Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру"

Баяндама "Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру"

Скачать материал

Баяндама: «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

Баяндамашы:Ұ.Санатбаева-Бейнеу ауданы, «Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ-сі,ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

      -белсенділік;

      -шығармашылық тұрғыда ойлау;

      -шешім қабылдай алу;

      -өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

      -өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

      Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген еді.

       Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты–Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

       Мектепте ағылшын  тілін оқытудың түпкі нәтижесі ретінде қатысымдық, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткізудің басты тетігі – оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Өйткені функционалдық сауаттылық оқушының белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауына пайдалы білім, білік, дағдылардың бірігуінен  құралады.

    Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ағылшын тілін оқытудың тұлғалық-әрекеттік бағдарын күшейту нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені сауаттылыққа оқушы өз әрекетінің иесі – субъект дәрежесіне көтерілгенде толық қол жеткізеді.
        Ағылшын тілінің оқыту сапасын көтерудің басты шарты ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру алынған жағдайда олар әрекеттік бағыт ұстанымына, оқушылардың коммуникативтік құзіреттерінің қалыптасуы ұстанымына,  интерактивтік оқыту ұстанымына негізделуі қажет. Сонда ғана функционалдық сауаттылық оқушының ағылшын  тілін әлеуметтік сұранымға сай қолдану мүмкіндіктерін арттырады .

      Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда  мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалана білген  мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.

  Ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.    Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, ағылшын тілі  де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда, ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі сөйлесу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек. 
    Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. 
         Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптасады.Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.

Танымдық бағыт бойынша:
• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)
•Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
• Сөз мәдениетін таныту;
• Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
• Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;
• Оқушылардың логикалық ойлауының бірізді болуын қалыптастыру;
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:
• Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
• Тілдік сауаттылығын арттыру;
• Оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
• Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
• Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
• Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу;
• Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;
         Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Ағылшын тілі сабағында функционалдық сауаттылықты арттыруда өз тәжірибемде көп қолданысқа ие-сын тұрғысынан ойлау әдісі. Қазақстанның болашағының жарқын болуына бірден-бір көмекшіміз-сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Сын тұрғысынан ойлау оқушының еркін қозғалып,еркін сөйлеуіне ,топпен ,ұжыммен ,жұппен ,сондай-ақ оқушының жеке жұмыс жасауына ,терең ойлап,тұжырымды жауап беріп,бір-бірін құрметтеп,жұмыла жұмыс істеуге,өз еркімен шешім шығаруға мол мүмкіндік береді.Мен өз сабақтарымда алдымен топқа бөліп,ой қозғап,жаңа тақырыпқа қызықтырып бағыттаймын.Тақырыптың ең құнды мәселелерін анықтауға ұсынамын,салыстыруға,ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жазуды ұсынуға,қорытынды жасай алуға ,сабаққа кері байланыс ұсынуға үйретемін.Ал,мұндай сабақта оқушы топта жұмыс жасауға бейімделеді,мәтінмен өздері танысады,менің пайдаланған жаңа әдіс-тәсілдерім арқылы жаңа сабақты меңгереді,ой қорытып қағаз бетіне түсіреді,ой толғайды,диалогқа түседі,пікір алмасады,сыни ойланып сұрақтарға жауап береді.Яғни,сыни ойлау ақпарат алудан басталып,қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады.Сыни тұрғыда ойлауға қалыптасқан оқушының функционалды сауаттылығы да дамып,өзіне анық мақсат пен міндет артады,және өзіне деген сенімділігі пайда болады.Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады.

Қортындылай келе,ағылшын тілі сабағында  оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз ететіндігін айтқым келеді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 1.«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаламасы» 2010ж. 
2. ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары// 12 жылдық білім беру 2012 ж. 
3. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 2010ж. 
4.Тұрғынбаева. Б. А .Ұстаздық шығармашылық. Алматы. 2007ж

5. 6. М.Жұмабаев, Педагогика, – Алматы, 1992.
7. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
8. Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 2000.

9.  Мектеп ұстаздары әлемі» педагогикалық журналы №6 (4)2015 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 989 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 8091
    • DOCX 18.7 кбайт
    • 256 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Санатбаева Улболсын Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16117
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека