Инфоурок Начальные классы КонспектыБаяндама «Бастауыш мектептерде дарындылықты дамытудың психологиялық - педагогикалық жағдайы»

Баяндама «Бастауыш мектептерде дарындылықты дамытудың психологиялық - педагогикалық жағдайы»

Скачать материал

Ақмола облысы

Қорғалжын ауданы

Қорғалжын мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

Облыстық тамыз конференциясы

Баяндама

«Бастауыш мектептерде дарындылықты дамытудың психологиялық - педагогикалық жағдайы»

 

 

                                       Бастауыш сынып мұғалімі                        

Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жыл

 

  Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған.  Барлық мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.

 Оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау, оқушының қабілетті болып дүниеге келуі және өз қабілеттерін жүре дамыта алуы әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Қосымша материалдарды зерделеу арқылы мына көзқарастарды айқындадым: дарынды балалар ретінде білімнің барлық саласынан бірдей дәрежеде көріне алатын балаларды қарастыратын болсақ, талантты бала ретінде тек бір салада даму деңгейі жоғары оқушыларды атауға болады.  Оның ішінде қабілеттің туа біту мен жүре дамуына байланысты да көптеген пікірлердің қалыптасқанын да білдім.

 Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын кемітеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.

 Өз зерттеуімнің объектісі ретінде дәріс беретін өзімнің сыныбымды алдым. Пәнді оқыту барысында сынып 16 оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді. Топқа бөлу оқушыларды оқытуда айтарлықтай жеңілдіктер жасайды. Арнайы іріктеуден өткен оқушылармен жұмыс жасау барысында бұл оқушылардың білім алуға деген ынтасының өте жоғары болатынын байқадым.. Ұстаз ретінде осы ынтаны кемітіп алмай,  керісінше дамыту жолында жұмыс жасауды мақсат етіп қойдым.  

 Күнделікті сабақтар кезінде байқағаным, топтағы ынтымақтастық атмосферасы адамның түсіну деңгейіне өзіндік әсерін береді екен. Топ мүшелерінің арасындағы серіктестік қарым-қатынас оларды ортақ келісімге келіп, топқа ортақ пікірді негіздеуге жетелейді. Зерттеудің алғашқы кезеңінде сынып мұғалімдері сабақ жүргізу барысында басқа екі әріптес сабақ барысын бақылап, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланысты бейнетаспаға түсіріп отырған. Сонымен бірге оқушылар сауалнама толтырады. Соларды талдау қорытындылары келесі сабақтарда қолданылды. Топ құрамын өзгерту арқылы топ мүшелерінің жынысына және мүмкіндіктеріне қарай басқалармен жұмыс істеуінен пікірталас арқылы шешуді талап ететін күрделендірілген тапсырманы шығаруға дейін стандартты емес жұмыстың арқасында бұндай сабақтардың сапасы артып отырған. Оқушылар берілген тапсырмалар орындаған кезде өздерін сенімді сезінген және үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда жақсы жұмыс істегендері анықталған. Осы зерттеу әдісі менің үлкен қызығушылығымды тудырды. Дарынды балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйретудің тиімділігін зерттеуді көздеп, өз зерттеу жұмысымның мақсатын келесідей тұжырымдадым: оқушыларды топтағы белсенді әрекетке жұмылдыру арқылы олардың топтағы серіктестік қарым-қатынасын арттыру және бір-бірінің түсіну деңгейін арттыруға әсерін зерделеу.

Зерттеу жұмысын бастар алдында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша сыныптарда қалыптасқан психологиялық ахуал туралы келесі қорытындылар жасауға болады:

·      оқушыларының көбісі өз сыныптарының негізгі қызығушылықтарын білуге қызығушылық білдіргенмен, олардың көп бөлігі, яғни 80%-ы  сыныптастарыңның 50-80%-ының негізгі қызығушылықтары туралы білетінін көрсеткен, ал бір оқушы сыныптастарының жартысынан көбінің қызығушылықтарынан хабары жоқтығын көрсеткен.

·      оқушылардың 25%-ы сыныптастарының өз білімдері туралы пікіріне немқұрайлы қарайтынын көрсеткен.

·      оқушылардың 10%-ы өз  білімдері туралы сыныптастарының пікірлерін жақсы емес деп көрсеткен.

·      оқушылардың 20%-ы топпен жұмыс жасаудың ұнамайтынын, дегенмен тапсырмаларды орындауда үлес қосуға тырысатынын айтқан.

·      оқушылардың  15%-ы топтық жұмыс барысында өз пікірлерінің ескерілмейтінін көрсеткен.

·      оқушылардың 30%-ы сыныптағы өзара бағалауға немқұрайылы қарайтынын, 10%-ы объективтілік танытуға тырысатынын, ал 10%-ы объективті болуға тырыспайтынын айтқан.

·      оқушылардың 20%-ы топтық жұмыс барысында жаңа білімді тек кей жағдайда алатынын, ал 15%-ы сирек жағдайда ғана жаңа білімдермен танысатынын көрсеткен.

 Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ондағы оқушылардың қарым-қатынастағы шиеленістікті жою, олардың арасында өзара серіктестік және түсіністік қарым-қатынасты орнату оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, жалпы сыныптағы оқушылардың қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосар еді. Сонымен қатар, дарынды балалардың ішкі потенциалын ашуға бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру олардың топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатынасын орнату арқылы, өз сенімділіктерін дамытуға жол ашар еді. Дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру жолында қашықтықтан оқыту кезеңінде топтағы белсенді әрекетті ұйымдастыру арқылы Кембридждік курс барысында үйренген келесі әдістерді қолдандым:

·           Оқушылардың өз әрекетіне, білім алу үдерісіне сыни көзқарасты дамыту олардың білімдегі құндылықтар жүйесін қалыптастыруда  үлкен маңызға ие. Бұл тапсырмалар қатарында көзбен көретін айғақтарды қолдану арқылы ой қорытуды қамтамасыз ету үшін (TrHW3_D5_Act1a_Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлау) берілген тақырыптарды Блум таксономиясының негізінде анықтау, салыстыру, жалпылау, талдау, қорыту деңгейлеріне арналған тапсырмалар берілді. Оқушыларым өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, тапсырмалардың мүмкін болатын шешімдерінің түрлерімен танысты. Топтарға берілген тапсырмаларды бірте-бірте қиындата отырып, оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғыздым деп ойлаймын. Дарынды балалардың топтағы әрекетін ұйымдастыру үшін  тақырыптарды өтуде «Мозайкалық жұмбақ» (TrHW3_D4_Act2c_джиксо тапсырмаларға нұсқаулар) тапсырмасы қолданылды. Оқушылардың пікірін тыңдауға негізделген диалогтық әдісті қолдану пайдаланылды. Жаңа мәліметті түсіндіру алдында алдымен оқушылардың осы мәлімет туралы білімдерін айқындау, олардың іс-тәжірибесімен байланыстыру сауалдары дайындадым. Оқушыларға ойларын жинақтап, тиянақтауға арнайы уақыт беріліп отырды. Топтағы пікірталас әдісін (3 апта 3 күн материалдары) қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру әдісі қолданылады. Сабақтағы жаңа мәліметтер дайын күйінде берілмей, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде меңгерілді.

  Топтағы позитивті, достық қарым-қатынас орнатылды. Мадақтау және қолпаштау ескерілді. Сонымен қатар оқушылардың топта жұмыс істеу ережелері бекітіліп, оны қатаң қадағалау мақсатында әр оқушыға топтағы жұмыста жауапкершілік беріліп отырды. Сондықтан топтағы тәртіпті оқушылардың өздері реттеуге жағдай жасалды.

·           Оқушылардың бір-бірін және өзін бағалауы, бағалау критерийлерінің нақтылануы жүзеге асырылды.  Оқушылармен рефлексия парақтарын толтыру, пікірлесулер болып отырды. (3 апта 1,2 күн) Аталған әрекеттерді орындау барысында өз жұмысыма басқа тұрғыдан қарап, сабақтарымды барынша қызықты етіп түрлендірудің жолдарын іздестіре бастадым. Күрделі тақырыптардың өзін оқушыларымның бұрыннан жинақтаған білімі мен тәжірибесімен байланыстыра отырып түсіндірудің жолдарын іздедім. Өзімнен гөрі оқушыларымның сабақ барысындағы белсенділігін арттыруды көздедім. Өздеріне деген сенімділігі, шынайы алған білімдерін бағалай білуі, көзбояушылыққа жол бермеу, объективтілік артты. Мұны олар өздерінің рефлексия парақтарын толтыруда көрсетті. Оқушылар «Топтағы жұмыста не ұнады?» деген сұраққа топтағы талқылаулар, әркімнің өз пікірімен бөлісетіндігі, бірлесе қызмет атқаратыны, есептердің тез шешілетіні, жауаптардардың өзара тексеріліп, толықтырылатыны, тақырыптардың тез ұғылатыны, сабақтың тез әрі қызықты өтетіні  ұнайтынын атап өткен. Ал «Топтағы жұмыста не ұнамады?» деген сұраққа хатшы тым көп жазатынын, тақырыптан ауытқулар болатынын, сыныптастарының көп шулайтынын, келісімге келудің қиындығы болатынын атап өткен. «Өз тобыңыздағы әр түрлі оқушылар сізге оқуда көмектесе алды ма?» сұрағына барлығы дерлік көмектескенін айтқан. Топтағы көшбасшылардың қызметі туралы да жақсы пікір жазған. «Егер сіз мұғалім болсаңыз, топтық жұмыс үшін топты қалай құрар едіңіз?» сұрағына 73,3 пайызы аралас топтарды құрар едім деп жауап берген. Себебі ретінде әр күні әр түрлі оқушылар біріккенін, сыныптағы оқушылардың барлығы да дос болғанын, тақырыпты түсінген оқушылар басқаларға көмектескенін, басқалардың ашылуына кедергі келтірмеуін, оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуын, бір-бірін толықтыруын қалайтынын келтіреді. Ал 26,7 пайызы достарын бір топқа біріктіргісі келгенін айтқан. Оны өте қызықтылығымен, өз достарымен бірге болуды ұнататындығымен түсіндірген. Жалпы осы модульмен жұмыс жасау барысында кездескен қиындықтарды шеше отырып, сыныбымдағы қабілетті балаларға ерекше назар аударудың қажеттігін түсіндім. Олардың қызығушылықтарын ояту мақсатында тапсырмаларды күрделендіріп отыруды қамтамасыз етіп отыруға тырыстым. Топтағы талқылауды ұйымдастыруда кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрудың қажеттігін, топтарды жүйелі бөлуді ескердім. Осы нәтижелерім бойынша топта оқыту тәсілдерін қолдануда мұғалімдерге келесі қорытынды тұжырымдарымды ұсынар едім: ·           Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау.

·           Көзбен көретін айғақтардың тиімділігін пайдалану.

·           Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу қажет.

·           Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетеді.

·           Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері міндетті түрде ескерілгені дұрыс. 

·           Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірден мысалдар келтіру олардың үлкен қызығушылығын тудырады.

·           Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет деп есептеймін.

·           Оқушыларды білім беру объектісі ролінен серіктес роліне жоғарылату олардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттырады. Сондықтан оқушыларға сенім артудан тартынбау керек.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама «Бастауыш мектептерде дарындылықты дамытудың психологиялық - педагогикалық жағдайы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 058 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.10.2015 1501
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рыспаева Аягоз Бактыгельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7742
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 176 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек