Инфоурок Другое Научные работыБаяндама: "Балабақшадағы тағы жаттығу"

Баяндама: "Балабақшадағы тағы жаттығу"

Скачать материал

 

Балабақшадағы таңғы жаттығудың маңызы

ХХIғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманымызға сай дені сау, ой өрісі жоғары , жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Дені сау ұрпақ еліміздің болашағы. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бүлдіршін , балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады.

Балабақшада дене жаттығулары мынандай  түрге бөлінеді:таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар,қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл-ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға , сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналусышылар да ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады. Балаларды тәртіптендіреді.

Баланың бақытты болуы үшін, дененің сау болуы үшін қамқорлық жасауымыз керек.дені сау баланың ақыл- ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт.Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс , дене құрлысының дұрыс жетілдіру,қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.3-5 жас аралығында баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор оның қимыо әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты.

Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнде ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бір қалыпты қимыл қызметінде жүгіріп,секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі оқу іс-әрекетке даярлайды.

Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды бірден кейін емес біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді.ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды бір тәртіпке , жинақылыққа үйретеді.таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Таңертеңгілік жаттығулар арнайы бәр уақытта таңғы асқа дейін жүргізіледі, жаттығуға қатысу үшін , ата-аналар балаларын балабақша тәрбиешісі дене шынықтырушысы жүргізеді. Таңертеңгілік жаттығулар өткізілетін бөлмелерді балалар келер алдында, алдын-ала бірнеше минут бұрын желдетіп алуыңыз абзал.

 

 

 

Жаттығу кешендері таңдап алу кезінде, кқп балалы топтарының қызығушылары туралы ұмытпау керек.Таңдалған жаттығу кешендерін жаңа жаттығулармен алмастырып отыру керек.Балаларды мектепке дайындығын арттыру үшін, даярлық топқа балалар болса, онда оларға түсіндіру бойынша тапсырмаларды беру керек.Жаттығу кезінде балалардың дұрыс орындауын қадағалайды.Балабақшада таңертеңгілік жаттығу балалардың сапқа тұруымен басталады.Бұл сапқа тұрғызу тез өтеді. Балаларды топтың ауданына бірдей орналастыру үшін маңызы зор.Содан балалардың зейінін аударып, жүруден және жеңіл жүруден бастауға болады. Балабақшаларға таңертеңгілік жаттығуларды таңдаған уақытта барлық бұлшық ет топтарын шынықтыратын ; иық буыны, аяқ, табан , кеуденің көлденең орналасқан және арқа бұлшық еттеріне, іш бұлшық еттерін шынықтыратын жаттығуларға назар аудару керек.

II кіші топтарда күнделікті таңертеңгілік жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгілік жаттығулар жиыны ай сайын ауыстырылады.әр топтама өзгертілмей , бір ай бойы, жылдың жылы мерзімінде өткізіледі. Таңертеңгілік жаттығуларды балаларға толық мақсатымен жаттығулар түрлі жан-жануарларға еліктеу әдісімен ұйымдастырылады.

Таңертеңгілік жаттығулар арнайы жүйемен орвндалады. Жаттығуларды орындау үшін, сәби жасындағы балаларды шеңбер бойынша тұрғызу қолайылырақ. Орындалатын әрбір жаттығуды 4-5қайталауға болады.

1-ші: бас, мойын, иық, қол бұлшықеттеріне

2-ші: бел, кеуде бұлшық еттеріне

3-ші: бөксе,сан, тізе бұлшық еттеріне жасалады. Жаттығулардан соң, көңілді, қызықты, қимылды ойын ұцымдастырылады.

Ортаңғы топтарда күнделікті таңертеңгі жаттығулар ұйымдастырылады. Таңертеңгі жаттығулар әр айда екі рет ауыстырылады.

Ересектер топтарында таңертеңгілік жаттығулар алдыңғы топтағыдай арнайы жүйемен орындалады. Орындалатын әрбір жаттығулар 5-6рет қайталанады. Жаттығуды алдымен бас жаттығуынан бастап, содан кейін қолға, иыққа, белге, аяққа жасалады.

 

Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары:

Ересектердің көрсетуімен ауызша айтуына сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды жалауша, шар, сақина, гантельжәне т.б қолдануға үйрету.

 

Негізгі қимылдар:

Бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру:

Топқа бөлініп және бүкіл топпен жұптасып, шеңбер бойымен қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше, бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп,алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру.

Таңертеңгілік гимнастика бала ағзасын белсенді етуге, жұмыс қабілеттілігін жоғарлатуға, тұлғаның дұрыс түзулігін қалыптастыруға бағытталады.таңертеңгілік гимнастиканың ұзақтығы 2-4жасқа дейінгі балаларға 5-6мин, 4-5жасқа дейінгі балаларға 6-7мин, 5-6жасқа дейінгі балаларға 8-10мин. созылады.таңертеңгілік гимнастиканың құрылымы мынадай болуы мүмкін: жүру, жүгіру, қол және иық жаттығулары, кеуде, арқа іш еттеріне арналған жаттығулар, қысқа жүгіру және ағзаны қалпына келтіретін жүру жаттығулары.

Қорыта айтқанда баладлар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі – балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайдағы балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі , қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде , ырғақты, бағытта орындауы , әр баланың , қиылы бүкіл ұжымның қозғалысы мен үйлесуі пісіп жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бекітемін»

МКҚК «№22 Ақбұлақ» балабақшасы

әдіскері: Лепесбаева Қ.К

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Балабақшадағы таңғы жаттығудың маңызы»

 

 

Дене тәрбиешісі: Утетлеуова А.Л

 

 

 

 

 

2016-2017ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Балабақшадағы тағы жаттығу""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2017 3467
    • DOCX 18.4 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утетлеуова Айнур Лесхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Утетлеуова Айнур Лесхановна
    Утетлеуова Айнур Лесхановна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8480
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой