Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама « Абыралы-Сарыарқаның кіндігі »

Баяндама « Абыралы-Сарыарқаның кіндігі »

Скачать материал

«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды».

Н.Ә.Назарбаев

«Абыралы-Сарыарқаның  кіндігі»

Сарыарқаның шығыс бөлігінде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мен бұрынғы Семей облысы Абай ауданы аумағында орналасқан таулар Абыралы таулары деп аталады. Солтүстіктен онтүстікке қарай созылып жатқан тауларды : Жақсы (Үлкен)Абыралы және Жаман (Кіші) Абыралы таулары дейді. Батысқа қарай жайғасқан Жақсы Абыралы тауы 20 км ұзындыққа созылып жатыр оның ені 10 км , биіктігі 1300 метрге жетеді. Ал шығысындағы Кіші Абырылы тауының ұзындығы 20 км, ені 6 км, биіктігі 1111метр. Екі таудың арасын Қарасу өзені бөліп тұр.Тарихқа тұнып тұрған осы өлкеде Абыралы тауымен аттас Абыралы елді мекені орналасқан.  Абыралы атауының шығу тарихы туралы мынадай аңыз бар:  Жоңғар шапқыншылығы кезінде қалмақтың батыры Абыр бастаған қалың қол бүкіл елді қырып, малды барымталайды . Сонда қазақ халқының ішінен Әлі атты батыр қарсы шығып ешкім беттесе алмаған Абырмен  кездеседі. Екі батырдың кездескен жері Абыралы атанып кеткен деген аңыз күні бүгінге дейін айтылады. Әлі бастаған қазақтар жоңғар қалмақтарын өздерінің туған жерінен қуып тастайды. Сол ұрыста қаза болған қос батырды тауға жерлейді сол тау Абыралы тауы деп аталып кетеді.

Шыңдыққа бергісіз осы аңыз шамамен ХVII ғасырдың аяғы, ХVIII ғасырдың басында болған деген болжам бар. Себебі осы кезде жоңғарлар қазақ даласына дендей кіріп, көптеген қасиетті қоныстарды иемденіп алған еді. Кейін қазақтар қан төгіс қырғын ұрыстарда ата қонысын қайтарып, жауды қуып тастайды. Осыдан бастап бұл аймақ Абыралы деп атала бастаған сияқты десек, жерлесіміз экономика ғылымдарының кандидаты Болатбек Насенов батыл түрде 1734 жылдан бері Қайнар өлкесі Абыралы деп атала бастады деген тұжырым жасады. Ұзақ уақыт екі жыл архивте отырып «Абыралы Сарыарқаның кіндігі» атты алты кітаптан тұратын 4 томдық жазып шыққан Болатбек Насеновтың бұл дәлелін басшылыққа алғанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Абыралы – атақ даңқы кең  тараған айдынды алқап, кең жазиралы жер. Оның бір шеті Қарқаралы , Керей тауларымен ұшатасып жатса шығысында Шыңғыстау, солтүстігінде –Дегелең , Мыржық, оңтүстігінде –Тұлпар, Көкшетау сияқты заңғар биік еңселі таулар көлбеп жатыр. Осы таулардың аралығында малға құт , жанға сая Абыралы өлкесі орналасқан. Жер көлемі 1,537 мың га оның ішінде егістік жер 31 мың га болса, жайылымы 815 мың га, шабындық жері 15 мың гектарды  алып жатыр.

Өз заманының ғұламасы , қазақ даласының қарт данасы Асан қайғы бабамыз осы өңірді көргенде :

 Абыралы , Жалаулы,

Сары қиың тұр қалаулы.

Қылтанақтай бір жусан,

Бір тоқтыға балаулы.

деген екен.

Ғасырлар бойы жаугершілік пен шапқыншылықтың талай түрін басынан өткерсе де елдігін де, өрлігін де сақтап қалған осы даланы жоңғарлардан Әлі , Шыңқожа, Қалыбай, Орал, Алтай, Майлы, Жапалақ, Бикелді сияқты қас батырлар қорғап қалғанын ұрпағы үнемі ұлықтап отырады. Еңсегей бойлы ер Есімнің заманында оның қол астында талай жорықтарға қатысқан, ерлігі мен батырлығы үшін ер Есімнен үлес алған Олжашы батыр Байбөріұлы да осы өңірдің мақтанышы болған.

Абыралы өңірі тұнған тарих, таусылмайтын шежере. Мұнда ірілі –ұсақты оннан аса атаның ұрпақтары мекендеген .Олардың әрқайсысынан айыр тілді шешен , ел бастаған көсем, батырлар мен бойларына көріпкелдік дарыған әулиелер шыққан. Солардың бірі және бірегейі Қонысбайдың бел балаларынан өрбеген ұрпақтары да,  ат тұяғы жетер жерге емшілік , тәуіптік атағы мен киелі қасиетімен мәлім болған жан –Сеңкібай қажы. Қажының зор қасиеттері жөнінде аңызға айналған әңгімелер өте көп. Ертеде ашаршылық жылы жүз қаралы киікті дұғамен айдап келіп, ауыл аймақты соның сүтімен аман-есен алып қалған деседі. Тағы бірде бір отар қойға қасқыр шапқанда оқып отырған дұғасын тоқтамай оқи берген екен. Түз тағылары бір де бір малға ауыз салмай өз жөндерін табады.

Атақты әнші  Әміре Қашаубайұлының немере ағасы Серік Тергеубайұлы қажы атаға арнап өлең жолдарын жазған:

Тоқсан алтыншы жылы қазірет өткен

Сексеннің бесеуіне жасы жеткен

Жігіттер, ғибрат ал қажы атадан

Жақсы іс одан қалып бізге жеткен.

 Осы өлең жолдарына қарағанда Сеңкібай қажы 1811-1896 жж өмір сүрген деп шамалайды зерттеушілер. Ақбұлақ ауылындағы таудың төрінде Сеңкібай қажы (1811-1896 жж.) атамыздың кесенесі тұр.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегі бүкіл әлемді, Ресейді дүр сілкіндірген  ірі оқиғалармен есте қалғаны белгілі: Ресейдегі 1905-1907 жж бірінші орыс революциясы, 1914-1918 жж бірінші дүние жүзілік соғыс, 1916 жылғы Қазақстанда болған ұлт азаттық қозғалыстар.1917 жылғы Ақпан, Қазан революциялары , азамат соғысы , Кеңес өкіметінің орнауы сияқты саяси оқиғаларға қазақтың бас көтерер азаматтары  белсене араласты. Олардың арасында Семей губерниясынан , Абыралы өңірінен шыққан азаматтар да  аз болған жоқ. Ерғали Жаулықбаев, Мұхаметқали Тәтімовты абралылықтар күні бүгінге дейін ұмытқан жоқ. Мұхаметқали Тәтімов құқықтық тәртіпті сақтау жолында аянбай еңбек етіп, бұл салаға үлкен үлес қосты. Ол өзінің жеке басын ғана күйттемей маңына туысы , кейіннен белгілі жазушы Сапарғали Бегалин, жерлестері Жақсылық Тәленов , Нұрғали Файзуллин , Мәннан Тұрғанбаев сияқты таланттарды жиып , оларға ақыл-кеңестерін беріп, еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын көтерудің тиімді жолдарын көрсетіп отырды. Бұл жөнінде С. Бегалиннің «Замана белестері» атты өмірбаяндық романында жан-жақты жазылды.

1928 жылы Абыралы ауданы болып құрылды. Оған Қарқаралы уезіне қарасты тоғыз болыс –Темірші, Абыралы, Ақбота, Бөрлі, Дегелең, Қу, Сартау, Арқалық және Едірей болыстары қарады. Сол кезде бұл ауданда 51 мың адам тұрды. 1930 жылы Қу, Сартау, Арқалық, Едірей болыстары Абыралыдан бөлініп, Қу ауданы болып ұйымдастырылды. 1931 жылы орыс тілінде жарық көрген «Весь Казахстан» анықтамалығында Абыралы ауданы жайлы: «Абыралы ауданы оталығы -Қайнар кенті басты таулары –Дегелең ,Абыралы, Көкшетау, Мәремік, Жаңғызтау және жатаған бұйраттардан түзілген Жаман Абыралы , Бөрлі деп жазылған. Аудан жерінде 1930 жылы 7 ұжымшар құрылып,  оларда 11406 бас төрт түлік мал болған. Күштеп ұжымдастыру саясаты Абыралы ауданында 1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісніне әкеліп соқты. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өздеріне ниеттес азаматтармен байланысқа шығып, оларды көтеріп, күресті бірге өрбітуге талпынған. Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ, Тайлан, Ақбұлақ, Бөрлі, Мыржық, Дегелең ауылдарында басталып, кейін оны іркес-тіркес барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулы қақтығыстарға қатысты. Жазалаушы отрядтар мен болған шайқастар кезінде 60 адам оққа ұшып, 171 адам үштік соттың шешімімен атылған. 183 адам он жылдан астам уақытқа сотталып, Сібірге айдалды. Мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, шет ел мен еліміздің әр тарабына босып кетті. Одан кейін елімізді жаппай жайлаған аштық салдарынан аудан халқы аштыққа ұшырап, халықтың үштен бірі ғана қалған. 1937-38 жылдардағы халық жауларынан тазарту мен Отан соғысының зобалаңы келіп, елді мүлде тұралатып тастады. Осы соғысқа  Абыралыдан 1315 адам қатысқан. Абыралы ауданының қолына қару ұстауға жараған ер азаматтары тегіс майданға аттанып, Ленинград, Мәскеу түбіндегі, Балтық пен Еділ өзендері бойындағы шайқастарда ерлерше ұрысып, бүкіл Батыс Еуропаны жаудан тазарту жолындағы жорықтарға қатысып, Берлиге дейін жетті. Тек Қайнар селосының өзінен Ұлы Отан соғысына 534 адам аттанып, олардың 471 –і майдан даласынан оралмады. Соғысқа бір ғана «Социалистік Қазақстан» колхозынан 32 адам аттанып, оның 29-ы хабарсыз кетті, 3-еуі ауыр жарақатттанып, елге оралды. Сондай-ақ Ақбұлақ ауылынан кеткен 66 адамның 38-і қаза тапты.Әр ауылда сол боздақ жауынгерлердің есімдері  мәңгілікке мәрмәр тасқа жазылып, кейінгі ұрпақтары тағзым ететін киелі орынға айналған.

1947 жылы Калинин және Киров ұжымшарлары аумағында КСРО үкіметінің құпия қарарымен әскери палигон орналасты. Абыралы ауданының 445 мың га жері , яғни төрттен бір бөлігі әскерилердің қарамағында болды. 1949 жылдың 29 тамызында тұңғыш рет атом бомбасы осы полигонда сынақтан өтті. Ал 1953 жылдың 12 тамызында алғашқы сутегі бомбасы жер үстінде сыналды. Жалпы 1949-1991 жж Семей полигонында 470 жарылыс , оның 87-сі ауада 26-сы жер бетінде қалғандары жер астында сынақтан өтті.

1955 жылы Абыралы ауданы таратылып, Қарағанды облысының Егіндібұлақ және Қарқаралы аудандарына берілді. Қайнар кенті елді мекендерімен Абай ауданына қосылды. 1990 жылы 16 желтоқсанда Абыралы ауданы қайта құрылды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды. Абыралы ауданының бұрынғы аумағының 801567 гектар жері қайтарылып, Қарағанды облысына қаратылған Доғалаң кеңшары және Абай ауданына берілген елді мекендер қайтарылып, 6 кеңшар және бір ұжымшар құрылды. 1997 жылы Абыралы ауданы екінші рет таратылып, оның елді мекендері Семей қаласына қосылды. Қазіргі уақытта Абыралы аумағында 6 әкімшілік ауыл, 6 мектеп және бірнеше денсаулық мекемелері жұмыс істейді.

2018 жылы бұрынғы Абыралы ауданының құрылғанына 90 жыл толмақ. Еліміздің бірқатар тарихшылары мен ақын-жазушыларының қатысуымен ғылыми конференция өтіп, Абыралы өңірі туралы тарихи кітапты жарыққа шығару жоспарлануда. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында жергілікті биліктің қолға алуымен құрылған арнайы комиссияның мүшелері 24 мамыр күні қалалық әкімдікте бас қосты.

Жиында өңіріміздің және еліміздің тарихын терең таныған алаштанушы, ақын, жазушы Тұрсын Жұртбай мен Қазақ энциклопедиясының Директор – Бас редакторы, ақын Бауыржан Жақып сынды бірқатар азаматтардың комиссияға мүшелікке енгендігі әлбетте, көңіл қуантады. Әрине, өткенге көз жүгірту, тарихты түгендеу танымдық іс. Ол үшін үлкен даярлық, дайындық қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Б.Нәсенов «Абыралы –Сарыарқаның кіндігі» 2002ж. Новосибирск

2.     Д.Қошқарбеков. Абыралы асулары Алматы, «Санат», 1995 ж

3.     Шығыс Қазақстан облысы энциклопедия. Алматы 2014 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама « Абыралы-Сарыарқаның кіндігі »"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2015 1805
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикболова Сандугаш Серикболкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11860
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек