Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама "Бастауыш сыныпта оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруда ақпараттық технологияның және әдіс тәсілдердің пайдасы."
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Баяндама "Бастауыш сыныпта оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруда ақпараттық технологияның және әдіс тәсілдердің пайдасы."

библиотека
материалов

Бастауыш сыныпта оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруда ақпараттық технологияның және әдіс тәсілдердің пайдасы.

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің өзі атап өткен.

Білім негізі бастауышта демекші, қазіргі ағымдағы заманда оқушыларды бірінші сыныптан бастап ақпараттық технолгиялар туралы білімдерін кеңейтіп, онымен жұмыс жасай білуге үйрету біздің міндетіміз деп білемін. Заман талабына сай білім беру мен білім алуда жаңа тәсілдер үнемі қажет болып отырады. Олардың ең бастылары:

сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

- оқытудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану;

талантты және дарынды оқушыларды оқыту;

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру.

оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

оқытудағы басқару және көшбасшылық

Аталған модульдердің қай –қайсысын алсақ та, өзіндік ерекшелігі бағыты, міндеттері бар.

Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен - күнге, жылдан – жылға өсуде.Заман талабы оқушылардың түйінді құзыреттіліктерді қалыптасуы болып табылады.

Ақпарттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап (іріктеп) алу , ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзіреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік құзіреттілік - қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік ролдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.

Қазіргі кезеңдегі бастауыш сынып мұғалімінің міндеті - жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалаптастыру. Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс- әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі міндет. Құзырлылық - оқушы іс- әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі.

Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс

Белгілі бір тақырыпта шығарма жаза алуы;

Ақын-жазушыларымыздың өмірбаянын оқып, мағлұмат жинауы;

Сөзжұмбақ, өлеңдер шығару қабілетін дамыту;

Өлеңді нақышына келтіре мәнерлеп оқуға жаттықтыру;

Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.

А. Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан - жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілк арқылы айқындалады.

Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуде көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл –қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын лаззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шағармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыіреттіліктер арқылы іске асыруға болады.

Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 мин сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай, шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс- әрекетке үйренген баланың бойында алғаш білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т.б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып,ең озық,тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді.Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру , сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.Сондай – ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз.Сондай технологияның бір түрі -«Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек,білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі.Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.Сонымен қоса электронды оқулықтардың да оқушылардың жеке жұмыс жасауына септігі көп. Онда өтілген тақырыптарыңа байланысты түсіндірме сөздік, тапсырма, тест түрлері жақсы әрі тиімді қарастырылған. Осындай электронды оқулықтағы тапсырманы сабақта пайдаланған тиімді. Оқушы тапсырманы өзі ашып, қайталап оқуына, қателескен жерлерін қайта қарап түзеуінде септігі мол деп айтуға болады.

Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғынуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі- грамматикалық ойынның түрлері.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге,меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Әр бастауыш сынып мұғалімдері сабақтарында грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланады.. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейді.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу- әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнары мен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез - құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгеруге тиіс.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технолагияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды қолдану үшін ұстаз өзі оқып, ізденіп, зерттеп, ой елегінен өткізе отыра оны оқыту үрдісінде шеберлікпен жеткізе білуі тиіс. Мен үшін әрбір стратегиялық әдіс-тәсілдерді талқылай отырып, оның тиімділігін тереңінен игерте білген үш айлық оқу курс мазмұнының маңыздылығы осында. Себебі, кез-келген технологияның өзі әдіс-тәсіліне, қолдану шеберлігіне орай жүзеге асырылады емес пе?

Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, сабақ барысында тимді әдіс- тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру- мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен роль атқарады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан.Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым- қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі - сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әуелетін, біліктілікті арттыру жағдайында дамыту теория және тәжірибе» Алматы-2005

К.Құдайбергенова «Құзырлылық- тұлға дамуының сапалық критерийі» (ғылыми-практикалы конференция материалдары) Алматы2008

Мұғалімге арналған нұсқаулық , «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-358371
2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"