Инфоурок Физическая культура КонспектыБаяндама "Алғашқы медициналық көмек"

Баяндама "Алғашқы медициналық көмек"

Скачать материал

                     Алғашқы көмек көрсетудің негізгі шарттары

 

      Бақытсыздық жағдайға ұшыраған  адамға бірінші болып қол ұшын берген азамат дереу оның негізгі себебі мен мәнісін анықтап, алғашқы көмек көрсетуге кірісуі керек. Және ісінің сәтті аяқталуы үшін мұндай көмек бастан-аяқ бір адамның басшылығымен жасалануға тиіс. Көмек көрсетуші адамның асыл-саспай, барынша сабырлылықпен дәл қимылдап, ұқыптылық көрсеткені жөн. Кейде адамды ауыр салмақты заттардың жаншыл қалуы мүмкін. Оны босатып аларда мейлінше сақ болған жөн. Ал қолайсыз қимылдан қатты ауырсынған адамның жалпы жағдайы күрт нашарлап, күтпеген жайсыз жағдайға душар болуы да ықтимал.

      Кездейсоқ бақытсыздыққа ұшыраған адамды жайлы жатқызып, орналатырып болысымен-ақ киімдерінің түймесін ағытып, белбеуін босатуды ұмытпаған жөн. Жарақаттанған адамның жалпы күрт нашарлап кетсе, жәрдем берушінің оған әуелі салқын су жұтқызып, бар болса валерьян тамшысын ішкізіп, тез арада қолдан дем алдыруға кірісуі-кезек күттірмейтін іс. Алғашқы көмек көрсетіліп болысымен адамды дереу жақын жердегі дәрігерлік мекемеге жеткізуі қажет.

     Адамның жалпы жағдайы күрт нашарлағанда көрсетілер көмек. Тәжірибеде мынадай жағдайлар да жиі кездесіп тұрады. Кейде жарақаттанған адамның қатты қорқып, соншама шошынуы салдарынан тамырының білімі жоқ жәрдемшілер не істерін білмей, жарақаттанған адамды «жүріп кетті» деп те ойлайды. Адам жарақаттанған кезде ағзадағы жан төзгісіз ауырсынудың салдарынан естен тану, ылықсу, шок, коллакс, сияқты тіршілікке аса қауіпті кезеңдер болады. Міне, осы сәтте пәрменді көмек көрсетудің өзі үлкен ерлік.

     Талықсу және естен тану дегеніміз, ең алдымен, адам ағзасындағы көптен бері білінбей жүрген кейбір сырқаттардың алғашқы белгілердің бірі, еш себепсіз соғып тұрған жүректің бір қалыпты қозғалыс ритмінің бұзылуы мүмкін емес. Жайбарақат жүріп келе жатқан адам кездейсоқ оқыс құлап талықсып кеткенін байқамасымен-ақ, жәрдем беруге жүгіріп жеткен кез келген азамат бірден жүрек-қан тамырларының қызметін жақсартуға әсер ететін шараларды қолдануға тиіс. Ол үшін талықсып кеткен адамды бас жағын барынша төменірек, аяқ жағын 35-40см-дей көтеріңкі, жайғастырып жатқызған жөн. Бірден барлық түймелерін ағытып, кеуде жағын ашып, киімдерін жеңілдету керек. Үй жағдайында есік-терезелерді ашып, бар болса дәкеге немесе мақтаға тамызып мүсәтір спиртін иіскетіп, жоқ болса салқын су бүркіп, мүмкінді болса таза ауаға шығару қажет. Егер адам құлап түсіп бір жері мертіксе, сынған мүшесі қозғалмастай етіп таңып байлап, дереу ауруханаға жеткізу керек.

      Естен тану немесе талықсып кетуі көп жағдайда ағзадағы қан мөлшерінің азаюынан, ми мен нерв талшықтарының қажыуынан, жарақаттанған сәттерде өте қатты ауырсынып, қиналудан немесе жан күйзеле жабырқаудың салдарынан болады. Мұндай кездерде қан тамырлары тарылып ми қабатын үздіксіз қоректендіріп тұратын қан мөлшері азайып кетеді.

      Талықсудың негізгі белгілері; адамның өңі қашып, бозарып кетеді, денесінен, әсіресе маңдайы мен танаудың үстіне суық тер шығады, тынысы тарылып, жүрек қағысы нашарлайды. Сөйтіп сан қилы, аса қатты шошу, күйзеле қайғыру, іш құрлысындағы мүшелерден қан кету, аш өзегі талып, ұзақ ашығу, діңкесі құрып шаршап-шалдығу, қаталап қатты шөлдеу және тағы басқалар. Сырқат адам жоғарыда, айтылған алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін біраз сергіп, басын көтерісіменен, оған дереу ыстық қою шай ішкізіп, ал егер жүрек жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектер жоқ болса, онда 50-60 грамдай ақ арақ немесе коньяк беруге болады. Егер сырқат адамның тыныс алуы бұл жасалған көмектерден де оңала қоймаса, онда бірден қолдан дем алдыруға кіріскен жөн.

       Шок пен коллекс дегеніміз адам ағзасының өкпе, жүрекке ми, қан тамырлары жүйесі сияқты басты ммүшелерінің жұмыс істеу қабілетінің күрт нашарлауы. Ол жағдайларда жүрек, қан тамырлары жүйесінің оқыс бұзылып, кенет ауруға күрт нашарлануы. Ондай аурулар: миокард инфаркы, стенокардия, атқылап аққан қан адам ағзасының улануы. Коллапстың барлық белгілері талықсу мен естен тануға және шокқа ұқсайды. Мұнда да адамның өңі-түсі қашып, ерні кезеріп, көкпеңбек болып кетеді. Қол аяғы мұздап, денсін суық тер басады, тынысы тарылады. Ал шокта адам психикасы қатты әлсіреп, бірден естен айырылып қалады. әрине, дәрігер емес адамдар бұл екуін бір-бірінен ажырата алмауы мүмкін. Сондықтан бұл екуіне де талықсып есінен танған адамдарға көрсетілетін алғашқы көмекті қайталап, бар болса жүрек- қан тамырларының жұмысын жақсартатын дәрілерді (камфара, көк дәрі тамшыларын беріп, жан төзгісіз ауырсынуды басу үшін люминал немесе кодени, пирамидон сияқты дәрілердің екі таблеткасын бірден ішкізуге болады. Тағы да бір есте сақтайтын жай-сырқат адамның қалтырай денесіне грелка немесе құм қыздырып басын, қымтап жауып тастауды ұмытпаған жөн. Осыдан кейін барып бір сынған болса, оны таңып байлайды, ал қан аққан жағдайда оны бәрінен бұрын тоқтату қажет.

         Асфексия –тыныс тарылып, жүрек қызметінің әлсеруі. Мұның да әр түрлі себептері бар. Көп жағдайларда дем алудың ауырлауы тыныс жолдарының бітелеп, сыртқы ауа алмасуының қиындауы салдарынан болады. Мәселен, адамдардың көбінесе арақты есінен тана ішіп, мас болған кездерінде құсығына қақалып, шашалатыны белгілі, осы сәтте оның тыныс жолдарына құсық кетуінен және протез жасалған тістердің босап, абайсыздан тыныс жолын бітеп қалуы асфиксияға ұшыратады. Мұндай жағдайда адамның аузын ашып, көмекейін тексерген жөн. Егер онда ештеңе байқалмаса деру қолдан дем алдыруға кірісіп, дәрігер қажет.

 

 

                                Қолдан дем алдыру тәсілдері

 

         Адамның тынысы тарылғанда немесе дем алуы кенет тоқтаған сәттерде алғашқы қолданылатын көмек-қолдан дем алдыру. Бұған кірісер алдында сырқаттың аузхын, тыныс жолдарын тексеріп алған жөн. Егерде оның аузында жасанды жағы, таңдайы, тісі немесе танауында ұйып қатқан қан, топырақ үгінділері болса, оларды мұқият әдісі бар, олар төмендегідей:

        Бірінші әдіс (Сильвестрдің әдісі). Дем ала алмай ауыр азапқа ұшыраған адамды шалқасынан жатқызып, сырқаттың өз үстіндегі киімдерінен намесе басқа да заттан бел тұсына биіктетіп төсеніш төсеу керек. Осыдан соң көмек көрсетуші адам сырқаттың бас жағына тізерлей отырып, оның екі білегінен (шынтағынан сәл төменірек) ұстап, « бір, екі» дегенде кеуде қуысын қос қолдай қысып, өкпедегі бар сыртқа шығарады, ал «үш, төрт» дегенде сырқаттың қолдарын жайлап жоғары көтеріп, өзіне қарай серпе тартып созады. Сонда бірденкеңейген кеуде қуысына сыртқы қысымның әсерімен лап етіп кірген ауа, өкпенің қатпар-қатпар бөлшектеріне барынша кеулеп еніп, толық дем алуына мүмкіндіе жасайды. Осылайша дем алдыру тәсілі бірқалыпты ритммен минутына 10-15 реттен қайталауға тиіс. Мұнда есте болатын бір жағдай, ол сырқат адамның тілі көмекейіне кетіп, тыныс жолын бітеп тастамауы үшін тілін бет орамалмен ұстап тұру керек. Бұл әдістің екі адам алма-кезек орындауына болады. Сондықтан да қолдан дем алдырудың басқа тәсілдеріне қарағанда, бұл әдіс әлдеқайда тиімді саналады.

        Екінші әдіс (Шеффрдің әдісі). Сырқат адамды етбетімен бір қырындата жатқызып, оның бір қолын шынтағынан иіп, басының астына жастау керек. Жәрдем беруші сырқат адамның аяқ жағынан мінбелей кеп, қарама-қарсы тізерлеп отырады. Міне, осыдан кейін кеуде қуысының төменгі жағынан қапсыра уыстап (бас бармағы жоғары бағытталған), «екі, екі» дегенде бірқалыпты сығымдай қысады. Сонда сығылған өкпе жиырылып, ішіндегі қалдық ауа сыртқы шығады. «Үш, төрт» дегенде сол қалпында саусақтарымен лықыта кеуде қуысын қайыра босатады. Осы кезде жазылған өкпе қатпарларына кеулей кірген ауа терең тыныс алдырады. Бұл тәсілдің ритмі минутына 16-18 рет қайталанады. Егер өте жылдам немесе баяу жасалынатын болса, қажетті нәтижеге жету қиынға түседі. Қолдан дем алдыру әрекеті қандай тәсілмен жасалмасын, сырқат адам өз бетінше тыныстағанша жүргізіле беруге тиіс.

     Үшінші әдіс(Говарттың әдісі). Дем алысы бұзылып, әлсіреп жатқан адамды белдеме тұсына жастықша қойып, сәл көтеріңкіреп шалқасынан жатқызып жайғастырады. Мұнда да жәрдем көрсетуші адам сырқаттың аяқ  жағынан мінбелей келіп тізерлеп отырады. Алақандарын сырқаттың төс сүйектеріне тірей, бар салмағымен «бір,екі» дегенде кеуде қуысын қабастыра қысады. Сонда, сығылған өкпе тканіндегі ауа қалдықтары қотарыла сыртқы шығады. «Үш,төрт» дегенде қайыра босатып кеуде қуысының керіле дем алуына мүміншілік береді. Сөйтіп, жаныштай барып босатылған кеуде қуысына еркін кірген ауамен тыныс алу актісі орындалады. Бұл әдіс те белгілі бір қалыппен істелуге тиісті.

         Төртінші әдіс (Лабордтың әдісі). Бұл тыныс бітіп, сырқаттың дем алысы кенет тоөтаған сәтте қолданылатын ең қолайлы және өте нәтижелі әдіс. Сырқат адамның аузын кере ашып, тілін орамалмен ұстап алға қарай соза тартып, қайыра кері итеру арқылы көмекейдегі нерв талшықтарын қытықтау нәтижесінде тыныс алу актісі қалпына қайта оралмақ. Мұнда да бір қалыпты ырғақпен, минутына 16-18 рет қайталанады. Қолдан дем алдырудың жоғарыда аталған әдістерінің ішінде қазіргі кезде бірінші әдісі өте жиі қолданылады. Және бұл әдістердің қай түрінде болсын, сырқат адамды жылындыру әрекеті қатар жүргізілуге тиіс. Ол үшін мүсәтір искетіп, денесін ысқылап, ыстық су құйып грелка қою сияқты шаралар жасалады. Ал жүрек пен қан тамырларының соғуы жақсара қоймаса, дереу жүректің тұсынан массаж жасау қажет. Көмек көрсетуші оң қолының алақанын жүрек тұсына қойып, бір қалыпты ырқақпен 15-20 секунд ішінде кеудені 20-30 рет қысып қайыра босатып, жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсатруға көмектеседі. Көмекті қандай түрі болсын жасалына бастағаннан-ақ міндетті түрде дәрігер шақыру қажет.

        Жұмсақ ет талшықтарының жаншылуы. Деніні қатты затқа соғып алу күнделікті өмірде жиі кездеседі. Жарақаттанған мүшелердің жұмсақ ткань талшықтары мыжылып, үщзілген ұсақ қан тамырларынан кеткен қан, егер тері қабаты бүлінбесе, мыжылған тканьнің өзіне сңіп сол ауырсыну пайда болады. Жаншылған мүшелер қалайда өзінің азды-көпті жұмыс істеу қабілетінен айырылады. Мәселен, белгілі бір буындар жарақаттанса, сөз жоқ, оның бүгіліп-жазылу қозғалыстары тежеледі. Қай кездерде тіпті қатты тиген соққыдан сүйектің жарықшақтана сынып кетуі де ықтимал. Мүлдем опырылып сынбаған сүйекті дәл басып біле қою өте қиын. Сондықтан жарақаттың азамат, жарақаттың бұл түріне де ұқыпты қараған жөн. Мұндай жағдайда алғашқы көмек көрсетуші азамат, жарақаттанған мүшені таңып байлап, сыртына міндетті түрде суық зат басуы қажет.

         Бастың жұмсақ ет қабаттары жаншылғанда бірден тері қабаттары көлкілдеп ісіп кетпегенімен, бірнеше күннен кейін бастың солқылдап ауруы, жүрегі айнып құсуы, тамыр соғысы нашарлап, естен тануы сияқты қолайсыз жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жарақаттың ең негізгі емі-екі,үш күндей толық тыныштық сақтап жату. Дәрігерді үйге шақыртқан жөн. Сырқаттың бас жағын көтеріңкіреп жатқызып, төбесіне мұздай су құйылған грелка қойып, аяғын жылы ұстау қажет. Егер жүрегі айнып, сырқаттың құсқысы келсе, оны төсегінен тұрғызбай, басын бір жағына еңкейтіп ыдыс әкеп құстырған жөн.

        Кеуде жаншылғанда... Көпшілік жағдайда кеуденің осылай зақымдалуы қабырға сынуымен қос қабат келуі мүмкін. Соның салдарынан қатты ауырсынған сырқаттың тынысы тарылып, дем алуы қиындайды. Кейде тіпті жүрек-қан тамырларының жұмысы да әлсірейді. Мұндайда науқасты төсекке жайлы орналастырып, түймелерін ағытып, белбеулерін шешіп, кеуде жағын жеңілдеткен жөн.

 

 

 

 

 

                            Байлаудың түрлері мен әдістері

 

      Жоғарыда айтылған, жарақаттың қандай түрлері болмасын бәрі де дәкемен, шүберекпен, орамалмен және т.с.  таңып байланады. Ал байлаудың да өзіне ерекшелігі мен әдістері бар...

      Үш бұрышты орамалмен байлау. Бұл әдіс көбінесе бастағы және жамбас пен құйрық үстіндегі жарақаттарға қолданылады. Орамал төрт бұрышты болса оның қарама-қарсы екі бұрышын бір-біріне келтіәріп үш қиықтап алып, жараны бастыра таңып байлайды.

      Байлаудың ноқта тәріздес түрі-көбіне мұрыннан қан кеткенде, желке мен иектегі жарақаттардақолданылады. Ол үшін жалпақтау бинттің не дәкенің дәл ортасын былайша айтқанда, жарақаттың үстіне келер тұсын бүтін қалдырып, екі шетін ұзыннан қақ айырып(қайшымен немесе жыртып( бөледі.

       Байлаудың қандай түрі болмасын қажетіне қарай тиімді орап таңуға ыңғайлы қарапайым болуы керек. Күнделікті тәжірибеде үлкен сыннан өткен, сан қилы байлаудың түрлері қажетіне қарай, ешуақытта бірін бірі алмастыра алмайды. Мәселен, Т тәріздес байлау басқа байлау түрлерімен ауыстырылуы мүмкін емес. Көбінесе бұл шат пен құйрық асты жарақаттарында кең түрде қолданылады.

       Бинтпен байлау. Күнделікті тіршілікте өте көп пайдаланылатын материалдың ең негізгісі-мәрліден жасалған бинт. Бинт еніне қарай үш түрге бөлінеді. Саусақтар мен бармақты байлау үшін қолданылатын бинттің ені 5см болады да, онымен жоғарыдағы айтылған мүшелерді таңып байлау өте ыңғайлы.

      Басты, иықты, білекті және балтырды, ені 7-9см бинтпен байлайды, адамның денесін ені 15-20см бинтпен байлау қолайлы.

       Байлаудың тақия тәрізді түрі. Көбінесе бастағы жарақаттарды таңу үшін пайданылады. Ол үшін бинттің қысқа үзіндісін төбеден төмен салбырата жіберіа, оның алды-артынан алып, салбырай ілінген ұшы иек астынан қыса байланады. ББастағы жарақаттарды осылайшща өте ыңғайлы да орнықты етіп байлауға болады. Төменгі суреттен иақия тәрізді байлау тәсілін көріп, ұғып алуларыңызға болады. Сол сияқты қолды, саусақтарды, байлаудың да өзіне ыңғайлы ерекше тәсілдері бар. Сырт қарағанда осы айтылғандардың барлығы да оп- оңай, тіпті сөз етудің де қажеті жоқ сияқты. Солай болып көрінгенімен байлай білмейтін адамдардың таңғаны, қаншама тырысқаныменен, артынша сусып тарқатылып жатады. Сондықтан осы жайларды еріксіз ескеруге тура келеді. Міне, төмендегі суреттерде саусақты, басбармақты, алақанды қалай байлау тәсілдері көрсетілген.

     Емшек безін байлау әдісі. әсіресе күнделікті тұрмыста өте жиі кездесетін аурулардың бір түрі балалы әйелдердің емшек безінің қабынып ісінуі болып табылады. Бұл аурудың осыншама жиі кездесетін себебі, жас босанған әйелдер кейде өзін кеүту тәртібін жақсы біле бермейді. Аяқ астынан салқын тигізеді, не болмаса баланы емізгеннен кейін артынан қалған сүтті сауып тастамайды. Ал бұл артылып іркіліп қалған сүттің іритіндігіне көпшілік жағдайда көп мән берілмейді. Сондықтан емшек безінің қабынуының түбегейлі себептерінің бірі осы болып есептеледі. Яғни жас босанған аналардың есінде болатын жай, бала еміп болғаннан кейін емшекті қақтап сауып, босатып отырулаоры керек. Бірақ мұның екінші бір ыңғайсыздығы да бар: үнемі соза берген емшектің ұшы жарылып кетеді. Олай болса ана сүтінің мөлшерін азайту үшін дәрігермен ақылдаса отырып, тамақты режиммен ішу арқылы да тежеу ге болады. Мұндайда сұйық тамақтың мөлшерін барынша азайтқан жөн. Жаңа босанған аналар көбіне осы айтылғандарды біле тұрса да, немқұрайлы қарауының салдарынан емшек бездерінің қабынуы сырқатына жиі ұшырайды. Кейде олар емшектің сызхдап белгі бергенінен бастап, азды-көпті ауырғанына қарамай сарқа сауып, қыздырғыш компресс басып, алдын ала табанды күресе білсе, сөз жоқ, дерттің бетін жылдам қайтаруға болады. Білмеген адамға компресс қойған кездерде оны таңып байлау да аса қиын.

      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Алғашқы медициналық көмек""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 860 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 4142
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 31 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Өтелгенова Ләззат Қосайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Өтелгенова Ләззат Қосайқызы
    Өтелгенова Ләззат Қосайқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42617
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теория и методика лечебной физической культуры

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 37 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы учебно-тренировочного процесса в учреждениях физкультурно-спортивной направленности (плавание)

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Формирование здорового образа жизни

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 24 регионов

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов