Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама: «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін қазақ халқының мәдени мұрасы үлгілерінің негізінде оқыту»
  • Другое

Баяндама: «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін қазақ халқының мәдени мұрасы үлгілерінің негізінде оқыту»

библиотека
материалов

Қазақ тілі пәні әдістемелік бірлестігінің аудандық семинары









БАЯНДАМА



Тақырыбы: «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін қазақ халқының мәдени мұрасы үлгілерінің негізінде оқыту»







Дайындаған: Календиров Ә.Н.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі













Хромтау ауданы

Дөң орта мектебі



2013 жыл

Тамыз



Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін қазақ халқының мәдени мұрасы үлгілерінің негізінде оқыту.



Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы.

Осыған байланысты қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – үлкен мәселе. Бұған үлкен көмек беретін тақырыптық модульдік бағдарлама. Тіл - қатынас құралы әрі танымдық іс-әрекеттердің құралы. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Осы мемлекеттігімізді айқындаушы - мемлекеттік тіл болып табылады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру - әрбір азаматтың, оның ішінде оқу орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәні ұстазының тікелей міндеті. Сондықтан осы мәселені бастауыш сыныптардан бастап қолға алу орынды.

Демек, мектептің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сай болуы керек.

Қазақ тілі сабақтарының мақсаты - оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, үйрету.

Қазіргі заманда, мемлекеттік тілге деген талап өсті. Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін сабақта тиімді әдістер қолдану керек. Сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс қолданылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білім де берік болады.

«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды» дегенді ескере отырып, мұғалімдер өздері терең түсініп, меңгерген жаңа технологияларды ғана оқу жүйесіне енгізулері керек.

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің  экономикалық ерекшеліктеріне  қарай  қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша  күрделене  түседі. Бүгінгі жаңа қоғамда  мұғалімнің ішкі жан  дүниесі де жаңаша, демек болашақ  ұрпақтан үлкен  үміт  күтілуде.

«Ойдағыдай  тәрбиелеудің  сыры оқушыға  деген  құрмет  сезімде жатыр», - деп Р.Эмерсон өзінше  баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты ең алдымен  ұстаздар  қауымы арқылы  жүзеге асырылады. Ал біздің  келешектегі  мақсатымыз – рухани жан  дүниесі  бай, жан-жақты  жарасымды дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім  ордасы  - жас  ұрпаққа  сапалы білім, саналы  тәрбие беру, бірнеше  ғасырлар бойы жиналып сақталған  мұраларын  келешек  ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім-тәрбие  орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп  тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі  ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды  азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.

Қазіргі таңда Қазақстан  бүкіл әлемдік  білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру  жүйесінің  моделі  күрделі  өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан  заман талабына сай  жаңа  мазмұнда  білім беруді  ұйымдастыру жаңа технологиямен  оқытуға  көшумен тікелей байланысты. Ондағы  өзекті  мәселе  әлемдік білім  кеңестігіне   шығудағы  Қазақстанның  жаңа  ұлттық  білім  моделін  қалыптастырудың  тиімді  жолын  анықтауында.

Ендеше  сапалы  білім беретін мектеп  бүгінгі  күнде  өзіндік  мектеп  реформасын   қажет  етпек. Сондықтан да  мектеп   реформасын  тек  мектептің  басқару  жүйесі мен  оқыту  процесін  ғана  қамтып  қомай,  сол мектептің  бала  оқытатын  мұғалімдері  жаңа  бағытқа  қарай  кәсіби  шеберлігін  күнделікті  ұштауын  талап  ету  жағы  тағы  бар.

Қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда қолданылатын, оқушының оқу белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқытудың интерактив әдістері туралы сөз болып отыр. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» ( «inter» - бірлесіп, «act» - әрекет ету) деген сөзінен кірген. «Интеро» - іс-әрекеттегі субьектінің өзара белсенділігі, сайып келгенде біздің зерттеу жұмысымыз интерактивті модульдік оқыту технологиясы негізінде тіл дамыту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

            Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытумен айналысқан ғалымдардың бірі Қ.Қадашева өз еңбегінде интерактив әдістерін «жоғары белсенділікті дамыту» дей отырып, оның негізгі ұстанымдарын төмендегідей белгілейді:

    • өзінен-өзі пайда болатын ұстаным;

    • ішкі сезім уәждемесі (ішкі мотив);

    • стратегиялық қуаттылық;

    • тәуекелге бару;

    • тіл мен мәдениет арасындағы байланыс;

    • аралық тіл;

    • коммуникативтік құзырет [5, 109].

            Оқыту үрдісінде интерактив әдістерін қолданудың негізгі көздейтін мақсаты – оқытудың жүйелі түрде сұхбатқа, (диалогке) әңгімелесуге құрылуы, оқушының білімді меңгеруде белсенді түрде жұмыс жасауы, басқалармен пікір таласы, қарым-қатынаста болуы, алға қойған мақсатты жеке оқушы емес, ұжым болып шешуі. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты, жауапкершілікті қажет етеді.

Бүгінде аталып отырған (интерактив) әдіс модульдік оқыту технологиясы негізінде үлкен жетістіктерге жетуде.

Тілдік орта әр түрлі қызметтер атқарады. Олардың әрбіреуіне шағын сипаттама беріп кетсек: Мотивациялық (түрткілік) қызмет сабақ үстінде табиғи тілдік әрекет пен оқытуға түрткі тудыруға мүмкіндік береді. Коммуникативтік (қарым-қатынастық) – оқушылардың өзара тілдік әрекетке түсуін, белсенді қарым-қатынас қабілеттерін құруды қамтамасыз етеді. Акселеративтік қызмет тілді меңгеру үрдісін жылдамдатады және жеңілдетеді. Ақпараттық қызмет елтаным, лингвоелтанымдық, тілдік ақпараттар құралы қызмет ету қабілеті ретінде түсініледі. Түзетуші – берілген орта үлгісімен салыстыру негізінде білімді түзетуге мүмкіндік береді. Элиминативтік - әр түрлі психологиялық кедергілерді жоюға көмектеседі. Белсенділендіру – тілдік білімді сіңіруге және оқушылардың қарым-қатынасқа бейімділігін қамтамасыз етеді[2, 25-27].

Ғалымдардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қазақ тілі сабақтарында тілдік орта қалыптастыру, берілген қызметтерді орындау – жеткілікті қиын мәселе, жеке әдістемеден емес, оқу үрдісін ұйымдастыру тұтас жүйесіне айналдыруды орындаудағы шешім.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық,топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.

Дегенмен, жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамыту мен жеке тұлғаның белсенді сөздік қоры (ауызша және жазбаша) ерекше орын алары сөзсіз. Өйткені оқушының танымдық үрдістерін дамыта отырып, балсенді сөздік қорын ауызша және жазбаша белсенділендірсе тіл дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бірден-бір шешіледі.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.









Автор
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров188
Номер материала ДВ-217577
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх