Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Баяндама "Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту"

Баяндама "Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту"

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.

Сондықтан, бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы жүзеге асыру көзделеді.

Қазіргі кездегі, ақпараттық технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, келесі мақсатты өз алдымда қойдым:

ақпараттық технологияларды оқу процесіне енгізу және ағылшын тілін оқытудың сапасын көтеру.

Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды пайдалануда келесі міндеттер іске асыруды:

  • -білім беруде ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және іске асыру жолдарын анықтау;

  • -ақпараттық технологияларды білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу бойынша іс-тәжірибе жинақтау;

  • -ақпараттық технологияларды қолдануда оқушылардың ағылшын сөйлеу тілдерінің дамуын қамтамасыз ету.

  • Ақпараттандырудың қағидалары:

  • оқушы үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

  • жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

  • бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

  • жалпы компьютерлiк сауаттылық;

  • оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы.


Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне  шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Бүгінгі сабақтарымызда ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Сондықтан, ағылшын тілін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды жүзеге асыру кезеңінде келесі құралдарды пайдаланамын:

  • Компьютерлік үйрету бағдарламалары

  • Электрондық оқу құралдары

  • Компьютерлік тестілеу жүйесі мен білімді бақылау

  • Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар

  • Аудио және видеоматериалдар

  • Интернет желісіндегі ақпараттық материалдар

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген оқыту бағдарламаларын атап өтер болсам:

  • Тренажер

  • Бақылаушы

  • Тәлімгерлік

  • Көрнекіліктер

  • Ақпараттық -анықтамалар

Олар оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияны жеткізуге, пәнге қызығушылығын арттыру, тілді саналы меңгерту, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған.

Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады
Ағылшын тілін ақпаратты- коммуникативтік технологияның оқытудың артықшылығы:

  • Қолайлы психологиялық климатты жасау, ағылшын тілін оқыту мотивациясын арттырады.

  • Компьютерлік оқытудың әдістемелік құндылығы.

  • Оқытудың техникалық артықшылығы.

  • Ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби деңгейін көтереді.

Ақпараттық құзырет

Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға ақпараттық технологиялардың көмегімен жүзеге асыра алу

-Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдей алу.

«ақпарат + дидактика + компьютер»









.



Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров335
Номер материала ДВ-116385
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх