Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Баяндама "Ағылшын тілі сабақтарында денсаулық технологиясын қолдану"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Баяндама "Ағылшын тілі сабақтарында денсаулық технологиясын қолдану"

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Изображение 161


Қостанай ауданы Совхоз орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Байдрахманов Мұратбек Сұлтанбекұлы


Ағылшын тілі сабақтарында денсаулық сақтау технологиясын қолдану.




«Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала бермейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.»

М. Жұмабаев.



Салауатты өмір салты әзірге,өкінішке қарай, адамзат санасында ең басты қажетті құндылық және негізгі артықшылық болып қалыптаспай отыр. Егер қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе мұғалімдер балаларға өзінің денсаулығын құндау, сақтау және қалыптастыру тетіктерін үйретсек келесі ұрпақты денсаулығы мықты жетілген тұлға ғана емес, сонымен бірге ойлы, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырармыз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «Біздің еліміздің азаматтарының дендері сау болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, сонда ғана дұрыс қоғам құрамыз».

Жан-жақты тұлғаны қалыптастыру еліміздің білім саласындағы дамыту копцепциясының ең басты мақсаттарының бірі. Оның жүзеге асуы үшін баланың қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту ең басты міндеттілік. Сабаққа дайындалғанда мұғалім оқытудың әр-түрлі түрлерін дайындауы мүмкін, мультимедиялық, топтама, логикалық ойындар, тесттік жұмыс, ғаламтордағы әртүрлі ресурстар, электрондық энциклопедиялар. Ақпараттық дамыту технологиясы оқулықтағы бағдарламаның мазмұның кеңейтеді, дегенменен оқыту кезеніңде компьютерлік техниканың және басқада ақпараттың көздері көп қолданғандықтан мектеп оқушыларының денсаулығына кері әсер болуы мүмкін.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей соңғы кезде мектеп табалдырығын аттаған балалардың 25-30% денсаулықтары нашар болып келеді. Мектептегі оқу кезеніңде денсаулығы мықты оқушылардың саны төрт есе азаяды екен. Тағы бір мысал, түлектердің 30-40% ғана денсаулықтары жақсы болып бітіреді деген ақпаратты дәрігер қауымнан естіп жүрміз. Балалардың уақыттарының көбісі мектепте өтетінің ескерсек олардың денсаулықтары неге нашарлайтынын ойласу керек сияқты және осы мәселені шешуде мектептің үлкен роль атқаратыны сөзсіз.Осыған байланысты жалпы қәзіргі біздің міндетіміз білім беретін мектептер тек қана керекті білім біліктерін үйретіп қоймай, сонымен бірге балаларды үлкендердің қоғамына араласуға дайын, қоғамдық ортамен дұрыс қарым-қатынаста болатын денсаулығы мықты тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі уақытта экономикалық және экологиялық жағдайында балалардың денсаулығы өте маңызды болуы қажет. «Егер денсаулығың болмаса басқалардың құны жоқ» деген сөздің көп мағынасы бар.

Білім берудің ең басты мақсаты – оқушылардың денсаулығын сақтай отырып дамыту, яғни педагогикалық технологиялардың бір түрі денсаулық сақтау технологиясын қолданып, балалардың денсаулығына зиян келтірмеу. Оқу пәндерін, әсіресе шетел тілін оқыту үрдісін ұйымдыстырғанда біз оқушыларымыздың денсаулығын қорғауды ұмытпауымыз керек. Өйткені, тек денсаулықтары мықты балалар ғана білімді меңгере алады және алған білімдерін болашақ өміріне пайдалана алады. Соңғы кездегі педагогикалық зерттеулер көрсеткендей, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың денсаулықтары нашарлайтынын, сондықтан олардың орта сыныпқа барғанда белсенділіктері төмендейтінін көрсетеді.

Оқушылар әрқашан белсенділікте болу үшін әр түрлі сыныптың және әр оқушының ерекшеліктерін ескере отырып практикалық, жалпы білімдік және дамыту мақсаттарына жетудің әдісі –денсаулық сақтау технологиясының элементтерін қолдану өте тиімді. Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты – мектептегі оқыту кезіндегі денсаулығын күту мүмкіндігі, осыған керекті білімді негіздеу, алғаң білімің болашақ өміріне қолдануды үйрету.

Оқыту кезеңі ең ұзақтығына қарай өте маңызды және балалардың денсаулығына әсер ететін кезең. Оқыту үрдісінің күшейтілуі, оқыту технологияларын және көптеген жаңа әр түрлерінің қолдануы, жүйелік оқытудың ертерек басталуы әсерінен жүктемелерді меңгере алмайтын және көп ақпаратты қабылдай алмайтын оқушылардың саны, өкінішке қарай, соңғы кезде көбейіп жатыр. Осыған байланысты әрбір оқу орны жалпы оқыту міндеттерінен басқа оқу жүктемесін жеке оқыту әдістерін бірге оқушылардың жасы мен жеке қабілеттеріне қарай денсаулық сақтау технологиясын кіргізу - оқушылардың денсаулықтарын күтуге жақсы әсер етеді және тиімді өзгерістер күтуге болады.

Психологтар, педагогтар және дәрігерлердің мәліметтері бойынша шет тілі пәні өте күрделі және ең қиын пәндердің бірі. Маңызына қарай (ранжирования) оқу пәндерін 11 баллдық деңгеймен тексерілгенде ең қиын пәндерінің ішінен шет тілі пәні 10 балл алған, яғни шет тілі қиындығына қарай математикадан кейін екінші пән болып есептеледі. Сондықтан шет тілі пәнін меңгеруде қобалжу, терең зерттемеу, көп көңіл бөлмеу, т. б. факторлар белсенді болуға кедергі жасайды және оқушылардың тиянақтылығын төмендетеді. Денсаулық сақтау технологиясын қолдану әрбір оқушының өміріне үлкен рол атқарады, сабақты оңай қабылдай алуға және жылдам керекті білімдерді жүйелей алады, қиындықтарды жеңеді, мақсатқа жетуге , ағылшын тілін оқытудың міндеттерін шешіп бере алады. Сабақта оқушылар көбірек еске сақтауға, сөйлеуге, тыңдауға, мәліметтерді сараптауға көп күш жібереді. Сондықтан шет тілі сабағында мұғалім деңсаулық сақтау технологиясын көбірек пайдалану керек. Өйткені шет тілі сабағында өте көп жүктемелер бар, оқушыларды назар аударуға, мұқиятпен қарап, еске сақтау дағдысы жақсы болу керек. Ағылшын тілі сабағында сабақтың бүкіл кезеніңде жоғары белсенділікті сақтау және жалығуды, шаршауды болдырмас үшін бірнеше жағдайлар жасау керек.

Әрбір мұғалім кез-келген сыныпта сабақтардың аяғына қарай оқушыларда басы ауырғандық немесе қатты шаршауды байқайды. Мүмкін, ең басты мәселе қиын бағдарламада шығар? Немесе, соңғы кезде оқушылардың оқуға деген ынтасы неліктен төмендеп кетті? Бұл мәселелерде өте терең зерттеулер жүргізу керек. Шаршағандық және оқушылардың басы ауыратыны оқу материалдарының көптігі немесе қиындығында емес, мәселе оқу материалдарының жеткізу әдістерінде, әдістер мен тәсілдердің әр түрлігінде, оқу іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастыруында шығар. Сабақ тек қана тиімді немесе қызықты болмай, сонымен бірге денсаулықты сақтайтын және маңыздылығын жете түсінетін сабақ болу керек. Сонда ғана біз шаршау, қызықпаушылық мәселелерін шеше аламыз.

«Отыр және қозғалма!». Балалық шақтан бастап естіп келе жатқан және ата-аналарымыз бен мұғалімдердің жекеменшікке шығарып алған бәрімізге таныс сөз. Колифорния университетінің физиологі Лоуренс Морхауст көп жылғы зерттеуі бойынша сабақта қозғалу, қимылдау жақсы қан айналысына, миды кислородпен қамтуға және тез шаршағандықты жояды деген тұжырымға келді. Отырған адамнан гөрі қозғалыстағы адам ақпараты тез қабылдайды, ойлау әрекеті жақсы дамиды. Қәзіргі уақытта оқушылар өте аз қозғалады, белсенсіз іс-әрекеттер көп, теледидар көру, компьютерде көп уақыт отыру т.б. Оқу жүйесін 12-жылдық білімге көшіргенде оқушыларға оқу жүктемесі көбеюде, сондықтан оқу материалын өзгертумен бірге оның жеткізу әдістерін және түрлерін де өзгерту керек.

Оқыту түрлері, әдістері, құралдарын таңдауда оқушының денсаулық жағдайы мен жеке психологофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы;

-еркін таңдау (еркін әңгімелеу, әрекет ету және өзара әрекет ету тәсілдерін таңдау);

-белсенді әдістер (оқушылар мұғалім рөлінде, әрекет ету арқылы оқу топта талқылау, рөлдік ойындар, дискуссия, оқушы-зерттеуші);

-өзін тануға және дамытуға бағытталған әдістемелер (интеллект, эмоция, қатынас жасау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау);

-үй тапсырмасын даралау;

-жас-жыныс ерекшеліктерінің ескерілуі;

-таза ауада тыңығу, ойын түрлерін ұйымдастыру.

Әр балаға өзінің қабілеттерін сезінуге, олардың дамуына жағдай жасауға, баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесу мектептің негізгі міндеті болып табылады, яғни оқытуда және тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағыт орнату керек. Жеке тұлғаға бағытталған жалпы технологияны денсаулық сақтайтын технологияға жатқызуға болады. Мысалы кез-келген технологияда мынадай нақты факторлар болады.

-Ойын технологиясы;

-Деңгейлі дифференциация технологиясы;

-Жобалау әдісі;

-Әрекет ету технологиясы.

Деңгейлі дифференциациялы оқыту технологиясы, сабақты оқушының дара мүмкіндіктері мен қабілеттеріне байланысты құру, үш денгейлі тапсырмалар қолдану.

Мектеп ішінде оқушының табиғи ортасына жақындататын бірден бір фактор болып оқушының қозғалыс режимін белсенді ету болып табылады. Психологтардың айтуы бойынша психикалық шиеліністі қозғалыс арқылы ғана жоюға болады. Мысалы;

-Жаппай сұраныста доппен ойын ұйымдастыру; оқушы дұрыс жауапқа допты қағып алады, қате жауапқа допты алмай, дұрыс жауабын береді.

-Ойын түрлерінде жақсы байланыс жасау және сыныптастарының жауабын бағалау ретінде қолдану; алақан ұру, түсті қағаздармен белгі беру, т.б.

-Жұппен немесе топпен жұмыс, «ұшақ», әғни бір топтан немесе жұптан басқаға белсенді ауысуы.

Денсаулық сақтау оқыту технологиялары үш топқа бөлінеді:

-педагогикалық ұйымдастыру техногиялары - қалжырау, гиподинамия және басқа бейімделуге теріс жағдайларды алдын алуға мүмкіндік беретін оқу үрдісінің құрылымын санитарлық ережелерге сай аңықтайды;

-психолого-педагогикалық технологиялар - сабақтағы пән мұғалімнің тікелей әрекетімен байланысты;

-оқу-тәрбиелік технологияларына оқушыларда денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, өзінің денсаулығын күту сауаттылығы жөнінде оқыту, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, зиянды әрекеттердің алдын алу, сыныптан тыс тәрбие сағаттары, ата-аналармен ағарту жұмыстары жатады.

Денсаулық сақтайтын оқыту технологиясы, В. Д. Сонькинаның пікірі бойынша,- бұл оқушыда денсаулығын сақтауға және нығайтуға әсер ететін денсаулық сақтау мәдениетін, жеке қасиеттерін тәрбиелеуге, денсаулық жөнінде құндылық қөзқарастарын қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануды ынталандыруға бағытталған барлық психологиялық-педагогикалық технологиялар, бағдарламалар, әдістер.

Денсаулық сақтайтын оқыту технологиялардың мақсаты – мектепте оқу кезінде оқушының денсаулық сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушыға салауатты өмір салты бойынша қажетті білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Бұл мақсаттардың орындалуы келесі білім беру үрдістерге байланысты:

- Санитарлық ережелерге сай оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуы;

-Оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігінің ыңғайлы ұйымдастырылуы;

-Салауатты өмір салты және денсаулық құндылықтары қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар.

Оқушының денсаулығына теріс әсер ететін «мектептік» факторлар белсенді түрде талқыланып және зерттеліп жатқан мәселелер:

-оқу үрдісінің интенсификациялануы (оқу жүктемесінің көлемі мен қарқының үнемі үлғаюы); білім беру үрдісінің дидактогендік ұйымдастырылуы, оқу бағдарламалары мен технологиялардың кемелсіздігі, оқу –тәрбие үрдісінің психологиялық мәдениетінің жеткіліксіздігі;

-авторитарлы оқыту стилі, оқушымен жеке жұмыстың жоқтығы;

-белсенді қимыл қозғалыстардың жеткіліксіздігі;

-оқушының дұрыс тамақтанбауы, білім беру мекемесіндегі гигиеналық талаптардың орындалмауы;

-мектептегі қаражат жеткіліксіздігі;

-баланың денсаулығын сақтау және денсаулық сақтайтын технологиялар сұрақтары бойынша педагогтардың құзыретсіздігі, оқушылардың денсаулық мәдениетінің төмен денгейі, денсаулық сұрақтары жөнінде сауатсыздығы;

-денсаулық сақтайтын технологияларды жүзеге асырудағы мұғалімнің жеке қасиеттерінің толық дамымуы (толерантылық, мейірімділік, әзілдеу және т.б.);

-баланың денсаулығын сақтау бойынша ата-аналардың жаппай білмеуі.

Бұл кемшіліктерді жою үшін педагог мына ұстанымдарды орындауы тиіс:

-сабақта және сабақтан тыс шаралар кезіндегі санитарлық нормалардың орындалуы (бөлме ауасының температурасы мен тазалығы, кабинеттің және тақтаның жарықтануы, ұнамсыз дыбыс қоздырғыштарының әсері).

Сабақ үстінде қалжыраған кезде денешынықтыру сәтін өткізу.

Норма-сабақтын 15-20 минутына 1 минуттен 3 рет жеңіл жаттығулардан, әр жаттығуды үш рет қайталау;

Көзге гимнастика жүргізу.

Саусақтар жаттығуларын дамыту.

Қауіпсіз белсенді қозғалыстарды ұйымдастыру.

Сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы -7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тыңдау, әңгімелеу, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б).

Бағдарлы нормасы-7-10 минут. Оқыту түрлернің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалдық және т.б.. Ауысу нормасы-10-15 минуттан кеш емес.

Күтілетін қорытынды нәтижелері болу керек:

1.Оқушы организмінің функционалды мүмкіндігінің жоғарлауы.

2.Оқушының физикалық дайындық және физикалық даму деңгейінің өсуі.

3. Салауатты өмір салтының жоғарлауы.

4.Салауатты өмір салтына, қозғалыс әрекетіне ынтасының жоғарлауы.

5.Қозғалыс әрекеттерінде оқушының өз бетімен және белсенділік

деңгейінің жоғарлауы.

6. Оқушының денсаулығын сақтау және нығайтуда педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің жоғарлауы.

7.Дені сау баланы тәрбиелеу бойынша ата-аналардың мектеп әрекеттерін қолдауы.

Сондықтан сабақты ұйымдастырғанда осы технологияның көптеген элементерінің түрлерін ұйымдастырып, сабақтың нәтежесіне жетумен бірге балалардың денсаулығын ойлай отырып қызықты да мазмұнды өткізу. Қәзір әдістемелік журналдарда, ғаламтордағы мұғалімдерге арналған сайттарда осы технологияны қалай қолдану, іске асыру туралы көптеген материалдар бар. Солардан әрбір мұғалім өзінің ұстанымына сәйкес алып сабақта пайдалану керек.







Общая информация

Номер материала: ДВ-182284

Похожие материалы