Инфоурок Иностранные языки КонспектыБаяндама Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту

Баяндама Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту

Скачать материал

№ 25 мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

УНДРЕЕВА  НҰРГҮЛ  ТЫНЫШТЫҚБАЙҚЫЗЫ

 

 

 Ақпараттық – коммуникациялық технологияны  пайдалану арқылы оқушылардың   сөйлеу дағдысын дамыту

 

 

 

 

 

 Пәні :  Ағылшын тілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2015 жыл

      Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті.  Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы сөйлеу дағдысы жоғары, жаңа технологияны жетік меңгерген тұлғаны қалыптастыру – басты міндет. Коммуникативтілік білім беру мақсатына жетудегі шарттардың бірі болып табылады. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту барысында өздері игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады.

                АКТ көмегімен сөйлеу дағдысын дамыту дегеніміз – оқушылардың компьютерлік технологияны оқу барысында тиімді пайдаланып, көптеген жаттығулар орындап, өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау болып табылады.

                Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады .

                Қазіргі кезде жаңа білім жүйесінде компьютердің пайда болып, жедел дамуының арқасында білімнің қарқынды дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген мұғалімдер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен ағылшын тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды орындаумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай шаруа емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеу дағдысын дамыту болып табылады. Ағылшын тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, кинодан үзінділер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады . Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады.  Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарлап, ағылшын тілін меңгеруге ынтасы оянып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасайды.             

                Мектептерде де АКТ мен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Сонымен бірге оқушының сөйлеу дағдысын арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді. Заманға сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.                  .

                Ағылшын тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады. Олар мыналар: оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, дербес жұмыс жасауға болады; компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімділігі артады; компьютерді пайдалану уакытты үнемдейді; оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады; білімді игертудегі барлық материлдың сан-алуан түрлілігі: бейнефрагменттер, аудиомәтіндер, сурет-сызбалар, диаграммалар т.б; тапсырмалардың әртүрлілігі; өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі; коммуникативтік дағдыларын дамыту мүмкіндігі; тапсырманың нақты, әрі түсінікті берілуі; игерген жаңа білімді өз бетімен бекітіп, қорытындылауы; жоғарғы оқу орнына барғанда компьютермен еркін жұмыс істеу мүмкіндігі.

                Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: АКТ үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі; компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады; оқушымен тікелей жұмысты іске асырады; компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

                Өз жұмысында АКТ қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдысының қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ағылшын тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегімен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады.

      Экперимент барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі бойынша оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдауға байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерлік технология ұсынылып, дербес жұмыс жасауға мүмкіндік берілді. Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылды: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Сабақ барысында snapshot, conversation, grammar focus, listening, role play, pronunciation, word power, writing, reading жаттығулары қолданылды.             

                Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жаттығуларына диолог және монолог жатады. Осы жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілеті әрекетін дамыту арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіріп, одан әрі байланыстырып сөйлеуін дамытуына ықпал тигенін байқадық. Монолог барысында оқушылар мәтін мазмұнын ауызша, алдын ала дайындап, баяндады. Бұл жұмыс оқушылардың жоспар жасап, мазмұндама, шығарма жазып, түсінігін айтып сөйлеу дағдысын дамытуда кең орын алды.

                 Ақпараттық коммуникациялық  технология оқушының жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы компьютерлік технологияны үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде компьютерлік технологияны  енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Мұғалімдірдің алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп, оқушылардың сөйлеу дағдысын, қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Әрбір компьютерлік  технология оқушының өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

                Қоғам талабына сай ағылшын тілін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқытып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да, өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру .

                Ағылшын тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр. Біздің ойымызша, ағылшын тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді  қолдану оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, ағылшын тілінен өткізетін сабақтарында компьютерлік технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI     ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

                          Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлау және сөйлеу қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, ағылшын тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

                       Пайдаланылған әдебиет:

1.  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан 2003ж. – 83б.

2. Қараев Ж.А. Жетілдірген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары // Ізденіс. – Алматы, 2004. №2. – 86б.

3. Рақымжанова С.Қ. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», 2007ж, №5.–78 б.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 688 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.09.2015 1421
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ундреева Нургуль Тыныштыкбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8330
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 28 регионов

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения немецкому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по английскому языку в части анализа раздела «Письмо» и «Говорение»

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 52 регионов

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе