Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама "АЛАШ АРЫСЫ – МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ"

Баяндама "АЛАШ АРЫСЫ – МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

АЛАШ АРЫСЫ – МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ


hello_html_0.gifҚазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі- ақын,

ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы М.Ж..Көпеев

1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл

ауданы өңірінде Найзатас деген жерде дүниеге

келген. «Бес жаста «біссіміллә» деп жаздым хатты,

Бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деп Мәшһүр

Жүсіптің өзі айтқандай, бес жасынан бастап-ақ

молдадан хат таныған ол 1870 жылы Хамеретдин

хазіреттің медресесінде, одан кеиін Бұхарадағы

Мірараб діни жоғары оқу орнында оқыды. Ақын

ауыз әдебиеті нұсқаларымен жас кезінен бастап

танысып, халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен.

«Ертарғын», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» секілді

халық жырлары мен Шығыстың қисса-дастандарын

жатқа айтуының арқасында Мәшһүр Жүсіп атанды. «Мәшһүр» арапша белгілі деген мағынаны білдіреді. Медреседе оқып жүрген кезінде ол балалардың алды болып, он бес жасынан бастап өлең жаза бастады. Ауқатты отбасында дүниеге келген Мәшһүр Жүсіптің әкесі де, анасы да ұстамды және сабырлы болған. Отбасындағы осынау ұстамдылық Мәшһүрдің де қаршадайынан өз ісіне мұқият қарауына әрі өзіне талапшыл болып өсуіне ықпал еткен. Ол Шорманның Мұсасы салдырған Баянауылдағы медреседе білім алды. Жүсіп Көпеевтің «Мәшһүр» атануы туралы ел арасындағы бір әңгіме былай дейді: Мұса өзі салдырған медресеге келіп, шәкірттердің оқуын қадағалайтын болса керек, Бір жолы Мұса көп шәкірттің ішінен құранды ерекше зеректікпен оқитын кішкене Жүсіпке назар аударады. Хазірет Халимолданың рұхсатымен басқа да көптеген өлеңдерді жатқа айтып береді. Сонда таңдана отырып, Мұса: «Сен өзің мәшһүр (көпке танымал адам) болайын деп тұрған бала екенсің, Жүсіп атыңа Мәшһүр есімін қосып айтатын бол», - деп ризалық білдірген

Содан бастап Жүсіп есіміне Мәшһүр аты қосылып айтылатын болған. Ақындық жолға бой ұру, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасынан басталғанын Мәшһүр шайыр былай баяндайды:


Айрылдым дәл он бесте ақыл – естен,

Жабысып бір дауасыз ауру төстен.


Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеріп, үнемі өз бетінше оқу, іздену арқылы заманындағы білімділер қатарында болды. 1875 жылдан бастап бала оқытушы бола жүріп «Дала уәлаяты» газетіне хат-хабар, мақала жіберіп тұрады. Жиі-жиі ел аралап, оңтүсітік, солтүстік, батыс, орталық өлкелерде болып, ел тарихын, әдебиет үлгілерін этнографиялық материалдар жинайды. Мысалы: Бұхар жырау мұрасының бізге ең мол болып жетуі , оның жырларын Мәшһүр Жүсіптің жинап, жазып қалдыруының арқасында болды. 1887-1890 жылдары Самарханд, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларын аралап, араб, парсы тілдерін жете меңгерген. Осы жылдары түркітанушы, ғалым, академик В.В.Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен айналысты, жар-жар, аужар,бата, ұлағатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни хиссаларды жинап жариялады. 1907 жылы Қазан қаласында ағайынды Құсайыновтар баспасынан «Хал-ақуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарырақаның кімдікі екендігі» атты үш бірдей кітабы жарыққа шықты. Бұл еңбектерінде ақын қазақ халқын өнер-білімге баулу, елде мектеп, медреселер ашу, жер тағдыры секілді өзекті мәселелерді көтерді.

Павлодар қаласында ақын атында мешіт, Баянауылда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайы бар.Мұражай- тарихи- мәдени мекеме. Іргетасы 1980 жылы қаланған. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы «Жаңажол» ауылының іргесіндегі Ескелді биігіне-ақын жерленген жердің жанына салынған.

hello_html_0.gif

















Ақынның жоғарыдағы аталған кітаптарында өнер-білімді тарату, халықты алдыңғы қатарлы озық елдер қатарына көтеруді көксеп, ел ішіндегі парақорлықты және пайдакүнемдік секілді келеңсіз жайларды өткір сынға алған болатын.


Биге- пара, байларға-өсім болды,

Бой тартқан, адамдықтан барма қашқан?

«Сен кімнен қорқасың» деп жел береді,

Кісі жоқ қой дейтұғын, жұртты басқан,-дейді ақын. «Хал- ақуал» атты өлеңінде, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» дейтін еңбегінде қазақ халқы өз жер-суынан айрылып, ақ патшаның отаршылдық талауына түскенін жазады. Мұнда ол бұдан 500-600 жыл бұрынғы қазақ тарихын қозғай келіп, Сарыарқа қазақтың ноғайлы заманынан бергі ата-мекені екендігін атап көрсетті. «Ата-бабамыз қанын төгіп алған Сарыарқа таланып жатыр, патша оны тартып алып, переселендерге беруде»,- деп ақын қатты ашына жазды. Патшалы Ресейдің қазақ еліне достық ниетінің жоқ екенін, жасаған іс-қимылдарының астарында құйтырқы саясат жатқанын ашықтан-ашық жазды. Бұл айтылғандар әрине патша жендеттеріне аса ұнай қоймады.Ақынды қудалау басталды.1907 жылы Мәшһүр Жүсіптің Бұхар,Ташкент,Түркістанға сапары өзгеше еді.Өйткені ақынның еңбектеріндегі азаттықты аңсаған сарынды сезген бойда-ақ патша үкіметі қамауға алуға шындап кіріскен еді. Сол кітаптарды басып шығарған Қазандағы Хұсайыновтардың баспасына 12 мың сом ауыр айып салынды. Ақынның қамаушылардың тізіміне ілігуі және ел ішінде бұғынып жүруі, бәрі-бәрі патша үкіметінің өздеріне қарсы шыққысы келгендерді жөргегінде тұншықтырып тастауға тырысуының әсері еді.

Көреміз өйтіп-бүйтіп күнімізді ,

Шығармай жұрт естір деп үнімізді.

Күндіз ұшып жүруден бой сақтадық

Алған соң әркім жұлып жүнімізді –деп жырлаған ақын патша үкіметінің халыққа тізе батырып отырғанын суреттеп, халықты түнде ұшатын үкіге теңейді. Әл-ауқатты отбасынан шыққанымен Мәшһүрдің өз халқының тағдырына алаңдаушылығын сезінген жанның жүрегіне жылу ұялайды.

Елдің ғылым-білімнен алыс жатқанына жүдеу тұрмысына, көнбістігіне іштей қиналған ақын : Қазағым,өнер ізден, ұрлық-зорлық ,

Қыласың бір-біріңе неге озбырлық ,

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,

Басыңа келген жоқпа талай қорлық ,- деп, елін бірлікке, өнер-білімге,ұйқысынан оянуға үндейді. Көбінесе ақынның өлеңдері елге жазбаша түрде ұсынылып отырды және жазба әдебиетінің де өкілі ретінде танылды. Ақынның қандай еңбегінен де тек қана парасаттылық , ұлтжандылықтың лебі есіліп тұрғандай. Өз ұлтының жанашыры бола білген осындай асыл азаматтарымызды атап айтпай кету үлкен кемшілік болар еді. Олар: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Осындай ұлтымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының халқына жасаған еңбектері еш кетпек емес.

Балалар, жалқау болмай оқы сабақ ,

Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ .

Айырылса оқу оқып білгенінен ,

Біз оны деп айтамыз «арамтамақ»,-деп жастарды ерінбей еңбек етуге,оқу оқуға үндеген әрбір сөзі кейінгі ұрпаққа мәңгілік ұрандай көрініп тұрады. «Жаман әйел туралы» атты еңбегінде :

Ұялмай отырады тілін безеп,

Әдеппен сөйлемейді тілін тежеп.

Бүйтіп өткен өмірде не қызық бар

Ұрғашы, еркек жұмысын бір өзі істеп- дейді ақын. Мұнда әйел затының ибалы, инабатты болып ұрпағына берер тәрбиесінің оң болуы жөнінде сонымен қатар өсек-аяң, ғайбат сөзден тиылуы керек екендігін ескертіп өтеді. [2.185-бет]

Ақын 1931 жылы қайтыс болды.

Бұл жалған қанша қусаң,ақыр-өлім,

Аларсың бір сыбаға онан тиым.

Дүниеде өзің өлсең сөзің қалсын,

Сөйлеп қал осындайда, қызыл тілім.

Осылай жырлаған Мәшһүр Жүсіп осынау қамшының сабындай қысқа өмірде ашкөздікке салынып дүние қумай, оның есесіне кейінгі ұрпақ тұшына еске түсіріп, ғибрат аларлық еңбек қалдыр деп өсиет етеді. [2.146-бет]


Мәшһүрдің шығармашылығына Кеңестік саясат ұлтшылдық , діншілдік басым деп, ұзақ уақыттар бойы еңбектерін жариялауға рұқсат етпеді. Мәшһүр Жүсіптің ақындығында сөз мағынасын кеңейтіп қолдану үлгісі пайдаланылады. Түсініксіз ұғымдарды ұлттық нақышпенен халық түсінігіне жақын суреттеуге шебер. Дәл қазіргі кезде ұлттық идеологияны дәріптейтін шығармалардың азайып кеткені көзге көрініп қалып жүр.Ақынның халық қамын ойлап жазған әрбір өлең-жырлары осы күнгі еліміздің жастарын тәрбиелеуде тигізетін пайдасы ерекше екенін атап айтқым келеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы тарихи , әдеби –ғылыми тұрғыда қарастырылып , әдебиетіміз бен мәдеинетіміздің тарихы төрінен әлі де өзінің лайықты орынын алуы қажет.

Қорытындылай келе жан-жақты, біртуар фолклортанушы , лингвист, әулие –ақынның шығармашылығы мектеп оқулығына кеңінен енгізілсе , келер ұрпаққа берері мол болар еді.





Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 6- том. Алматы, Қазақ энциклопедиясының»

Бас редакциясы. 2004жыл.


2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 1- том. Алматы. «Алаш» баспасы.2003жыл.


3. Кенжебаев.Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Жетінші кітап.

Алматы, «Білім», 1993 жыл.


4. Бес ғасыр жырлайды. 2-том. Алматы «Жазушы» 1989 жыл.






























5


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров38
Номер материала ДБ-293832
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх