Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Баяндама "Бала тәрбиесі-ортақ міндет"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Баяндама "Бала тәрбиесі-ортақ міндет"

библиотека
материалов

Бала тәрбиесі-ортақ міндет.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» [1], мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. XXI ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабынан өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану – кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. Отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын. Я.А.Коменский «Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берсе, ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті.

 

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды. Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қараса, әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы – отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан тәртіп, мінез-құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті. Сонымен бірге, қазақ халқында отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне айрықша мен берілген. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған. Қазақ отбасындағы ата–ана мен баланың кісілік қарым - қатынасы, эмоцияналды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған. Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптасыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзенті үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсендеп кеткен сияқты.

 

Отандық ғалым Қ.Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» - атты мақаласында Қазақстандағы тастанды балалардың 90% қазақ балалары екенін айтады (2000)[2]. Осылардың бірден-бір себебін қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне толық даяр еместігі немесе ата–ананың тәрбиедегі «қараңғылығы» салдарымен түсіндіруге болатын шығар. Өмірге келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен кіршіксіз көңілі таза ауадай қажет. Себебі, сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады. Соңғы жылдары адамның жан дүниесiмен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін зерттеуде психолог-педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар салып отыр. Осы бағыттағы құнды зерттеудiң негiзiн, әсiресе мектепке дейiнгi кезеңде М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова сынды ғалымдар салды. Олар психологияда мектеп жасына дейiнгi баланың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуде жаңа жол ашты. М.И.Лисина зерттеулерiндегi негiзгi әдiстердiң бiрi - отбасында тәрбиеленушi және түрлi типтегi балалар мекемелерiндегi отбасынан тыс тәрбиеленiп жатқан балаларды салыстыра отырып зерттеу. Балалар үйiнде тәрбиеленушiлер өмiр сүруге қажеттi барлық қажеттiлiктермен (қалыпты тамақтану, киiм, ойыншық, дәрiгерлiк бақылау, бiлiм т.б.) қамтамасыз етiлгенiмен, дара бағыттағы үлкендердiң эмоционалды-жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың жан-жақты дамуын баяулатады.

 

М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова еңбектерi көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың "қосылуы” баланың дамуының түрлi аспектiлерiне: олардың танымдық белсендiлiктерiне, тiлiнің дамуына, заттық әрекет игеруiне игi әсерiн тигiзедi. Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерінің ішінде жетекші іс-әрекеттік қасиетке ие. Көптеген ғалымдардың пікірінше (А.В.Запорожец, А.А.Леонтьев, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова), қарым-қатынасқа қажеттілік, адамның басқа ниеттерімен қауышпайтын, ерекше, өзіндік іс-әрекеті болып табылады. Зерттеушілердің бақылауларынан, қарым-қатынасқа қажеттілік, баланың өмір сүру барысында, нақты қарым-қатынас үстінде қалыптасатын іс-әрекеті екенін көреміз. Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезеңде қарым-қатынас (А.В.Запорожец, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова тұжырымдамаларына сәйкес) өзіндік-сапалы формаларымен ерекшеленеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасын осы іс-әрекеттің бірнеше формаларының ауысуы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынастың алғашқы формасы-жағдайға байланысты жеке тұлғалық (ЖБЖТ), келесі – жағдайға байланысты-іскерлік (ЖБІ), үшіншісі – жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең соңғысы – жағдайдан тыс жеке тұлғалық (ЖТЖТ). Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты, мектепке дейінгі кезеңдегі ең негізгісі жағдайдан тыс-жеке тұлғалық қарым-қатынас ерекшеліктері.

 

Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бiрнеше анықтама бередi. Бiреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсiнсе, келесi бiреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бiр бөлiгi деп қарастырады. «Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген дене және рухани сипаттамаларымен ғана емес, жеке тұлғаның қоғамның жоғарғы идеалдарына сәйкестілерімен қалыптасуына әсер ететін жақтарының қалай өзгеретінін анықтауда.

 

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуында қарым-қытынастың үш түрін бөліп қарастыруға болады: өзіне деген қатынасы, басқаларға деген және заттық әлемге деген қарым-қатынасы [3]. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесiн В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттедi. Олар отбасында отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдiсi нәтижесiнде мектеп жасына дейiнгi бала өздiгiнен дербес түрлi әрекеттер (киiм кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетiлген эмоционалды қарым-қатынасты әлi де болса аса қажет етедi деп тұжырымдайды . В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады.

 Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді [4]. Л.А.Венгер өз пайымдауын айтады. Баланың жан-жақты дамуына отбасының әсерін көрсете келіп, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз қиындықтар тудырады деп қорытындыласа, ресейлік ғалым Б. Лихачев отбасы баланың жеке басына екі жақты: бірішіден, отбасының материалды жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни, отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы; екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет арқылы әсер етедi. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеологиялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады деп көрсетедi. Баланы дұрыс, толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-қатынастың керек екені белгілі. Осы қарым-қатынас түрін дамыту жолдарына баса көңіл бөлген жөн. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр. Халық педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін ескере жүргізуді талап ете отырып: "Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала"- делінген. Осылайша, баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен байланысады.

 

Батыстық ғалым А.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоционалды қатынасына байланысты» - деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ресейлік ғалым А. И. Захаров соңғы жылдары экономикалық өзгерістер барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар балаға деген эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын айтады. Отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі чех ғалымдарының да назарын өзіне аударта білді. Осы орайда И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, баланы айнала қоршаған әлеуметтік құбылыстар, тәрбиедегі олқылықтар, отбасындағы үлкендердің селқос қатынасы – балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын тудырып, психика дамуын тежейді деп көрсетеді. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А.Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды.

 

Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі, ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В.Запорожец, Я.З.Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, кұрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді [4]. Айналада, болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады. Қазіргі заман психологиясы балалық шақты – баланың өзіндік сана сезімі, «өзінің» және «өзге» этностарға деген рефлексивті қатынастарының жедел жүретін кезі екенін көрсетеді. Осы айтылған өзіндік сана-сезім балада ең алдымен отбасы деген әлеуметтік-этникалық ортада қалыптаса бастайды. Отбасындағы әлеуметтік нормаларды меңгеру барысында балада өзін-өзі қабылдауы және «мен» деген түсінігі пайда бала бастайды.

Әлеуметтену жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретіндегі өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерін игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік үрдістің жиынтығы. Әлеуметтену үрдісі тәрбиемен етене байланысты. Себебі, индивид осы аталған үрдіс барысында айналасындағылардың тәрбиелік ықпалына түседі. Ал, тәрбие бұл – адамгершілік нормаларды меңгерту және тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда екі жақты әсер ететін үрдіс. Әлеуметтену, тәрбие үрдістерінің мазмұны, бұл екеуі де қарым-қатынас барысында ғана іске асырылатын күрделі құбылыстар ретінде танылады. .

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997, 176 б.

2. Жарықбаев Қ.Б. «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» - Қазақ әдебиеті, 1 – қырқүйек, 2000 ж. 3. Запорожец А.В. Развитие общения у дошкольников. - М.: Просвещение, 1974, 287с.

4. Мухина В.С. Детская психология. - М., 1985, 272с.

5. Әбеуова И.Ә. Әлеуметтiк психология. (оқу құралы) - А., 2001, 58 б.

























Психологиялық тренинг
«Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам»
Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.

Барысы:
Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, оқушылар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.

Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші ретөзіңіз, екінші ретбалаңыз, ал үшінші ретнемереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
І. Жаттығу. Есімдер аллитерациясы

Мақсаты: Тренингке қатысып отырған ата - аналар мен оқушыларды таныстыру.
Ата - аналарға қойылатын сұрақтар:
- Есіміңіз кім?
- Қандай мағына береді?
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
- Есімің кім?
- Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту.
Психолог ата - аналарға арнап сұрақ қояды.
Сұрақ: - Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?
Ата - аналардың жауаптары тыңдалады.
Психолог: Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.

ІІ. Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе
Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.

ІІІ. Жаттығу. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген отбасылық құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал, бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілген уақыт 7 - 10 минут.
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым - қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет
20. Көп бала
Соңында үлкен бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.

ІV. Жаттығу. Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме
р/с Сұрақтар ----------------------------------------------------------ия -------жоқ
1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сары
2. Баларыммен сирек ойнаймын сары жасыл
3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын жасыл сары
4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін жасыл сары
5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді қызыл
6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын жасыл сары
7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын жасыл сары
8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін жасыл сары
9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызыл
10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызыл
11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сары
12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын қызыл
13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сары
14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызыл
15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызыл
16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сары
17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл
18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл
19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл сары
20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл
21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі жасыл сары
22. Менімен бірге жие болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді сары
23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары

Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз.

Жасыл түсті шаршылар:
А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз.

Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан - дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн.
В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді.

Сары түсті шаршылар:
А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.

Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз.
В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін.

Қызыл түсті шаршылар:
А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан.

Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз.

В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн.

V. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) ата - ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) тақтаға іледі.

Психолог: Осы сабақтың алдында біз балалармен бірге «Отбасындағы қарым - қатынас» тақырыбында тренинг сабақ өткізген едік. Сол сабақта «Бала сіздерден не күтеді және сізге деген көзқарасы қандай?» сұрақтарына жауап алған едік. Өз балаларыңыздың жүрегін алып, оқысыңыз болады.

VІ. Қорытындылау. «Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата - аналар, оқушылар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.

Психологтың қорытынды сөзі
Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және оқушылар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДA-035015

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"