Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу"

библиотека
материалов

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу

   Оқыту  барысында  шәкірттердің

 танымдық  қызығушылығы  мен  ізденімпаздығын 

арттырудың  маңызы  зор.

Сократ.

        Қазіргі ғалымдану және техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

         Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру – жеке тұлғаның еркін дамуы үшін оның бойында жалпы азаматтық құндылықтардың қалыптасуын қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс.

        Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерек.

      Менің  ұстаздық тәжірибемде, оқыту-тәрбиелеу  барысында алдыма қойған мақсатым – әлемнің  бүтіндей  бейнесін  қабылдай  алатын,  шығармашылық  таныммен  тікелей  қатынас  жасай тын  жаңаша,  тәуелсіз  ойлай  алатын   шығармашыл  тұлға  қалыптастыру.

         Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше.Педагогикалық психология бастауыш сатыда  оқушының эмпирикалық (көрнекі-бейнелі және көрнекі әрекеттің) ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық(теориялық) ойлауы да тиімді дамиды деп есептейді. Осы саладан түйгенім-оқушылардың оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуі, өздігінен жасайтын жұмыстары олардың белсенділігін арттырады, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амалдарын қалыптастырады.

     Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияны тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру-әр ұстаздың негізгі міндеті.

  Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы – өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер  жасайтын жеке тұлға.Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе – оқушының өзіне деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау.

  В.Сухомлинский «Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп» деген екен.

      Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білемін.

         Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

     Ойын сабақтар. Қазіргі оқыту технологиясының ең қажетті әдістерінің бірі-ойын. Ойын теориясы өте ертеден-ақ дидактиканың    саласы.

       Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес» деген. Ойын формасын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады: біріншіден-ойнау үшін білу, үйрену қажеттілігі; екіншіден-адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттілігі.

     Ойын кезінде бала көңілі көтеріледі , өзіне сенімділігі артады, білімге деген ынта-ықыласын жетілдіреді. Ойынды ойнағанда мұғалімнің мақсаты айқын болу керек, оқушылардың ерекшелігіне сай таңдап алынуы тиіс. Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары-тіл дамытудың әсерлі құралы.

      Ойын түрлері сан алуан. Оларды қайталап ойната беру де жалықтырады. Әр ойынның өз жаңалығы болуы қажет. Сонда ғана оның дамытушылық маңызы болады. Ж.Аймауытов: «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-дейді. Ендеше, оқытумен қатар тексерудің де түрлерін ауыстырса, бала ізденісі арта түседі. 

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артырудамұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

  





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-322368

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"