Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Баяндама "Балалардың математикалық жаттығулар мен ойындары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Баяндама "Балалардың математикалық жаттығулар мен ойындары"

библиотека
материалов

Балалардың математикалық жаттығулар мен ойындар, тапсырмаларды орындауларына сараптама жасай отырып,олардың заттардың ерекшеліктерін бөлуде (түсі, пішіні мен көлемі) білімдерінің аздығын ескердік, бұл балалардың ерекшеліктерді анықтау және абстарктылау, салыстыру, топтау және жалпылау сияқты әрекеттер мен ойлау операцияларын орындауда қиындық тудырды (№1 қосымша).

Алдыма мақсат қойдым: балалардың заттардың түсін, пішіні мен көлемін Дьеныштың блоктарының көмегімен ажырату қабілеттерін қалытастыру.

Мақсатымды жүзеге асыру үшін мына міндеттерді айқындадым:

  1. Балаларды логикалық блоктардың көмегімен сенсорлық эталонмен таныстыру (түсі, пішіні мен көлемі).

  2. Балаларды белгілермен таныстыру – символдар, схемалар.

  3. Балаларды заттардың ерекшеліктерін жалпылау, топтау, салыстыру, абстарктылау және анықтауға үйрету.

  4. Балалардың логикалық тапсырмаларды шешуге жаттықтыру.

  5. Интелектуальды қабілеттерін дамыту: жоспарлау, сараптау қабілеттері, оймен қортындылау, үйлестіру.

  6. Танымдылық үрдістерін дамыту: қабылдау, наразға алу, ойлау, сөйлеу, елестету, есте сақтау.

Дьеныш блоктарымен балалармен жұмыс жасау тәжірибесіне енгізу үшін мына шартарды анықтадым:

  1. Топтың даму ортасына блокты жинақтарды енгіздім;

  2. Келешек жоспарларын жасадым (№2 қосымша);

  3. Блоктар бойынша ойындар дайындадым (№3 қосымша);

  4. Блоктармен жұмыс бойынша схемалар, карточкалар жасадым (№4 қосымша);

  5. Ата-аналарға арналған кеңес беруді жасадым (№ 5, 6 қосымшалар);

  6. Дьеныш блоктармен сабақ өткізудің конспектілерін жасадым (7-9 қосымшалар).

Жұмыс тәжірибесі мына қағидалар негізінде құрылды:

  1. Жүйелелік пен кезектілік қағидасы.

Өз жұмысымның барысында әрбір жасқа арналған тапсырмаларды ескере отырып, жоспарлар жасадым. Осы үшін келешек жоспарын құрдым. Осы жоспарда құру кезінде балалардың білімдері мен қолдан келетіндерін ескердім. Балалар жаңа білімді меңгергенде осыдан бұрын алған білімдеріне сүйене алатын болсын деген тәртіппен өз жұмысымды материалдарды зерделеуге ұштастыруға тырыстым. Жоспарлауда материалдарды зерделеу мен бекіту айқын көрсетілген.

Мысалы, блоктардан тізбектер жасауға үйрету барысында «Жолдар» ойынында алдымен бір, кейін екенші және т.б. белгілерді тізбектеуді қолданамыз.

  1. Көрнекілік қағидасы.

Бұл қағида бала ойын көрнекілі- образды түрде қалыптастыратындықтан, оның маңызы зор деп санаймын. Сондықтан бұл қағиданы заттық-даму орталық арқылы жүзеге асырдым, логикалар мен математика орталығына логикалық блоктарды, схемалар мен сызбаларды, белгі-симводарды енгіздім.





Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т.б.). Дьеныштың блоктары үш жастан асқан балаларға арналған.


Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады:

а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш);

б) үш түсті (қызыл, көк және сары);

в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);

г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).

Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.


Дьеныштың блоктарымен танысу.

Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Баланың алдына блоктарды жайып салып, олармен қалағанынша ойнауға, ұстап көруге, араластыруға мүмкіндік беріңіз. Кейіннен мына тапсырманы ұсынуға болады:

Бір фигураны көрсетіп, осындай түсті фигураны тауып алуды тапсырыңыз (мысалы, сары). Сосын балаға үшбұрышты барлық блоктарды көрсетуін сұраңыз (немесе барлық үлкен фигуралар).

Аюға барлық көк фигураларды, қоянға – сары, тышқанға – қызыл фигураларды беріңіз, сосын фигураларды (көлемі, пішіні мен жуандығы).


Блоктар арқылы ойындар мен жаттығулар өткізу.

Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап қалуы керек, кейін фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен ауыстырылады. Бала осы өзгерістерді байқауы керек.

Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе жуан) алуды ұсыныңыз.

Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан бір фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып, суреттеп беруі керек. Немесе қапшықтан алмай тұрып, пішініні, көлемі мен жуандығын айтып беруі керек.

Үш фигураны алыңыз, бала оның қайсысын қандай себеппен артық екенін айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).

Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).

Фигуралардың біріншісі екіншісінен бір ғана ерекшелігімен дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.

Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).

Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.

Баланың алдына 8 блоктарды қоямыз және ол көрмей тұрғанда фигуралардың бірінің астына «қазынаны» тығып қоямыз (тиын, тас, қиылған сурет және т.б.). балаға болжамды сұрақтар қоясыз, ал бала «ия» не «жоқ» деп қана жауап беруі керек. «Қазына көк блоктың астында ма?»- «жоқ», «қызылдың астында ма?» - «жоқ» (бала қазынаның сары блоктың астында екенін түсіне қояды да, осыдан кейін оның көлемі, пішіні мен жуандығы туралы сұрастыра бастайды). Осыдан кейін қазынан бала жасырады, ал ересек адам іздеуі керек. Екі қорапты аласыз, біреуіне 3 блок, екіншісіне төрт блок салу керек.баладан қайсында локтар көп және оларды қалай теңестіруге болатынын сұраңыз.

Бір қатарға кез келген 5-6 фигураларды қатарлаймыз. Астыңғы қатардағы фигуралар үстіңгі қатардағыларға қарағанда пішіндері басқа болатын болсын (түсі, көлемі). Домино ойынында фигураларды қатысушыларға өзара тең бөлінеді. Әр ойыншы кезекпен өз жүрісін жасайды. Фигура болмаған жағдайда жүріс өткізіледі. Кім барлық фигураларын бірінші болып салып бітірсе, сол жеңімпаз болады. Жүрісті әртүрлі жасауға болады: басқа түсті фигурамен ( түсі, пішіні).

Балаға фигураларды сызылған сурет-схема бойынша салу ұсынылады, мысалы, үлкен қызыл шеңбер салынған, оның артынша кішкентай үшбұрыш салынған және т.б. блоктардан заттардың жобасын құрастыруға болады: машина, паравоз, үй, мұнара және т.б.

Анасы қорапқа тек тікбұрышты фигураларды ғана салады, ал бала барлық қызыл фигураларды салады, сосын анасы тек жұқа фигураларды алады, ал баласы тек үлкен фигураларды ғана алады және т.б.

Ана мен баланың арасында фигураларды бөлгенде анасына барлық дөңгелек фигуралар, ал баласына барлық сары фигуралар түсетіндей етіп бөлу керек.



2 жастағы бала кигізіліп тұрған сақиналарды тұғырынан шығарады, қораптағы таяқшаларды алады, ойыншықтарының дөңғалақтарын алады. Осылайша ол алғашқы байланысты орнатады. Ол сақиналарды қайтадан тұғырына кигізеді,жеке бөліктерден сурет құрайды, қызыл түймелерді бір қорапқа, көктерін екінші қорапқа жинап, салады. Осындай әрекеттерінің барлығында бала ұқсас заттарды салыстырады, оларды қандай да бір топтарға біріктіреді. Бұл синтездің ең алғашқы түрлерінің бірі.

3 жастағы бала ойыншық машинасын қарай отырып, оның жекелеген бөлшектерін көрсетеді. Мен «Бұл не?» деп сұраймын, «Бұл дөңғалақ, бұл кузов». Сонымен қатар кітаптағы суреттерді қарау процессі болады. Бірақ уақыттан кейін бала суреттегі жекелеген заттарды өзі көрсетіп, ересек адамның сұрағына жауап бере алатын жағдайға жетеді.

4-5 жастағы балалар «сараптау» операциясына «салыстыру» операциясын қосады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересек топтарымен зат туралы әңгімелесу «тұтастықты бұдан әрі бөлшектеуге» әкеледі.

Мектеп жасындағы балалардың топтастыру операциясының да өз деңгейі болады. Мен мынадай заңдылықты байқадым: - 3-4 жастағы балалар заттарды жақсы топтастырады (суреттер мен сөздерге қарағанда), 5 жастағы балалар суретті жақсы топтастырады (заттар мен сөздерге қарағанда), 6-жастағы балалар сөздерді, кейде суреттер мен заттарды да жақсы топтастырады.

Сондықтан мектеп жасында дейінгі балалардың ойлауы нақты болтындығы соншалықты, ол затты ойша және оның әрекетін тікелей қабылдауды қажет етеді. Ересек топтағы балалар заттың болғанында ғана емес, оның суретін егер ол болмаған жағдайда да ол туралы ойлай алады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды топтастыруға үйрету кезінде материалды сезінуден бастап оны сөзбен жеткізуге дейін біртіндеп ауыстыра бастаймын.

Осыдан келіп, мен ойын материалына күрделіліктің әртүрлі деңгейін кірістіру керек деген қортындыға келдім. 1 деңгей үшін (кіші-орта жас) лото, жұп суреттер, үлкен және оюлы мозаика, кубиктер жинағын, дамыту ойындарын («Өрнекті сал», «Төртбұрыштарды сал»), моделдеу және орындарына салу элементтері бар ойындар, Дьеныштың блоктарын, жеңіл модуль материалдарын, құрылыс жинақтары болуы керек.

Қолдардың ұсақ сезміталдықтарын дамыту үшін арнаулы дидактикалық ойыншықтар қажет: қаттамалар, баулар (өрнек салу). Осы мақсатта жағдайға қақпақтар әртүрлі пішінді және көлемде пластикалық контейнерлерді қосамын.

2- деңгей үшін (орта-ересек жас) заттарды әртүрлі ерекшеліктері бойынша салыстыратын дидактикалық ойындар қолданылады (түсі, пішіні, көлемі, материалы, қызметі). Баланың ойын таңдауда әрқашан мүмкіндігі болуы өте маңызды, ол үшін ойын жинақтары неғұрлым алуан түрлі болуы керек және оларды алмастырып отыру қажет (2 айда 1 рет).

Елестету қабілетін дамыту үшін балаларға тұпнұсқасымен белгілі бір ұқсастықтары болатын заттардың- орнынбасушыларды ұсынамын, мысалы, геометриялық көлемді фигуралар – «көкеністер», таяқша «градусник», қорапша «теледидар». Құм, су, саз, бояу, көбік, айналарды қолдана отырып, экспериментті ойындар өткізуді ұсынамын.

Екінші кіші топта – естің символикалық-белгілер қызметін дамытудың сензитивті кезеңі басталады, бұны баланың ақыл есінің дамуы үшін өте маңызды деп санаймын.

Мұндай белгілермен моделдерді әрине ең бастысы балалардың өздерімен бірлесіп ойлап табу.мен өз таңдауымды бірнеше себептермен негіздедім:

  1. Кейбір балалар өз құрдастыран әлдеқайда озық болады. Олар әр нәрсеге қығушылық танытады, жаңалыққа, беймәлімділікке құмар бола тұра, олардың білім қорлары да жеткілікті болады. Мұндай балалар үйлерінде ересектердің көңіл бөлулеріне, олармен уақыт өткізулеріне ие болған балалар. Олар бақшаға келісімен, ойын әрекеттерінде өз қабілеттерін шынықтыра отырып, әлдеқайда алдыңғы сатыға көтеріледі.

  2. Орта топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мен ойынға көп көңіл бөлдім, мұнда балалардың топтасып, жұптасып ойнауларын қолданған жөн.

Осыдан келіп, өзім үшін мына жұмыс жоспарын қалыптастырдым:

  • Осы бағытта жұмыс жасап жатқан педагог-әріптестерімнің жұмыс тәжірибелерімен танысу

  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушылық орта қалыптастыру.

  • Белгілі мақсатты көздейтін ойын түрлерін нақтылау

  • Бірлескен және өз бетінше әрекеттер қолданылатын ойындарды қолданудың жоспар-жобасын жасау.

  • Логикалық блоктармен жұмыс жасаудың түрін ұйымдастыру.

  • Сюжетті-ролдік, стол үсті ойындары мен қимылды ойындарда, сабақтарда логикалық блоктарды пайдалану.

  • Балаланың 5 жасындағы дамуының психикалық ерекшеліктерін суретейтін ғылыми әдебиеттерді зерделеу.

  • Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, даму ортасын дайындау.

  • Барлық уақыт аралығында (2011-2012 оқу жылында) әр баланың логикалық ойлау машықтарының қалыптасу ерекшеліктерін қадағалау.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерімен жетудің құралы ретінде мен логикалық ойлауды дамытушы ойындарды таңдап алдым. Оларды былайша бөлдім:

  1. Заттық: дидактикалы – түсін, пішінін, түрін, табуға бағытталған, дамытушылық – (бірнеше деңгейлі күрделілік): Дьеныштың блоктары. Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында балалар әртүрлі ойлау қабілеттеріне ие болады, олар математика алдындағы дайындық ретінде өте маңызды болып келеді. Олардың қатарына сараптау, абстарктылау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру, шешу, сонымен қатар «жоқ», «және», «немесе» логикалық операциялары жатады. Осы ойындар мен жаттуғыларда баланың алгоритмдік мәдениет тұрғысында ең қарапайым қабілеттері дамитытндығын байқадым. Логикалық блоктардың көмегімен балалар көңілдерін, есте сақтаулары, қабылдауларын жаттықтырады. Бұл ойындар алаңқайлық елестетуді дамытады, балаларды құрылыс үлгісін сараптауға, кейіннен – қарапайым схема бойынша әрекет етуге баулиды.

  2. Сөздік: жұмбақтар, елестету, қиялдарын дамытатын ойындар. Саусақтақ ойындар: бұл мидың белсенділігін арттырады, ойлауды дамытады, қолдың ұсақ сезгіштігін дамытады. Мұнда екі қолдың да қатысуы керек, бұл балаларға «оң, сол, жоғары, төмен» дегенді бағыттауға мүмкіндік береді. Егер бала қандай да саусақ ойынын меңгерген болса, ол басқа тақпақтар мен әндерге басқа көріністер ойлап табуға тырысады.

  3. Өзімнің педагогикалық қызметімді жоспарай отырып, мен келесі жоспар-схеманы іске қосамын, ол бірлескен және өз бетінше ойын ойнауды ұйымдастыру.



Автор
Дата добавления 29.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров151
Номер материала ДБ-059759
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх