Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама Алдымен сүй ,ардақты ата-анаңды

Баяндама Алдымен сүй ,ардақты ата-анаңды

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды.»

Ой санасы дамыған,адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген  тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.Тәрбие жұмысының табысты болуының  басты кепілі  мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында  адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай , бала әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті, ... болуын қалайды. Ал   адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.

 Ата- ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.(Ғ.Мұстафин)

Ата- ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин)

Ата- бабасын сыйламау –  азғындықтың белгісі. (Ғ.Мұстафин)

Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы; жаманы- қайғысы, азап- соры.( В.А.Сухомлинский)

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы.Алтынсарин.)

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады.Жақсылық та адам бойына  нақ сол бала кезде егіледі.Ол жылдар өте келе ,өніп шығады.Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. (С.В. Михалков)

 Ана жүрегін сезе біл,оның жанарындағы шапағатпен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты ,абыржу мен ренішті көре біл.Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан  өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.(В.А.Сухомлинский)

Кімде – кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы »болса,ол    - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі деп ойламасын ,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса,ата- анасы оның отбасының құты болып табылады.( Платон)

Тәртіп көрген адам бала күнінде,

Өнерімен қуандырар түбінде.( Ж.Баласағұн)

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.( Ғ.Мұстафин)

Тәртіптіңең тамаша мектебі – отбасы. (С.Смайлс)  

              Аналар жөнінде күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде. Әйтсе де, осылардың ешқайсысы да ақ даулықты аналардың толық болмыс бітімін суреттеп бере алмайды. Ана деген күллі тіршіліктің иесі болғандықтан, олар жөніндегі әңгіме- жырлармен, қанатты да, шабытты да, ұлы да киелі әндермен аяқталуы мүмкін емес. Ол ғасырлар бойы жалғаса беруі тиіс. Сағыныш толы жүректің нәзік қылын шертетін, жаны жайсың, көңілі дарқан, пәк сезімді асыл аналар жөніндегі әдемі әуендер үздіксіз шырқалып, әрбір адамның жүрегінің төрінен орын алып, мәңгілік сарқылмауы тиіс. Өйткені, «Ана- таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән».

-«Аялау», «қадіріне жету», «қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу.Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені,отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.

А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде » , -деген ғой. Сіздердің отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Сол туралы балалардың қояр сұрақтарына жауап берсеңіздер.

Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар?

1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал.

2. Әдепсіз сөз, дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.

3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат,құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.

4.Баланың айтайын деген өтінішін,ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап,ақыл кеңес беруі керек.

5.Ата ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады.

Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?

Теріс әрекет жасаса, қатесін айтып, түсіндіріп, екінші қайталамауын талап еткен дұрыс. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Өз балаларыңызды ұрмаңыздар.Олар өскенде сіздер олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз, дене жазасы мен тым қаталдықтың салдарынан сіз баланың жүрегін жаралайсыз », - деген А.С.Макаренко.

Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл-хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен.

Кім сендерді, балалар

тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар,

жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын

көлдететін.

Кім сендерді сағынар

шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай,

көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз

сайын,

Хат жазып тұр, төбесі

көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді

келгеніңше,

Құлындарын көзімен

көргенінше?

Сендер қайтып келгенде

адам болып,

Еш арманым болмас

дер өле-өлгенше.

Барша аналарға тән қасиет осындай деп ойлаймын.

Ал сіздерге, ұстаздар, ата-ана ретінде сіздердің жарық жұлдыздарыңыз әрқашан осылай жарқырап жүру үшін, оларға әрқашан қорған бола біліңіздер.

1. Таудың суретін ілу

2. Бұлақтың суретін ілу

3. Гүлдердің суретін ілу

Әке-асқар тау,

Ана-бауырындығы бұлақ,

Бала-жағасындағы құрақ – деп дана халқымыз айтқандай, біздің мына ілген гүлдеріміз, сіздердің, ата-аналар құшақтарыңызда жайқалып гүлдей берсін!


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров290
Номер материала ДВ-472292
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх