Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"

Баяндама "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі"

Скачать материал

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

 

         Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

ала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» –

деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады.

Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

         Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.

Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.

Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:

«Отбасы –шағын мемлекет,

Мен – президент, сен – премьер» – дегені бар.

Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнермен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер – білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда» – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі – баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Ежелгі Рим философы Гораций айтқандай: «Өмір еңбексіз ештене бермейді.» Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы мүшелелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат, адалдық пен ақпейілдік үстем бола алады. Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай, ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп, жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының айғағы.

Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» Бұл ғажайып құдайшылдық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала еңбегін заңсыз пайдалану

 «Бейкүнә сәби ашты дүние есігін
Азан айтып бердік оған есімін
Ол пәк болып келген бізге нәресте
Ойла, ендеше, адал болып өсуін»
«Бала еңбегін қорға» атты дөңгелек үстел
Мақсаты:
Заңсыз кәмелет жасына толмаған балалардың еңбегін қанау туралы түсінік беріп, құқықтық тәрбие беру.
Бүгін біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.
- Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.
Оқушы:
Бала еңбегі проблемасы бүкіл әлемде: өнеркәсібі дамыған елдерде де, дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады.
Сонымен қатар олардың білім алуға, денсаулық сақтау қызметтеріне және кіріс көздеріне қол жеткізуі шектеулі. Осылайша, қиын жағдай қалыптасады: балаларды еңбекке тарту олардың болашақта білім алу перспективаларын нашарлатады, ал ол өз кезегінде оның кейіннен жұмысқа орналасуына әсер етеді. Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік - экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді
АВТОР: Әкесі жұмыстан келе сала:
Жандаулет: «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып дем алғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты бала атаулы істейтін сияқты ед! АВТОР: деп дауыстап баласына қарап айғай салады.
ӘКЕСІ (Жандаулет): «Сенен көрген не пайдамыз бар? Өмірге мұғаліміңнен де, сыныптастарыңнан да естейтініміз тек ұрыс! Қашанғы сенің жабуыңды көтереміз? Сенен де пайда көрейік! Дүниеге әкелме дедім осындай қыңыр баланы!»
АВТОР: Баласын итеріп үйден шығарып
Әкесі(Жандаулет):: «Бүгіннен бастап үйге кіріс кіргізбесең, менен жақсылық күтпе!
Ал мен болсам дем аламын! Қыдырамын! Той тойлаймын».
Автор: Көше кезіп шыққан кәмелетке толмаған жеткіншек жұмыс іздеуді бастайды. Орталық базар маңына келіп бұрын - соңды естіген «Тәшке сүйрету», «Газет сату», «Гүл сату» тіпті болмаса оңай жолы ұрлық жасау тәрізді жұмыс атқармақ.
Оқушы: Бала еңбегі Қазақстанда да кеңінен етек жайып келеді. Жүргізілген зерттеулер шектеулі ақпарат бергенімен, бала еңбегі масштабтарының кеңею үрдісі байқалуда. Қалыптасып келе жатқан еркін рынок жағдайларында жұмыс жасайтын балалардың саны қарқынды түрде көбеюде. Балалар тиісті заңдық және әкімшілік бақылаудың жеткіліксіздігінен және тиісті заңнамалық актілердің немесе оларды іске асыру тетіктерінің жоқтығынан айла - шарғы жасау және пайдалану объектісі болуда.
Оқушы: Қазіргі таңда әлемде балалар еңбегі маңызды мәселе болып отыр. Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) мәліметінше дүние жүзінде 215млн бала еңбекпен шұғылданады. Ол балалардың дамуы мен білім алуына кедергі келтіріп, болашақта өмір сүру қаражатынан айырады; олардың көпшілігі физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіретін, тіпті өмірлеріне қауіп тудыратын балалар еңбегінің ең ауыр түрлерінде анықталған.
Оқушы: Балалар мәселесін шешу ұлттық міндеттердің басым бағытына жатады. Оның орындалуынан әр бала өзі қалаған мамандықты таңдап, дені сау, білімге негізделген, бәсекелестікке қабілетті қоғамның құрылуына тәуелді.
Оқушы: Осы орайда Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заңнамаларға тоқталып өтсек.
Оқушы
Конституциямыздың 12 - бабында:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқытары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Оқушы:
- Конституциямыздың 24 - бабында:
1. Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Оқушы:
- Бала еңбегі мәселелеріне тікелей қатысты бірнеше халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттар бар. Ең танымалы 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бала құқықтары туралы Конвенциясы маңыздысы болып табылады.
Оқушы:
* жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жасты бекіту;
* жұмыс күннің ұзақтығы мен еңбек жағдайын белгілеу;
тәрізді ережелер енгізілген.
Ал, Қазақстан Республикасының Бала еңбегі жөніндегі Заңнамасының 24 - бабы азаматтардың еңбек бостандығын, қызмет пен кәсіп түрлерін өз еркімен таңдауын анықтайды және тек төтенше немесе әскери жағдайда, не сот үкімі бойынша мәжбүрлі еңбекке тарту мүмкіндігін шектейді.
Оқушы:
- Еңбек кодексі бойынша жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас – 16 жас. Дегенмен 15 - ке толған азаматтар орта білім беру мекемелерінде білім алған жағдайда, ата - ананың бірінің, қамқоршы адамның немесе асырап алушының жазбаша келісімімен еңбек келісім - шартын жасауға болады. Бұл жағдайда, оқудан бос уақытында жұмыс істейтін 14 жасқа толған тұлғаларға және шығармашылық саласында (кинематографияда, театрда, театр мен концерттік ұйымдарда, циркте, денсаулығы мен дамуына еш нұқсан келтірмей, бір шығарманы жасау мен орындауға қатысу үшін) жұмыс істейтін 14 жасқа толмаған тұлғаларға рұқсат берілген.
Оқушы:
Бала еңбегі тұтастай экономиканың барлық өндірістік және өндірістік емес салаларында ұшырасады, қалалық бейформал экономикада, ауыл шаруашылығында, жергілікті базарлардағы ұсақ саудада, сондай - ақ үй шаруашылығында пайдаланылады. мысалы, кәмелетке толмағандардың еңбегі негізінен көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жүк тиеу жұмыстары («арбакеш» жасөспірімдер деп аталатын) кезінде қолданылады, ал сирек жағдайларда жастары кіші кәмелетке толмағандар «қайыршы» ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Оқушы:
- Кодексте 18 жасқа толмаған тұлғаларды келесі жұмыс түрлеріне тартуға тыйым салынған:
* ауыр жұмыстар, аса қауіпті немесе зиянды жағдайындағы
* олардың денсаулығы мен рухани дамуына нұқсан келтіретін жұмыстар
( түңгі ойын - сауық мекемелері, ойын бизнесі)
* түңгі уақытта (сағат 22 - ден таңғы 6 - ға дейін)
* шұғыл жұмыс
* жұмыс уақытын есептейтін жұмыс
* кезекшілік әдістегі жұмыс
Ендігі кезекті бейнесюжетке берсек «Балалар енбегін қанауға жол жоқ!»
Оқушы: Халықаралық еңбек ұйымының пікірі бойынша, Қазақстандағы бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандарына мыналар жатады:
• Ауыл шаруашылығы жұмыстары (мақта, темекі, жүзім және т. б. дақылдар);
• Еңбегін пайдалану (7 - 18) (ауыл, қала), ауыл шаруашылығы мектептері (мектеп жанындағы учаскелер, базарлар, мал шаруашылығы (мал бағу), құрылыс, шағын бизнес (қара жұмысшы ретінде, май -, бензинқұю стансаларында, базарларда тауарларды түсіру және тиеу (жас ерекшеліктері мен шарттық міндеттемелер бұзылады);
Оқушы:
• Көліктік қызметтер (шағын автобустардағы кондукторлар);
• Қайыршылық (жергілікті балалар, көшіп - қонушылар, дені сау адамдар мен мүгедектер);
• Ұсақ тонау;
• Есірткі трафигі (сора тозаңын жинауға қатысу; мектептерде, шетелге, ел ішінде шабарман болу);
• Ата - аналарының, қамқоршыларының бала еңбегін пайдалануы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, балаларды сату); пайда табу үшін бала асырап алу немесе қамқоршылықты ресімдеу; әлеуметтік жәрдемақылар, пайда алу үшін баланың дене мүшесін кемтар ету);
Оқушы:
Әрбір істің бала таппас шешімін
Жаза беріп, айта көрме кесімін
Байқаусызда балалығын жасап - ап
Ағат басса, бергін оған кешірім,-
дей отырып, құрметті қонақтар, ұстаздар бүгінгі тәрбие сағатымыздың мәні мен мағынасы сіздерге айқын болды деп сенеміз. Яғни, бала еңбегін заңсыз қолдана алмайтынымыз анық болды. Ендеше аялайық, балалардың сіздерге қамқорлық жасауын мақтан тұтайық!

 

Баланың жақсы оқуына, ынтасына жанұяның әсері

 

      Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала ұлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.

      Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.

      Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сабақтарының жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.               Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.

   Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

     Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2.  Білім алуына көмектесуге міндетті;

3.  Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6.  «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

 

Ата – ананың жауапкершілігі:

1.   Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3.    Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.

4.   Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5.  Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

6.  Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

 

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

·                  
Мақсаты: 
1. Балаларды Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтарымен және міндеттерімен таныстыру. 
2. Олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту.
3. Әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Түрі: әңгіме, пікір-талас
Жоспар:
1. Оқушыларды баланың құқықтарымен, міндеттерімен таныстыру
2. Оқушылардың өз ойларымен бөлісуі
3. Қорытынды ретінде оқушылардың өз ойларын қысқаша қағаз бетіне түсіруі
Барысы:
1.
Баланың құқықтары:
1) Денсаулық сақтау құқығы
2) Даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы
3) Өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы
4) Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы
5) Баланың білім алуға құқығы
6) Баланың еңбек бостандығына құқығы
7) Баланың мемлекеттік көмекке құқығы
2. Баланың міндеттері
1) ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға
2) Басқа адамдардың құқығын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір қасиетін, ҚР мемлекеттік нышандарын құрметтеуге
3) Еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға
4) Тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға
5) Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға
6) Табиғи байлықтарды ұқыпты қарауға міндетті
Қазіргі кездегі мектеп – жастарға білі бере отырып, құқықтық тәрбие беруде және құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндіктері мол әлеуметтік мекеме. Мектеп алғашқы күннен бастап қоғамның оқушыларға қоятын талаптарын белгілеп, оларға лайықты міне-құлық ерекшліктерін айқындап, адамгершілік қасиетті бойына сіңіріп, жағымсыз әрекеттен аулақ болуын түсіндіреді. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясынан үзінділер» деген тақырып бойынша үй тапсырасы сұралып болған соң әр топ бойынша тапсырма беріледі:


Достық Тәртіп Ел Оқу
1 топ эссе жазады.
2 топ Ереже шығаруына болады:
Достық

Еңбек Тәртіп Оқу

Бейбітшілік
3 топ. «Ел» тақырыбына өлең шығарады.
4 топ . Оқу
• Тәртіпті болу, белгілі бір ережеге бағыну деген сөзді қорытып шықты;
• Ережеге, заңға бағынған адам тәртіпті болады екен.
2. Жаңа ақпарат Білмеймін танысқым келеді. 
V + - 
Тәртіп
Заң 
Құқық
Конституция Декларация
Бап
Бас ассамблея Қинау
Азаптау
Кір келтіру

• Кестені балалар мұғалім мәтінді оқып, баптармен таныстыру барысында белгілеп отырып, толтырады. Осы жұмыс бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі
Құқық – заң арқылы реттелетін адам құқығы.
Конвенция – келісім
Декларация- хабарлау, мәлімдеме деген мағына береді. Негізгі ережелерді салтанатты түрде жариялау.
Бас ассамблея – жиналыс.
«Елді басқару жүйесі» тақырыбын өткенде қазіргі уақытпен салыстыра отырып, қазақ даласындағы ел басқарған хан, билер жайлы мағлұмат бердім. Өткендерді естеріне түсіре отырып, төмендегі екі тірек құрылады және салыстырылады:
Конституция мен қазақтың бірыңғай ұлттық мемлекетінің алғашқы заңы «Жеті жарғы» жайлы айтылып өтіледі. «Жеті жарғы» деп айтылу себебі – жеті тараудан тұрады. Тәуке ханның бастауымен Төле, Қазыбек, Әйтеке билер «Жеті жарғы»деп аталатын тәуелсіз, шын мәнінде таза ұлттық қазақ Мемлекетінің бірінші конституциясын жасаған еді.
Әр сынып бойынша жас ерекшелігіне орай конституция, бап, құқық, ел басқару жүйесі жайлы мәлімет беріп, түсіндіріп оқушы міндетін айқындап көрсетіп беру, қоғамдық ережелерді құрметтеу, орындауға үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Маќсаты:Балаларды табиѓаттаѓы ќұстарды аялап, баптап күтуге дағдыландыру, құстар туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашып түсіндіру, түсініктерін кеңейту.

Білімділігі:   Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру, негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.

Дамытушылыќ:  Ќұстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.

Тәрбиелігі:  Отанын, жерін, орманын,  табиғатын сүюге баулу.

Көрнекілігі:  ағаштардың, құстардың суреттері. 

Әдісі:   Түсіндіру, салыстыру, ойын, жұмбақ шешу, тыйым сөздер, әңгімелеу.

Психологиялық сәт:

                                    Армысың, алтын күн!

                                    Армысың, жер ана!

                                    Армысың, достарым,

                                    Сендерді көрсем қуанам.

Іс — әрекет бөлімдері. 

Ынталандыру, сезімді ояту.

Тәрбиеші:                Келді көктем далаға,

                                   Келді сұлу шағала.

                                   Аспандағы көк бұлттар

                                   Айдын көлді аралап,

                                   Гүл көктемді қарсы алып,

                                   Біз шығамыз ән салып!

Балалар, күннің шуағын  көргенде сендер не сезесіңдер? Бүгінгі сабағымыз құстарға арналады.( құстардың суреті бойынша сұрақ-жауап.)

1       Құстар туралы не білесіңдер?

2       Құстар нені қорғайды?

3       Ағаштарды.

4       Ағаштар не үшін керек?

5       Ауаны тазартады.

6       Құстар қай мезгілде келеді?

7       Көктем

8       Ќай мезгілде ұшып кетеді? (Құстардың суреттері:)

Мақал-мәтелдерді оқу, мағынасын ашу.    

1.     Қарға қарқылдаса, қысты шақырады, қаз қаңқылдаса, жазды шаќырады.

2.     Ќарға ќұс басып жейді, Сұңкар шашып жейді.

3.     Кокек оз атын шаќырады.

4.     Ќұс жеткен жеріне ќонады.

Тыйым сөздер:

Аққуды атпа, құстың ұясын бұзба, құстың жұмыртқасын жарма.т.б.

Құстарға қарап ауа райын болжау.

1.     Әтеш жаңбырлы күні таң ата шақырса, күн ашылады.

2.     Құстар ертемен жеміздеуге шықса, күн жауын-шашынды болады.

3.     Қарға жазда ауызын ашып қарқылдай берсе, найзағай ойнайды.

4.      Құстар көңілдене сайраса, күн ашыќ болады.

Шаттық шеңбер:

                            Қарлығаш боп ұшайыќ,

                            Қане, қанат ќағайық.

                            Қарлығаш  боп ұшайыќ,

                            Ұшып-Ұшып алайық!

Мұғалім Ал қанекей, балалар, енді жұмбақ шешейік, жұмбақты кім жасырады?

Жұмбақ-шешу:    

Алмабақтың ән иесі,

   Әсем әуен жыршысы.

                                                                /бұлбұл/

 Ай астында ақ мамық,

 Жатыр суда жастанып.

                                                                 / аққу/

                            Орманда жоғары,

                            Ағашқа қонады.

                            Тұмсығын балға етіп,

                            Тоқ-тоқ соғады.

                                                           /тоқылдақ/

                            ұшқаны қызық жалпылдап,

                            өзі сондай қарқылдақ.

                                                              / қарға/

                              Күндіз соқыр не деген?

                             Түнде қандай көреген.

                                                             / үкі/

  Ойын: «Құстар қалай үн қатады?» сөзбен ойналатын ойын.

                             Аққу  сұңқылдайды

                             Бұлбұл сайрайды,

                             Бүркіт шаңқылдайды,

                             Көгершін уілдейді,

                             Торѓай шиқылдайды,

                             Үйрек барқылдайды.

Қорытындылау. өзін-өзі бағалау.

Қай құс сендерге ұнады?

Құстардың суретінің көмегімен ұнады

Тоқылдақ

-Балалар, бүгін бізде қандай оқу іс-әрекеті болды?

-Біз ненің суретін көрдік?

Сөзбен ойналатын ойын ұнады ма?

Қандай сұрақтарға жауап бердік?

-Балалар жарайсыңдар, өте жақсы қатыстыңдар.

Құстар – біздің досымыз. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2016 38419
    • DOCX 42.6 кбайт
    • 621 скачивание
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагым Гаухар Жумабайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагым Гаухар Жумабайкызы
    Сагым Гаухар Жумабайкызы
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39037
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе