Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Баяндама: "Балаларды шығармашылыққа дамытудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер"

Баяндама: "Балаларды шығармашылыққа дамытудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер"


библиотека
материалов

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформасы – жас ұрпақтың әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту кезеңінде баланы мектеп қабырғасына алты жастан қабылдаудың өзіндік жолы айқындалуда.

Бес жасар баланы оқыту оңай міндет емес. Дегенмен,бес жастағы баланың алты жастағы баладан айтарлықтай өзіндік ерекшеліктері болды. Мәселен, бес жасарлардың танымдық қабілеті жоғары, зейіні тұрақсыз болғанымен, қабылдауы қарқынды келеді. Сондықтан, оларға арналған оқыту процесіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы тиіс.

Бес жасар бала мен алты жасар баланың тек жас айырмашылығы ғана бөліп тұрған жоқ, олар физиологиялық, психологиялық, адамгершілік даму жағынан да ерекшеленеді. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің өзі түрліше болуы керек. Баланың мектепке дайындығы қандай болады? Бұл мәселеге байланысты бүгінгі күні балаларды шығармашылыққа баулу үшін мынадай әдіс –тәсілді қолданамын.

  1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу (Сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар, анаграмма)


  1. Топтастыру әдісі


  1. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру


  1. Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда ертегі құрастыру.


  1. Байланыстыру әдісі


  1. Ситуациялық сұрақтар қою


  1. Әдеттен тыс сурет салу


  1. Ойын «айналадағы дүниетанымдық тәсіл».


  1. Тақырыпты жан-жақты қарау, сұрақ-жауап әдісімен талдау.


«Баланы жан – жақты тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек» - деген дана педагогикалық шындықты әркез есте сақтаған жөн.

«Балалардың мектепке дайындығының маңызды бір көрсеткіші – олардың физиологиялық дамуы мен жалпы денсаулық жағдайы. Мектептегі жағдай бес жасар баланың жеке дамуына игі ықпал ететіндей гигиеналық талапқа сай болуы тиіс.

Баланы мектепке бейімделу нышандарын мынадан байқауға болады.

Біріншіден, оқу үрдісіне қанағаттануы.Оған мектепке барған ұнайды, ол өзіне сенімсіздік танытпайды және қорықпайды.

Екіншіден, баланың бағдарламаны жеңіл меңгеруі, себебі: даярлық тобында танысқан әріптерді сандарды көреді.


Табысты бейімделудің келесі нышаны – баланың оқу тапсырмаларын өз бетімен орындау деңгейі,тапсырманы өзі орындай алмаса, үлкендерден көмек сұрауы. Көбінесе ата –аналар баласына соншалықты ынтамен көмектеседі, кейде бұл қарсы нәтиже болуы мүмкін. Оқушы ата – анасымен немесе жақындарымен бірлесе сабаққа дайындалуға үйреніп алады. Мұндай жағдайда сіздің көрсететін көмегіңіздің шегін белгілеп алу қажет. МАД тобында болған тәрбиеленуші 1-сыныпқа қосылуының ең маңызды нышандарының оның сыныптастарымен ,мұғаліммен тұлғаралық қарым – қатынас жасаудағы қанағаттануы болып табылады. Осы кезеңде бірінші сыныпқа келген оқушы белсенді түрде қарым – қатынас жасайды, балалар ортасынан өз орнын іздейді, басқа балалармен серіктесуге және өзіне көмектесуге қарсы болмайды.

Даму деңгейлерінің әр түрлі болып келуі алты жасқа қарағанда, бес жасарлардың арасында жиі кездесетіні анық.

Сондықтан даму деңгейін әр түрлі балалар мұғалімге елеулі қиындықтар туғызатындықтан, бірінші сыныпқа барғанда басты міндет оқушыларды тегістеп, бірқалыпқа салу.

Бұл жерде басты рөл отбасында жатыр. Оқудың алғашқы күнінде баланың сезімі, ақыл – ойы, байқағыштық, мұқият болу, есте сақтау, елестету, икем – дағдыларының дамуына ата –ананың көмегі көп. Сондықтан да ата – аналармен тығыз қарым –қатынаста болуы маңызды.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-184027

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG