Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама: АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

Баяндама: АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

Скачать материал

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

 

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді»[1]- деген академик Ж.Ысмағұловтың   пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.  Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасына орын алады. Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек, қателеспеген болар едік. Ғажайып суреткер, нәзік лирик, көркемсөз шебері, ең алдымен-ойшыл ақын. Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөздеріне қатысты. Мен ұлы ақынымыздың шығармашылығындағы күрделі сөздерді талдауды жөн көрдім.,

Жалпы, қазақ тілінде өзінше үлкен орын алып, өте жиі қолданылатын сөздердің өздеріне тән ерекшеліктері мен арнайы сөз етерліктей алуан түрлі сипаттары бар. Жеке талдарлықтай сипаттарында олардың шығу төркіндері мен жасалу жолдарын, осы күнгі тілдегі күрделі сөздердің түр-түрлерін анықтауды, солармен бірге, олардың бір жағынан, жай сөздерден, екінші жағынан, жай синтаксистік тіркестерден айырмашылығын атап айтуға болады. Ал, бұл мәселелердің грамматика үшін ғана емес, лексикология мен лексикография үшін де, тілдің тарихы үшін де теориялық әрі практикалық маңызы өте зор.

Қазіргі тіліміздегі ағайын, бүгін, тұра тұр, үлгі ет, ақсары, темір жол, тасбақа тәрізді формаларды алсақ, осылардың қай-қайсысын болса да күрделі сөз деп атауға болады. Олай дейтініміз бұлардың әрқайсысы да, біріншіден, тұтас бір ұғымды білдіреді, екіншіден, құрамдарындағы компоненттері үнемі семантикалық бірлікте жұмсалады да, қызметі жағынан бөлшектенбейді, үшіншіден, ол компоненттер ритм-ырғақ жағынан бір ұдай болып, өзара ыңғайласа құралып тұр. Әдетте күрделі сөздерді жай сөз тіркестерінен ажырату үшін фонетикалык және морфологиялық белгілерді меже ететін салт бар. Бұл меже негізінен дұрыс бола тұрса да, оларды түгелімен тек кіріккен сөздерден және бірен-сарандаған нышаналарын ғана қос сөздерден табуға  болады.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер - өзіне тән ерекшелігі мол аса күрделі категория. Бұл сөздер компоненттерінің ара қатынастары жағынан іштей біркелкі емес компоненттердің я салаласа, я сабақтаса құралатындарына қарамастан, олардың күрделі сөзге айналуларына фонетикалық, лексикалық, грамматикалық процестер қатынасып, қалыптастырылуына ықпал етеді. Бұл категорияны қазақ тіл біліміндегі ғалымдар өздерінің зерттеу объектісі етіп алды. Солардың ішіндегі қомақты үлес қосқан ғалымдардың бірі - Жұмағали ІІІакенов. Осы еңбекті басшылыққа ала отырып күрделі сөздерді кіріккен сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, құрама сөздер я тіркескен сөздер, қысқарған сөздер деп бөлуге болады. Күрделі сөздерді қай ақын, жазушы болмасын өз шығармаларында жиі қолданады. Себебі күрделі сөздер кез-келген шығарманы терең, түйінді, айғақ, шешен, өткір, мазмұнды, түсінікті етіп, халықтың қызығып оқуына жетелейді. Мәселен, Абайды алатын болсам, өлеңдері мен қара сөздерінің өне бойында тұнып тұрған күрделі сөздер.

Соның ішінде қосарлама зат есімдерді топтап кездестіруге болады.

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап.

Арасында құлын-тай,

Айнала шауып бұлтылдап /"Жаз" өлеңі/.[2]

Осы "Жаз" өлеңінен келтірілген мысалдарда екі сыңарының да лексикалық мағынасы бар зат есім мен зат есімнің қосарлануы арқылы жасалғанын көреміз, сол арқылы ақын жаз мезгілінің суретін жалаң суреттемей, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ашып көрсетеді.

Біреуі жылап барса үйге таман,

Ата- анасы бұркылдап онан жаман. /"Жігіттер ойын арзан, күлкі кымбат", 88- бет/.

Барасын қайда, қайда болмай маған,

Жас өмір алтын-күмісі жарқылдаған. /"Ленский сөзінен" (Пушкиннен аудармасы).[2]

Кемпір-шалы, бар болса, кандай киын,

Бір жагынан қысканда о да азынап.

/"Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай" /.[2]

Бұлардың барлығында да толық мағыналы зат есімдер қосарланып келіп, екінші сыңары тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұргандығын байқаймыз.

Өлеңдерімен қоса Абайдың қара сөздеріңде де сөзжасамның лексика – сематикалық тәсілі арқылы жасалған қосарлама зат есімдер жиі кездеседі. Сегізінші сөзінде былай деп жазады:

"Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды."[3]

Мұндағы ұры-залым екі сыңары да лексикалық мағынасы бар зат есімнен жасалған қосарлама сөз болып тұр. Мағынасы жағынан бір-біріне әрі ыңғайлас, әрі орайлас, әрі бір тұрпаттас, синтаксистік қатынасы жағынан өзара салалас сөздерден құралған. Және Абай он екінші сөзінде: "Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір, жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз",- деп қайшы мәндес сыңарлардан жасалған қосарлама сөзді пайдаланған.

Бұл сөздер, яғни жақсы-жаман бір-біріне я жетекші, я көмекші бола алмайды, олардың мағыналары өзара тың я пара-пар болады.

Абайдың "Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да" атты өлеңінде:

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда... -деген жолдардағы алыс-жақын

қосарлама антонимдік сын есім болса, "Жаз" деген өлеңіндегі:

Жоғары-төмен үйрек, қаз, ұшып тұрса сымпылдап, -дегендегі жоғары — төмен қосарлама антонимдік, яғни қарама-қарсы мәндегі үстеу болып келеді. Сондай-ақ, екі компоненті де қарама-қарсы қосарлама сөздер, яғни түбір формалардан жасалып, мағыналары жағынан бір категорияға тән антонимдік мәндегі көмекші есімдерді де ұшыратамыз.

Мысалы:

Алды-арты бірдей келсе ерте жайлы,

Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы.

"Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ"/.

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңінде:

Бес-алты мисыз күлсе мәз боп,

Қиналмай қызыл тілім, кел, тілді ал, қой!

Ал, "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" өлеңінде:

Бір-екі жолы болған кісі көрсе,

Құдай сүйіп жаратқан осы демек,-деп жазса,

"Сегіз аяқ" өлеңінде:

Үш-төрт жылғы әдетің

Өзіңе болар жендетің, —деуінен есептік сан есім мен есепгік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалғанын кездестіреміз.[3]

Яғни, бұл мысалдардан Абай шығармаларында қосарлама сан есімдерді де қолданғанын көреміз.

Абай шығармаларынан қосарлама етістіктерді де кездестіруге болады.

Оған дәлел — "Әзім әңгімесі" поэмасы.

Онда:

Екі кыз естіп-білді Әзім жайын,

Есіркей мүсіркейді айжан сайын. [4]

Ат "Кежекбайға" өлеңінде:

Келіп-кетіп көп жүріп,

Мен досыңмын деп жүріп,

Дұшпандығын оздырар,- делінсе,

"Ғашықтық, құмарлықпен-ол екі жол" атты өлеңінде:

Тұла бой тоңар, суыр-үміт үзсе,

Дәмеленсе-өртенер күйіп-жанып,-делінген.

Абайдың он бірінші сөзінде: "ұлықтар алып берем деп, дәугерді жеп, ұқтырам деп ұрыны жеп жүр", ал "Күлембайға" деген өлеңінде:

Пысықтың көбі бұғып жүр,

Беттесе алмай шаңқылдап.

Босқа-ақ түсіп қаларсың,

Біреу кетсе үшкіріп.

Бұндағы естіп-білді мен келіп-кетіп лексикалық мағынасы бар етістік пен етістіктің қосарлануы арқылы жасалса, жегі жүр күрделі етістік болса, сол сияқты бұғып жүр, түсіп қаларсың күрделі етістік болып табылады.

Абай өлеңдерінде, аудармаларында, қара сөздерінде тек қосарлама сөздер, қосарлама етістіктер ғана емес, сонымен қатар қайталама қос сөздер де бар. Мысалы:

Ақтымақтың құлағы салтақ-салтақ,

Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.[4]

/"Адасқанның алды-жел, арты соқпақ"/

Намазшамның артынан,

Құржақ-құржақ етеді. /"Абралыға"/

Егер түзу көрінсе,

Ойлап-ойлап, құлаққа іл. /"Ғылым таппай мақтанба"/.

Бұл өлең жолдарында екі сыңары да мағыналы сын есімдердің ешбір жалғаусыз қайталануы (салтақ-салтақ) арқылы байланысып тұр.

Ал жалтақ-жалтақ, құржақ-құржақ қимыл-сын үстеудің қайталануы болса, ойлап- ойлап көсемше формалы етістіктің қайталануы болып келеді.

Ұғындырар кісі кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын-дейді "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" атты өлеңінде.

Мұндағы пыш-пыштың фонетикалық, грамматикалық, әсіресе, сематикалық жақтан ерекшеленіп, айтайын деген ойды нақтылап көркем жеткізуде ерекше мәні бар.

Тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдық, көріктік сипат беріп тұратын -сөз.

Абай өлеңдерінде, қара сөздерінде бір сөйлемнің ішінде қосарлама зат есім мен сын есімнің, сын есім мен сын есімнің, зат есім мен зат есімнің, зат есім мен біріккен сөздердің қосарлануын көреміз.

Оған Абайдың "Жазғытұры" өлеңі айғақ бола алады.

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне оң берер гүл-бәйшешек,- дегендегі гүл-бәйшешек зат есім мен біріккен сөздің қосарлану әдісімен құрылып тұр.

Сонымен қатар, Абай шығармаларында біріккен және кіріккен сөздерді де кездестіреміз.

Мысалы:

Арадағы тілхатым,

Ағын судай екпіндеп...

/"Сап-сап, көңілім, сап көңілім"/.

Елубасы шар салып,

Леп берем деп, -десе

/"Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман"/,

"Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек" өлеңінде:

Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,

Сөзіне сырдың тартып тез жиренбек,- дейді.

Осындағы тілхатым біріккен сөзі тәуелдік жалғаудың жеке түрінің I жағында тұр. Ал ақсақал толық мағыналы сын есім (ақ) мен (сақал) зат есімнің бірігіп барып құрылуы, елубасы есептік сан есім мен зат есімнің тәуелдік жалғауының III жағында бірігіп жаңа бір лексикалық мағына жасаған біріккен сөз қатарына енеді.

Адамзат тірлікті дәулет білмек,

Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек,- дейді "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман" өлеңінде. Мұндағы адам мен зат сөздерінің бірігуі кездессе, "Тотықұс түсті  көбелек атты" өлеңінде:

Бәйшешек салмақ, күйремек

Көбелек елмек, сиремек,- кездеседі.

Бұл шумақтағы бәйшешек- (бай мен шешек) зат есім мен зат есімнің кірігіп барып бірігуі.

Абай шығармаларында біріккен сөзбен салыстырғанда кіріккен сөз өте сирек кездеседі. Мысалы:

Бүгін - жалын, ертең - шоқ,

Белді - бу,

Бетті жу!

Алласы оны жазғырып

Әкелді бастап кейіске, /"Сұрғылт тұман дым бүркіп"/-деген өлең жолдарындағы «бүгін» сөзі сөзжасам тәсілінің аралас түрі арқылы жасалған.[5] Яғни, «бұл» және «күн» деген сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырап кірігуі. «Бүгін» сөзінің мағынасы құрамындағы жеке-жеке компоненттерінің мазмұндарынан құралмайды, олар компоненттерінің мазмұндарынан кеңейіп барып топшаланған бір жалпы ұғымды береді. Осындай формадағы кіріккен «әкел» сөзі де осы жұмыста кездеседі.

Жоғарыда айтылғандарды қорытар болсам, Абай шығармаларының мазмұны терең, сөзі әсерлі, көркем, шешен болуында күрделі сөздердің орны ерекше деп ойлаймын. Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік. Ғажайып суреткер, нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын. Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы қалады деген пікірге саяды.

Ендеше, Абай шығармалары - әр қазақ үшін әлі де құпиясы мол, түсінуін, зерттеуін қажет ететін аса қымбат мұра. Сондықтан да өзі өмір сүрген заманнан бастап Абай шығармалары қазақ әдебиеті үшін үлгі, ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде жарық жұлдыз болып қала береді.

    

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

2.     Есім Ғ. Абай және Пушкин. Солтүстік Қазақстан.— 2006.

3.     аbai.kz ақпараттық порталы

4.     Құнанбайұлы Абай «Қара сөз».Поэмалар (ауд. Қ.Серікбаева, Р. Сейсенбаева.-Алматы: Ел, 1993.)

5.     Құнанбайұлы Абай. Шығармалар.-Алматы,1994.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 238 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1493
    • DOCX 62 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алькеева Айжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алькеева Айжан Серикбаевна
    Алькеева Айжан Серикбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3559
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 40 регионов

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе