Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Баяндама "Бастауыш сыныпта жүйелік-қызметтік қатынасты жүзеге асыру барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері"

Баяндама "Бастауыш сыныпта жүйелік-қызметтік қатынасты жүзеге асыру барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Бастауыш сыныпта жүйелік-қызметтік қатынасты жүзеге асыру барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Мақсаты:

Жүйелік-қызметтік тәсілдің мақсаты-қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеру негізінде оқушы тұлғасын дамыту.Оқу арнайы ұйымдастырылған үдеріс ретінде қарастырылады, оқу барысында бала оқу қызметін жүзеге асырады-сабақ мәліметтерінде оқу қызметін орындайды.

Өзектілігі:

Жүйелік-қызметтік тәсілдің өзектілігі оны бірізді жүзеге асыруда оқытудың келесі көрсеткіштерін тиімді арттыруға шартталған:

  • оқытудың нәтижесіне әлеуметтік және тұлғалық сипат беру;

  • оқушының білімді барынша икемді және төзімді қабылдауы, зерттелетін аймақта оның өзінің жеке әрекетінің мүмкіндігі;

  • теориялық білімнің біріңғай құрылымын сақтай отырып, оқытудың әртүрлілігі мүмкіндігі;

  • оқушылардың оқуға деген қызығушылығын және уәждемесін айтарлықтай арттыру;

Күтілетін нәтиже:

Жүйелік-қызметтік тәсіл бала білімді дайын күйінде алмай, оған оқу-тану үдерісінде өзі қол жеткізетін оқу әдісі-қызмет әдісі технологиясы көмегімен жүзеге асырылады.

Біз,мұғалімдер,өз әрекетіміз арқылы оқушыны жаңа тақырыпқа өзі енуі үшін, кейін осы алған білімін тәжірибеде қолдану үшін сабаққа қосуымыз керек. Мұғалім дирижер секілді: ол оқушылардың қызметін бағыттайды, түзетеді, дербестікке баулайды.

Жүйелік-қызметтік тәсіл аясында сабақты тиімді ұйымдастыру көрсеткішін анықтауға болады.

  • Сабақтың мақсаты атқарымды мұғалімнен оқушыға беру үрдісімен тапсырылады.

  • Мұғалім жүйелі түрде балаларды рефлексті әрекеттер жүзеге асыруға үйретеді (өзінің дайындығын бағалау, білмейтінін анықтау, қиындық себептерін табу).

  • Оқушының оқу үдерісінде белсенділік деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін, түрлерін пайдалану.

  • Диалог технологиясын меңгеруге, оқушыларды сұрақ қоюға және сұрақты бағыттауға үйретеді.

  • Оқытудың өсімпаздық және мәселелі түрлерін байланыстырады, балаларды ереже бойынша және шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді.

  • Сабақта өзін-өзі бағалау және бақылау нақты өлшемі және тапсырмасы беріледі.

  • Арнайы тәсілдерді пайдалана отырып, оқу материалын ұғындыруға қол жеткізеді.

  • Әр оқушының нақты алға жылжуын бағалауға талпынады, ең аз жетістіктерін қолдайды және көтермелейді.

  • Сабақтың коммуникативтік тапсырмаларын арнайы жоспарлайды.

  • Оқушының өзінің позициясын, басқа ойды ұсынуын қолдайды және көтермелейді, олардың көрсетудің нақты түріне үйретеді.

  • Сабақтың қарым-қатынас екпіні, стилі қызметтестік, шығармашылық, психологиялық жайлылық атмосферасын құрайды.

  • Сабақта өзін-өзі бағалау және бақылау нақты өлшемі және тапсырмасы беріледі.

  • Мұғалім арнайы тәсілдерді пайдалана отырып, оқу материалын ұғындыруға қол жеткізеді.

  • Мұғалім әр оқушының нақты алға жылжуын бағалауға талпынады, ең аз жетістіктерін қолдайды және көтермелейді.

  • Мұғалім сабақтың коммуникативтік тапсырмаларын арнайы жоспарлайды.

  • Мұғалім оқушының өзінің позициясын, басқа ойды ұсынуын қолдайды және көтермелейді, олардың көрсетудің нақты түріне үйретеді.

  • Сабақтың қарым-қатынас екпіні, стилі қызметтестік, шығармашылық, психологиялық жайлылық атмосферасын құрайды.

  • Сабақта «мұғалім-оқушы» терең тұлғалық әрекетті жүзеге асырады.

«Адамды сыртқы әрекеттің енжар нәтижесі ретінде, зат, өнім ретінде ‘жасауға’, ‘дайындауға’, ‘құрастыруға’ болмайды, тек қана оның қызметке қосылуын шарттауға, оның арнайы белсенділігін шақыруға болады және оның жеке (басқа адамдармен бірге) қызметі механизмі арқылы ғана ол осы қызмет одан не нәрсе жасаса соған құрылады».

Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушыны жеке тұлға ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең  бастысы оқу  үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру.

    Қазір бұрыңғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды.

Әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

  1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

  2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

  3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;

  4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;

  6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

«Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.

  1. Суреті бар, хабарлайды,
    Жәшікте тұрып жыбырлайды.
    Ән салады, би билейді,
    Көңіліңді көтереді.
    (теледидар)

  2. Жерге түсірсең, секіреді. (доп)

  3. Бізге жарық береді,
    Бассаң, жоқ болып кетеді
    . (электр шамы)

  4. Өзі әдемі, иісі жұпар,
    Оны туған күніне сыйлар.
    (гүл)

  5. Өзі гүл сияқты,
    Күн көзін сүйер.
    Ішінде дәні бар,
    Балалар оны шағып жер.
    (күнбағыс)

Сабақ барысында проблемалық жағдаятты диалог түрінде жүзеге асыру

    1. алманы көрсету: қызыл, жасыл, сары.

  • Бұл не? Оларға не ортақ? Сендер оны қай жерден көресіңдер?

  • Бұлар-алма. Олар бақта өседі. Олар-жемістер. Алма ағашта өседі.

  • Олардың түстері қандай?

  • Қызыл, сары, жасыл.

  • Тағы не байқадыңдар?

  • Бұлардың бәрі алма. Бірақ түстері әр түрлі.

  • Осыдан қандай сұрақ туындайды?

  • Неге олардың түстері әр түрлі?

  • hello_html_304384b4.pnghello_html_m7e1ec4f0.jpghello_html_3cadc514.jpg


Дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясының элементтерін тиімді деп есептеймін және сабақтарымда жиі қолданамын. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.

Су. Судың қасиеті.

Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін.

Тәжірибелер жасау барысында:

- оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне,

-оның ағатынына,

-жұғатынына,

-жабысатынына

-табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді.

Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

I топ-эссе жазады
II топ-сурет салады
III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

5 жолды өлең:

Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда жүйелік-қызметтік тәсіл

«Егер оқушы мектепте өзі ештеңе жасауды үйренбесе, онда өмірде де әрқашан ұқсап, көшіріп жүреді, өмірде көшіре отырып, осы мәліметтерге өздігінше қосымша жасай алатындар өте аз». Л.Н.Толстой

Жүйелік-қызметтік тәсіл ұғымы егер кері байланыс болған жағдайда ғана нәтижеге қол жеткізуге болатынын көрсетеді.

Оқушы үшін оқу икемділігі әмбебап оқу әрекеті жүйесіне біріктіріледі. ‘Оқу қызметі’ дегенде нені айтады? Оқу қызметі-тұлғаныңөзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту, даму құралы. Тану осы үдеріс ішінде жасалады.

Бала не нәрсеге үйренуі қажет?

Біз барлығымыз оқымысты кедейге келіп айтқаны туралы аңызды білеміз : ‘Мен көріп тұрмын сендер ашсыңдар. Мен сендерге аштықты басу үшін балық берейін’. Аңызда мынаны айтады: балық бермеу қажет, оны қалай аулау керек екенін үйрету қажет. Жаңа ұрпақ үлгісі оқуға үйретуге көмектесетін, яғни, ‘балық аулауға’ үйрететін үлгі, онсыз ештеңе болмайтын әмбебап оқу қызметіне ие.

Сабақтан тыс қызмет оқу-тәрбие үдерісінің құрамды бөлігі және оқушының бос уақытын ұйымдастырудың бір түрі болып табылады. Сабақтан тыс қызмет сабақтарында оқушы тұлғасын дербес анықтау және дербес жүзеге асыру үшін жағдай жасаймыз, онда болашақ мүддені ескере отырып, заманау оқу тапсырмаларды шешетін негізгі қағида әлем туралы бүтін түсінік және қызмет қағидасы болып табылады. Сабақта қызметтік әдіс технологиясын пайдалана отырып және жағымды нәтижеге ие бола отырып, біз сабақтан тыс қызметте де осы тәсілді жалғастыру қажет екенін айта аламыз. Қызметтік тәсіл нәтиже беруі үшін, ол жүйеде болуы қажет.

Тәрбиелеу бағдарламасында мұғалімнің басты мақсаты оқушының не нәрсеге бейімділігін көретіндей және оның қандай әрекеттерге бейім екенін байқайтындай оқу жылына жұмыс жоспарын құру.

Оқушының сабақтан тыс қызметі бастапқыда тұлғаны дамыту бағытында (дене-спорттық-бейімделу, рухани-өнегелі, әлеуметтік, жалпы интелектуалды, жалпы мәдениетті) саяхаттар, үйірмелер, көркемдік студиялар, топтар, спорттық клубтар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, диспуттар, мектептегі ғылыми қоғамдар, жасөспірім ұйымдары, өлкетану жұмыстары, олимпиадалар, сайыстар, ғылыми зерттеулер және іздеу, әскери-патриоттық бірігулер, қоғамдық пайдалы тәжірибелер және т.б. ретінде ұйымдастырады .

Оқу ұйымдарында оқушылардың сабақтан тыс қызметтін ұйымдастыруда балаларды қосымша оқыту, мәдениет және спорттық ұйымдастыру қолданылуы мүмкін.

Сабақтан тыс қызметте қызметтік тәсіл бастауыш сынып оқушысына өзін табуға ғана мүмкіндік бермейді.

Қорыта келе, сенімділікпен айтуға болады, заманауи балалар бүгінде бір нәрсені білу және жасаумен қатар, ол оқуға үйренуі қажет, мектепте алған білімін өмірде кез-келген жағдайда өздігінше пайдалана алуы керек. Демек, қызметтік тәсіл әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп және ұйымдастыру түрінің әртүрлілігін болжайтындықтан, бұл тәсіл оқу қызметінде ғана емес, оқудан тыс та маңызды болып қалады.




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 06.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров195
Номер материала ДБ-012813
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх