Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ -ОҚУШЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСЕ БІЛІМ АЛУЫНА ЫҚПАЛЫ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ -ОҚУШЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСЕ БІЛІМ АЛУЫНА ЫҚПАЛЫ"

библиотека
материалов

Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесі -оқушының бәсекелесе білім алуына ықпалы

Нурмухамбетова Сауле Советхановна -бастауыш сынып мұғалімі

К. Шакенов атындағы орта мектебі

ШҚО, ЖАРМА АУДАНЫ, ЖАҢАӨЗЕН АУЫЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Андатпа

Мақалада критериалды бағалау жүйесі бастауыш сыныптарда қалай жүзеге асырылу керектігі туралы айтылған. Теорияны негізге ала отырып, практикада қалай жүзеге асырылып жатқаны жайлы мұғалім бөліседі. Басқа мұғалімдерге нұсқаулық ретінде қолдануға болады.

Аннотация

В статье отражена как можно использовать критериальное оценивание в начальных классах, и как можно внедрить ее на практике. Можно использовать как методическое пособие.

Abstract

In article reflected as possible use критериальное оценивание in initial class,Teacher shows as possible introduce her(it) in practice,Possible использовь as methodical allowance.


Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.. Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. [1,http://www.google.kz] Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының негізгі міндеті – отандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады. Үш айлық курс бағдарламасында мұғалімдерге қазіргі заманғы оқыту әдістері мен тәсілдері оқыту мен оқуда негізгі деп танылатын жеті модуль арқылы ұсынылады. Атап айтқанда, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырылып құрылады. [2,10-бет] Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.

Критериалды бағалау оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақтыанықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. [ 3, 84- бет] Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз. Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу арқылы білімдері молаяды. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, ойлау, алдыға жетелеу. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңі нде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады.[4,25-бет] Бұл жерде мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға емес. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [5,107- б] Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыр, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау жинаған ұпай арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз. 2013 жылдың сәуір-мамыр айында осы үдерісті тәжірибемде бастады Оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін ала аладым. Оларға өздері түсінетіндей, өзін-өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай талдай алатындай дескрипторларды құрамыз.Мысалы, 1-сыныпта критериалды бағалауды фишка арқылы ұйымдастыруға болады. Н. Қазыбековтың "Жайлау" мәтінін оқығанда оқушылардың оқуын және өткенді қайталауды критериалды бағалау жүйесімен ұйымдастырдым.



Қолданылатын әдістер

сұрақ-жауап, әңгімелеу.



Қолданылатын стратегиялар



"БІЛЕМІН.БІЛГІМ КЕЛЕДІ. ҮЙРЕНДІМ" стратегиясы, критерийлік бағалау

Технология

Дамыта оқыту және мәселелік оқыту

Ресурстар

Оқулық, оқыту әдістемесі, слайд, телевизор, ноутбук, таратпа материалдар

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

-оқушылармен амандасу.

-психологиялық дайындық жасау

-сабақтың мақсатымен таныстыру

-тақтаға бүгінгі күн мен сынып жұмысын жазу.

-жұмыс орындарын реттейді

-көңілдерін сабаққа бөледі

-мақсатпен танысады

-дәптерлерін ашып бүгінгі күнді жазады.



1.Білу деңгейі

өткенді қайталау Қызығушылығын ояту кезеңі

-Көркем жазу минуты

Жж

жжж

1."Білемін" бөлімі бойынша жұмыс. ЕРЕЖЕ Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

Сөйлемнің соңына нүкте (.) мысал келтіру

сұрақ белгісі (?) мысал келтіру

леп белгісі (!) қойылады. мысал келтіру

2.Слайд арқылы жұмыс. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді теріп жазу.


-дәптерлерін ашып көркем жазады.

Ережені еске түсіріп, мысал келтіреді. Бір-бірін тыңдай білу әрекетін жасайды.

3-қатар өз тапсырмаларын орындайды.

Тексеру: слайд арқылы



2. Түсіну деңгейі

Мағынаны тану кезеңі

3.Талдау


200-жаттығу

Сұрақ: Қандай ережені білеміз?



201-жаттығу

Айтып отырып жазу.

Тексеру: слайд арқылы

3 сөйлемді тақтаға жазады, байланысын көрсетеді.

3. "Білгім келеді"бөлімі бойынша жұмыс.Оқулықпен жұмыс.

Н. Қазыбековтың "Жайлау" мәтіні

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Халық жыл мезгіліне қарай қонысын қалай атаған?

-Жайлау дегенді қалай түсінесің?

-Жайлаудан мал қалай келеді?

"Не білгілері келетінін" хабарлап айтады.


Тізбектеп оқу.


4. Жүйелеу, жинақтау


"Үйрендім" бөлімімен жұмыс





Тест жұмысы.

Не біліп, үйренгендерін айтады.

Тест тапсырмасын орындайды.

5. Бағалау

Үйге тапсырма

Критерий бойынша бағаланады.





202-жаттығу. Өлеңді жаттау

Оқушы ұпайларын санап, бағаларын айтады.

Күнделікке жазып алады.

Төменде сабаққа жасалынған дескриптор берілді. Бастауыш сыныптың 1-сыныбы болған соң, оқушылар жұмысы фишкамен бағаланды. Ұпай саны жинаған фишкаларына сай болып, бағалау парағынан өз ұпайларына байланысты өз бағаларын қояды.

Бағалау парағы


Дескриптор


Фишка саны

ұпай



А

Тақырып бойынша ештеңе айта алмайды. Естігені мен көргенін айта алмайды.

0

Көркем жазу

1

Сөйлем сөзден құралады деген ереже біледі және мысал келтіре алады.

1

Сөйлемнің тыныс белгісі туралы ережені біледі, Сызба арқылы мысал келтіре алады.

2

Слайд арқылы жұмыс. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді теріп жазу

2


6



В

Ежіктеп, қате оқиды. Е. Қазыбековтың "Жайлау" мәтіні

0

Саналы, дұрыс, буындап оқи алады.

1

Сұрақтарға жауап бере алады.

2

200-жаттығу.

Сұрақ: Қандай ережені білеміз?

Ереже қайталау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

3


6



С

Өз бетімен мүлдем жұмыс істей алмайды.

0

Сөздің мағынасын ажырата алады. Сұрақ қоя біледі. Тапсырманы орындау . 201-жаттығу қате, қатесіз

2

Ереже қайталау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мысал келтіру, ауызша

2

Тест .

4


8


20

18-20 ұпай "5"; 14-17 ұпай- "4"; 10-13 ұпай-"3"; 0-9 ұпай -"2" (немесе қайта іздену керек)


Критериалды бағалау-оқушы бойындағы үрейленуді басады және оқушы бойында өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік  қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мұндай бағалау кезінде оқушы өзін басқа оқушымен салыстырмай өз мүмкіндігін бағалап, жетістікке жету жолдарын іздейді және жетістікке жету жолын табуға әректтенеді. Бағалау парағы арқылы ата-аналармен байланыс орнатылады. Бұл жерде ата-ана да баласының жетістіктері мен олқылықтарын көріп. оны жоюға жұмыс жүргізеді. Бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушыны сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқудың әдіс-тәсілдері, формалары талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет.

Критериалды бағалауды не үшін енгізуге болады? Оны енгізудің мақсаты қандай? деген сқраққа жауап іздеп көрелік: біріншіден, бастауыш сыныптарда оқыту сапасын арттыруға болады; екіншіден, оқушыларды ір түрлі тапсырма беру арқылы шығармашылыққа баулуға ойлау қабілеттерін дамытуды жетілдіреді; үшіншіден, алдыға мақсат қоя білуге және бала бойында сенімділікті ұялатуды көздейді. Ал критериалды бағалау төмендегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Өтілген материалды еске түсірге;

  • Оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын жоюға;

  • Сабақ барысында алған бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Кері байланыс арқылы оқушының білімі мен ойын білуге;.

Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Критериалды бағалаудың маңыздылығына тоқталсақ.

  • бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды;

  • баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады;

  • өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарға оқушының бағалау парағы ұсынылады;

  • оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады;

Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С,Д критерийлері арқылы жүргізуге болады. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады. Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. Бастауыш сыныптарды бұлардың ішінде айтылған А,В,С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді.

Критерий

Түсінігі

Мазмұны

Қолданатын әдіс тәсілдер

А

Түсіну

Тақырыпты түсінуге арналған

Сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану,

В

Қолдану

Түсінгенін сабақта қолдану

Білу, талдау, тапсырмалар орындау

С

Іздену

Өз бетінше жұмыс және шығармашылық тапсырма орындау

Өзіндік жұмыстар, шығармашылық ізденіс жұмыстары

Бастауыш сынып оқушылары өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба алады, дұрыстығына назар аударады. Бастауыш сынып оқушыларының білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа сабақты оқытуда тек бір «A» критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға болады. Сабақты қорытындылағанда «C» критериімен бағалау тиімді. Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі: оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

Бағалау парағы


hello_html_73a25ed9.gif 14-15 ұпай "5"; 11-13 ұпай- "4"; 8-10 ұпай-"3"; 0-7 ұпай -"2" (немесе қайта іздену керек)

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет.

Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу болып табылады. Қорыта айтқанда, бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.


Пайдаланған әдебиеттер

1.http://www.google.kz К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критериі // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі» атты халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2008.

2.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей 10-бет

3.Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық. І деңгей 84- бет

4. Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық. І деңгей 25-бет

5.Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық. І деңгей.107- бет

6. http://moodle.nis.edu.kz

Автор
Дата добавления 02.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2763
Номер материала ДВ-221089
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх