Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың "2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ"

Баяндама "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың "2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ"

Скачать материал

Баяндамашы: Тілдерді дамыту орталығының

жетекшісі АдамбековҒ.Қ.

 

 

 

 

 

                    Қазақстан Республикасы

                      Президентінің

    2011 жылғы 29 маусымдағы 

          №  110  Жарлығымен                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

               БЕКІТІЛГЕН

 

             Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың           

                                          2011 – 2020 жылдарға арналған

                                    МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.  

Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.

Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.  

Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып,  жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. 

Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге  асырылады.

Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаға қатысты барлық іс-шаралар Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына барынша сәйкес түзетілген.

 

Қазіргі ахуалды талдау

 

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

1997 – 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.

2001 – 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмысы басталды.

Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының келешекпен сабақтас негізін қалады:

-       мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: қазақ тілінде оқытатын балабақшалар - 1178 (2001 жылмен салыстырғанда 876-ға өскен), мектептер – 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173-ке артты), 101 мемлекеттік тілді оқыту орталығы құрылды;

-       іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенділікпен іске асырылып келеді (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы  шамамен  67%-ды құрайды);

 

Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері

 

Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді  тіл саясаты.

 

          Бағдарламалық мақсаттар:

1) мемлекеттік тіл –  ұлт бірлігінің басты факторы;

2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;

3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті;

          4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

          Міндеттер:

1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;

2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;

5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

7) тіл мәдениетін жетілдіру;

8) коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;

9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;

10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.

 

Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары

          Бірінші бағыт – мемлекеттік тілді меңгеру

          Мақсаты: «Мемлекеттік тіл –  ұлт бірлігінің басты факторы»

Бағдарламаның бірінші бағытын  іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар –

1.    Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру - құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. 

           2.  Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру қызметіне міндетті талаптарды енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қарастырылады.

           3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру

Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру және мониторинг жүргізу жүйесін құру болып табылады.

Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін қолдану қарастырылған.

Сонымен қатар, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістемелерін әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.

      

 

  Екінші бағыт – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту 

         Мақсаты: «Мемлекеттік тілдің көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»

          1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру

          Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткізіледі.

            2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

          Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру болып табылады.

            Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық   арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу арқылы айрықша мүмкіндіктер ашылады. 

            Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі контингентті кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.

             Сонымен бірге, аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық актілер және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту шаралары көзделеді.

Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану сөзсіз қажеттілікке айналуға тиіс.

      

 

   Үшінші бағыт қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру

            Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»

           

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

Аталған бағытты іске асыру арқылы ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету көзделеді.

            Терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өте өзекті болып саналады.

            Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болуға тиіс.

Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою  және тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.

          2. Тіл мәдениетін жетілдіру

          Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мәдениетін дамыту болуға тиіс.

           Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық  іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады.

Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына дау жоқ.

 

Төртінші бағыт – лингвистикалық капиталды дамыту  үшін қолайлы жағдайлар жасау

          Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

 

          1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі

          Төртінші бағытты іске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. 

            Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ  оқытушы кадрларды кәсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. 

          2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

          Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады.

          3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

         Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілдері болып табылады.

            Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр.

            Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар – Шет мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелер өткізу, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде көрсету көзделеді.

 

                                      Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

Бағдарламаны іске асыру  үш кезеңде жүзеге асырылады. 

       Бірінші кезеңде (2011 2013 жылдар) тілдерді одан әрі дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізу көзделеді.

Мәселен, бірінші кезеңнің аясында мемлекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіру, қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеудің және олардың қызметін рейтингтік бағалау ісінің құқықтық негізін әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады.

Екінші кезең (2014 2016 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдістерді енгізу жөніндегі практикалық шаралар кешенін іске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу ісін жүргізу, сондай-ақ олардың қызметіне рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары басталады.

 Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017 2020 жылдар) мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру көзделеді.

 

Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды.

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

                                              ______________________

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың "2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 903 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 7911
    • DOCX 65.5 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адамбеков Гылымжан Кылышканович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10598
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой