Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Арнайы пәндерді оқытудағы жаңа технология"

Баяндама "Арнайы пәндерді оқытудағы жаңа технология"

Скачать материал

Дюсенова Зульфия Амангалиевна

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі,  Атырау қаласы

Арнаулы пән оқытушысы

 

                                              «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар 

                                                деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол 

                                               жеткізуіміз керек және оқытудың тиімділігін,

                                               әр оқушының білім мен білігі деңгейін         

                                               бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау керек...»

                                                                                                                                                                                    

                                                                                                        Н.Ә.Назарбаев

                                                                           (Қазақстан халқына жолдауынан)

 

 Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуі керек. Қазіргі таңда жаңа технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы болып отыр.

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті техника және технология. Интерактивті техника және технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарды даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды кұралдардың бірі.

Осыған орай арнайы пәндерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану арқылы болашақта біліммен жан – жақты қаруланған  мамандарды даярлау  жұмысымның басты бағыты болып отыр.

Өз сабағымда студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру және өзіндік ізденістерін жандандыру мақсатында  жаңа технологияны қолдану  бірнеше кезеңдерді қамтиды:

І  кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Арнайы пәндерді оқытуда жаңа технология түрлері  төмендегідей ұсынылады:

Проблемалы оқыту технологиясы. 

Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Ойын технологиясы. 

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

Арнайы пәндерде интерактивтік оқыту технологиясы

Интерактивті оқыту, ең алдымен, студент пен оқытушының  қарым-қатынасын тікелей жүзеге асыратын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

 Интерактивтік оқыту – танымдық әрекетті арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын – ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі – студент  өзінің жетістіктері мен интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақышарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі аудиториядағы барлық студент таным процессімен қамтылып, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әрекет етуге мүмкіндік алады. Таным процессінде, оқу материалын игеруде, білім алушылардың  біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр студент өзіне тән ерекше еңбегін сіңіріп, білім, идея, әрекет ету тәсілдері  үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процесс өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытып, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектену дәрежесіне көтереді.

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процессуалдық (қандай оқыту), мотивациялық (студенттер әрекетін қалай белсенді етуге болады), және ұйымдастыру (білім алушы мен оқытушы әрекетінің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осылардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.

Мазмұндық жағына – мазмұнды қарым-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру (интеграция), дидиактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.

Процессуалдық жағына – бағдарлау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.

Мотивациялық оқу барысына мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.

Осы концепциялардың барлығы өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі.

Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция құбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым - қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр студенттің жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М.В.Кларин, Ю.С.Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагогка оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығы мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әр түрлістуденттерді ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар.

Интерактивтік оқыту технологиясы (ИОТ) деп, нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интелектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, студенттерге педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушыларының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивті оқыту технологиясында қолданатын оқыту поцесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

1.     Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, студенттермен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасап, оқу проблемасын құрастырады.

2.     Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл – ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Оқытушы сценарий жасап, ойын тапсырмаларына, ережелеріне, рөлдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне тоқталады. Студенттер қосымша ақпарат жинап, оқытушымен ақылдасады, ойын барысы мен мазмұны туралы өзара талқылайды.

3.     Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процессінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Оқытушы ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде оқытушының міндеті – ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, студенттердің сүрағына жауап беріп немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

4.     Ойынды талқылау. Оның нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқытушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтып, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасап, таңғалыстарын айтады, т.б. Интерактивті оқыту технологиясын әр студенттің іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: оқытушы – студент, студент- топ, топ- топ), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлесушінің басым болу жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасы оқыту барысында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары мен рөлдік ойындар қолданылып, құжатттар және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Интерактивтік оқыту формаларына нені жатқызуға болады? Бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішінде кең таралғандары – «Миға шабуыл», «Аквариум», «Үлкен шеңбер» және т.б. Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірден алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивтік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болуы мүмкін. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, итарихы т.б.) сұрақтардан гөрі кеңінен қоюға мүмкіндік жасатйындай болу керек.

Мен сабақ беретін арнайы пәндерімде интерактивтік оқыту технологиясының бірнеше түрлерін, атап айтқанда:

- жұптасып жұмыс істеу түрін жаңа сабақты бекіту кезінде қолданамын. Онда студенттерге өз бетінше сұрақ қойып, оған жауап беру үйретіледі.

- броуындық қозғалыс білім алушыларға курстық жұмыс беру кезінде тиімді деп ойлаймын. Себебі студенттер бүкіл аудитория ішінде қозғала жүріп, берілган тақырып бойынша ақпарат жинайды. Әсіресе, оларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды. Екі – ішкі және сыртқы сақиналар жасалады. Ішкі сақина – әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығып, әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.

- «Өз позицияңды ұстан» деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Ең алдымен, қандай да бір ұйғарым немесе ситуациялық сұрақтар оқылады, содан кейін студент «иә» немесе «жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барып, өз шешімдерін жазады. Және олар осы таңдалған жауаптарын, өз позицияларын түсіндіреді. Қандай заңнамаға сүйеніп шешім шығарғанын және оның дұрыстығын түсіндіреді. Яғни, бұл заңгерлерге ең керекті тәжірибе деп есептеймін.

         - Рөлдік (іскерлік) ойын түрі арнайы пәндерге қолдануға тиімді, себебі студент болашақ өз мамандығын сүюге, жауапкершілікті сезінуге үйренеді. Сонымен қатар рөлдік ойындар - тіл дамыту құралы. Бұл - тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі. Оны тиімді қолдана білген оқытушы білім алушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогтық қарым - қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді. Рольдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десекте болады. Оның негізінде өзара рольдегі және ойындық көріністерді бөліп алып, соған сәйкес студенттердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған әңгімесі жатады. Әдістемелік және псиохологилық – сабақты ұйымдастыру және өткізу процесінде тілді үйрету негізінде студенттерді оқытудың әдістемелік талдамасы мұндай оқытудың құралы рольдік ойындар болуға тиіс. Рольдік ойындарда сөзге араласушы жандарды басты назары әңгіменнің мазмұнына ауады; рольдік ойындарда тілді әлеуметтік тұрғыдан қалдануда барынша сезімтал болуға үйретеді, студенттердің қызығушылығын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді, әдеттегі жағдайға қалыптасуға қиын қабілеттерді бойға сіңіруге кең жол ашады, ойындық рольдерді жүргізу кезінде білім алушылардың бойында тілді үйренуге байланысты шығармашылық қабілеті дамиды; ойында студенттердің барлығы жұмысқа белсене кіріседі: ойындар тілді үйретушілердің бір-бірімен және білім алушылармен қарым-қатынасқа түсу ынтасын арттырады; әңгімелеушілердің сөзге білімділік қабілетін танытудағы теңдік жағдайын жасайды; жағымды да әсерлі қарым-қатынас тудырады және тағы басқалары.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, студенттердің сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ студенттерге көңілді, жеңіл келеді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару студенттің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Білім алушы білім дұрыс білім қалыптастыру оқытушымен үлкен жауакершілікті, ізденімпаздықты талап етеді. Сондықтан ерінбей – жалықпай, әр тарау, тақырып бойынша тапсырмаларымды дайындап сабақта пайдаланса, студенттердің қызығушылығы артатынына көзім жетті.

Құқықтық пәндерден тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруда интерактивтік оқытуды қолдану

Құқықтық пәндерді игертуде оқытудың интерактивтік түрлерін қолдану қазіргі кезеңде білім жүйесін және құқықтық сауаттылықты  дамыту үшін ең күрделі мағынаға ие. Интерактивті оқытуды қолдану Қазақстанның ұлттық құқық жүйесін құрудың бастапқы басталуы және басшылық ережелерін түсінуді, құқықтану саласын тануда білім алушылардың теориялық және тәжірибелік білімдерін біріктіруге көмектеседі және кәсіби жоғары білікті мамандар дайындауға мүмкіндік береді.

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнін оқытуда студенттердің алған теориялық білімін тәжірибелік сабақтарда түрлі іскерлік ойындар мен белсенді жұмыстар жүргізу арқылы дамытуға болады. Мысалы: талап арыздың үлгілерін құрастырып, өзбетінше талап арызды толтыру, азаматтық құқық практикумы пәнінен практикалық жағдайларды шешу, азаматтық кодекстің баптары бойынша талқылау және шешім шығару.

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша соттың қарауына жататын  азаматтық істерді дұрыс рәсімдеу кезінде студент интерактивтік әдіс тәсілдердің көмегімен олардың мәтінімен толыққанды танысып, біле алады.

Қаулы – бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істер қарап және шешкен соң шығаратын акт. Білімгерлерге қаулының қалай жазылатынын түсіндіреміз. Содан кейін өздері азаматтық іс бойынша қаулы шығарады.

Сот шешімі – істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы. Білімгерлерді азаматтық іс бойынша сот процестеріне қатыстырып, сот шешімінің қалай шығарылатынын көрсетеміз. Білімгерлер тәжірибелік сабақта өздері азаматтық құқық практикумы пәнінен азаматтық іс бойынша шешім шығарады.

Сот ұйғарымы – істің мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі болып табылады.

Сот бұйрығы – бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті, борышкерді немесе өндіріп алушыны, олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Тәжірибелік сабақта білімгерлер бұйрық арқылы іс жүргізу істерімен танысып, құжаттармен жұмыс жасайды, азаматтық істер бойынша шешім шығарады. Олар теориядан алған білімдерін практикада шыңдап, оқу танысу практикасында бірнеше мекемеден практикадан өтеді. Солардың бірі «Атырау облыстық сот актілерін орындау департаменті», «Атырау қалалық №2 соты» мекемелері болып табылады. Осы іс-тәжірибеден өткен мекелерінен үйренген іскерлік дағдылары мен жинаған құжаттарын тәжірибелік сабақта пайдаланады.

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәнін оқытуда интерактивтік оқыту  түрін қолдану арқылы оқу материалын терең меңгеру және білімдерін бекіту мақсатында іскерлік ойын түрінде ашық сот отырысын өткізу тиімді. Ойын барысында білімгерлер судья, қорғаушы, мемлекеттік айыптаушы, талапкер, жауапкер, куәгер, маман, сарапшы, сот орындаушылары, сот хатшысы  және т.б. рөлдерді өздері орындап, мамандықтың қыр-сырын меңгереді. Мұндай рөлдік ойындар студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттырады, бұрын оқыған теориялық негіздерін тәжірибеде бекітуге көмектеседі және логикалық  ой-өрісі мен өз бетімен стандарттық емес жағдайларда шешім қабылдау қабілетін дамытады. Мұндай оқу түрі сот отырысы залындағы салтанаттылық жағдайы, студенттерге жинақтылық пен ұйымдастырушылықты, өзін нағыз азаматтық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың орнында көрсетуге және барлық жағдайдың ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі. Бұл студентке оқу барысында тек теориялық негіз емес, тәжірибелік машық алуға, сонымен қатар таңдап алынған мамандығының жауапкершілігін сезінуге және теория мен тәжірибе арасындағы айырмашылықты салыстыруға көмектеседі.

      Нәтижесінде, интерактивті әдісті қолдану кезінде студенттер мынадай жетістіктерге жетеді:

Дәстүрлі сабақтарда

Интерактивтік әдіс қолданылатын сабақтарда

Студенттер бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді.

Студенттер жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді

Орташа

Белсенділік жоғары

Төмен

Студенттердің жеке жауапкершілігі басым

Бірқалыпты

Қызығушылығын істе байқатады

Қызғаныш басым. Анықтық жоқ.

Бір-біріне көмек көрсетеді, сыйластық қалыптасады.

Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере алмайды. Бірқалыпты. Ықылас білдіре қоймайды.

Сабақта көп жұмыс жасайды. Шығармашылық қабілеттері артқан. Сабақта еркін сөйлеуге тырысады.

 

Интерактивтік ойынды  сабақта қолдану нәтижесінде  студент мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

1. Білім алушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді;

2. Студенттер тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз        

    бетінше шеше білуге үйренеді;

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді;

4. Уақытты үнемдеуге үйретеді;

5. Жауапкершілікті сезіне біледі;

6. Жеткен жетістіктерімен бөлісе алады;

7. Бір – бірімен қарым – қатынас жасауға дағдыланады.

Оқытушының аранайы құқықтық пәндерде ұсынылған интерактивтік тәсілді қолдануы студенттердің оқу материалдарын ұғынуын жақсартады оқу сабағын нағыз шындыққа жақындатады және олардың қызығушылықтарын арттыра отырып, объективті шындықты үйренуге итермелейді. Ал, мұндай тәсілдер кәсіби жоғары дәрежелі мамандарды дайындауға және теория мен тәжірибелік  білімді біріктіруге көмектеседі. Шыңға өрлеу әрқашан да төменнен басталады, сондықтан студенттерді мамандыққа үйретуді кәсіптік білім жүйесінің алғашқы қадамынан бастау керек.

         Елбасы Н.Ә.Назарбаев және бүкіл мемлекет болып алға қойған биік мақсат – 2050 жылы дамыған елу елдің қатарына қосылудағы айқара есікті ашар компьютер емес, ол – еліміздің келешегі болып табылатын жастар – еліне адал, жемісті еңбек еткенде ғана, бұл мақсат орындалады. Осы биікті бағындырып, елудің арасына қалқайып емес, шалқайып тұрып, бабалардың аманатын арқалау басты парызымыз.

    Сөздімді аяқтай келе, елбасымыздың ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұл тағдыры оның келешек мектебінің қалай болып құрлуына тіреледі» - деп атап көрсетті. Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен діннің баянды болу үшін мектеп қабырғасында сапалы білім берудің маңызы ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Коростылева Л.А. «Психологические барьеры и готовность к нововведениям», СПб., 1996, 66- стр.

2.     Суворова Н. « Интерактивное обучение: Новые подходы»., 2005

3.     Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М., 1996, 268-стр.

4.     Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. Семинар для учителей» М., 2004

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Арнайы пәндерді оқытудағы жаңа технология""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 5381
    • DOCX 101.5 кбайт
    • 63 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенова Зульфия Амангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсенова Зульфия Амангалиевна
    Дюсенова Зульфия Амангалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 119427
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе