Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама "Ана тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық мотивтерін қалыптастыру - интеллектуалдық , әдеби дарындылықты дамытудың негізі"

Баяндама "Ана тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық мотивтерін қалыптастыру - интеллектуалдық , әдеби дарындылықты дамытудың негізі"

Скачать материал

 

Ана  тілі   сабақтарында оқушылардың  оқу-танымдық  мотивтерін   қалыптастыру  - интеллектуалдық ,  әдеби  дарындылықты  дамытудың  негізі.

 

Қазіргі  кездегі  дамыта  оқыту  технологиясы  балаға  өз  бетінше  ойлана  білуге,  сыртқы  ортамен  қарым-қатынас  жасауына ықпал  етеді. Қарым-қатынас  жасау  барысында  жоспарлауға,  мақсат  қоя  білуге,  қойылған  мақсат-міндеттерді  жүзеге  асырып,  қорытындыны  талдай  білуге   дағдыланады.  Міне,  осындай  жүйелер  арқылы  «өзіндік  даму»  жүзеге  асады.  Соның  негізінде  өзіндік  талдау,  жинақтау,   өзіндік  бағыт  беру,  өзіндік  тәрбие,  білім  алу  жүйелері  қалыптасады.  Яғни,  дамыта  оқыту  жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттерінің  дамуына  бағытталады.

Выготский: «Педагогика бала дамуының ертеңгі емес,кешегі күніне сүйену керек»,-деген.Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады: 1)Өзекті  даму  деңгейі-бала бойында қалыптасқан,өз   бетінше  орындай  алатын  іс- әрекеттер;   2)Жақын даму аймағы-бұл бала әлі өз бетінше іс - әрекетті  орындай  алмайды, бірақ  үлкендердің көмегімен  жүзеге  асыра  алатын  көрініс.Тұлға  жақын даму  аймағына  өтуде өзекті  даму  аймағындағы  білімдерін  өз  бетінше  қолдануға,өзіндік  танымын  дамытуға дағдылынады.Дамыта  оқыту   технологиясы   мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  сенім мен  оның  ішкі  әлемін  танып  білуге,жеке  қасиеттері  мен  мінезін  ашуға  мүмкіндік  береді.   Дамыта  оқыту  жүйесінде  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  негізгі  жолы –оқу  іс-әрекетін  қалыптастыру  болып  табылады. Бастауыш саты   - оқушыда, оның     интеллектісі   дамуының  іргетасы -  оқу  әрекеті  қалыптасуының  қуатты   жүретін  кезеңі.Оқу  әрекетінің  мазмұны оқу  тапсырмалары  түрінде   құрылады.Осы тапсырма түрлерін  меңгеру оқушы  ойын тәртіптеп,      оның  белгілі  бір  бағытта  жүйелі «арнамен жүруін»  қамтамасыз етеді.Оқушы әр  түрлі  оқу  тапсырмаларын өздігінен шешіп  орындаудың  ортақ  тәсілдерін,өз әрекетін бақылап-бағалауы, нәтижиесін эталонмен  салыстыруды  меңгереді. В.В. Давыдов ілімі бойынша  оқу   әрекеті  - өзіндік  құрылымы бар  жүйе. Оқу   әрекетінің   мазмұны мен  құрылымын бір –бірінен  бөліп   қарауға  болмайтын     3 бөліктен тұрады: оқу -  танымдық  қажеттілік, мотив, оқу  міндеті:  соған сәйкес әрекеттер және операциялар.

Элконин-Давыдовтың  дамытпалы  оқыту  идеясына  сүйенсек  осы  компоненттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы  - оқу-танымдық  мотивтерін  қалыптастыру   болып  табылады.  Себебі, мотив  қалыптастырмайынша  оқушының  жаңа  білімді  игеру  мен  оқу  әрекетіне  деген  қозғаушы  күшін  оятып  алмай,  танымдық  белсенділіктері мен  ақыл-ой  белсенділігін   дамыту  туралы   сөз  қозғау  артық  болар  еді.                                                                                       Бұл  тақырыптың  өзектілігі   мынадан   байқауға   болады.                                                                                                                                                                    Бүгінгі  заман  талабы    оқытылатын    пәндердің  балалардың  болашағында   өзі  қалаған  мамандығына   қарай  бағытталуына,   яғни  алға   қойған  мақсатының   нақты   болуына   ерекше  назар  аударылуда .  Сонымен    бірге   жеке  тұлға    қалыптастыру,   дарындылықтарын   ашу, білім  мен   тәрбие  берудегі   мемлекеттік   істің    ең  маңыздысы  болып  отыр.      Осыған  байланысты   менің   алдыма   қойған    мақсатым  -ана  тілі  сабақтарында  оқушылардың    оқу-танымдық   мотивтерін   қалыптастыру  жолдары.      Қойылған  мақсатқа  жету   үшін    мынандай   міндеттер   қойылды :                                                                                         1)оқушыны  ізденіс   әрекетіне   бағыттау                                             2)сынитұрғыдан   ойлауға   жетелеу                                                           3)өздігінен  білім  алуға  бағыт-бағдар  беру                                            

4)бала  білімін  жоғары   шығармашылық    деңгейге   көтеру   

Дамытпалы   оқыту  жүйесінің    негізгі  мазмұны   оқушының  жаңа  білімді  өз  бетімен  іздену   әрекеті   арқылы   алуын  ұйымдастыруға   бағытталғаны  белгілі.

 Оқушылардың   білім  сапасының   бастапқы   деңгейі  тест  жүргізу  арқылы  анықталды.  (кесте 1)  Бұл  жұмыстың   нәтижесінде   оқушылардың   шығарманың  авторын  білуі,  негізгі  ойды  анықтауы,   мәтінді  салыстыруы,  ұйқас  ойлауы  әліде   жетілдіру   керектігі   байқалды. Осы  жұмысты   жетілдіру ,  қойылған  мақсатты  іске  асырудың    бірден-бір жолы оқушының ана  тілі пәніне  деген  оқу-танымдық  қызығушылығын  арттыру  болып  табылады.  Бұл іс-әрекет оқушының  ана  тілі  пәніне деген  саналы  қатынасына  негізделген  оқу-танымдық  мотивтерді  қалыптастырудың  алғашқы  сатысы  болып  саналады. Осы  орайда  мені  ойландырған  мәселе  баланың  ана  тілі  пәніне  деген  қызығушылығын   тудырып  алмай,  жұмыстың  нәтижесі  болуы  мүмкін  емес.  Бастауыш  мектеп  баласының  ойын  баласы  екені  бәрімізге  белгілі .Сондықтан  оларды  күрделі  оқу-тәрбие  үрдісімен  жалықтырып  алмау  жағын  ең  алдымен  қарастырамыз.  Оқушылардың  пәнге  деген  оқу-танымдық  қызығушылығын   арттыру  мақсатында   дамытушы  ойын-  тапсырмаларды  пайдалану  арқылы  интеллектуалдық   және  әдеби   дарындылықтарын  дамыту. (сызба 4  Оқу-танымдық   қызығушылығын   арттыру) («Қай  әріпті  жоғалттым?  Сәйкес  буынды  тап?   Қай  сөзді  жоғалттым?  Бұл  қалай  өзгерген?  Сөйлем   қуаласпақ, Не   қажет?Өз  орныңды  тап»т.б.  Сонымен  бірге   Т-кестесі, Тірек  сөздер,  Венн  диаграммасы,   Бес  жолды  өлең,  Семантикалық  кесте,  РАФТ,  Топтастыру,  Болжау т.б.  сын тұрғысынан  ойлау  стратегияларын  қолданамын.   Ана  тілі  пәнінен  «Сәулелі  жұлдыз  іздеген  адам», «Қырдың  жас түлегі»  әңгімелерін  өткенде  РАФТстратегиясы   бойынша   жұмыс   жасалынды. (оқушы   жұмыстарына  тоқталу).  Мұндай  тапсырмалар  мен  ойындар  оқушының  ерік,  күш-жігерімен  қоса  оны  танымдық  қызмет  белсенділігінін  арттыруды  да  мақсат  етеді.  (сызба5  Өздігінен  әрекет  ету) кесте,   диаграмма)   Бұл  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  оқушылардың  жоспар  құра  білу, талдау,   салыстыру   әрекеттерінің  деңгейі  жоғарлағанын   байқауға   болады.  «Мәтінді  ары  қарай  жалғастыр», Өлеңді  қара  сөзге  айналдыр»,  өтірік  өлең,  жұмбақ, жаңылтпаш  ойлауға,  құрастыруға   тапсырмалар  беремін.  (  Мысалы,  оқушылардың  құрастырған   өлеңдерін  келтіру)   Сол  сияқты  «Ғажайып  бақ»  ертегісін  өткен  кезде   оқушылардың   қиялдауына,  шығармашылықтарының,  әдеби  дарындылықтарының   дамуына  ықпал  жасалынды.(оқушы  жұмыстарына  тоқталу  Ақгүл)   Осындай  іс-әрекет  түрлерінен  бастау  алған  оқытудың  негізінде  оқушының  білімді  даяр  емес,  олардың  еркін  танымдық  әрекеті  үстінде  өздігінен  әрекет  етудің  жоспарын  құра  білу,  талдау,  салыстыру,  нақтылау  арқылы   алынған   білімдеріне   сүйеніп,  жаңа  тұжырымдар  мен  ой  толғауларын  жасауға  үйретеді. Оқушылар  алған  білімдеріне  сүйене  отырып,  жаңаны  тануға,  оқу  еңбегінде  саналы  әрекет   жасауға,  кездескен  қиындықтарды  жеңуге  ұмтылдырады,  танымдық  белсенділігін  арттырады. 

  Ана  тілі  сабақтарында  оқушылардың  оқу-танымдық   мотивтерін  қалыптастыруда  қолданатын  басқа  да  әдіс-тәсілдері  мен  іс-әрекет  түрлерін  ұйымдастыру  жолдарына  қысқаша  тоқтала  кетейін .(№6 кесте   Оқу-танымдық   мотивтерін  қалыптастыру.)

  .оқу  материалдарына  мазмұндық  талдау  жасау (СТО тұрғысындағы  тиімді  стратегиялар)

  .өз іс-әрекеттеріне  рефлексиялық  талдау  жасау.

   . «Жас  оқырман»  күнделігімен  жұмыс.

   .ізденіс-зерттеу  әрекеттерін  ұйымдастыру.

   . тақырыпты  мазмұнына  қарай  жинақтау.

   . арнаулы  бір  тақырыпта пікірталас тудыру

   . логикалық ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсырмаларды  шешу (сөзжұмбақ,құрастырмалы  ойындар )

   .берілген тапсырманы  түрлендіру  бағытындағы жұмыс(мәтін  мазмұнын өңдеу,  шығарма,  шағын әңгіме  мәтінін құру т.б )

   .әңгіменің ұқсастығын  салыстыру, рольге  бөліп оқыту

  . ұнатқан кейіпкеріне мінездеме  беру

  . ой шапшандығын, сөз  байлығын дамытуда өлең  шумақтарын құрастыру 

  Осындай  іс-әрекет  түрлерін  жоспарлап,  ұйымдастыра   келе  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын  оятып,  ең   бастысы  ауызша  сөйлеу  мәдениетін  дамытуды  мақсат  еттім.   Ал,  ауызша  тілі  жақсы  дамыған   бала  жазба  тілде  де  еш  қиналмайтыны  белгілі.

  Осы  орайда  мен  Ю.К.Бабанскийдің  жүйесіне  сүйендім.(сызба 7  Жаңа  ұғымды қалыптастыру)  Онда  жаңа  ұғымды  қалыптастыруда  оқушыны  тебірентетіндей  фактілерді  тиімді  қолданып,  әрбір  тілдік  ұғымға  байланысты   жаңа  мәліметтерді  оқушы  қызығатындай   ізденіс-зерттеу  әрекетін  ұйымдастырып,  авторлар  мен   ғалымдар  өмірінің  қызықты   сәттерін  жинастырып,   өмірмен  байланыстыру,  ақыл-ой  белсенділігін  дамытуға  бағытталған сұрақ-тапсырмаларды  пайдалану- олардың  пәнге  деген  танымдық   қызығушылықтарын  арттыратынына  көзім  жетті.  Осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  баланың  оқу  әрекетінде  танымдық  белсенділігін  арттыратын  мотивтер  екендігін  баса  айтқым  келеді.  (сызба8  Жас  оқырман  күнделігі)  2сыныптан   бастап  балалар  өз  бетінше  жазып  оқи  алатын  деңгейге   жеткен  кезде   әр  оқушы  «Жас  оқырман»  күнделігімен  жұмыс  бастайды.  Бұл  күнделікпен  жұмыс  төмендегідей  міндеттерді  шешуге  көмектеседі : 

  1)қосымша  әдебиетпен   танысу

  2)сөздік  қорын  молайту

  3)жазбаша  тілін  дамыту

  4)шығарманың  негізгі  ойы  мен  идеясын  анықтауға  дағдыландыру

 Қорыта  айтқанда  ана  тілі  сабақтарында оқушылардың  оқу-танымдық    мотивтерін  қалыптастыру – интеллектуалдық,  әдеби   дарындылықты   дамытуда   оң  нәтижелерін   көрсететіні  сөзсіз.  

Осы  атқарылып  жатқан  істердің  нәтижесі  қазіргі  заман  талабына  сай   жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  дарынды  балалардың   көбеюіне  жасап  жатқан  жағдайымыз    деп  ойлаймын.   Оқытудың   мұндай   түрі   оқушыларды   дайын   информациямен   қаруланушы   ғана   емес,   танымдық   дарындылықтың    шығармашыл  тұлғалары  ретінде   тануға  мүмкіндік  береді.

  

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

                      Жоспар 

 

1.Дамыта  оқыту  технологиясы  жеке  тұлғаның  барлық  қасиеттерінің  дамуына  бағытталуы.

*Л.С.Выготский  бала  дамуының  деңгейін  анықтауы.  

*Оқу-танымдық  мотивтерін  қалыптастырудың  маңыздылығы.

    *Тақырыптың   өзектілігі.

 *Мақсат, міндеттерді  шешу  жолдары.

 *Зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі.

 *Ю.К.Бабанский  жаңа  ұғымды  қалыптастырудағы  жүйесі.

    * «Жас  оқырман күделігімен жұмыс.»                   

     2.Оқушылардың  оқу-танымдық  мотивтерін  қалыптастыру- интеллектуалдық, әдеби  дарындылықтарын  дамытудың  оң   нәтижелнрі.                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Кіріспе

Ана  тілі  сабақтарында  оқушылардың   оқу-танымдық  мотивтерін  қалыптастыру- интеллектуалдық,  әдеби дарындылықты   дамытудың  негізі.

1.Қазіргі  кездегі  дамыта  оқыту технологиясының  маңызы.

   Дамыта  оқыту жеке тұлғаның  барлық  қасиеттерінің дамуына  бағытталуы.  Л.С.Выготскийдің  бала дамуының  деңгейін  анықтауы.  Дамыта  оқыту  жүйесінде мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас  жаңа қағидаларға  негізделген.  Оқушының  пікірімен  санасу,  көзқарасын  құрметтеу,  оның  дамуына,   дарындылығының  ашылуына  себеп  болады.

 Дамыта  оқыту  жүйесінде  жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі жолы- оқу  іс-әрекетінқалыптастыру болып табылады.  В.В.Давыдов ілімі  бойынша  оқу әрекеті - өзіндік құрылымы бар жүйе. Оның үш бөліктен  тұратынын  айтады.Элко-нин-Давыдовтың  дамытпалы  оқыту  идеясы  бойынша оқу  әрекетінің  ішінде ең  маңыздысы-оқу-танымдық  мотивтерін қалыптастыру болып  табылады. Тақырыптың  өзектілігі  (сызба). Алға  қойған мақсат,  міндеттер (сызба )  бойынша  айту.Осы мақсаттың орындалуына байланысты   жүргізілген  жұмыстар,  оқушылардан  алынған тест  нәтижесіне  тоқталу (кесте, диаграмма). Оқушылардың  оқу-танымдық  қызығушылықтарын  арттыру(сызба  бойынша сөйлеу.)Оқушылардың  жұмыстарына  тоқталу.                                                                                                                                                                                                                                                                         

«Өздігінен  әрекет  ету»  сызбасы  бойынша айту, нәтижесін  диаграммадан көрсету.

Оқушылардың  оқу-танымдық  мотивтерін  қалыптастыру  жолдары. Жүргізілген  жұмыстардың  нәтижесінде  баланың оқу әрекетінде танымдық  белсенділігін  арттыратын  мотивтер   екендігіне  тоқталу.Осы  жұмыстың  нәтижелілігіне  тоқталып,  алдағы  уақытта  жүргізілетін  жұмыстарды  анықтау.  «Жас оқырман»  күнделігімен жұмыстың  маңыздылығы.(сызба  бойынша  айту) 

             

 

             Пайдаланған  әдебиеттер:

1.С.Ахметов  «Бастауыш  сыныптарда білім  берудің  тиімділігін арттырудың  жолдары»  Алматы «Рауан»  1994ж.

2.Ә.Алдабергенов «Ойнай біл,  ойлай  біл.» 1991ж.

3.Г.К.Селевко  «Жаңа  педагогикалық  технологиялар»1998ж.

4.Қ.Бержанов, С.Мусин «Педагогика  тарихы» 1984ж.

5. «Ойнайық  та  ойлайық.»1996ж.

6.С.Ғаббасов «Ізгілік  әліппесі»  2003ж.

7.М.М.Мұқанов «Жас  және  педагогикалық  психология» 1992ж.

8.Ғылыми-әдістемелік  журналдар: «Бастауыш  мектеп», «Қазақстан  мектебі», «Началъная  школа», «Ұлағат»,  «Ізденіс»,    «Мектеп»2008ж.   

9.  «Педагогикалық  анықтама» 2005ж.                           

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Ана тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық мотивтерін қалыптастыру - интеллектуалдық , әдеби дарындылықты дамытудың негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 953 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 934
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жампеисова Кульзия Иманкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15132
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции