

– ақпараттықмәдениетіндамытады;

– сабақтауақыт та үнемделеді;

– оқушылардыңкоммуникативтікқабілеттерідамиды;

– зерттеудағдыларыдамиды;

– оқушылардыңпәнгедегенқызығушылықтарыартады;

– әрбіроқушыныңшығармашылықмүмкіндігіашылады.


Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны еңгізу тілді саналы меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, өскелең ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда ықпалы зор және тіл меңгеруге деген қызығушылығы арта түсетіні айдан анық. Сабақтың мазмұнына байланысты кейбір мәселелер жөнінде қойылатын сұрақтар немесе оқушылардың өздерінің сұрақ қоя білуі мен жауап қайтарудағы тапқырлығы проблеманы түсінудің маңызды көрсеткіші екендігінің айқын дәлелі. Сабақтың барысында өз көзқарасын дәлелдеп, пікірін қорғай білуге талаптандыру, басқаларды да тыңдай білу және өз позициясын түсіне білуге, құрбы-құрдастарын ренжітпей, өз ойын қисынды айта білуге үйрету, сөйтіп, адамдар арасындағы, яғни, құрбыларымен, оқытушыларымен қарым-қатынасты дұрыс жолға түсіруге ықпал ету болып табылады.


                                   Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


ҚазақстанРеспубликасыныңБілімтуралыЗаңы. Астана, 2000.

ҚазақстанРеспубликасындаБілімберудідамытудың 2005-2010 жылдарғаарналғанмемлекеттікбағдарламасы. СолтүстікҚазақстангазеті, 2004.- 29 қазан.

Әбілқасымова Ә. Мектепреформасы: 12 жылдықбілімберугекөшуқажет    пе?//12 жылдық білім,-2004.№1. — 80 бет

ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікжалпығаміндеттібілім беру стандарты

Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.




Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров59
Номер материала ДБ-029826
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх