Инфоурок Начальные классы СтатьиБаяндама: "Бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі ұстаз бен оқушының негізгі қарым – қатынасы"

Баяндама: "Бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі ұстаз бен оқушының негізгі қарым – қатынасы"

Скачать материал

Бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі ұстаз бен оқушының негізгі қарым – қатынасы

 

 

Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.

Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:

- командадағы жұмыс дағдылары;

- көшбасшылық қасиет;

- бастамашылық;

- IT-құзыреттілік;

- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

Көрдіңіз бе, демек, білім беру – қоғам дамуының негізі. Ал егер бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім берсек, онда нұр үстіне нұр болады. Себебі жоғарыда айтылған дамыған адам капиталы – елдің тірегі, дарынды, білімді, жан-жақты кішкентай бүлдіршіндерден құралмай ма?!

Сондықтан да жас талды түзу ексең, ағаш қисық болмайды демекші, қазіргі педагогтардың бастауыш сынып оқушыларына, оларды оқыту – тәрбиелеу үрдісіне инновациялық, яғни ұтымды технологияны енгізгені жөн.

Сыныптағы ұстаз бен оқушының негізгі қарым – қатынас формасы – сабақ. Ал сабақтағы мұғалім мен оқушының жеке тұлғаға бағытталған өзара қарым – қатынасы педагогикалық, оқыту – тәрбиелеу процестің аса маңызды құрауыштарының бірі болып табылады. Оқушыларды  имандылыққа тәрбиелеудегі оның бойында адамгершілік  қасиеттерді қалыптастырудағы білімге деген қызығушылығын оятудағы, өзара түсіністік пайда болудағы ұстаз бен оқушының арасындағы қарым – қатынастың рөлі ерекше. Бәріне белгілі жағдай, ол бастауыш сынып оқушысының ересек оқушыларға қарағанда айырмашылығы мәліметті қабылдау ерекшелігінде. Бұл жерде психиканың, жас айырмашылығының рөлі де айтарлықтай. Бірақ ең басты проблема, сол мәліметті қабылдау ерекшелігінде.

Бастауыш сынып оқушылары көбіне ойын болып келген, суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез қабылдайды. Ал теледидардан, яғни экраннан көрген мәліметтерді жас бүлдіршіндер одан да жақсы қабылдайды. Бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды, қайта оларда не бір талпыныс, қызығушылық пайда болады. Сондықтан да оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі аса қажетті, ұлағатты ұстаз бен зейінді оқушының арасындағы қарым – қатынасты, өзара түсіністікті, сыйластықты, тіпті тәртіпті де жетілдіруге, нығайтуға, дамытуға, орнатуға және бастауыш сыныптың оқушыларының сабақты меңгерудегі мәнін жақсартуда интерактивті технологияның орны ерекше болмақ.

Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір математикалық есепті шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді, білімін басқалардың білгенімен толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің қабілетін анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мезгілде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық, коммуникативтік, дамытушылық, интеллектуалдық, сонымен бірге ең бастысы білімді әлеуметтендіру, демократиялау, гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталып жүрген жаңа басымдылықтар. Екінші жағынан егер біз интерактивті технологияны қолдансақ, мұғалімнің де жұмысы жеңілдейді. Мысалы, дербес компьютер мен интерактивті тақтаның мүмкіндіктері – мұғалімге көмекші, оқыту, әрі көрнекі құрал ретінде сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Сондықтан да интерактивті технология, яғни оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі қолданылатын интерактивті амалдар жиынтығы ( интерактивті тақта, электронды оқулық және т.б.) оқу процесін жеңілдетіп және сапасы мен жылдамдылығын арттырады. Сонымен қатар жас бүлдіршіндерді сыйластыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеп қана қоймай, жоғары сыныптарға көшкенде қажет болатын информатика пәні туралы да хабардар етеді.

Қазіргі ақпаратты – технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың жоғарыда айтылып өткендей ұтымды жолдарын ескере отырып, интерактивті технологияны оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі тиімді қолдану жолдарын ұсынамын. Олар төменгідей болмақ:

1) Оқытудың интерактивті әдістері жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізудің тиімділігін арттырады. Мысалы интерактивті тақта көмегімен дүниетану пәнінен барлық оқушылардың қатысуымен ұжымдық жұмыс жүргізіп, мысалы, әлемдегі ағаш, жәндіктер, балықтар, аңдар және т.б. түрлерін қарап, сол тақырыпты оқушылармен қызыға талқыласақ, онда ешбір оқушы шетте қалмайды. Себебі аңды немесе тірі жәндікті қызықтамайтын, болмаса жақсы көрмейтін оқушы болмайды. Қайта бұл интерактивті әдіс оқушылардың өзара білім алмасуына, көпті білуге талпынысқа жетелейді.

2) Бұл интерактивті әдісте мұғалімнің рөлі: әр оқушының білімін байқау, қарым – қатынас жасау, оқушылардың білмеген жеріне көмектесу, тәртіпті сақтау болмақ. Интерактивті құралдың, яғни тақтаның рөлі: үлкен масштабта көрнекілік көрсету, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми – таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Оқытудың басты сауалы: “Нені оқыту, қалай оқыту” мәселесі күн сайын күрделеніп келеді. Оның бірден – бір себебі білім ауқымы кеңейіп, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Олай болса, “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” міндеті жүктеледі. “Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім стандарты жауап берсе, “Қалай оқыту керек?” сауалына тек мұғалімнің кәсіптік іздеу даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана отырып, өзінің нақты мақсатын қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші мәселе болса, жасыратыны жоқ, бұрын оқыту ісіне біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалімдерге түсті: сұрайды, түсіндіреді, қосымшамен толықтырады. Бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің тозығын да, озығын да қайта қарап, оқытудың жаңа технологиясы енгізілді.

Интерактивті әдістердің мәні – әрбір оқушының оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесе отырып, компьютермен жұмыс жасап, оқу – танымдық нәтижеге жетуі. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден бір әсер етеді.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс: мақсатты нақты белгілеу; мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болу керек. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытады, оқу – тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мұғалім интерактивті әдістерді қолдануда мына ережелерді есте ұстағаны жөн: жұмысқа оқыту әдістерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды танымға жұмылдырады, оқушыларды осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындайды. Қатысушылар өзін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап отыру дұрыс, оқушылардың саны көп болмағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушыға өз пікірін, көзқарасын білдіруге, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет, жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы керек. Яғни, оқушылар жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп – тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушы бірін – бірі тыңдау, тақта, компьютер, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатын жағдайды алдын ала қарастыру, оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау да маңызды.

Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

Республикада оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқаулыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез – келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі психолог Выгодский: “Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады”, - дейді. Ұстаздық шығармашылығымды жетілдірген бағдарламамен жұмыс істеуден бастадым.

Қойған мақсатым: талабына сай баланың психологиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың сабаққа ынта – ықыласын арттыру, ой – өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру, экономикалық, экологиялық, эстетикалық, халықтық педагогикалық тәрбие беру.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс – тәсілдерді дұрыс таңдау.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу.

Балаға ізгілік тұрғысынан қарау , оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері мынадай:

- мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы, оқушы да – субъект, мұғалім де – субъект.

- оқушының жеке басына ізгілік қарым – қатынас.

- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым – қатынас.

Бастауыш сыныптың жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылықты талап етеді. Қорытындылай келе, бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі интерактивті технологияны тиімді қолдану қазіргі кездегі бастауыш сыныптың іргесін қалау, білімді жан – жақты меңгеруді талап ету.

 Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан – жақты маман болу мүмкін емес.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық  және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясының төмендегідей ерекшеліктері бар:

- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

- оқушыларға берілген тапсырманың саралануы; тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

      Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек беріп, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал ұстаздар болса бізге үйретуден еш жалықпас. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы көремін. Осында өткізген әр қырық бес минутты сағынамын. Бүгін, мен – мектепте мұғаліммін. Мектеп балаларға үлкен өмірге жолдама береді, үлкен өмірге дайындайды.  Алдына үлкен мақсаттар қойып, асқар асуларды бағындырып, елінің мақтан тұтатын азаматы болуды қалайтын түлектерімен шаттанады.

       Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру әр мектептің ақиқаты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Бастауыш сынып, № 5,8 2013 – 2014

Бастауыш сыныпта оқыту № 5, 2011

Бастауыш сынып, № 6,  2010

Бастауыш білім, № 10, 2009

Бастауыш мектеп № 9 , 2012

Ш.Амонашвили «Мектеп ақиқаты»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі ұстаз бен оқушының негізгі қарым – қатынасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 143 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.10.2017 1464
    • DOCX 34.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагитова Айтжамал Айтмухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9834
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 197 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов