Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / Баяндама: "Қазақ тілі сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану жолдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Баяндама: "Қазақ тілі сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану жолдары"

библиотека
материалов

hello_html_m11b043de.jpg


Қанапьянова Бақытгүл Мұқашқызы

Талдықорған қаласы

16 орта мектеп-гимназиясының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі






Қазақ тілі сабағында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану жолдары


Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы, Қазақстан Республикасы деп жариялануы, Республикамыздың Ата Заныңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып заңдастырылуы қазақ тілінің өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді.

Республика деңгейінде қазақ тілі қоғамдары, сондай-ақ қазақ тілі комитеті құрылып, тіліміздің мәртебесі көтерілді. Ресми құжаттар қазақ, орыс тілдерінде қатар жүретін болды. Қазақ тілін үйретуге бағытталған оқулықтар мен тілашарлар және оқу - әдістемелік құралдар дүниеге келді.

Қазақстан Республикасының Жаңа Ата Заңының баптарында, сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе – мемлекеттік қазақ тілін дамыту.

Орыс тілді балаларға қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету дейтін болсақ, коммуникативті қарым – қатынас бірінші орында тұрады да, грамматитка екінші орында тұрады.

Ұлттық мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің алдына қойылатын түпкі мақсат – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын біреуге жеткізе алатындай, сондай – ақ өзгенің ойын ұғып, түсіне алатындай деңгейге жеткізу.

Сабақ – оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістердің жүйесі.

Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, білім, білік, дағдылырын қалыптастыру қажет. Мұғалімнің тәжірибесі мен кәсіби шеберлігін арттыру тіл пәнін оқытудың сапасын жетілдіретін басты белгілері болып табылады.

Қазақ тілі пәнін оқыту әдісінің тиімділігін арттыру пән мұғалімінің жауапкершілігіне, шығармашылық іскерлігіне, даярлық сапасына тікелей байланысты. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін мұғалімнің шебер меңгеруі арқылы қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Тіл үйретуде сөздік жұмысының маңызы зор. Сөздікке басты назар аудару керек. Әр сабақта оқушы 4-5 сөз үйрену керек деген ұстанымды басшылыққа алу қажет.

Л.Н Толстой: «Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызуы керек, үйренген сөзін ауызекі сөйлесу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады» деп жазған екен. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері алуан түрлі. Мұғалім оқу жылы басталысымен әр тақырыпқа қарай сөздік жұмысын дұрыс жоспарлап, оқушының сөздік дәптерін даярлатуы тиіс. Сабақта мұғалім синонимдік, антонимдік, түсіндірме сөздіктер немесе аударма сөздіктер бойынша «Мына сөздердің мәнін, мағынасын түсініп алыңдар» деген сияқты тапсырмалар беріп отыруы тиіс. Бастауыш сынып оқушылары үшін «Сөз жарысы», «Сөзтізбек»,Тізбектен шығып қалма», «Қайталай ғой», «Ұшты – ұшты» ойындарын өткізіп отырған тиімді.

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында Е.И. Пассовтың коммуникативтік оқыту әдістерін пайдаланамын.


Әдістің негізін құрайтын қағидалар:

1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.

2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.

3. Орта жағдайын ескеру.

4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.

Жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып, баланың ауызша тілін дамытуда мына қағидаларды басшылыққа аламын.

  1. Тіке байланыс қағидасы.

Яғни оқушы оқу кабинетіне кіргеннен қазақ тілінде сөйлейді, жүздеседі. Сабақ үстінде ребустар, анограммалар, жұмбақтар шешіп, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар айтады, тағы да басқа қосымша материалдар беріледі.

2. Адамның жеке қабілетін ескеру.

«Неге оқып келмедің?» деп тиісе бермей, аз жасағанын мақтап, бағасын қоямын.Әр оқушыға өз қабілеттеріне қарай жеке тапсырмалар орындатамын.

  1. Сөйлеуге үйрету.

Жаттығу жұмыстарының түрлерін анықтаймын.

Мысалы: «Жексенбі күнін қалай өткізесің?» тақырыбына бірінші сөздік жұмысын жүргіземін. Екінші, суретпен жұмыс істеймін, диалог, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, артынан қысқаша осы тақырыпта шығарма жаздырамын, яғни деңгейлеп саралап оқыту технологиясы іске қосылады.

Профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы:

  • Класс оқушыларын жаппай жұмыс істеуіне жетелейді;

  • Бос іспен айналысатын оқушы болмайды;

  • Әркім өз білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады;

  • Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады және пәнді оқып–үйренуге тиянақты қызығушылығы пайда болады;

  • Ізденіс дағдысы қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды;

Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:

  • Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;

  • Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;

  • Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;

І деңгей. Оқытушылық деңгей – үйретушілік деңгей.

Бұл деңгейде оқушылардың жаңа тақырыптан алынған білімдерін бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтырамын. Мысалы: мәтінді оқу, сөз тіркестерін құру, сөздерді аудару, берілген үлгі бойынша тапсырмалар орындау.

ІІ деңгей Алгоритмдік деңгей- базалық минимумды білімге сәйкес.

Бұл деңгейде тапсырмалар күрделірек. Сурет бойынша сөйлем құрастыру, сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру, күрделі материалдарды жүйелей білуі, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыптарды еркін меңгергені ескеріледі.

ІІІ деңгей. Эвристикалық деңгей – материалды саналы түрде меңгеру.

Білімдерін тереңдету үшін ізденіс жұмыстары, логикалық ойлау, талдау, салыстыра білу қажет етіледі. Мысалы, мазмұндай білу, сурет бойынша әңгіме құрастыру, ережені қорыту, жаттығу барысында қолдану, т.б.

IV деңгей. Шығармашылық деңгей өз бетімен оқу материалдарын меңгеру. Тақырыпты өз бетімен талдап, шағын шығармашылық зерттеу жұмыстарын жасайды (Реферат, баяндама, шығарма, өлең).

Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:

1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Қазақ тілін оқытуда қолданатын, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – интерактивті әдістер . «Интерактив» сөзі бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Оқыту үрдісінде интерактив әдістерін қолданғанымда негізгі көздейтін мақсатым – оқытудың жүйелі түрде сұхбатқа, әңгімелесуге құрылуы, оқушының білімді меңгеру барысында белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікірталасы, қарым – қатынаста болуы, алдыға қойған мақсатты жеке оқушы емес, ұжым болып шешуі. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.

Дидактика ілімі бойынша оқытудың интерактивті әдістеріне мыналар жатады:

  • Пікірсайыс әдісі;

  • Ми шабуылы;

  • Эвристикалық немесе «Сократ» әдісі;

  • «Дөңгелек үстел» әдісі;

  • Іскерлік рөлдік ойындар;

  • Драмалау;


Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, Эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.

Әрбір педагог баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерін анықтап,кеңінен дамытуға мүмкіндік жасау керек.Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын жұмыстардың бір түрі-өлең құрастыру. Бұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас варианттарды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері орын алады.Бұл орайда оқушылар өлең жолдарына сүйене отырып, оның жаңа вариантын өз ойынан құрастырады, немесе берілген екі жолды өзі жалғастырады.Шығармашылықты дамытуда ерекше орын алатын жұмыстың бірі- ертегі, әңгіме құрастыру.Бұл жұмыс түрі алдымен ауызша жүргізіледі,кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастала отырып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарға дейін қамти алады. Мұғалімнің негізгі мақсаты- оқушыға әңгіменің тақырыбын таңдауға бағыт беру, оқушы қиялын дамытуға мүмкіндік жасау. Ертегі құрастыруда ең алдымен оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтауларын талап етеді.Алайда мұғалім өзінің тек бағыт беруші екенін естен шығармауы тиіс.Шығармашылықпен іздене білген мұғалім болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік, дағдысы жоғары,бәсекеге қабілетті жас жеткіншекті тәрбиелей алады.

Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров700
Номер материала ДБ-091990
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх