Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ"

Баяндама "АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ"

А УЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚ.

Серікбай Жилкибаев. . Мақтарал аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы ОҚО.Мақтарал ауданы.Атакент.

Еліміз егемендік алып, еңсе көтеріліп келе жаткан тұста атқарылып жатқан жұмыстар Отанымыздың келешегі үшін маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Қоғамның қайсыбір саласында болмасын тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған игі істер жасалынып жатса, ол ертеңгі ұрпақ алдындағы борышымызды ақтау деп түсіну әрбір азаматтың міндеті деп білемін.

Болашакта еліміздің сан-салалы өміріне белсене араласатын жас ұрпақты тэрбиелеу білім саласында қызмет етіп жүрген жандарға зор міндет жүктейді. Оның өзіндік себептерін күнбе күнгі өмір талабы көрсетіп отыр, яғни, тәуелсіз мемлекетіміздің дүниежүзінің алдыңғы катарлы дамыған елдермен иықтас көрінуі үшін мол біліміне қоса, ұлттық мәдиниетіміздің терең меңгерген, белсенді, кабілетті ізденген мамандар кажет.

Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Соның ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігінде ену мақсатындағы алғашкы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жаткан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді акырын-ақырын артқа тастап, жылжып келеді. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда колледждің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халыктың ұлттык әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыкқан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттык байлыкты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озык ұстанымдарымен байланыстыра отырып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау - міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп кана коймай, әр баланың «мінін» ашу, сол «мінді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылык дегеніміздің өзі ізденімпаздыктан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді сүйреп шығар...» деген сөзі еріксіз ойыңа оралады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылык касиет, кабілет іздете білу, өмірден өз орнын адастырмай тапқыза білу -ұстаз үлесі. Мұғалім үнемі ізденіске ұмтылып отырса, оның білім беру саласы да жетіле түседі.

Қай елде болсын, балага білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміз тәуелсіздік алып, ұлттық дамудың сара жолына түсу, білім беру ісін жолға қоюды талап етіп, әлеуметтік маңызды жұмыстарды орындауға ықпал етті.

Әлемдік өркениетке талпыныс жасаған Қазакстанның бүгінгі жағдайында ұлттық болмысты сақтау мен ұлттық дүниетаным, ұрпақ тәрбиесінің проблемалары мен көкейтесті мәселелері кімді де болса толғандыратыны анык.

Кәсіптік білім - нәсібің дегендей, орта білім берумен бірге кәсіптік білім беру деңгейін көтеру, жастарды еңбек жағдайына икемді етіп баулуға бағытталуы тиіс.

Окытудың тиімділігін арттыру максатында дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану болашақ мамаңдарды даярлаудың сапасын арттырады. Дәстүрлі емес сабақтарды өтудің мәні мынада:

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі, оқуға деген қызығушылығы артады;

  • Оқушының бастамашыл, шығармашылық әлеуеті дамиды;

  • Болашақ маман жұмыс ретінің қолайлы жағдайын іздестіреді;

  • Дарындылық, орындаушылық, ойлау, болжау, икемделу, дағдылану тағы басқа қабілеттерін жеңілдетіп, кәсіби мәнге ие қасиеттерін калыптастырады;

  • Жедел кәсіби білігін көтереді, тағы сол сияқты.

Окытудың дәстүрлі түрлерінің (дәріс, семинар, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар, консультация,емтихан,сынақ мүмкіндіктері шектеулі,мұғалім тек оқыту жағдайында ғана болады.Ал,дәстүрлі емес сабақ түрінде мұғалім режиссерлік, консультанттық, ойлап табушы немесе суретшілік, сондай-ақ оқушының белгілі іс-әрекетінің, окыту үрдісін ұйымдастыру- шы міндеттерін бірдей атқарады.

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, тиімді әдістерін пайдалану болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ойлау, іс-әрекетінде жүйелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді. Сондыктан, мен өз дәрістерімде дәстүрлі емес оқыту әдістерін жиі пайдаланамын. Төменде сондай дәстурлі емес сабақтардың үлгілерін ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: «Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өндеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар»

Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.

Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Тарауды қорытындылау сабағы

Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер, агрономия негіздері (I курс), қазақ тілі мен әдебиеті (I курс).

Сабактың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау.

П.Тарауды бекіту бөлімі Сабақты бастамас бұрын топ оқушылары осы тарау бойынша өтілген алты ауыл шаруашылығы машинасына сәйкес алты топқа бөлінеді. Әр топтың аты, ұраны, таңбасы болады, Бірінші топтын аты «Соқа», ұраны: «Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым». Екінші топтың аты «Сыдыра жырткыш», ұраны: «Өнеріммен өрге жүзем, еңбегіммен өмір сүрем».Үшінші топтың аты «Тырма», ұраны: «Еңбектенем ер атанып, алға басам әлем танып».Төртінші топтың аты «Нығыздауыш», ұраны: «Біз жалынды жастармыз. білімге жол бастаймыз». Бесінші топтың аты «Өңдеуіш», ұраны: «Еңбек етсем еселі. Оңға ісім өседі». Алтыншы топтың аты «Тегістеуіш». Ұраны: «Ізденістен ілгері іске». Бұл жарыс тапсырмаларына топтағы барлык окушы қатысуға тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек.Ол кезде сұраққа жауап берген топтарға бір ұпай қосылып отырады. Жарыс сабағының жалпы ұраны «Біліміне, білім қос». Сабақ өлеңмен басталады, онда әрбір машинаның атқаратын қызметі аталып өтіледі.

Топырақты жыртуға,

Алғаш «Соқа» келіпті.

Кесектерін бұзуға,

Артынша оның аптығып,

«Сыдыра жырткыш» жетіпті.

Кесектерін мейлінше,

Ұсактауға арналған,

«Тырмалардың» кеп тісі,

Топыраққа дөп түсті.

Ылғал керек жетерлік,

Тұқым өніп көктеуге,

Буы ұшып жер асты,

Көкке дейін кетпеуге,

Топырақты таптайтын,

«Нығыздауыш» бар дайын.

Дән себердің алдында,

«Өңдеуіштер» қолайлы,

Топырақты майдалап,

Ұсақтауға оңтайлы.

Егін егер алаңды,

Жоспарлауға арналған,

Ойпаң-қырат жерлерді,

Машина бар арнайы,

«Тегістеуге» арналған.

Бірі қалмай жолынан,

Тұкым себер алдында,

Топыракты өндеуге,

Жегілетін жарамды,

Машиналар осылар.

Ал,кәнекей кырандар,

Тракторға қоныңдар! - деп, оқушылардың оқуға, жұмысқа деген ынта-ықыластарын оятамыз. Әр топка төрт-бес оқушыдан келеді. Жарыс сабағы бес тапсырмадан тұрады. Сонда жарыс шарты бойынша бірде-бір окушы қалыс қалмауы тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек.


Машиналарға байланысты викториналық сұрақтар.

1. «Бәйге». 2. Машиналардың құрылысы. 3. Мақал-мәтелдер (Егіншілік). 4. Жұмбақтар. 5. Үй тапсырмасы. Машиналар айтысы: (машиналардың артықшылығы мен кемшілігі). 6. Қорытынды. Викториналык сұрактар: «Бәйге».

  1. Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді? Жауабы: Жалпы жзне арнаулы жүмыс соцалары

  2. Корпус санына карай соқалар қалай аталынады?

Жауабы: Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, сегіз және тогыз корпусты болып аталынады.

  1. Тракторға тіркелуіне қарай соқалар қалай бөлінеді?

Жауабы: Тіркемелі, жартпылай аспалы және аспалы

  1. Жалпы жұмыска арналған соқалар топырақты қанша сантиметр терендікке дейін жыртады? Жауабы: 27 см

  2. Сока теориясының негізін салушы кім?

Жауабы: Орыс галымы, академик В. П. Горячкин

  1. Сыдыра жырткыштар топырақ түйіршігінің диаметрін қанша милиметрге дейін ұсактайды? Жауабы: 50 милиметр

  2. Сыдыра жырткыштар қалай жіктеледі? Жауабы: Дискілі және түренді.

  3. Сыдыра жырткыштар маркаларын ата?

Жауабы: ЛЛГ-5, ЛДГ-10, ППЛ-10-25.

  1. Сыдыра жыртшштар арам шөптер мен өсімдік калдықтарын қанша пайызға дейін кесе алады? Жауабы: 100 пайызга дейін

  1. Тырмалар жұмыс органдарының кұрылысына карай қалай аталынады? Жауабы: Тісті, серігтелі және дискілі

  2. Тырыаларды салмагына қарай неше топқа бөлуге болады? Жауабы: Ауыр. орта жғне жеңіл салмацты болып бөлінеді.

  3. Тырма жердін бетін қанша сантиметр терендікке дейін қопсытады? Жауабы: 3-4 см

  4. Нығыздауыштардың қандай түрлері бар?

Жауабы: Тегіс тісті, шыгыршъщ тәрізді, түтас жэне іші цуыс ныгыздауыштар.

  1. Қуыс нығыздауъшггардың ішіне не толтырылады?

Жауабы: Су немесе күм

  1. Нығыздауышқа ұксас геометриялық фигура?

Жауабы: Пилиндр

  1. Өңдеуіштер топырак түйіршіктерінің диаметрін қанша милиметрге дейін ұсактайды? Жауабы: 3 милиметр

  2. Тегістеуіштін маркасы қандай?

Жауабы: ПА-3, МВ-6,0 тегістеуіштері

  1. Соканы жырту терендігіне қарай қалай реттейді?

Жауабы: Тірек дөңгелегімен

  1. Түреннің пішіні кандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Жауабы: Трапеция

  1. Тіркеуіштер кандай тракторларға агрегатталады? Жауабы: ДТ-75М, Т-4А

  2. Өндеуіштерді белгіленген терендікке қарай қалай реттейді?

Жауабы: Тереңдікті реттейтін механизм винтімен

  1. Тырманың өңдеу терендігін қалай реттейді?

Жауабы: Батареяның шабуыл бұрышын өзгерту арқылы реттейді.

23. Сыдыра жырткыштың жырту тереңдігі қызметін атқарушы органы не?
Жауабы: Тіреуіш, доңғалақ


ІІ.Жарыстың екінші турында машиналар құрылысымен танысамыз. Соқаның негізгі жұмыс мүшелері:1-дискілі пышақ,2-шым аударғыш,3-түрен,қайырма, жақтау атыз тақтасы ,5-корпус

Сыдыра жыртқыштың кұрылысы: 1-рама, 2-екі оң жақ секциялары, 3-екі сол жақ секциялары, 4-брустар, 5-доңғалактар, 6-гидробасқару механизмі, 7-тегістегіштер, 8- реттелетін төмендеткіштер.

Тырманың қү-рылысы: 1-рамаға байласқан металл брус түріндегі сүйретпе, 2-тісті брус, 3-көлбеулікті реттеу пышағы.

Нығыздауыштың қүрылысы: 1-бір алдыңғы, екі арткы буыннан, 2-рамадан, 3-он үш дискіден, 4-осьтен, 5-тіркемеден, 6-жүгі бар жэшіктен.

Өңдеуіштің кұрылысы: 1-рамадан, 2-тіркеу тетегі, 3-доңғалак, 4-жү_мыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм.

Тегістеуіштің күрылысы: 1-тартқыш арқалық, 2-ортаңғы секция, 4-тіреуіш доңғалақ, 5-гидроцилиндр, 6-гидрожүйе.

III. Жарыстыц үшінші турында «Топырағын таппаған дән өнбейді» демекші егіншілік туралы мақал-мәтелдерге кезек береміз.

  1. Жердің сәні - егін, ердің сэні - білім.

  2. Кектемгі әрекет, күзгі берекет.

  3. Жері байдың, елі бай.

  4. Жер қүтты болса, мал сүтті болады.

  5. Мал баккандікі, жер жыртқандікі.

  6. Жер тойынбай, ел тойынбайды.

IV. Жұмбақ жасыру ойыны.

1. Жабайы аңдай емес ол,
Пайдасы бар адамға.
Көктем келсе далаға,

Дайын тұрар эманда. (Сыдыра жыртқыш)

2.Жердің бетін жасырып,
Бар кулығын асырып.
Су орнына неге ол,

Құм ішеді тасынып. (Нығыздауыш)

  1. Ойдым-ойдым жерлерді,
    Басып кетіп барады.
    Қарда кырат жерлерді,

Жазық етіп барады. (Тегістеуіш)

  1. Жердің беті жұп-жұмсак, Өте майда топырақ. Қандай мыкты екен ол, Ойланайық жақсырақ. (Өндеуіш)

  2. Қара жерді қопарған, Трактордан от алған. Темірлерден түйілген. Болаттардан иілген. (Соқа)

  3. Соқадан соң жүретін, Бар бейнетті көретін. Қандай мықты ол тағы, Тракторға жегетін. (Тырма).

V Үй тапсырмасы. Үйден дайындап келген машиналар айтысы: (мұнда машиналардың артықшылықтары мен кемшіліктері айтылады).

1-кезек. Соқа мен сыдыра жыртқыш айтысы:

Соқа.

Менен сэл-ақ жеңілсің,

Көлемің үлкен болса да.

Отасаң да арам шөп,

Қаулап шығар артыңша.

Сыдыра жыртқыш.

Металдың кұр сорысың,

Салмағың бар артықша,

Өткеніңмен жыртып жер,

Кесек қалар артыңша.

2-кезек. Тырма мен өндеуіштің айтысы:

Тырма.

Мен жүрмесем алдыңда,

Бөлшегің қалар мұкалып.

Жарамайсың жұмыска,

Топыракка какалып.

Өндеуіш.

Қалдырасың артыңа,

Қыруар іс каншама.

Жүрмесем мен ізіннен,

Өнбейді дән мұншама.



3-кезек. Нығыздауыш пен тегістеуіштің айтысы:

Нығыздауыш.

Тассада күтпін бойыңда,

Мыктылар бар сонында.

Жылдам жүрмей шабандап,

Каласын кұмның комында.

Тегістеуіш.

Жырткан жерді енбекпен,

Таптаудан еш тынбайсың.

Қайта жүр деп соңымнан,

Тьфмадан көмек сұрайсың.

Сабақ соңында мұгалім егіншілікке байланысты әңгіме айтады.

VI . Окушылар білімін бағалау.

VII . Қорытынды. Мұндай дәстүрлі емес сабақтардың артықшылығы, қазіргі бәсекелестік заманда оқушылардың бір-бірімен бәсекеге түсіп, бір-бірінен озуға тырысып, білімдерін одан әрі шыңдай алады. Болашақ мамандарды даярлау барысында, дәстүрлі емес сабақтарды пайдаланудың маңызы зор. Себебі мүғалім сабаққа дайыңдалу сәтінде оның сабаққа деген қызығушылығы мен ізденісі артып отырады.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 485 175 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

  • 09.02.2018
  • 378

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2018 776
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жилкибаев Серикбай Сындарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Пожаловаться на материал
  • Автор материала

    Жилкибаев Серикбай Сындарович
    Жилкибаев Серикбай Сындарович
    • На сайте: 3 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7379
    • Всего материалов: 5