Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Баяндама Балаға өскен ортаның әсері мол

Баяндама Балаға өскен ортаның әсері мол


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Балаға өскен ортаның әсері мол


Жақсы қасиет болсын, жаман қасиет болсын бала көбіне отбасында көргенінен үйренеді, соны қайталайды. Бұл ежелден белгілі жағдай.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығының бәрі тәжірибеден, өмірден алынған. Бұл мақал-мәтелдің түйіні бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өнеге алады, үлкендердің іс-әрекетінен тәлім алады дегенді білдіреді. Сол орта қандай? Айналасында құлдырандаған сәбилер өсіп жатқанын сезетін, олардың аса байқағыштығы, қабылдай қояр сезімталдық қасиеттерімен санасып жүрген ересектер бар ма? Бар болса өзінің ұсақ-түйек, ірілі-ұсақты әрекеттеріне есеп бере әрекет етеме? Жоқ балаб деген не біледі, әрі кішкентай ғой, өсе келе түсінеді-деген оймен баланың көзінше баланың көзінше бейпіл сөйлеп, ыңғайсыз әрекеттер жасай ма? Осының бәрінің үйдегі балаларға егіліп жатқан өнеге, көрсетілген үлгі екенін ойланамыз ба? Осы төңірегінде ой қозғасақ өмірден келтірер мысалдар мен көріністер көп-ақ.

Қазіргі замандастардың үйінен пианино, скрипка, қобыз, домбыра сияқты музыка аспаптарын көреміз. «Өзіміз бала күнімізде ұстап көрмеген игілік қой, енді осылар қызығын көрсін, осылар жақсы азамат болып өссін» деп балаларына қуанышпен қарайды. Сол аспаптардың қай түрін болса да үйренсін деген мақсаты тұр көкейінде. Олардың балалары музыка мектептерінде оқиды, мәдениет ұйлері жанындағы үйірмеден сабақ алады, ұйлерінде де үйреніп жаттығады.Қаршадайынан музыкаға әуестеніп өскен кішкентай жеткіншектер Чайковскийдің классикалық «Аққу көлінен» үзінділер ойнап беріп, әжелері мен аталарын,т әкесі мен шешесін қуантатынын, домбыра мен қобыздың құлағында ойнайтынын қайтерсің.

Кейбір замандастарымның жұмыстан кейін қолы бос уақытында, демалыс күндері балаларын ертіп ауыл маңындағы көгалды тоғайға, жасыл шалғынға сейіл құрып жүргенін қыс болса спорттық киімдерін киіп, шаңғы, коньки, шана сияқты әбзелдерін көтеріп, мұз айдынына бара жатқанын көремін.Құлыншақтай ойнақтаған сәбилер таза ауада асыр салып, көбелек қуып, гүл теріп масайрайды. «Папа, ол не?», «Мама, бұл не?», «Ол неге өйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп неше алуан сұрақ қояды. Сонда әкесі оған «қойшы әрі» деп ұрысып бетінен қақпайды, ненің не екенін, ненің жақсы, ненің жаман екенін ерінбей-жалықпай тәптіштеп түсіндіреді. Балаға деген ата-ана тәрбиесінің бір ұшығы осы емес пе? Баланың өмірімен қарым-қатынасы, түйсік-танымы осындай әке-шеше өнегесінен нәрленбей ме?!

Бір жолдастың бұрын топты жарып ән айтатын өнері жоқ сияқты еді, кейін келе ол ән десе әннен, би десе биден тайсалмайтын, кәдімгідей өнерпаз болып алыпты. «Мені әнші, биші еткен осылар» деп балаларын көрсетіп, өз өнерін де бөбектерін де мақтаныш етеді. Қуанғанадай-ақ бар: әкесі мен балалары бірінен кейін бірі ән салып, би билегенде, кішігірім концерт көргендей, сауық-думан құшағында қаласыз. Бұлардың бараған сайын ұштала түскен өнеріне қарап шаттанасыз.

Тағы бір жас жұбайлардың кешкісін әйелі ас пісіріп жатқан шақта бөбектерін ойнатып ауладағы балалар алаңында жүргені, үйде болса да оларға әдемі сурет кітапшаларын оқып беріп, ертегі айтып, тақпақ жаттатып отырғанын көреміз.

Енді біреулері ертелі-кеш балаларымен бірге гимнастикалық жаттығулар жасап, доп ойнап жүреді немесе балаларымен бірге аулада гүл егіп, соған су құйып ермектеседі .Осы бір әдеттердің бәрі де өнегелі отбасы тіршілігіндегі, бала тәрбиесіндегі жақсының сәулелері сияқты.

Бірақ ата-аналардың басқа бір «сорттары» да кездесетіні белгілі. Жасыратыны жоқ, бала тәрбиесіне ұсақ-түйек деп қарайтын немесе «е-ей, бала деген өзі де өсрей ме, тамағын тоқ, киімін бүтін етсең жетпей ме, одан артық тәрбие неге керек, өзіміз солай-ақ өстік қой» дейтін кертартпа ұгымның шылауында шырмалап жүрген ата-аналар да кездеседі.

Тамаша педагог А.С.Макаренко бес жасқа дейін дұрыс тәрбие көрмеген баланы кейін қайта тәрбиелеуге тура келетінін, бірақ оның алғышқыдай емес әлдеқайда қиындық туғызатынын кезінде ескерткен екен.Демек,кейін өкінуден пайда жоқ. Ержеткен бала қайтадан сәби болмайды.Сәби кезінде қалыптасқан теріс әдетін өзгерту қиыннның қиыны. Оны көрген ата-анасы кейін бұл неге былай болып жаратылды –деп таңданады. Оны өз қолымен еккен теріс өнегесі екенін сезбейді.

Кейбір ата-аналар көшеде сыпайы, таза киініп, мәдениетті жүреді. Ал, үй ішінде қалай болса солай, жалаң аяқ,жалаң бас , шашы дудырап, тіпті, кейде балалардың көзінше ішкиімшең жүреді. Осындай бір азаматтың ұлының үйлену тойында сөйлеген құрбылары оған ендігі жерде келіннің көзінше үйде дамбалшаң жүрмейсің деп ойын-шыны аралас қалжың айтқанының куәсі болғанымыз бар.

Көшеде таныстарымен сыпаиы да, кішіпеиіл сөйлеседі, ал үиде отбасы м үшелеріне

Ақырып –шақырып қуырып жеп қоя жаздаитындар да бар.

Немесе өздері бірге қызмет істеп, араласып, сыласып жүретін адамдары жаиында отбасында жағымсыз әңгімелер аитып, сыртынан ғаибаттап отырады.

Бұл ғадеттердін бәрі де өсіп жатқан балаға теріс әсер береді: үйде бір түрлі, көшеде екінші түрлі жүруге болады екен деген теріс ой туғызады. Содан кейін екі жүзді мінезге де үйренеді. Ата-ананың үйішінде балалардың көзінше бипіл жүріп, бейпіл сөйлейді, олардың ата-ана алдында именбей, оғаш жүруіне себепші болады. Ата-анадан, отбасы мүшелерінен қаймықпай, дөрекі мінезді тұрпайы болып өсу, тынндамай бетімен кету деген көбінесе осындайдан шығады. Қайсібір ата-аналар баласына «әдепті бол, үлкенді сыйла» деп ақыл айтады. Ал өздері үй ішінде қарттарға дөрекі сөйлеп, бетінене алып ренжітеді. Гректің ерте дүниедегі ойшылы Питтак «өзін ата-анаға не істесең, балаңнанада соны күт» деген екен. Шынында да, үйде жүгіріп жүрген бала әке-шешесінің кәрі әжесіне айтқан әлгіндей зілді сөздерін өз құлағымен естиді, оған баланың жаныда, етіде үйреніп кетеді. Сол тәрбиемен өскен бала өз ата-анасынан не сый көрсетпек? Балаға «ұқыпты, жинақы бол» деп ақыл үйрететін, өздері үй ішінде күнделікті тұрмысында ұқыптылық көрсетпесе, көрпе- төсек ұзақты күн жиналмай, едені ескі-құсқы, кір-қонға, аяқ-киімі толып ыбырсып жатса, одан қандай жақсы нәтиже күтуге болады? Балаға енбексүйгіш бол, еріншек болма деп үйретіп, өздеріне қызмет істемей, не үй шаруасын тындырмай, киімді біреуге тіккізіп, тамақтың дайынына жүгіріп, уақытты қыдырумен, қысыр әңгімемен оздырған адамның бос ақылынан не пайда?

Ата-ананың үйдегі басқада ересектердің балаға сөзден гөрі күнделікті іс жүзінде, жақсы әдеп-ғұрып өнегесімен ететін әсері күшті болатынын ескеру керек. Айтқан ақылыңыз қаншалықты дұрыс болғанымен, өз өнегеңіз, өз әдет қылығыңыз керісінше болып жатса, жалан ақылдан ешнәрсе шықпайды. Сондықтан кейннен опық жеп, бармақ тістемес үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытынын шынайы бағбаны болуға атсалысқан макқұл. Бұл ата-ананың ұрпақ алдындағы сол өмір сүріп отырған қоғам алдындағы парызығана емес, халық. Отан алдындағы азаматтық парызымыз. Демек, бала бақытының кепілі-ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.


Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

КМҚК «Жауқазын» бөбекжайының

тәрбиешісі Прманова Гүлнәз







Автор
Дата добавления 20.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров240
Номер материала ДВ-080729
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх