Инфоурок Другое СтатьиБаяндама "Адамның құндылығы тәрбиелілігінде"

Баяндама "Адамның құндылығы тәрбиелілігінде"

Скачать материал

                              Адамның құндылығы- тәрбиелігінде.

                                                                            

                                                                        Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

                                                                       М. Әуезов атындағы орта мектебінің 

                                                                       өзін – өзі тану пәнінің   мұғалімі Туякова А. Ж

Ж. Аймауытұлының «Психологиясын да» баланың жан дүниесінің  қалыптасуына, әсіресе, оның дүние есігін  алғаш ашқан кезіңінде әке – шешесінің рөлі ерекше маңызды екенін айтқан.Ол баланың жақсы, өнегелі , тәлім- тәрбиені біртіндеп, тамыздықтап жинайтынына, яғни жақсы, жаман қылық та ата-анадан жұғатынына ерекше мән береді. Біз озіміздің әр есімізбенбалаларымызға: «Сен жалғыз емессің» деген сөздің басқа да мағынасы бар. Ол: сен жалғыз емессің, сенің айналаңда мүдделерімен де,қалауларымен де санасуынатура келетин адамдар бардегенге де саяды.Егер өсіп келе жатқан бала бойында өзіңе жақын адамдарға,өзіне тапсырылған іске деген қамқорлық сезімі болмаса, одан Отанға қамқор адам тәрбиелеп шығару мүмкің емес. Егер баланың өз қолымен іспен жасалған жақсылық , қолбағыс тәжіребесі болмаса, егер ол бала кезінде біреулерге істеген жақсылығы үшін қуанып көрмесе, онда одан ешқашан біздіңқоғамымыздың: «бәріміз біріміз үшін, біріміз бөріміз үшін» немесе ел үшін Отан үшін дейтін қағидасына сай адам шықпайды. Бала ата- анасына, әжесіне іні- қарындасына, аға- апасына қамқорлық ете алмаса, адамға қамқорлық жауапкершілікті сезіну дегеніміздің өзі осы. Баланың аке- шешесі осал мінезді адам болса, оның баласының да алысқа  бара қоюы екі талай. Бұл мәселені ата-аналармен қатар, мектеп мұғалімдері де ерекшеескеру керек. Барлық үлкендердің алдында тұрған міндет – бала жүрегін сергек те сезімтал, өмірге құштар ету, қөрсоқыр етпей, ақылды да көзі ашық қуаныш пен ренішке, бүкіл адамзаттық тоғанысқа ортақтаса, адамгершілікпен,ерлік жасауға ұмтыла білетін етіп тәрбиелеу. Ең бастысы, бала жанұяның мейірім шуағына ғана бөленіп қоймай, ерте бастан өзінің де жан жылуын бөлісуге де үйренуі керек.Ата- аналар мен балалар арасындағы мейірбандылық екі жаққа да бірдей болғаны жөн.Баласына ерекше ілтипатпен қарайтын ата-анлар жанұясында өскен баланың кез- келген қылығы оның өзі араласатын адамдарға деген сүйіспеншілігі мен ытасының, құрметінің ұштасқан көрінісі болып табылады. Егер бала өмірді таусылмайтын той- думан деп ұқса- онда жаман не болсын. Өмір біріңғай қуаныштан ғана тұрмайды, оның қиындығы да, қайғысы да бар. Табанынын сыз,  маңдайынан кун өтпеген бала өмірдің парқын да білмейді. Ер жеткен соң да қызық қуып оңай жол іздейді, оны табу қолынан келе қоймаса шамданып, өмірге қанағаттанбайды. Сондықтан да бала бастан кешетін сезімдер санатында бастан ашшы да, тұшшы да, ренішті де, куанышты да жағдайлар болғаны жөн. Ұлағатты сөз- ақыл, тәрбиелі іс өнеге, өдет- тәрбиені құрайтындар осылар.Үлкендер өздерінің өзгелерге жақсылық ойлайтын қасиетін балаға үлгі етіп қана қоймай, олардан айналасындағыларға өз отбасынан тыс адамдарға жағымсыз қылықтарын жеп- жеңіл кешіре салады. Қызының кейбір шамданған кезінде, істеу керек деген сұрағына анасы: «Өз қалауынша істейбер»,- дей салатын кездері болады.Содан соң қызың жалғыз, оның достары жоқ, оған ешкім жуыспайды деп күйіп- піседі.Жеке адамның қалыптасу қағидасы мынадай, егер бала айналасындағыларға қайырымсыз болса, ол келе-келе өзінің ата-анасымен қарым- қатынаста да қатыгездіккөрсетеді. Сөйтіп, ең алдымен ата- ананың өздері қайырымсыз адаммен араласудың ашшы дәмін көбірек тартады.Балалар тіпті де өзімшіл емес, бірақ бейғам, жеңілтек, яғни жауапкершіліксіз:үйге белгілі уақытында келмесе, ол анасын суймегендігі емес, оған қамқор бола білу тәжрибесінің аздығы, ана қоңілінің күдікпен аландап отыратын жағдайын түсінбегендігі ғана.Мәселен, Жоғары класта оқитын қыз бала былай деп жазады: «Қазір мамаң жоқ кезде, мен өзімнің кешірілмес бір теріс қылығыма байланысты оқиғаны өкінішпен еске аламын, мамам маған плащ сатып алып беру үшін мені дүкенде күтетін, мен баратын болып  келіскенбіз. Бірақмен жолда құрбы қызымды кездестіріп қалдым. Онымен сөйлесе тұрып, сағатыма  қарамай кешігіп бара жатқанымды байқамай тұрмын, дегенмен: мамам күте тұрады гой деп ойлаймын. Сөйтіп, мен магазинге 15 минут кешігіп келсем, анам сауда сүресіне сүйеніп, жүрегін қолымен басып тұр екен. Ол қиналып тұр еді: магазин іші ыстық та қапырық, оның үстіне анамның үстіне кигені қысқы пальто. Ол уөделескен уақыттан тым ертелеу келіп, мені жарты сағаттай, тіпті одан да көбірек күтіп қалған тәрізді. Мамам мені көрісімен: Ештене етпес, ештене етпес, мен түсінемін ғой, сені сабағыңа бола кешігіңкіреп қалған шығарсын. Қорықпа, қазыр-ақ қояды ауырғаным», дейді. Бақсам мамам бұрыннан ауырады екен ғой, мен онысын өлі білмейтін едім. Мен казір мамам күтіп қалмау үшін бір сағат бұрын, тіпті бір төулік бұрын жүгіріп барар едім, амал не, енді жүгіретінде ешкім жок. «Мамам, бұдан былай есіңде болсыншы: мен енді ер жеттім ғой. Кейде кешігіп келсем, мен үшін қобалжымай- ақ қой!»- дейді. Жоғары класта оқитын қызы мен ұлы.Балаларға жасаған қамқорлығымызға орай олардың бізде деген жанашырлық сезімі өзінен – өзі пайда болады деп санаймыз. Алайда, адамға деген қайырымдылық пен ықылас өзінен – өзі тәрбиеленбейді. Баланың өзін ізгі адам ретінде көрсетуіне жағдай жасап, өзгелерге жақсылық жасау оның да қолынан келетінін ұғындырып отырған жөн. Өйткені, оның мұндайды өзірше білмеу де мүмкін: оның біреуге жақсылық істесем, жылы жылы ықлас көрсетсем деген құлшысын болғанмен, бірақ соны қалай істеу керек екенін жас шамасына орай біле қоймайды. Бүгінгі балалар: мамамыз мықты, ол ешкімнің көмегін керек қылмайды, қажет қылса, кез- келген адамға қол ұшын береді, деп ойлауға үйренген. Шынында, әйелдер рухының күшті екені рас. Біз, аналар, өзімізге,шын мәнінде сөзбен де, іспен де, ең аяғы жылы көзқараспен демеу керек кезінде де балалар алдында күшті болып көрінуге тырысамыз. Біз олардыңөзіміздің қиналыс – толғанысымызға араластырғымыз келмейді.Біз балаға оның жағымсыз қылығы үшін қанша кейісек те, ешқашан дерлік оның өзімізге деген адамгершілік сезімін оятуға тырыспаймыз. Жапа шеккен,  ренжіп қалған кейіп көрсетуден қорқып, тек көптен көңілде пісіп жүрген нәрсені ғана айтамыз. «Мені де ойлайтын кезін жетті ғой осы. Былай істе: мен сенің мейірімсіздігің мен көзге ілмеушілігіңнен жапа шекпейтінболайын». Бұл сөздерді біз ешқашан дерлік естіртіп айтпаймыз.Балалардан жасыратын несі бар, бұған дейін рухани жағынан күшті ана, сонымен бір сәтте әйел ретінде нәзік жан күйінде қалады. Ұрпақ бізді рухани күшімізге, өмірге деген құштарлық қуатымызға, тағдыр тәлкегіне мойын ұсынбайтындығымызға, ерлігімізге, адамгершілігімізге қарап бағалайтын болсын.Адамның жеке басының қасиеттері, өдетте 5 жасқа дейін қалыптасады деген пікір бар. Бұл сөздің растығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бала әр нәрсеге құмар: айналасындағы барлық өзгерісті, табиғат тамашаларын сезінуге талпынып, өз құрыбыларымен және ересектермен тығыз байланысқа түседі. «Адам ата-андан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы- жаманды таниды, сондайдан білгені көп болған адам білімді болады»,- депті Абай атамыз. Қазіргі заман талабына сай оқу- тәрбие үрдесін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның жан- жақты дамуын зерттей отырып, оқытып тәрбиелеу сол баланың ата- анасының қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге белгілі. Ата- аналар баланың жас ерешеліктеріне қарай өзіндік адамгершілік құндылықтарын бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, баланы жеке тұлга ретінде жетілдіру үшін бойындағы құндылықтарын дамытуы тиіс. Баланың рухани – адамгершілік дамыта отырып айналасындағы жұмыс жуйесін құрып, бала тәрбиесіндегі ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен іс – әрекеттінің нәтижелі жолдарын қолдануы керек. Адамгершілік тәрбиесі үзілмейтін құндылық.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Адамның құндылығы тәрбиелілігінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2017 640
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туякова Алмагуль Жасталаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туякова Алмагуль Жасталаповна
    Туякова Алмагуль Жасталаповна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48094
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой