Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Статьи / Баяндама «Ақпараттық коммуникативтік технологиялар»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Баяндама «Ақпараттық коммуникативтік технологиялар»

библиотека
материалов


«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №1 орта мектебі» КММ







БАЯНДАМА



Тақырыбы:

«Ақпараттық коммуникативтік технологиялар»





















Оқыған: М.Қабылдина







2016 оқу жыл

«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады. Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады. Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы. Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі. Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.

Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже

береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Біз жұмыстарымызды сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытқымыз келеді.

Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулардың құрылуы танымдық іс - әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру Ақпараттық технология негіздері тұлғаның қазақ тілі пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Ақпараттық технологияның қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістері.

Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:

- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,

оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау,

жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;

- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй

тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;

- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және тағы басқа.

АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:

Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе

басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.

2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.

3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады.

4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа

үрдісіне сай колледждерде барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және пәндерді оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;

Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде);

Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу;

Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету;

Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау;

Ақпараттық мәдениетін дамытуға бүгінгі ақпараттық, коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Дәстүрлі оқыту жүйесінен АКТ қолданған сабақтардың түпкі айырмашылығы бар.

Бұл айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгеруінде: ол білімнің негізгі бұлағы емес. Ол реттеуші, ұйымдастырушы, кеңес беруші. Бүгінгі электрондық оқулық қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында интернет арқылы орындалады. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті осы оқу құралдарды оқыту материалдың мазмұнымен байланысты, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес, компьютермен жұмыс істеуге дағдысы бар оқушыларды анықтау, іріктеу. Осы міндеттерді сапалы, нәтижелі ету үшін мұғалім өзі интерактивті тақтамен, әртүрлі электронды оқулықтармен, және ғаламтор көзінде жұмыс істей білу керек. Ол үшін негізінде Activstudio, кітапхана және флипчартты қолдана білу қажет.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.

Интерактивті тақтаны қолдану.

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген

электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды.

Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.

Интерактивті технологияның ерекшеліктері:

1) Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы түрлі –түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық байланыс орнайды.

2) Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

3) Оқу материалын беру логикасына көп көңіл аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас өзгереді.

Activstudio – да қалам, өшіргіш, түс, себет деген нәрселерді игеру керек, сонымен қатар кітапхананың ішінде не бар, оны пайдалана білу. Ал флипчарт мәліметті сақтайды, анықтайды, жабады.

Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін

қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын,

білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның

элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды

тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру

үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта

тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап

алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім

деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы

тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап,

оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест

сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың

ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар

жауаптарын құпия түрде бере алады. Жаңа ақпараттық технологияларда

электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар

оқушының бірден - бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік

формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс. Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады. Электрондық тесттерді оқу үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады. Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3“ бағдарламасындағы « Оценка тест» бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға тесттік тапсырмалар беруге болады.

Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осылайша оқушылармен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында СТО технологиясы бойынша берілген әдістер бойынша тапсырмалар берілгенде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады. Көмекке берілген ережелер, т.с.с құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденеді. Айнымалыларды құрастыруға тапсырма беруге болады, оны орындау барысында оқушының заттардың химиялық қасиеттерін біледі, өзінің іс-әрекетін анықтайды, сыныптастарының жауаптарын талдауға үйренеді. Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында маңызды жұмыстарда кестелерді, графиктерді қолдану тиімді. Ал интерактивті тақтадағы кесте, графиктерде қажетті ақпаратты маркер – қаламмен сызып бөлуге болады, назарды аударуға болады. Тақта басқа пәндермен байланыста болуға өте маңызды. Мысалы, географиядан карталарды, табиғи объектілердің фотографияларын т.б байланыстыра жазамыз.

Интерактивті тақта сабақтың ұйымдастырушылық, қайталау, жаңа тақырыпты игеру, бекіту, қорытындылау, талдау кезеңдерінде, білім бақылауда кеңінен оқушының қызығушылығын, оқуға танымдық қасиетін оятуға тиімді. Объективті бағалауға, оқушының еркін сезінуге ақпараттық-коммуникациялық мәдениетінің деңгейі өсуіне жағдай жасалып, келешекте терең білім алуға көмегі зор.

Ғаламтормен жұмыс. Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік ғаламтор кеңістігіне көшіп бара жатқан заманда, келешек ұрпақты осы заманауи үрдістердің залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру үшін интернет желісін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында кеңінен пайдалануға тырысуымыз қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:

Онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер);

Әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу;

Мәліметтер қоры ретінде пайдалану.

Тәжірибе алмасу ретінде онлайн сабақтарға қатынасу әсіресе жас мамандар жұмысына методикалық үлкен көмек берері сөзсіз. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларды сынақ пен емтиханға дайындау барысында ғаламтормен жұмыс үлкен роль атқарады. Ол тек әртүрлі тесттер мен мәліметтер алатын ақпарат көзі ғана емес, даярлық жұмыстарында онлайн режиміндегі тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты үнемдеуге және қорытындысын талдау арқылы сол бойда қатемен жұмыс істеуге көп көмегін тигізеді. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде дарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады. Осы бағытта соңғы уақытта жиі-жиі ұйымдастырылып жүрген республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру арқылы оқушылардың көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік процестерді бейнелейтін дидактикалық материалдардың шексіз көзі болып табылатындықтан ғаламтормен жұмыс әрбір мұғалімнің шығармашылық ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз.

Электрондық оқу құралдары.

Дәстүрлі сабақтағы ең қажетті басшылыққа алынатын сабақ элементі болып табылатын оқулық құралы секілді қазіргі жаңа технологиялы сабақтардың барлығында дерлік электронды оқу құралдары пайдаланылады. Электронды оқу құралдары - жаңа сабақты түсіндіру, тірек-сызбалары, тақырыптық тапсырмалар, тақырыптық тест жұмыстары, логикалық тапсырмалар, жаттығу тапсырмалары секілді бірнеше сабақ элементтерін қамтитын кешенді электронды жинақ. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы кез-келген тақырыпты өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой - танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында электронды оқу құралдарын пайдалану сабақ барысында оқушылардың жеке жұмыстануына мүмкіндік туғызады. Яғни деңгейі төмен оқушы аз да болса өз бетімен орындағанына риза болатын болса, қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушылар деңгейімен шектеліп қалмай одан әрі күрделі деңгей тапсырмаларын орындап, өз жетістіктерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Еліміздің мектептер мен колледждерінде қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерін жаңа электрондық құралдармен жабдықтау жүргізіліп жатыр. Бұлардың қатарына көптеген электронды өлшеу құралдары бар «Хайпер Хим», «СПАРК», «ПАСКО» т.б. кешендерді жатқызуға болады. Осының ішіндегі «Хайпер Хим» бағдарламасы тек электронды өлшеу құралдары ғана емес, сонымен қатар «электронды периодтық жүйе» тағы сол сияқты көптеген электронды шапшаң есептегіш - көрсеткіш бағдарламалармен қамтылған. Бұл бағдарламалар бұрынғы әртүрлі кестелер мен анықтама кітаптарына бөлінетін уақытты үнемдеп, оқушылардың сабақ барысында тақырыпқа сай мәліметпен неғұрлым көп қамтылуына жағдай жасайды. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу жұмыстары байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таралуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық оқытушылар, колледж әкімшілігі компьютерлік сауатты болулары керек. Оқу - тәрбие үрдісіне электрондық оқыту ресурстарын енгізу, электрондық оқулықтарды пайдалану, әр пәнді оқытуда мультимедиа мүмкіншіліктерін қолдану, демонстрациялау әдісін компьютер негізінде жабдықтау, оқу және жобалау бағдарламаларын енгізу қажеттілігі туындады. Осылардың негізінде оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандырудың жұмыстары басталды. Ақпараттық технология және жүйелік бірігу түрлі мүмкіндіктерге жол ашады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда:

- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;

- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық

қабілетін дамытады;

- логикалық ойлау қабілетін дамытады;

- жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;

- қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.

Қазіргі таңда барлық қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттерінде интерактивті тақта кеңінен қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр.

Оның мүмкіндіктері төмендегідей:

1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;

2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді;

3. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге

көмектеседі;

4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;

5. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;

6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.

Мектеп емтихандарына даярлау кезіндегі мұғалім үшін де, оқушы үшінде таптырмас құрал. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық — психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. Және те еліміздегі көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасының әлі де сын көтермейтіндігі. Қазіргі таңда көптеген ауыл мектептерінде компьютерлендіру жүргізілгенімен интернет желіс қосылмаған немесе электрондық құраладрмен, бағдарламалармен толықтай жабдықталмаған. Егер осы мәселелер оң шешімін тауып жатса қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында АКТ қолданылған сабақтардың саны көбейіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, бұл өз кезегінде білім сапасының көтерілуіне әкелер еді деп ойлаймын.

Қорытынды.


Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың

білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге

пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер

шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.

Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең

мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

XXI ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуіріне, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны оқытушы мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы оқытушы арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға, үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап. Осы талапты шешуде электронды оқытудың пайдасы зор.

Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу –тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге,жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деп тұжырым жасайды. Сондықтан оқытушы өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап,әдістемелік шеберлікпен келу керек. Сабақ барысында интерактивті технологияларды қолдану оқытушы жұмысын өнімді, нәтижелі, ал оқушылардың білім алу әрекетін мәнді, қызықты, пайдалы етеді.




hello_html_2e002993.png


hello_html_m2b4bebde.png


hello_html_m2bf4cfa5.png


Бес жолдан тұратын қортындылау тақпағы.

I топ.

Ақын (1 зат есім)

Өр, дарынды (2 сын есім)

Толғанады, ойлайды, тебіренеді (3 етістік)

Ақын деген киелі аққу самғаған” (мағыналы сөйлем, М.Шаханов)

Қаламгер, қайраткер, жыршы, талант, дарабоз.

(5 синоним).

II топ.

Әнші.

Асқақ, сүйікті.

Шырқайық, қанаттанады, шымырлатады.

Ақын-жүрегімен шырқаған әнші.

Бұлбұл, жезтаңдай, сал, сері, күміс көмей.

Кубизм әдісі – тақырыпты жан-жақты қамтуға

мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.




Сабақты қорытындылау үшін пайдалануға болады

AutoShape 4

AutoShape 6AutoShape 7Line 12hello_html_m18d4fda6.gifhello_html_m18d4fda6.gif





AutoShape 8hello_html_m40afd71.gifhello_html_m2174e494.gif










hello_html_mbf5dd9e.gif


hello_html_14cc5e14.png

hello_html_m3a6e5f53.png












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.11.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров1296
Номер материала ДБ-315296
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх