Инфоурок Начальные классы СтатьиБаяндама: «Бала білімді болсын десек...»

Баяндама: «Бала білімді болсын десек...»

Скачать материал

Байзақ ауданы әкімдігінің Білім бөлімі

Мырзатай орта мектебі коммуналдық мемлекетткі мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Бала білімді болсын десек...»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Джантаева К.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің  мемлекеттік жалпы міндетті стандартында: «Бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу», - деп атап көрсеткен.

Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог – ғалымдар мен республика мұғалімдері жан – жақты ізденіп, оқушылардың пәнгедеген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа технологияларын таңдай білу мүмкіндігіне ие болуда.

Кез келген технология мұғалімне терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.

Педагогикалық технология белгілі ғылым В.П.Беспалько: «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба», - деп анықтама береді. Мұнда ғылым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсаты, бір – бірімен өзара байланысты әдіс – тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырылады.

В.М.Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - деп түсіндіреді. Ал, ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйренші жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер», - деген екен. Педагогикалық технологиялар тарихын, оның туу және қызмет ету үрдісін зерделеп талдау және олардың маңызды құрылымдық элементтерін айқындау, ой елегінен екшеу құнды педагогикалық біліммен қарулануына мүмкіндік береді.

Осындай мүмкіндіктердің бірі біздің мектепте Мырзатай орта мектебінде бірнеше мұғалімдер «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту бағдарламалы әдіс – тәсілімен таныса оқып, білімімізді нығайттық. Ауданымыздың мұғалімдері, өз мектебіміздің бір – екі, үш мұғалімдерінің іс – тәжірибесін және аудандық семинар сабақтардан танысып, ізденіп, өз іс – тәжірибеме қосып сабақ жоспарларымда пайдаланып отырмын.

Менің «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (СТО)» бағдарламасымен жұмыс жасағаныма биыл екінші жыл болды. Бұл бағдарламаға дейін мен оқытудың басқа әдістерін: «Ойын арқылы оқыту», «Деңгейлеп – саралап оқыту», тағы басқа әдістерді пайдаланып сабақтар өткізгенімде көбіне өзім сөйлеп, берген сұрақтарыма қысқаша ғана жауап алып, тіпті бір баланың жауабы дұрыс болмаса, екінші, үшінші баладан сұрап, кей бала елеусіз қалып отыратын, уақыт та жетпей жататын. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушығ өз пікірін, ойын дәлелдеуші, басқа үздік оқушының жауабы, іс - әрекетінен үлгі алушы, сол жолдасынан қалғысы келмейтін оқушы, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

СТО бағдарламасымен басқа да әріптестерімнің ой – пікірі, сабақта қолдану іс – тәжірибесімен танысып, пікір алмасып, бір – бірімізден үйреніп отырмыз.

Үшінші сыныпта сабақ бергенде әрине қиыншылықтар болды. ЖИГСО әдісі бойынша топтарға бөлу кезінде көп қиналдым. Біріншіден, алғашқыда топқа бөлну кезінде аралас топ құрылды, яғни бір бала тез оқып, тез түсінсе, ал біреуі тез оқығанымен жай түсінеді. Енді біреуі жай оқиды, жай түсінеді. Осыдан барып біреуі оқып болғанда, біреуі оқып отырады, мазмұнын талдауда уақыт аз қалады. Кейіннен жай оқып жай түсінетіндері бір бөлек топ құрып, оларға мәтіннің көлемі қысқа, мазмұны оңай бөліктерді бердім. Аз оқыса да түсініп оқығанына көңіл бөлдім, аз ойларын ортаға салуды ұйымдастырдым. Бұл әдістің маңызы бала негізгі топқа келгенде айтамын деген оймен түсініп, оқып берген мәтінді түгелдей зерттеп, бірінің айтқанын тыңдап мәтінді ұғуға талпынады. Бос уақытта өз беттерінше мәтінді тез оқып қызыл жол бойынша талдап отырдым. Үздіктершығып сөйлеп жатқанда балалар да бір – бірінен қалмай оқуға тырысады. Кейде түсінгенін бөліп, келесі сабақта өтетін мәтінге қосымша оқып таныса келіп те жүреді. Ал сабақта алдынала ескерте отырып, күнделікті сабақта мәтіннің көлемін һзгертіп отырдым, яғни бүгін қысқа мәтін оқығандарға келесі сабақта ұзақтау бөлігін ұсындым. Соған байланысты балалар сабақтан тыс уақытта көп оқып, басқалар да қалмайын деп іштей намысқа тырысып өз беттерінше дайындалып келетін де болған. Балалар үйреткен әдіс – тәсілді тез алып кетті.

Ал төртінші сыныпта биыл ана тілі сабақтарын да түсінуі, оқуы баяу, сөйлеуге ұялатын ынжықтау балалардың бір – бірден әр топқа қосып отырғыздым. Ол балалар алғашында: иә, солай ғой, ұнайды, т.б. қысқа жауап қайтарып отырды. Кейіннен қатаға қосылып түсінгенін бір – бірімен жарыса сөйлесіп, ойын білдіруге ұмтылып жүрді. Сен қалай ойлайсың? Айтыс барысында әрі қарай не болар екен? Сен өзің болсаң не істер едің? Неліктен солай ойладың? Деген т.б. сұрақтар беріп, ауызша жауап алып отырдым.

Бірде осы төртінші сыныпта «Екі дос» мәтінімен танысқан күні «Батырдың досын құтқару үшін жау ортасына келгені дұрыс па?» деген проблемалық сұрақ төңірегінде болған айтысқа тоқталғым келеді. Ол кұні (үнемі сөйлегенді ұната қоймайтын оқушым ортаға өз ойын салды. Ол: «Менің ойымша батыр досын құтқарады, себебі дос – ол өзіңе керек адам, бауырың, ағаң сияқты. Досыңмен өз ішіңдегі барлық нәрсені бөлісесің, сондықтан батыр досын құтқарды», - деді. Ал екінші топтан: «Досың үшін жаныңды бересің, отқа да түсесің, себебі ол саған бәрінен жақын адам».

Осылай әр топтан өз ойларын білдірген әр баланың ойынан хабардар болдым. Бірі ат үсті оңай жауап іздесе, бірі патриоттық көзқараста тереңге үңіледі, бәрінен де көздері алаулап өз ойларын дәлелдей айтып жатты. Бұл әдіспен байқағаным бір де бір бала сөйлемей, иә жұмыс жасамай бос отырмады. Бала ізденіп жауап беруге құлшынады, қорқыныш сезімі жоғалады. Міне, осылай жұмыс жасай, тіпті парталарды қарама – қарсы қойын, сосын оларды дөңгелете қойып, біресе топтық жұмыстар жасайды. Қазір де балалао бір – бірінің сөздерін қайталамайда, топты тыңдайды, бірақ әлі де жұмыс жасау керек.

СТО бағдарламасы оқушының мұғаліммен еркін сөйлесуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Осы аз уақыттың ішінде сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының әдістерін қолдануда мұғалім және оқушы өте тиімді екеніне көзім жете бастады. әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу балаға пайдасы шексіз. Атап айтқанда, оқушылармен жұмыс жасағанда:

1) Еркін ойлауға мүмкіндік береді;

2) Ақыл – ойын дамытады;

3) Шығармашылық белсенділігін арттырады;

4) Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

5) Тіл байлығын жетілдіреді;

6) Жан – жақты ізденушілігін арттырады.

Бұл сабақтың өту формасында төменгі стратегиялар қолданылады:

«Түртіп алу», «Венн диаграммасы», «Куббизм», «ДЖИГСО», «Өзім үшін жазу», «Бес жолдық өлең», «Топтастыру», «Эссе жазу» т.б.. бұл стратегиялар оқушылардың жан – жақты ізденіс – шығармашылығының дамуына көмектеседі.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының мен үшін қандай пайдасы болды:

а) Түрлі әдістерді пайдалану сабағының нақты мәнін терең ашуға көмегін тигізді.

ә) Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

б) Олардың әрқайсыларының деңгейін анықтай алдым.

в) Оқушыларымның көбін бағалауға мүмкіндік алдым.

г) Оқушыларды ізденіске баулып, өз ьетімен жұмыс істеуге үйреттім.

Оқушылардың білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытады. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының маңызы ерекше деп ойлаймын.

«Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазуда дамыту» бағдарламасының стратегияларын күнделікті сабағымда қолданып отырмын. Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.

Бастауыш сынып оқушыларын ойлау әрекеті тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады.

Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді.

Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп қорғай білуге мүмкіндік ала алады.

Мен өзімнің осы бағдарламамен жұмыс жасап, балаларды жаға әдістермен сусындатып жүргеніме қуанамын. Қазір мен өз істерімен қызығамын, балалармен жұмыс барысында жеткен жетістіктерімді бөлісіп қуанамын.

«Сыни тұрғыдан ойлауды оқу және жазуды дамыту бағдарламасы оқушылардың жеке тұлғалық сипатын дамытуды, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастыруда алар орны ерекше екен деген түйінге келдім.

Жас жеткіншектеріміз жан – жақты сапалы білімді болса деп армандаймын.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: «Бала білімді болсын десек...»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 563 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 549
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джантаева Кулзахира Магзымбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 638
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 362 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе