Инфоурок Другое КонспектыБаяндама "Балалардың еңбегін қанау"

Баяндама "Балалардың еңбегін қанау"

Скачать материал

Балалардың еңбегін қанау

Балаларға деген зорлық-зомбылық, бала еңбегі және трафик

Республикада жыл сайын бала еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту маңыздылығы артуда. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сәйкес Қазақстан Республикасында бала еңбегін қанаудың түрлері және саласына: ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік өнеркәсіптерде жасына қарамастан келісім шарттарын бұзу арқылы бала еңбегін қолдану жатады.

Бала еңбегін қанаудың ең нашар түрін жоюдың тиімді механизмдері барлық мүдделі мемлекеттік органдардың БАҚ, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым қатынасы болып табылады.

ШҚО әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басқа мекемелермен бірлесіп 2010 жылдың 1 мен 12 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқаны өткізілді.

ҰАН қарсаңында «Феникс» Орталығымен Өскемен қаласының № 31 ОМ негізінде он лайн жүйесінде семинар өткізілді, семинарға білім мекемелерінің мамандары ғана қатысып қоймай, сонымен қатар ШҚО 17 аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар БЕЕНТ және адамдарды, әсіресе балаларды сату, қанауға және құлдыққа түсу қаупі және оны болдырмау жолдары туралы ақпараттар алды. Жоғары сынып оқушылары кәмелетке толмағандардың жұмысқа орналасуы туралы ақпараттар алды: жұмысқа қабылдау жасы, жұмыс берушімен келісім жасау, еңбек ақысы туралы. Сонымен қатар, семинар - тренинг ұйымдастырылды, оның барысында балалар «құлдық», «қанау» ұғымдарымен танысты. Семинар барысында қатысушыларға қанаудың құрбандары болған балалардың тарихы ұсынылды. Соңында жасөспірімдерге «Не детский мир», «Долгая дорога домой» фильмдері ұсынылды. Өскемен қаласының ІІБ кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторларға «Бала еңбегін қанаудың ең нашар түрлерінің, құқық бұзушылықтың, қараусыз қалудың алдын алуда кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторлардың ҮЕҰ қарым- қатынасы» атты семинар қткізілді. Бала жасөспірім клубтары негізінде «Мен қауіпсіздікті таңдаймын» дискуссиялық алаңы және «БЕЕНТ балалар көзімен» суреттер сайысы ұйымдастырылды. Мейрамға 300 баладай қатыса алды.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық Науқанын өткізу барысында барлығы облыс бойынша 54320 бала, 2287 білім беру мекемелерінің, 294 ішкі істер бөлімдерінің, ата-аналар қоғамдастығының, 710 прокуратура органдарының, әкімшіліктердің, КТҚҚК, ҮЕҰ өкілдері қамтылды.

2010 жылдың 12 айында заңнаманы бұзушылықпен бала еңбегін қолданудың 5 фактісі анықталды:
1. 2010 жылдың 22 шілдесінде рейдтік шаралар барысында Өскемен қаласының «Дина» толайым базарында жүк тасушы, көкөніс пен жемісті тазалаумен айналысатын 4 кәмелетке толмағандар анықталды. Жасөспірімдер сағат 9.00ден 17.00ге дейін толық күн жұмыс істеген, бұл ҚР Еңбек Кодексінің 181 бабын бұзу болып табылады. Тексеру кезінде 1982 жылы дүниеге келген, Шымкент қаласының Жетісай кенті, Абай к., 6-2 мекен жайында тұратын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Р.Қ. Әйтешоваға тиесілі «Камаз» мәшинесінен жасөспірімдер көкөніс түсіріп жатты. Р.Қ. Әйтешовамен әңгімелесу жүргізілді, ол осыдан былай ұқсас бұзушылық жібермеді.
2. 2010 жылдың басында Өскемен қаласына таныстарымен келген 1995 жылы туған, Сарыағаш қаласы, Омар Хаям к., 8 мекен жайының тұрғыны кәмелетке толмаған И.Ф. Жұмабаева анықталды. Өзі ұйымдастырылмаған сауда орындарында көкті сатумен айналысқан. Келесі күні кәмелетке толмаған И.Ф. Жұмабаева облыстан тыс кетіп қалды.
3. 16.06. 2010ж. әкесінің таныстарымен Өскемен қаласына қонақ визасымен Өзбекістан Республикасының тұрғыны 1993 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған А.Х. Болатов анықталды. Бірақ, қонақ визасын бұзып Орталық базарда үлкендермен бірге лаваш шелпек жасайтын шағын наубайханада заңсыз жұмыс істеген. Қонақ визасын бұзғандығы үшін әкімшілік сотының шешімімен кәмелетке толмаған А.Х. Болатов және үлкендер елден кетті.
4. 2010 жылдың 19 шілдесінде сағат 7.00ден 19.00ге дейін 10 сағат бойы Тарбағатай ауданындағы «Мега» ЖШС құрылыс алаңында әр түрлі жұмыс атқарған кәмелетке толмаған А. Болатов, А. Акиров, Е. Қуанышев анықталды. Жұмыс берушіге қатысты ҚР Еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік сипаттағы шара қолданды.

5. 2010 жылдың 11 қарашасында Курчатов қаласының прокуратурасымен бірлескен рейдті жүргізу барысында 1993 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған А. Санжаревскийдің «Кристалл» дүкенінде заңсыз жұмысқа орналасқан фактісі анықталды. Дүкен иесі К. Матвеевқа 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Мемлекетпен бала еңбегін қолдану, соның ішінде оның ең нашар түрлерінің алдын алу бойынша шаралар қолдануда. Бұл тақырып жабылмай, оған көп көңіл бөлінеді. Қойылған міндеттердің шешіміне барлық деңгейдегі бүкіл мемлекеттік аппарат, орындаушы, құқық қорғау сот органдары жұмыс атқарады. Өткізіліп жатқан жұмысқа белсенді түрде үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдастық тартылады.

Бірақ, қол жеткен нәтижелер атқарылып жатқан жұмыстардың жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бала еңбегін қолданудың анықталған фактілері бүкіл көлемді көрсетпейді. Сондықтан, қолданылған шаралар барабар емес, кешікпелі сипатта болады.

Негізгі себебі жағдайға дұрыс баға бермеу, сонымен қатар, қоғамның және тұрғындардың болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы көзқарасы.

Сондықтан, барлық БАҚ және басқа каналдар арқылы тұрғындарға бала еңбегін қолдану мәселелері, қолданып жатқан шаралар және оның нәтижелері туралы тұрақты түрде жеткізу қажет. Сонымен қатар, БАҚ қолдану арқылы қоғамға бала еңбегін қолданудың заңсыз түріне шыдамсыздық танытатын әлеуметтік тәртіп үлгісін күштеп таңу. Басқа сөзбен айтқанда қоғамды балалар үшін әлеуметті жауапты ету.

Сонымен қатар, қолданыста жүрген заңнамаларды ары қарай реформалау және оны халықаралық заңнамалармен сәйкес келтіру. Әсіресе бұл ведомстволық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейінде өте қажет.

Ерекше орын балалармен жұмысқа берілу керек. Мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде оқу және тәрбие процессі арқылы балаларға әсер ететін арнайы шаралар қабылдау қажет.

Нарықтық экономика жағдайында бар мәселелерді шешу үшін материалдық әсер ету иінтірек қолдану өзекті болып тұр.

Ұсынылған бала еңбегінің алдын алу шараларының тиімділігін арттыру әдістері толыққанды болып табылмайды. Бірақ, олар осы бағыттағы дұрыс ұстанымды және стратегияны әзірлеуге мүмкіндік береді.

Сондықтан жасалған ұсыныстардың негізгі мақсаты осы мәселе бойынша үйлестірілген мемлекеттік саясатты әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оған азаматтық құқықтық санасы бар қоғамды тарту.

Балалардың құқықтарын қорғау сұрақтарында халықаралық жобаларды іске асыру



http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/31/30745/30745_html_45238d4a.pnghttp://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/31/30745/30745_html_629aabb9.pngШығыс Қазақстан облысының Әкімімен 2009 жылғы 7 қыркүйекте Өскемен қаласында 2009-2010 жылдарға БҰҰ(ЮНИСЕФ) Балалар Қорымен ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды(ары қарай -Келісім). 

Келісімнің 5.1. т. сәйкес, отырысы әр тоқсан сайын өтетін, ШҚО әкімінің орынбасары Т.Т.Түсіпбековтың төрағашылық етуімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. 5.2. т. сәйкес ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті келісімге іс-әрекет жоспарын іске асыру бойынша үйлестіруші болып табылады. Жұмыс тобының бірінші отырысы 2010 жылдың 29 қаңтарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті. «Город дружественный к ребенку», «Медико-әлеуметтік бірлестіктердің 2009 жылға жұмыс қызметі туралы», «Облыстың ұн өнеркәсіптерінде ұнды дәрумендендіру және байытуды енгізу», «психологиялық-медико-педагогикалық комиссияның жұмысы туралы» жобаларды іске асыру барысы туралы сұрақтар тыңдалды. Отырыстың қорытындылары бойынша ұсыныстар қабылданып, Қазақстанда БҰҰ(ЮНИСЕФ) Өекілеттілігін қарастыруға жолданды. 2010 жылғы 13 сәуірде қалалық әкімдік ғимаратында ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырыс БҰҰ(ЮНИСЕФ) Балалар қорының кеңес берушісі Элиана Элиджио ханымның қатысуымен өтті. Ол балалардың ырыс-берекесі қоғамның басты көрсеткіші болып табылатынын айтты. Егер қала балалар үшін жақсы болса, онда ол барлығы үшін жақсы. Балаға дос қаланы құру – балалар үшін және балалардың қатысуымен басқару жүйесін дамыту деген сөз. Оның ойынша, Өскемен қаласы басқаруды жаңғырту жүйесінде көп нәрсе жасалған, балаға дос қала жолында. Балаға дос қаланың стратегиясы Қазақстан қалаларына олар балалардың құқықтарын қорғай алатындай және олардың қажеттіліктеріне ең жақсы тәсілде жауап беретіндей өзінің басқару құрылымын реформалауға көмектеседі. Ол Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау жүйесін дамыту бойынша ТМД елдерінің алдында тұрғанын айтты. Кездесу соңында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары А.К.Нұрғазиев Өскемен қаласындағы балалардың өмір сапасын жақсарту келешегіне қатысты жоспарды оқыды. Қаланың инфрақұрылымын балалардың пікірін ескерумен, көшелерді, көліктерді, саябақтарды, аудандарды қайта жабдықтауға бағдарлау жоспарлануда. Бүгін 60 пайызға экологиялық қорық және этникалық ауыл салынды, балалар-жасөспірімдік ортада туризмді дамыту бойынша жобаны аяқтау жоспарланған. Қала картасы бойынша жасалған жұмыс баллардың көзімен жүйелі болуы үшін, балалар мен жасөспірімдер тамаша Өскемен қаласында тұратындарын мақтан тұтуы үшін, «Өскемен –бұл менің қалам!» акциясын жыл сайын өткізуді ұсынды. Келісімге негізгі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, мүдделі органдармен және ұйымдармен нақты жұмыс жүргізілуде. Сонымен, 2010 жылдың 10-11 наурызында Семей қаласында Семей мемлекеттік педагогикалық институтының қолдауымен әлеуметтік жұмыс технологиясын және отбасына арнайы қызмет көрсетуге ведомствоаралық қарауды пайдалану бойынша білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мамандары үшін семинар өтті. 2009-2010 жылдары «Исток» қоғамдық бірлестігімен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Әлеуметтік мониторинг және болжау орталығымен бірлесіп, «Балаға дос қала» бағдарламасы аясында Семей қаласында балалар жағдайының екі ситуациялық талдауы өткізілді. Бұл жұмысқа оқушылар, ата-аналар арасындағы сараптамалық және социологиялық сұрақтар, және де визуалды зерттеулер енді. Зерттеулердің қорытындылары тиісті жинақтаулар мен талдау кестелерінде жүйеленді. Жалпы қала аумағының 80 пайызы қамтылды. Кеңес берушілердің талдау маетариалдары мен ұсыныстары қарастырып, кеңес берушілерді анықтау үшін ЮНИСЕФ-ке жолданды. Модулін ЮНИСЕФ 2010 жылы енгізуді көздеген «Балаға дос қала» моделінің көрсеткіштері жолданды. 

Семей қаласында ЮНИСЕВ-тің қолдауымен екі жастар денсаулықты қолдау орталықтары жұмыс істейді(ЖДО). Орталықтардың жұмыс мақсаты –жас ұрпақтың адамгершілік, психологиялық, физикалық және репродукциялық денсаулығын сақтау. Орталықта тегін және құпия негізде 10-24 жас аралығындағы балалар мен жастарға гинеколог, андроуролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, заңгер қызмет көрсетеді. Қыздар өздеріне қарауды үйренетін, этика ережелері мен ұлттық дәстүрлерді зерделейтін «Гламурная девушка» клубы және бисер тоқу үйірмесі ұйымдастырылған, еріктілер қозғалысы дамытылуда. 

Орталықта 5 бөлімше жұмыс істейді, 4 бөлімшесінде туғанынан 18 жасқа дейін 320 балаға үйіндеқызмет көрсетіледі. Күндіз келу бөлімшесінде 4 рет келуімен 22 балаға арнайы қызметтер кешені көрсетіледі. Әлеуметтік көмек бойынша мамандардың білікті көмегінің арқасында балалардың дамуында позитивті өзгерістер бар, мысалы, ағымдағы жылы 10 бала мектепке, 7 бала интернатқа, 2 бала колледжға, 1 бала Жоғарғы оқу орныныңкүндізгі бөлімшесіне келді. Қызмет көрсетілетін балалардың жемісті әлеуметтік бейімделуі мақсатында, 12 бала бассейнге, 12 –«Дельфин» спорт-сауықтыру кешеніне, 24 –«Арлан» боулингіне барады, 14 бала қалалық ипподромда атқа отырып жүруге үйренуде. 

Және де, Семей қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстардың жиілеп кетуіне, балалар мен жастардың арасындағы жазатайым оқиғалардың, кәмелетке толмағандардың арасындағы суицид фактілерінің саны бойынша(2009 жылғы қаңтар-қараша -17) қалыптасқан жағымсыз жағдайға байланысты, облыс әкімі орынбасарының қол қоюымен Семей қаласында құқық қорғау, ақпараттық-ағарту, әлеуметтік-психологиялық қызмет, және де жасөспірімдердің ата-аналарына және жақындарына талап арыз жазуғатегін заңгерлік кеңес беру көмегін көрсететін Отбасы және балалықты қолдау орталығын құру қажеттігі туралы хат жолданған. 

2009 жылғы 7 қыркүйекте қол қойылған 2009-2010 жылдарға арналған Келісімге сәйкес, Өскемен қаласында жобаның негізгі принциптерін іске асыру жалғастырылуда. Қалалық үйлестіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, тоқсан сайын қалалық әкімдік бөлімдері өкілдерінің және қалалық көшбасшы мектеп оқушыларының отырыстары өтеді. Тоқсан сайын жобаны орындау БАҚ-да жарияланады. Ай сайын Өскемен қаласының білім беру бөлімдерінің сайтында ақпарат жаңартылады. Басым бағыттардың бірі болып -әлеуметтік жетімдіктің алдын алу белгіленді. Осыған байланысты, Отбасы және балалықты қолдау орталығы мектеп әлеуметтік-психологиялық қызметтермен бірлесіп отбасындағы балалардың өмір сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді. Бүгінгі күні Отбасы және балалықты қолдау орталығының ерекше бақылауында қиын өмірлік жағдайға тап болған, Орталықтың кешенді әлеуметтік-психологиялық қызметтерін алатын 75 отбасы тұр. Психологтар үнемі қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жасайды. Мектеп ішіндегі есепте және КТБ есебінде тұрған балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағымды белсенділігін дамытуғаерекше көңіл бөлінген. Жұмыстың топтық формаларымен «тәуекел» тобының 324 оқушысы қамтылған. Психологтардың 468 жеке кеңес беруі және 159 заңгерлер кеңес беруі өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер үшін сенім телефонының тәулік бойғы қызметі жұмысын жалғастыруда 262313.

2010 жылғы 2-11 наурызда облысқа арнайы әлеуметтік қызметтердің ұлттық деңгейде ары қарай пайдаланылуы үшін, ШҚО отбасы мен балаларына көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту тәжірибесін зерделеу және құжаттандыру мақсатында ЮНИСЕФ өкілі келді. 

2010 жылғы 7 сәуірде ЮНИСЕФ тапсырысы бойынша тиімділігін арттыру үшін жергілікті деңгейде балалықты қорғаудың қолданыстағы жүйесін картографиялауды өткізетін Ұлыбритания, Эссекс Университеті мамандары келді. 

2010 жылғы 9-11 наурызда семинарда отбасымен жұмыс жасау технологиялары ұсынылған ПМПК қызметкерлерінің оқытуы өтті. Бұл дайындық бағдарламасы барлық әлеуметтік қызметкерлер білуге тиісті қажетті дағдылардың тізімін ұсынғандықтан, кез келген мамандармен тәуекел тобының отбасыларын енгізу үшін маңызды. 

2010 жылғы 7-9 сәуірде ШҚО-на әлеуметтік жұмыс бойынша маман Джонатан Уоткинс мырза келді, ол ЮНИСЕФ тапсырмасы бойынша балалықты қорғаудың қолданыстағы жүйесі бойынша деректер жинағын жүргізеді. Оның баяндамасының ұсыныстары жол картасын құру және облыста балалықты қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шердің тікелей қатысуымен 2010 жылғы 8 қыркүйекте Астана қаласында талқыланды. Отырыстың қорытындылары бойынша жасалған ұсыныстар ары қарайғы жұмыста пайдаланылатын болады және ұсынылған балалықты қорғау моделі ШҚО қоса еліміздің кейбір өңірлерінде жүзеге асырылатын болады.

2010 жылдың басында Өскемен қаласында Медициналық денсаулық орталығы ашылды. ШҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы арқылы 2010 жылға 4 млн. теңге бөлінген. 

2010 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетімен және ЮНИСЕФ кеңес берушісімен өткізілген зерттеулердің қорытындылары бойынша перинаталды көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасалды. ЮНИСЕФ өкілеттілігі облыстық денсаулық сақтау басқармасына нормативтік базаны жетілдіру үстінде жұмыс жасау үшін облыстық деңгейде жұмыс тобын құру туралы өтінішімен келді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 708 «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жоғары және бірінші сорт бидай ұнын міндетті фортификациялау (байыту) Ережелерін бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, облыста екі ұн кәсіпорындары «Шығыс Қазақстан ұн-комбикорм комбинаты» АҚ және «Защита элеваторы» ЖШС ұнды фортификациялау технологиясын өндіріске енгізу үшін құрал-жабдық сатып алды. Ары қарай қаулы бекітілген «Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнімін қорыту (фортификациялау) ережелеріне» байланысты күшін жоғалтты. 

2009 жылы «Шығыс Қазақстан ұн-комбикорм комбинаты» АҚ облыстың көптеп сату өнім берушілері мен бөлшек саудаға қорытылған жоғары сорт ұнын 5000 тонна мөлшерінде өткізді. «Защита элеваторы» ЖШС дәруменді-минералды премикстардың жоқтығынан ұнды қорытуды жүргізген жоқ. 

Қазіргі уақытта дәріменді-минералды премикстарды өндіру Ақмола облысының «НАЦ «Биомедпрепарат» АҚ-на жүктелген. Ұн кәсіпорындары премикстардың бары туралы хабардар және оларды сатып алуға тапсырыс берген. «Защита элеваторы» ЖШС премикстарды алғаннан кейін жоғары және бірінші сорт бидай ұнын фортификациялау желісін шығармақшы. Ұнды фортификациялау ШҚО-да белсенді жүргізіледі. ШҚО-да ұнды фортификациялау бойынша тәжірибе «Қазақстан» телеарнасы журналистінің жеке репортажында ұсынылып, республиканың барлық аумағында көрсетілген. 

2010 жылғы 28-30 маусым аралығында «Қазақстанда балаға дос қалалар салу» тақырыбында семинар өтті. Семинардың ұйымдастырушылары ЮНИСЕФ өкілдері: Радослав Жехак(Польша), Анна Стативкина, Эллиана Риджио(Италия) болды. Іс-шараға 35 адам қатысты, оның ішінде облыстық әкімдік басқармаларының, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Өскемен және Семей қалалары Әкімдігінің, Отбасы және балалықты қолдау орталығының өкілдері болды. Семинардың мақсаты: ШҚО қалаларының жағдайына бағдарланған, балаға дос қаланың моделін құру. 

Семинардың аясында 2011-2013 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда көрсетілетін ШҚО қалаларында жобаны іске асыру бойынша қызметтің бағыттары анықталды. Радослав Жехак аталған жоспарды құруға балалардың қатысу қажеттігіне қатысушылардың назарын аудартты. 2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспарлау 2010 жылдың қыркүйегінде аяқталады.

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жүйесін картографиялау миссиясы аясында 2010 жылғы 17-19 қарашада Өскемен қаласына ЮНИСЕФ халықаралық кеңес берушісі Каролин Гамильтон келді. Келу мақсаты –жергілікті деңгейде баланы қорғау жүйесін үлгілеудің мүмкін сценарийлерін талқылау, ШҚО-да баладан бас тарту себептерін зерделеу бойынша зерттеулер қорытындыларын талқылау. Және де, «Балаға дос қала» бастамасын жүзеге асыру аясында 2011-2015 жылдарға іс-әрекет жоспарын құруды аяқтау бойынша жұмыс отырысын өткізу. Өскемен қаласында облыстық білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының және ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басшыларымен кездесу өтті. Келу барысында балалар үйіне, отбасы және балалықты қолдау орталығында, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімделу, оңалту орталығында болды. 

2007 жылы «Балаға дос қала» жобасы жүзеге асырылатын ретінде іске қосылды. Ол кезде жоба кең тарамаған еді. Бірақ, Департамент жобаның қағидаларын зерделеп, тек қана осы жоба біздің балаларымыздың, жасөспірімдер мен жастардың өміріне көптеген жаңашылықты және қызықты әкелетінін, олардың өздерінің құқықтарын іске асыруы үшін қосымша мүмкіндіктер құратынын қорытындылап айтты. 

Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті салауатты өмір салтын, имүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделу, оңалу және кірігуін қамтамасыз ету бойынша «Special Olympics» бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, 8 жастан және одан жоғары менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған жыл сайынғы халықаралық спорт жаттықтырулары мен жарыстары аясында, СОК(Спешиал Олимпикс Казахстан) және Шығыс Қазақстан облысының туризм, ден шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп белгілі жұмыс жүргізеді. 

Әлеуметтік өмірге тарту және оның тұлғалық дамуына қол жеткізу мақсатында, облыста 16 арнайы(түзету) білім беру ұйымдары жұмыс істейді: нашар еститін балаларға арналған 2 мектеп-интернат, саңырау балаларға арналған 1 мектеп-интернат, нашар көретін балаларға арналған 1 мектеп-интернат, 6 қосалқы мектеп-интернат, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 1 мектеп-интернат, 3 мектеп-бала бақша(сөйлеу мәнері бұзылған, психикалық дамуы тежелген, нашар көретін). Облыста девиантты мінез-қылықты балаларға арналған 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат жұмыс істейді: Зырян ауданының Серебрянск қаласындағы 103 оқушы контингентімен «Девиантты мінез-қылықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» және Глубокое ауданының Белоусовка кентіндегі 25 оқушы контингентімен «Қылмыстық жауаптылыққа тартулы жасына жеткенге дейінқылмыстық жазаланатын әрекет жасаған кәмелетке толмағандарға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат». 

Барлығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1102 мүмкіндігі шектеулі бала қамтылған. Олар келесі спорт түрлерімен қамтылған: шаңғы жарыстары -87, жердегі хоккей -54, конькимен жүгіру спорты -107, жеңіл атлетика -204, баскетбол -109, жүзу -70, футбол -1200, ролик конькилері -18, үстел теннисі-107, волейбол -40, боулинг -54, бадминтон-52. Түзету ұйымдарының озат спортшылары республикалық, облыстық және қалалық жарыстарда өздерінің қабілеттерін көрсетеді. 

Физикалық тәрбиелеу балалардың барлық өмірін ұйымдастыру негізінде жатыр және балаларды салауатты өмір салтына баулудың маңызы факторы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша арнайы түзету білім беру ұйымдарының жұмыс тәртібіне спорттық іс-шаралар, ойындар және аумақтық және климаттық жағдайларды, балалардың жас және жеке қабілеттерін ескерумен таза ауада көңіл көтеру енгізілген. 

Облыстағы түзету білім беру мекемелері оқушыларының мақтанышы –тәрбиеленушілердің өзіне жыл сайынғы жаттықтырулар мен жарыстарды енгізетін «Спешиал Олимпикс» қозғалысына қатысуы болып табылады. Түзету білім беру ұйымдарында үнемі баскетбол, үстел теннисі, бадминтон, шаңғы жарыстары, футбол бойынша спорт секциялары жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың Спешиал Олимпикске қатысуы оларға тек физикалық дамып, өздерінің таланттарын көрсетіп, достар тауып, олармен қарым-қатынастан шаттыққа бөленіп қана қоймай, сонымен қатар олардың отбасыларын нығайтып, жақсы болашаққа үміт ұялатады.

Балалар спорттық эстафеталарға, жарыстарға, Денсаулық күндеріне қуана-қуана қатысады және топтық қызметке араласа, өздерінің таланттарын толық көрсетуге талпынады. Күзгі кезеңде мектептер бойынша шашкалық турнирлер және баскетбол, волейбол, үстел теннисі бойынша мектеп біріншілігін өткізу, ал қыста коньки және шаңғы жарыстары бойынша жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналды. Дене шынықтырумен жаппай айналысуына көбінесе кең жайылған насихат ықпал етеді. Балалармен үнемі санитарлық-гигиеналық тақырыптарға әңгімелер жүргізіледі, жарыстардың қорытындылары қабырғалық баспаларда, сынып жиналыстарында, линейкаларда жарияланады. Жарыс кезінде «Молниялар» шығады. Бірінші орын алған ұжымдарға және жеке жеңіске жеткен оқушыларға салтанатты түрде сыйлықтар табыс етіледі. Әдемі ресімделген қабырғада спорт түрлері жеңімпаздарының фотосуреттері ілінеді.

Мысалы, Риддер қаласының «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп -интернаты» ММ тәрбиеленушісі Ларионова Марина 2009 жылы АҚШ, Бойсс қаласындағы Бүкіләлемдік қысқы Арнайы Олимпиадада шаңғы жарыстары бойынша 2 қола медалін алған. 

Риддер қаласының мектеп-интернаты оқушылары Варшава қаласында Арнайы Жазғы Еуропалық ойындарда бадминтон бойынша 2 қола, 1 күміс және 2 алтын медальдарын алды. 

Осы бағыттағы жағымды тәжірибе –Семей қаласының «Ата –анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернат» ММ–нің «Спешиал Олимпикс» Халықаралық ұйымымен ынтымақтастығы болуы мүмкін. 2009-2010 оқу жылы мектеп-интернаттың балалар ұжымы қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға белсене қатысты. Үстел теннисі бойынша жүлделі орындар және шағын футбол бойынша жүлделі бірінші орын алды, ол үшін футболистер командасы Кубокпен, грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мектеп-интернаттың 35 оқушысы Семей қаласында өткен жеңіл атлетика бойынша Республикалық жарыстарға қатысты. 4х100 метр эстафетасында мектеп-интернат командасы 1-орын алды, қалған қатысушылар спорт жарыстарының түрлері бойынша жеке біріншілікте жүлделі орындар алып, медальдармен, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, мектеп-интернат базасында «Спешиал Олимпикс» қозғалысы Республикалық филиалымен жоғары жастағы балаларға арналған «Здоровый атлет» акциясы және кіші жастағы балаларға арналған «Улыбка» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Осы акция барысында мамандармен қатысушылар медициналық тексеруден өткізілді, және де балаларға гигиеналық құралдар мен сыйлықтар табыс етілді. Ағымдағы жылдың қазанында қыздар және бозбалалар командасы түрлі құндағы 20 медальға ие болған 26 адам құрамындағы «Спешиал Олимпикс» ҚБ жоспарында Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне арналған жеңіл атлетика турниріне қатысты. 

Сонымен, түзету білім беру ұйымдарында денсаулықты нығайту және сақтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Сабақта және сабақтан тыс уақытта дене шынықтырумен айналысу жүйесі, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтау, тамақтану, демалу, тұрақты медициналық бақылау –осының барлығы тәрбиеленушілердің науқастану деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Облыста түзету білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында ОРЗ сияқты ауру жоқ. Балалар өмірге риза, ширақ, еңбекке жарамды. 

Бірақ, барлық түзету білім беру ұйымдары 8 жас және одан жоғары жастағы менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған жыл сайынғы спорттық жарыстар мен жаттықтырулардың халықаралық бағдарламасына енгізілмеген және барлығы үшін физикалық қабілет деңгейі ескерілмеген. Оларға үстел ойындары, шашкалар, шахмат және басқа ойындар жақын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған дерек көздері:

1.      http://kk.convdocs.org/docs/index-30745.html?page=10

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Балалардың еңбегін қанау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 034 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2016 4141
    • DOCX 80.3 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожахметова Акбота Сайдахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4229
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов